ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі N 314 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 42, 465-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамына енгізілсін:
Сағадиев - Қазақстан Республикасының Парламенті
Кенжеғали Әбенұлы Мәжілісінің депутаты.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев