Қазақстан халқының мәдени құндылықтарын сақтау және салт-дәстүрін дамыту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Қазақстан Республикасында Мәдениет пен өнерді қолдау мемлекеттік қоры" мемлекеттік мекемесі жойылсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Қазақстан халқының рухани даму қоры" акционерлік қоғамын (бұдан әрі - Қоғам) құрсын;
2) Қоғам қызметінің негізгі мәні:
Қазақстан халқы мәдени құндылықтары мен салт-дәстүрінің дамуына тұрақты мониторинг жүргізуді және оны қолдауды жүзеге асыру;
қазақстандық мәдениеттің дамуы мен оның әлемдік мәдени кеңістікке кірігуін тереңдету жөніндегі серпінді жобаларды іске асыру;
Қазақстан Республикасының әлемдік мәдени кеңістікке сәйкестенуін зерттеу және негіздеу;
мәдениет пен өнер саласындағы жобаларды талдау және оларды іске асырылуды қамтамасыз ету;
Қазақстан халқы ұлттық мәдениетін рухани байытуға және олардың халықаралық мәдени алмасуларға қатысуына жәрдемдесу;
елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына бағытталған жыл сайынғы байқау-конкурстар, фестивальдар, семинарлар, мұражай мен кітап көрмелерін ұйымдастыруға, өткізуге көмек көрсету болып айқындалсын;
3) нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгертулер мен толықтыруларды енгізсін;
4) Қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруды қамтамасыз етсін;
5) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев