Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 21 қыркүйектегі N 873 Жарлығы

Қолданыстағы

                                      Қазақстан Республикасының
                                   Президенті мен Үкіметі актілерінің
                                         жинағында жариялануға тиіс

        ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 29 маусымдағы N 645 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 22, 270-құжат; 2005 ж., N 11, 100-құжат; 2007 ж., N 4, 50-құжат; N 22, 245-құжат; 2008 ж., N 29, 281-құжат; N 46, 523-құжат);
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. АЭА:
      1) инвестициялар тарту және құрылыстағы озық технологияларды пайдалану, сондай-ақ қазіргі заманғы инфрақұрылым құру арқылы Астана қаласын жеделдете дамыту;
      2) тиімділігі жоғары, оның ішінде жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті өндірістер құру, өнімдердің жаңа түрлерін шығаруды игеру мақсатында құрылады.";
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2.1. АЭА аумағындағы негізгі өндірістік қызмет түрлері:
      1) өзге де металл емес минералдық өнімдер өндіру;
      2) машиналар мен жабдықтар жасау;
      3) тұрмыстық электр аспаптарын шығару;
      4) резеңке және пластмасса бұйымдарын шығару;
      5) химия өнеркәсібі болып табылады.";
      3-тармақтағы "1996 жылғы 26 қаңтардағы" деген сөздер "2007 жылғы 6 шілдедегі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9-1-тармақ мынадай мазмұндағы 3), 4), 5) тармақшалармен толықтырылсын:
      "3) тауарларды жеткілікті түрде өңдеу өлшемдеріне сәйкес қайта өңдеуге, өңдеуге және пайдалануға арналған тауарлар (акцизделетін тауарларды, қоспағанда) мен материалдар;
      4) осы Ереженің 2-1-тармағында көрсетілген негізгі өндірістік қызмет түрлеріне сәйкес өндірісті қамтамасыз ету үшін қажетті машиналар мен тетіктер, жабдықтар, арнайы мақсаттағы автомобильдер, материалдар, тауарлар мен жартылай өнімдер;
      5) ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды және оқу-білім беру бағдарламаларын жүргізу үшін қажетті аспаптар, құрылғылар, тауарлар мен материалдар.";
      9-2-тармақтың 3) тармақшасындағы "орындау жөнінде операциялар жасауға рұқсат беріледі." деген сөздер "орындау;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4), 5), 6), 7) тармақшалармен толықтырылсын:
      "4) тауарларды қайта өңдеу;
      5) осы Ережеге сай негізгі өндірістік қызмет түрлеріне сәйкес АЭА құру мақсатына қол жеткізу үшін қажетті тауарлар мен жабдықтарды пайдалану және қолдану;
      6) тауарларды сатуға дайындау;
      7) өнеркәсіп өндірісі технологиясының талаптарын орындау жөнінде операциялар жасауға рұқсат беріледі.";
      13-тармақтағы "1996 жылғы 26 қаңтардағы" деген сөздер "2007 жылғы 6 шілдедегі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі N 853 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 10, 94-құжат; 2003 ж., N 8, 79-құжат; N 49, 558-құжат; 2005 ж., N 32, 424-құжат; 2007 ж., N 3, 35-құжат; 2008 ж., N 38, 404-құжат; N 44, 495-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағы туралы ереже:
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. АЭА аумағындағы қызметтің басым түрлері:
      1) тұрмыстық электр аспаптарын шығару;
      2) былғарыдан жасалған бұйымдар шығару;
      3) химия өнеркәсібі;
      4) резеңке және пластмасса бұйымдарын шығару;
      5) өзге де металл емес минералдық өнімдер өндіру;
      6) металлургия өнеркәсібі;
      7) дайын металл бұйымдарын шығару;
      8) машиналар мен жабдықтар жасау;
      9) мұнай-химия өнімдерін өндіру болып табылады.";
      3) "Ақпараттық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 18 тамыздағы N 1166 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 33, 322-құжат; 2005 ж., N 30, 383-құжат, 2008 ж. N 38, 404-құжат):
      1-тармақтағы "2013 жылғы 1 қазанға" деген сөздер "2028 жылғы 1 қаңтарға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Ақпараттық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
      1-тармақтың екінші бөлімінде "342,9" деген - цифрлар "163,02" деген цифрлармен ауыстырылсын;
      4 және 14-тармақтардағы "1996 жылғы 26 қаңтардағы" деген сөздер "2007 жылғы 6 шілдедегі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Ақпараттық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеге қосымша осы Жарлыққа  1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      4) "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі"
      арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы N 495 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 47, 560-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
      1-тармақтың екінші бөліміндегі "1787,4" деген цифрлар "3475,9" деген цифрлармен ауыстырылсын;
      2 және 3-тармақтардағы "және аралас өндірістер", ", іліспе және аралас өндірістер", ", ілеспе және аралас өндірістерді", ", іліспе, аралас өндірістер мен технологиялар" деген сөздер тиісінше "өндірістердің", "өндірістерін", "өндірістерін", "өндірістері мен технологияларын" деген сөздермен ауыстырылсын.
      7-тармақта:
      екінші сөйлем алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Сыртқы инфрақұрылым объектілері (кірме автомобиль жолы, кірме темір жол, құбыржолдар, электр беру желілері) құрылыс кезеңіне уақытша (жылжымалы) қоршаулармен жабдықталады. Құрылыс аяқталғаннан кейін сыртқы инфрақұрылым объектілері тең аралықтар арқылы "Кедендік бақылау аймағы" деген тану белгілерімен белгіленеді.";
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеге қосымша осы Жарлыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі үш ай мерзімде осы Жарлықтан туындайтын шаралар қабылдасын.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                        Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы  
Президентінің      
2009 жылғы 21 қыркүйектегі
N 873 Жарлығына     
1-ҚОСЫМША        

Қазақстан Республикасы  
Президентінің 2003 жылғы 
18 тамыздағы N 1166 Жарлығымен
бекітілген "Ақпараттық  
технологиялар паркі" арнайы
экономикалық аймағы туралы
ережеге жоспар     

"Ақпараттық технологиялар паркі"
арнайы экономикалық аймағы аумағының жоспары
(Жалпы S = 163,02 гектар)

(Қағаз мәтініне қараңыз)

Қазақстан Республикасы     
Президентінің         
2009 жылғы 21 қыркүйектегі   
N 873 Жарлығына        
2-ҚОСЫМША           

Қазақстан Республикасы   
Президентінің 2007 жылғы  
19 желтоқсандағы N 495 Жарлығымен
бекітілген "Ұлттық индустриялық
мұнай-химия технопаркі" арнайы
экономикалық аймағы туралы ережеге
ҚОСЫМША          

"Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі"
арнайы экономикалық аймағы аумағының жоспары

(Қағаз мәтініне қараңыз)