Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы N 523 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 16 шілдедегі N 850 Қаулысы

Қолданыстағы

Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс         

       ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. "Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы  N 523 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 3, 36-құжат; N 38, 405-құжат; N 43, 481-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      аталған Жарлықпен құрылған Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсының лауреаттары атақтарын беру жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Әбдіқалықова               - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Гүлшара Наушақызы            халықты әлеуметтік қорғау министрі,
                             төрағаның орынбасары,

Құсайынов                  - Қазақстан Республикасының Көлік және
Әбілғазы Қалиақпарұлы        коммуникация министрі,

Нүкетаева                  - Қазақстан Республикасы Парламенті
Динар Жүсіпәліқызы           Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму
                             комитетінің төрайымы (келісім бойынша);

      көрсетілген комиссияның құрамынан Б.М.Сапарбаев, С.Н.Ахметов, Ж.А.Досқалиев шығарылсын.

       2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                      Н. Назарбаев