Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 29 маусымдағы N 645 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 722 Жарлығы

Қолданыстағы

Қазақстан Республикасының Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында 
жариялануға тиіс          

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 29 маусымдағы N 645 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 22, 270-құжат; 2005 ж., N 11, 100-құжат; 2007 ж., N 4, 50-құжат; 2007 ж., N 22, 245-құжат; 2008 ж., N 29, 281-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
       1-тармақтағы "2010" деген цифрлар "2015" деген цифрлармен ауыстырылсын;
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде :
       1-тармақтағы "Есіл өзенінің сол жақ жағалауында," деген сөздер алып тасталсын;
       2-тармақтағы "Есілдің сол жақ жағалауын" деген сөздер "Астана қаласын" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н. Назарбаев