Қазақстан Республикасының Президенті
мен Yкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексі
122-бабының
2-тармағына және "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының
23-бабының
2-тармағына сәйкес
ҚАУЛЫ ETEMIH:
1. "Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007 - 2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы N 231
Жарлығына
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 47, 499-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007 - 2011 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасында
:
"Халықаралық маңызы бар "белсенді" жобаларды icкe асыру" деген 5.9-бөлімінің "Астана қаласын және Ақмола облысын дамыту" деген 2-кіші бөлімі мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
"Ақмола облысының Щучье ауданында "Бурабай" арнайы экономикалық аймағының шекарасында туристік ойын-сауық кешенін салу.".
2. Қазақстан Республикасының Yкіметі осы Жарлықты icкe асыру үшін қажетті шаралар қабылдасын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев