Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі N 853 және 2003 жылғы 18 тамыздағы N 1166 жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 19 қыркүйектегі N 657 Жарлығы

Қолданыстағы

Қазақстан Республикасының Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында 
жариялануға тиіс           

       Қ АУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:
      1) "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі N 853 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 10, 94-құжат; 2003 ж., N 8, 79-құжат; N 49, 558-құжат; 2005 ж., N 32, 424-құжат; 2007 ж., N 3, 35-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
      2-тармақтағы "экспортқа бағдарланған" деген сөздер "бәсекеге қабілетті" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) "Ақпараттық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 18 тамыздағы N 1166 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 33, 322-құжат; 2005 ж., N 30, 383-құжат):
      кіріспеде:
      "экспортқа бағдарланған" деген сөздер "бәсекеге қабілетті" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "және импорт алмастырушы" деген сөздер алып тасталсын;
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Ақпараттық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
      2-тармақтың төртінші абзацында "экспортқа бағдарланған" деген сөздер "бәсекеге қабілетті" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті                                        Н.Назарбаев