Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 22 қаңтардағы N 729 Жарлығы

Қолданыстағы

       Қ АУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 1, 2-құжат; 2000 ж., N 54, 593-құжат; 2001 ж., N 1-2, 2-құжат; N 4-5, 43-құжат; 2002 ж., N 26, 272-құжат; N 45, 445-құжат; 2003 ж., N 12, 130-құжат;  N 16, 160-құжат; 2004 ж., N 13, 166-құжат; N 21, 267-құжат; N 27, 344-құжат; N 48, 590-құжат; 2005 ж., N 16, 189-құжат; N 27, 329-құжат; N 30, 380-құжат; N 49, 623-құжат; 2006 ж., N 7, 50-құжат; N 26, 264-құжат; N 28, 320-құжат; N 30, 320-құжат; 2007 ж., N 30, 330-құжат; N 33, 361-құжат; 2008 ж., N 10, 105-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлыққа 1-қосымшада :
      "Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің аппараты" деген жолда "61" деген цифр "101" деген цифрмен ауыстырылсын;

      2) "Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 тамыздағы N 917 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 26, 273-құжат; 2005 ж., N 20, 236-құжат):
      кіріспедегі "және "Республикалық және жергілікті бюджеттердің  атқарылуын бақылау туралы" 2002 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2-тармағына" деген сөздер алып тасталсын;
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы ережеде :
       2-тармақта :
      3) тармақша "қайтарылуын" деген сөзден кейін ", салықтық және кедендік әкімшілік етудің тиімділігіне" деген сөздермен толықтырылсын;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) республикалық бюджет қаражатының, оның ішінде нысаналы трансферттер мен кредиттердің, байланысқан гранттардың, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздардың, концессиялық жобаларды бюджеттен бірлесіп қаржыландырудың, сондай-ақ мемлекет кепілгерліктері мен активтерінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдаланылуына бақылау болып табылады;";
       3-тармақ "бланкілері" деген сөзден кейін "және өзінің туы" деген сөздермен толықтырылсын;
       8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Есеп комитеті:
      1) сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау жүргізу тәртібін айқындайды;
      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің ішкі бақылау жөніндегі уәкілетті органымен бірлесіп мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын әзірлейді және олардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      3) мыналарға:
      өз қызметінің бағыттары бойынша тиімділігіне;
      республикалық бюджетке түсетін түсімдердің толықтылығы мен уақтылығына, сондай-ақ республикалық бюджеттен түскен түсімдер сомаларының қайтарылуына, салықтық және кедендік әкімшілік етудің тиімділігіне;
      мемлекеттік төтенше бюджеттің атқарылуына;
      Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік органдарға және бақылау объектілеріне жіберілген ұсынымдар мен тапсырмалардың орындалуына;
      бақылау объектілерінің есеп пен есептілікті жүргізуінің растығы мен дұрыстығына;
      республикалық бюджет қаражатының, оның ішінде нысаналы трансферттер мен кредиттердің, байланысқан гранттардың, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздардың, концессиялық жобаларды бюджеттен бірлесіп қаржыландырудың, сондай-ақ мемлекет кепілгерліктері мен активтерінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдаланылуына;
      республикалық бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуына;
      Қазақстан Республикасы Президентінің келісімімен немесе тапсырмасы бойынша ғана Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі активтерінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдаланылуына;
      бюджеттік бағдарламаларда көзделген мақсаттар үшін квазимемлекеттік сектор субъектілеріне бөлінген республикалық бюджет қаражатының пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;
      4) мыналарға:
      республикалық бюджеттің, оның ішінде Қазақстан Республикасы бюджеттік жүйесінің принциптеріне сәйкес атқарылуына;
      орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының, мемлекеттік және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуына бағалауды жүзеге асырады;
      5) Қазақстан Республикасының Президентіне тоқсан сайын Есеп комитетінің жұмысы туралы ақпарат ұсынады;
      6) мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің басқа да жекелеген тапсырмаларын орындайды;
      7) есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті ағымдағы жылдың 15 мамырынан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Парламентіне ұсынады, ол өзінің мазмұны жағынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті есебіне қорытынды болып табылады;
      8) мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының бақылау актілерін талдайды және мемлекеттік қаржылық бақылаудың сапасын арттыру жөнінде ұсынымдар береді;
      9) мемлекеттік қаржы бақылау объектілерінің лауазымды адамдарының іс-әрекетінде қылмыстың немесе әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілері анықталған жағдайда бақылау материалдарын құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілетті органдарға береді;
      10) мемлекеттік бюджет саясатын іске асыруға қатысады;
      11) мемлекеттік қаржылық бақылау саласында талдау және зерттеулер жүргізеді, мемлекеттік қаржылық бақылау саласында оқу бағдарламаларын іске асырады;
      12) Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсынымдар енгізеді, мемлекеттік қаржылық бақылау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер әзірлейді және келіседі;
      13) мемлекеттік сыртқы қаржылық бақылауды республикалық деңгейде жоспарлауға және жүргізуге қатысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен, мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті құжаттама мен ақпаратты құпиялылық режимінің, қызмет бабындағы, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпиялардың сақталуын ескере отырып, сұратады және өзі белгілеген мерзімде алады;
      14) мемлекеттік сыртқы қаржылық бақылау жүргізуге байланысты мәселелер бойынша бақылау объектілерінің лауазымды адамдарының тиісті есептерін тыңдайды;
      15) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік қаржы бақылау объектілерінің лауазымды адамдарының сақтамауы жөнінде анықталған фактілер бойынша, сондай-ақ тиімділікті бақылау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыныс енгізеді;
      16) мемлекеттік органдардан және мемлекеттік қаржы бақылау объектілерінен республикалық бюджеттің атқарылуына сыртқы бақылау жүргізуге байланысты мәселелер бойынша қажетті құжаттарды, анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсініктемелерді өзі белгілеген мерзімде алады;
      17) бақылау және талдау іс-шаралары барысында анықталған (анықталатын) заң бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қолданады;
      18) бақылау объектісінен Қазақстан Республикасының құжаттау және сақтау мәселелерін реттейтін заңнамасын сақтай отырып, бақылаудың қорытындысын растайтын тиісті материалдарды (дәлелдемелерді) кедергісіз алады;
      19) мемлекеттік сыртқы қаржылық бақылау жүргізуге мемлекеттік органдардың және мәслихаттардың тексеру комиссияларының (олармен келісе отырып) тиісті мамандарын, сондай-ақ қажет болған жағдайда, республикалық бюджеттен қызмет көрсетулеріне ақы төлей отырып, аудиторлық ұйымдарды, сарапшыларды тартады;
      20) шетел мемлекеттерінің қаржы бақылау органдарымен және олардың халықаралық бірлестіктерімен байланыс жасайды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен олармен ынтымақтастық туралы шарттар мен келісімдер жасасады және халықаралық ұйымдардың құрамына кіреді;
      21) мемлекеттік құпияларды, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды қорғау туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарына өзінің қызметі туралы ақпаратты тұрақты ұсынып отырады;
      22) өзі қабылдаған актілердің мерзімді жинақтарын, бюллетеньдер, журналдар мен басқа да басылымдар шығарады;
      23) мәслихаттардың тексеру комиссияларына әдістемелік, оның ішінде мәслихаттардың тексеру комиссиялары туралы үлгілік ережені және мәслихаттардың тексеру комиссияларының қызметкерлері үшін үлгілік біліктілік талаптарын әзірлеу жөнінде көмекті жүзеге асырады, мемлекеттік қаржылық бақылау қызметкерлерін даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
      24) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сотқа талап арызбен және арызбен жүгінеді, сондай-ақ сот процестеріне қатысады.";
       10-тармақ :
      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "4-1) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының және Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталары Төрағаларының қарауына Есеп комитеті мүшелерінің кандидатуралары бойынша оларды тағайындау және қызметінен босату жөнінде ұсыныстар енгізуге құқылы;";
       17-тармақтың 5) тармақшасындағы "танылған жағдайда мерзімінен бұрын қызметінен босатылуы мүмкін." деген сөздер "танылған жағдайда;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6), 7) тармақшалармен толықтырылсын:
      "6) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылуы;
      7) Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуі себепті мерзімінен бұрын қызметінен босатылуы мүмкін.";
      мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:
      "17-1. Бақылау іс-шараларын, Есеп комитетінің қызметін ақпараттық-талдау, құқықтық, консультациялық, ұйымдастырушылық және өзге де қамтамасыз етуді Есеп комитетінің аппараты (бұдан әрі - аппарат) жүзеге асырады.
      Есеп комитетінің аппаратын Есеп комитетінің Төрағасы тағайындайтын аппарат басшысы басқарады.".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті                                        Н. Назарбаев