Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы N 194 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 2 шілдедегі N 841 Жарлығы

Қолданыстағы

Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
және республикалық баспасөзде  
жариялануға тиіс         

       ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. "Қазақстан Республикасы Президентінің "Сапа саласындағы жетістіктері үшін" сыйлығын алуға арналған конкурс және "Алтын сапа" республикалық көрме-конкурсы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы N 194 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 38, 418-құжат; 2007 ж., N 24, 267-құжат; N 42, 476-құжат; 2008 ж., N 42, 464-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1) тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурс туралы";

      2) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. 2009 жылдан бастап жыл сайынғы Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурсын өткізу белгіленсін".";

      3) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығының лауреаты атағын беру жөніндегі комиссия құрылсын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 3-тармақта :
      1) тармақшада "Сапа саласындағы жетістіктері үшін" деген сөздер "Алтын сапа" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақша алып тасталсын;
      3) тармақшадағы "Сапа саласындағы жетістіктері үшін" сыйлығының лауреаты атағын және "Алтын сапа" республикалық көрме-конкурсының дипломанты" деген сөздер "Алтын сапа" сыйлығының лауреаты" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 4-тармақ алып тасталсын;

      6) 5-тармақта :
      1) тармақшада "Сапа саласындағы жетістіктері үшін" деген сөздер "Алтын сапа" деген сөздермен ауыстырылсын, "ережелерін" деген сөзден кейін "әзірлесін және бекітсін" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) тармақша алып тасталсын;

      7) жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің "Сапа саласындағы жетістіктері үшін" сыйлығының лауреаты атағын және "Алтын сапа" республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын беру жөніндегі комиссияның құрамында :
      тақырыптағы "Сапа саласындағы жетістіктері үшін" сыйлығының лауреаты атағын және "Алтын сапа" республикалық көрме-конкурсының дипломанты" деген сөздер "Алтын сапа" сыйлығының лауреаты" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі";

      8) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің "Сапа саласындағы жетістіктері үшін" сыйлығын алуға арналған конкурс өткізу және лауреат атағын беру ережелерінде :
      тақырыптағы және мәтіндегі "Сапа саласындағы жетістіктері үшін" деген сөздер "Алтын сапа" деген сөздермен ауыстырылсын;
       2-тармақтың бірінші бөлігінде:
      "және "Алтын сапа" республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын" деген сөздер алып тасталсын;
      "үш номинациядағы екі санат бойынша" деген сөздер "үш номинацияда" деген сөздермен ауыстырылсын;
       5-тармақтың үшінші бөлігі алып тасталсын;
       8-тармақтағы "кезекті конкурс өткізілетін жылдың алдындағы жылдың желтоқсанында" деген сөздер "ағымдағы жылдың ақпан айында" деген сөздермен ауыстырылсын;
       13-тармақта "(қарашаның екінші бейсенбісі)" деген сөздер алып тасталсын;

      9) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің "Сапа саласындағы жетістіктері үшін" сыйлығының лауреаты атағын және "Алтын сапа" республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын беру жөніндегі комиссия туралы ережеде :
      бүкіл мәтін бойынша "конкурстар", "конкурстарға", "конкурстардың", "конкурстарды" деген сөздер тиісінше "конкурс", "конкурсқа", "конкурстың", "конкурсты" деген сөздермен ауыстырылсын;
       тақырыптағы және 1-тармақтағы "Сапа саласындағы жетістіктері үшін" сыйлығының лауреаты атағын және "Алтын сапа" республикалық көрме-конкурсының дипломанты" деген сөздер "Алтын сапа" сыйлығының лауреаты" деген сөздермен ауыстырылсын;
       3-тармақта :
      1) тармақшадағы "Сапа саласындағы жетістіктері үшін" сыйлығын алуға арналған конкурсқа" және "Алтын сапа" республикалық көрме-конкурсына" деген сөздер "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурсқа" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақшадағы "лауреаттары мен дипломанттарын" деген сөздер "лауреаттарын" деген сөзбен ауыстырылсын;
       12-тармақта "(қарашаның екінші бейсенбісі)" деген сөздер алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы Жарлық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                       Н. Назарбаев