Қазақстан Республикасының 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуін дайындау және қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - Мемлекеттік комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Мемлекеттік комиссия туралы ереже;
2) Мемлекеттік комиссияның құрамы бекітілсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
1-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2009 жылғы 4 қыркүйектегі
N 867 Жарлығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі мәселелері бойынша мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - Мемлекеттік комиссия) Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Мемлекеттік комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы ережені басшылыққа алады.
3. Мемлекеттік комиссия Мемлекеттік комиссия төрағасынан, оның орынбасарынан, хатшысынан және мүшелерінен тұрады.
4. Мемлекеттік комиссияның дербес құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
2. Мемлекеттік комиссияның міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері
5. Мемлекеттік комиссияның міндеті Қазақстан Республикасының 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуін дайындау мен қамтамасыз ету болып табылады.
6. Мемлекеттік комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) Қазақстан Республикасының 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі мәселелері жөніндегі басымдықтарды және басқа да ұсыныстарды тұжырымдап, Мемлекет басшысының қарауына енгізу және оларды іске асыру;
2) мемлекеттік органдар үшін жалпы іс-шаралар жоспарын (Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуінің "Жол картасы") әзірлеу және орындау;
3) мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуін дайындау және қамтамасыз ету жөніндегі қызметін үйлестіру.
7. Мемлекеттік комиссия өз құзыреті шегінде:
1) орталық мемлекеттік органдардан өзіне жүктелген міндеттерді орындауға қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға;
2) Мемлекеттік комиссия отырыстарында, комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша орталық мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың өкілдерін тыңдауға;
3) Мемлекеттік комиссияның құзыретіне жататын нақты проблемалар мен мәселелер бойынша ұсыныстарды тұжырымдау мақсатында кіші комиссиялар мен жұмыс топтарын құруға;
4) өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға құқылы.
Мемлекеттік комиссияның қызметін ұйымдастыру
8. Мемлекеттік комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі.
9. Мемлекеттік комиссияның отырыстары Мемлекеттік комиссияның мүшелері жалпы санының үштен екісі қатысқан кезде заңды болады.
10. Мемлекеттік комиссияның шешімдері оның отырысына қатысушы мүшелердің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.
11. Мемлекеттік комиссияның отырыстарына Мемлекеттік комиссияның мүшесі емес лауазымды адамдар, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылуы мүмкін.
12. Мемлекеттік комиссияның төрағасы:
1) Мемлекеттік комиссияның қызметіне басшылық жасайды және оның отырыстарына төрағалық етеді;
2) Мемлекеттік комиссияның атқарған жұмысы туралы тоқсанында кемінде бір рет Қазақстан Республикасының Президентін хабардар етеді.
13. Төраға болмаған кезде оның міндеттерін төрағаның орынбасары атқарады.
14. Мемлекеттік комиссияның хатшысы:
1) Мемлекеттік комиссияның мүшелерін оның отырыстарының уақыты мен өтетін орны туралы хабардар етеді;
2) Мемлекеттік комиссияның отырыстарына материалдар әзірлеуді ұйымдастырады;
3) Мемлекеттік комиссия отырыстарының хаттамаларын ресімдейді;
4) Мемлекеттік комиссия қабылдаған шешімдердің уақтылы әрі сапалы орындалуын бағалай отырып, төрағаға атқарылған жұмыс туралы оның мүшелері дайындаған есепті ұсынады;
5) Мемлекеттік комиссия төрағасының тапсырмасы бойынша өзге де функцияларды жүзеге асырады.
15. Орталық мемлекеттік органдар Мемлекеттік комиссияға жүктелген міндеттерді орындауда көмек көрсетуге міндетті.
16. Мемлекеттік комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі болып табылады.
2-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2009 жылғы 4 қыркүйектегі
N 867 Жарлығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік
пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі мәселелері жөніндегі
мемлекеттік комиссияның
ҚҰРАМЫ
Ескерту. Құрамға өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2010.08.18 № 1042 Жарлығымен.
Саудабаев - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Қанат Бекмырзаұлы хатшысы - Сыртқы істер министрі,
Комиссияның төрағасы
Әшімбаев - Қазақстан Республикасы Президенті
Мәулен Сағатханұлы Әкімшілігі Басшысының орынбасары,
Комиссия төрағасының орынбасары
Жигалов - Қазақстан Республикасы Сыртқы
Константин Васильевич істер министрінің орынбасары,
Комиссияның хатшысы
Мемлекеттік комиссия мүшелері:
Әбдірахымов - Қазақстан Республикасы
Ғабидолла Рахметоллаұлы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы
Донақов - Қазақстан Республикасы Президенті
Талғат Советбекұлы Әкімшілігі Басшысының орынбасары
Жақсыбеков - Қазақстан Республикасының Қорғаныс
Әділбек Рыскелдіұлы министрі
Жанқұлиев - Қазақстан Республикасы "Сырбар"
Аманжол Қазбекұлы Сыртқы барлау қызметінің директоры
Құл-Мұхаммед - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Мұхтар Абрарұлы министрі
Мәми - Қазақстан Республикасының Бас прокуроры
Қайрат Әбдіразақұлы
Сарыбай - Қазақстан Республикасы Президентінің
Қайрат Шораұлы көмекшісі
Түсіпбеков - Қазақстан Республикасының Әділет
Рашид Төлеутайұлы министрі
Жәмішев - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Болат Бидахметұлы
Жұмағалиев - Қазақстан Республикасының Байланыс және
Асқар Қуанышұлы ақпарат министрі