Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 шілдедегі N 1605 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қазандағы N 683 Жарлығы

Қолданыстағы

Қазақстан Республикасы Президенті  
мен Үкіметі актілерінің жинағында  
және республикалық баспасөзде   
жариялануға тиіс         

      "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағын одан әрі дамыту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН :

      1. "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 шілдедегі N 1605 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 28, 344-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1-тармақтағы "2015" деген цифрлар "2030" деген цифрлармен ауыстырылсын;
      аталған Жарлықпен бекітілген "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
      3-тармақ мынадай мазмұндағы 12), 13), 14), 15), 16), 17) тармақшалармен толықтырылсын:
      "12) жібек маталар және олардың негізінде бұйымдар шығару;
      13) маталық емес тоқыма материалдарын және олардың негізінде бұйымдар шығару;
      14) кілемдер, кілем бұйымдарын және тұскілемдер шығару;
      15) мақта целлюлозасын және оның туынды өнімдерін шығару;
      16) мақта шикізатынан жоғары сапалы қағаз шығару;
      17) былғарыдан жасалған бұйымдар шығару.";
      4 және 16-тармақтардағы "1996 жылғы 26 қаңтардағы" деген сөздер "2007 жылғы 6 шілдедегі" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын тиісті шаралар қабылдасын.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті                                       Н.Назарбаев