Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы N 1096 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 23-24, 217-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2008 жылғы 2 шілдедегі
N 627 Жарлығына
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2003 жылғы 17 мамырдағы
N 1096 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының
Индустриялық-инновациялық дамуының
2003-2015 жылдарға арналған
СТРАТЕГИЯСЫ
Астана, 2008 жыл
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
Қазақстан халқына жолдауларынан:
"Біздің экономикалық жетістіктеріміз Қазақстанның Орталық Азия экономикасында көш басына шығуына жол ашты. Ендігі жерде біздің қолымызда Қазақстанды экономикалық дамудың "өңірлік локомотивіне" әрі оны әлемдік экономиканың оңтайлы "ойыншысына" айналдыра алатындай күш бар".
"Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр".
"Біз Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын қалаймыз. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық "орнын" иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуын қалаймыз".
"... өркенді де өршіл дамып келе жатқан қоғамның іргетасы тек қана осы заманғы, бәсекеге қабілетті және бір ғана шикізат секторының шеңберімен шектеліп қалмайтын ашық нарық экономикасы бола алады. Бұл - жеке меншік институты мен келісім шарттық қатынастарды құрметтеу мен қорғауға, қоғамның барлық мүшелерінің бастамашылығы мен іскерлігіне негізделген экономика".
"Экономиканың өсуін басқаруды біз халықаралық нарықтың осы заманғы талаптарына сай келетін Қазақстанды одан әрі индустрияландыру саясатының негізінде қамтамасыз етуге тиіспіз".
Мазмұны
Стратегияның паспорты
Кіріспе
1. Әлемдік экономиканың үрдістерін талдау және Қазақстан экономикасының бәсекелестік қабілетін арттыру проблемалары
1.1. Әлемдік және өңірлік экономикалар дамуының негізгі үрдістерін талдау және олардың Қазақстанның экономикалық дамуына әсері
1.2. Стратегияның 2003-2007 жылдары іске асырылуының тиімділігін талдау
1.2.1. Қазақстан экономикасын одан әрі әртараптандыру мәселелері
2. Стратегияны іске асырудың мақсаттары, міндеттері және принциптері
3. Индустриялық-инновациялық саясаттың басымдықтарын айқындау
3.1. Мемлекеттік индустриялық-инновациялық саясатты іске асыру қағидаттары
4. Стратегияны іске асыру бағыттары
4.1. Шикізаттық емес сектор кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруды ынталандыру
4.1.1. Ұлттық инновациялық жүйені дамыту
4.1.2. Технологиялар трансферті
4.1.3. Ғылымды дамыту
4.1.4. Индустриялық инфрақұрылымды дамыту
4.1.5. Сауда саясаты және қазақстандық экспортты қолдау
4.2. Индустриялық-инновациялық саясаттың басым бағыттарын дамыту үшін экономиканың өндіруші салаларының әлеуетін пайдалану
4.2.1. Мұнай-газ саласының мүмкіндіктері
4.2.2. Тау-кен және металлургия саласының мүмкіндіктері
4.2.3. Өндіруші салалардың әлеуетін іске асырудағы мемлекеттің белсенді рөлі
4.3. Жаһандық орнықты қазақстандық корпорациялар құру
4.4. Ауыл шаруашылығының әлеуетін дамыту
4.5. Қолайлы кәсіпкерлік ахуал жасау мен шағын және орта бизнесті дамыту
4.5.1. Кластерлік бастаманы іске асыру
4.5.2. Бизнес-ортаны жақсарту және кәсіпкерлікті дамыту
4.6. Мемлекеттік холдингтер қызметін үйлестіру
4.7. Материалдық және материалдық емес инфрақұрылымды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау
4.7.1. Электр энергетикасы саясаты
4.7.2. Көліктік-инфрақұрылымдық даму
4.7.3. Телекоммуникацияны дамыту
4.7.4. Білім беруді дамыту және кадрлар даярлау
4.7.5. Қаржы секторын дамыту
4.7.6. Фискалдық саясат
4.7.7. Тариф саясаты және бәсекелестікті қорғау
4.7.8. Техникалық реттеу мен өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесін дамыту
4.7.9. Экологиялық саясат
5. Стратегияны іске асырудың кезеңдері мен тетігі
5.1. Іске асыру кезеңдері
5.2. Іске асыру тетігі
6. Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері
7. Стратегияны іске асырудан күтілетін нәтижелер
Стратегияның паспорты
Атауы
Қазақстан Республикасының
Индустриялық-инновациялық дамуының
2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы
(бұдан әрі - Стратегия)
Әзірлеу үшін негіз
Стратегия Қазақстан Республикасы
Президентінің "Елдегі жағдай және
2002 жылға арналған ішкі және сыртқы
саясаттың негізгі бағыттары туралы"
Қазақстан халқына
Жолдауына
,
Мемлекет басшысының "Қазақстан өз
дамуындағы жаңа серпіліс жасау
қарсаңында (Қазақстанның әлемдегі
бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің
қатарына кіру
стратегиясы
)" атты
2006 жылғы 1 наурыздағы және
"
Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан
" атты
2007 жылғы 28 ақпандағы жолдауларына,
"Қазақстанның 2030 жылға дейінгі
Даму стратегиясын одан әрі іске асыру
жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан
Республикасы Президентінің 2007 жылғы
6 сәуірдегі N 310
Жарлығымен
бекітілген Мемлекет басшысының
2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына
жыл сайынғы жолдауларын іске асыру
жөніндегі негізгі бағыттардың
(іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспары
және "Мемлекет басшысының 2005-2007
жылдардағы Қазақстан халқына жыл
сайынғы жолдауларын іске асыру
жөніндегі негізгі бағыттардың
(іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарына,
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007-2009 жылдарға арналған
бағдарламасын орындау жөніндегі
іс-шаралар жоспарын бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 20 сәуірдегі
N 319
қаулысымен
бекітілген іс-шаралар
жоспарына сәйкес әзірленген
Әзірлеушілер
Қазақстан Республикасы Индустрия және
сауда министрлігі Қазақстан
Республикасы Экономика және бюджеттік
жоспарлау, Білім және ғылым, Қаржы,
Көлік және коммуникация, Энергетика
және минералдық ресурстар, Ауыл
шаруашылығы, Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау, Қоршаған ортаны
қорғау министрліктерімен, Табиғи
монополияларды реттеу агенттігімен
және т.б. бірлесіп әзірледі
Мақсаты
Басты мақсат ұлттық экономиканы
шикізаттық бағыттылықтан арылуға ықпал
ететіндей етіп одан әрі жаңғырту,
әртараптандыру және бәсекеге
қабілеттілігін арттыру жолымен елдің
орнықты дамуына қол жеткізу, ұзақ
мерзімді көздегенде
сервистік-технологиялық экономикаға
өту үшін жағдайлар жасау болып табылады
Міндеттері
Алдағы кезде оң трендтің өсуімен
ЖІӨ-дегі өңдеуші өнеркәсіп үлесінің
қысқаруы үрдісін еңсеру және
экономика мен өнеркәсіп өндірісінің
құрылымын одан әрі өзгерту;
корпоративтік көшбасшыларды
қалыптастыру мақсатында Қазақстанның
нақты жаһандық артықшылықтарын дамыту;
елдің экспорттық әлеуетін жоғары
қосылған құнды тауарлар мен қызметтер
ыңғайына дамыту, шикізаттық емес
экспорттық жеткізулердің географиясын
әртараптандыру және шикізаттық емес
тауарлар үлесін ұлғайта отырып оны
қайта құрылымдау;
еңбек өнімділігін арттыру және ЖІӨ-нің
энергия қажетсінуін төмендету;
индустриялық дамуды кадрлық қамтамасыз
ету және білім беру жүйесін жетілдіру;
қаржы жүйесінің орнықтылығын арттыру;
отандық тауарлар мен көрсетілетін
қызметтердің әлемдік нарыққа қол
жеткізуін және ел ішінде ықпалдасуын
қамтамасыз ету үшін қазіргі заманғы
инфрақұрылымды дамыту;
өңірлік деңгейде кластерлік бастаманы
тиімді іске асыру жолымен шағын және
орта бизнес саласының жеделдете өсуін
қамтамасыз ету;
жеке сектордың дамуын ынталандыратын
қолайлы кәсіпкерлік ахуал жасау;
өнеркәсіптік және ғылыми-техникалық
кешендердің ынтымақтастығын
ынталандыру және өндірістік
байланыстарын орнату үшін жағдайлар мен
алғышарттар жасау;
мемлекеттік стандарттардың халықаралық
талаптармен үйлесімділігі деңгейін
арттыру
Іске асыру мерзімі
2003-2015 жылдар
1 кезең - 2003-2005 жылдар
2 кезең - 2006-2010 жылдар
3 кезең - 2011-2015 жылдар
Қажетті
ресурстар
Инвестициялық сипаттағы шығындарды
және қаржыландыру
қоспағанда, Стратегияны іске асыруға
көздері
тікелей шығындардың болжамды көлемдері
2015 жылды қоса алғанда 10 млрд. АҚШ
долларына (1226 млрд. теңге) тең соманы
құрайды.
Республикалық бюджеттен қаржыландыру
көлемі тиісті жылға арналған бюджетті
қалыптастыру кезінде нақтыланатын
болады. Стратегияның іс-шараларын
қаржыландыру үшін даму институттарының,
ұлттық холдингтердің, ұлттық
компаниялардың, әлеуметтік-кәсіпкерлік
корпорациялардың қаражаттары тартылатын
болады.
Бұған қоса, жаңа технологиялық және
ғылымды қажетсінетін өндірістер құруға,
инфрақұрылымды дамытуға бағытталған
неғұрлым басымды және тиімді жобаларды
іске асыру үшін халықаралық ұйымдар мен
донор елдердің көмегін тарту көзделеді.
Негізгі қаржы жүктемесін жеке сектор
көтеруі тиіс. Алдын ала бағалау бойынша
мемлекеттік және жеке капиталдың қатысуы
бірдің екіге арақатынасын құрауы тиіс
Күтілетін
нәтижелер
Стратегияны белсенді іске асыру 2015
жылға қарай мынадай нәтижелер алуды
қамтамасыз етеді:
2008-2015 жылдары ЖІӨ-нің орташа жылдық
өсуін 6,8 % деңгейінде қамтамасыз ету;
2015 жылға қарай ЖІӨ-нің құрылымындағы
шағын және орта кәсіпкерліктің үлесін
43 %-ке дейін ұлғайту;
өнеркәсіптік өндірісте шағын және орта
кәсіпкерліктің қатысу үлесін 20 %-ке
дейін жеткізу;
ЖІӨ-нің өсуінің 6,8 % орташа жылдық
қарқынын ескере отырып, ғылымды
қажетсінетін және жоғары технологиялық
өндірістердің үлесін 1,3 %-ке дейін
ұлғайту;
өткізудің әлемдік нарықтарына сапалы
қол жеткізуді және ішкі ықпалдасуды
қамтамасыз ету үшін көлік-логистикалық
инфрақұрылымының тиімді жүйесін құру;
Қазақстанның аумағы арқылы транзит
көлемін: 114,6 млн. тонна жүктен (2006
жылғы) 320,2 млн. тонна жүкке дейін
(2015 жылы) ұлғайту;
ЖІӨ құрылымындағы ғылыми және ғылыми-
инновациялық қызметтің қызмет көрсетуі
үлес салмағын 2005 жылғы 0,5 %-тен
2015 жылға қарай 1,7 %-ке дейін арттыру;
ЖІӨ құрылымындағы тауарлар өндірудің
үлес салмағы 46,8 %-ті құрайды
(Стратегияны іске асыру ескерілмесе
тауарлар өндірісінің үлесі 45,9 %-ті
құраған болар еді);
ЖІӨ құрылымындағы өңдеуші өнеркәсіптің
үлесі шамамен 13 %-ті құрайды
(Стратегияны іске асыру ескерілмесе
өңдеуші өнеркәсіптің үлесі 11,9 %-ті
құраған болар еді);
өңдеуші өнеркәсіптегі өсу қарқынын
2015 жылға қарай 8 %-ке дейін жеткізу;
қазіргі шикізаттық емес экспорт
көлемінің өсуі және географиясының
ұлғаюы;
негізгі капиталға инвестициялардың жыл
сайынғы көлемі 8-10 трлн. теңгеге
дейін үш-төрт есе ұлғаяды,
одан өңдеуші өнеркәсіптің,
көлік-коммуникациялық және
энергетикалық салалардың негізгі
капиталына инвестициялар кемінде
50 %-ті құрайтын болады;
2000 жылға қарағанда еңбек
өнімділігінің кемінде 3 есеге ұлғаюы;
2000 жылға қарағанда энергия
қажетсінудің 2 есеге төмендеуі;
мемлекеттік стандарттардың халықаралық
талаптармен үйлесімділігінің деңгейін
65 %-ке дейін арттыруды қамтамасыз ету
Кіріспе
Стратегия 2015 жылға дейінгі кезеңге арналған мемлекеттің тұтас және кешенді экономикалық саясатын қалыптастыратын және индустриялық-инновациялық дамудың нақты бағыттарын ұсынатын жалпы жүйелік құжат болып табылады. Стратегия экономиканы жеделдете жаңғырту мен әртараптандыру, жоғары технологиялар индустриясын құру және экономиканың экспорттық-шикізаттық бағыттылығынан арылу мен Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін үздіксіз арттыру мақсатында қолда бар әлеуеттік артықшылықтарды пайдалану жолымен елдің орнықты дамуына қол жеткізуге бағытталған. Мемлекеттік индустриялық-инновациялық саясаттың негізгі мәні орнықты экономикалық даму мақсатында экономиканың шикізаттық емес секторында Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілік мамандануын дамыту болып табылады.
Елдің 2030 жылға дейінгі дамуының ұзақ мерзімді стратегиясын айқындаған Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан - 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы" атты 1997 жылғы 11 қазандағы Қазақстан халқына
Жолдауы
мемлекетті дамытудың ұзақ мерзімді басымдықтарын жария еткен негіздік құжат болып табылады.
Стратегия Қазақстан Республикасы Президентінің "
Елдегі жағдай және 2002 жылға арналған ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы
", "
Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында (Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы)
" және "
Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан
" атты Қазақстан халқына жолдауларына сәйкес әзірленді.
Стратегия мемлекеттің қолда бар ресурстық мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға негізделген, экономика құрылымындағы постиндустриялық және үдемелі инновациялық даму жағына қарай сапалы өзгерістерді қамтамасыз етуі тиіс мемлекеттің экономикалық және ұйымдастырушылық-құқықтық қызметі негізгі бағыттарының жиынтығын білдіреді.
Стратегия қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін оны іске асырудың тетіктерін сапалы жаңа толықтыру және жаңа экономикалық жағдайларды ескере отырып, экономиканы одан әрі жаңғырту, экономиканың барлық салаларын және адами капиталды қарқынды дамыту жөніндегі мемлекеттің күш-жігерлер жиынтығы талап етіледі.
1. Әлемдік экономиканың үрдістерін талдау және Қазақстан
экономикасының бәсекелестік қабілетін арттыру проблемалары
1.1. Әлемдік және өңірлік экономикалар дамуының
негізгі үрдістерін талдау және олардың
Қазақстанның экономикалық дамуына әсері
Стратегияны іске асыру шеңберінде 2006 жыл оны іске асырудың бірінші кезеңін аяқтау жылы болды. Бірінші кезең іс-шараларының негізгі бөлігі орындалды, Стратегияның екінші кезеңін іске асыру үшін негізгі алғышарттар дайындалды.
Стратегияны бұдан әрі іске асыру 2003 жылдан бері болған экономикалық үрдістердегі өзгерістерді ескере отырып жүргізілуі тиіс. Осыған байланысты, жаһандық экономиканың дамуын талдау, оның перспективалық дамуының басты факторларын айқындау Стратегияны бұдан әрі табысты іске асырудағы негізгі нәрсе болып табылады.
Соңғы уақытта әлемдік экономикадағы мейілінше маңызды феномендерінің бірі бірқатар дамушы елдер экономикасының қарқынды өсуі болып отыр. Жылына 8 %-тен астам қарқынды сақтау кезінде дамушы елдердің жиынтық экономикалық салмағы жаһандық экономиканың дамуына әсер ететін факторге айналып отыр.
Сөйтіп, Дүниежүзілік Банк сарапшыларының болжамдарына сәйкес жеті ірі дамушы елдің (Қытай, Үндістан, Бразилия, Ресей, Индонезия, Мексика және Түркия) экономикасының болжанған жиынтық көлемі 2050 жылға қарай "Үлкен жетілік" елдері экономикасының мөлшерінен орташа алғанда 25 %-ке асып, іс жүзінде экономикалық белсенділіктің жаңа орталықтарын қалыптастыру жүреді.
Қысқа мерзімді перспективада 2007 жылдан бастап әлемдегі экономикалық даму қарқынының баяулауы күтіледі. 2007 жылы дамушы елдердегі экономикалық өсім 6,7% қалыпты мәніне жеткеннен кейін 2009 жылға қарай оның біршама орнықты 6,1 % деңгейіне дейін төмендеуі мүмкін.
Осындай жағдайда әлемдік тұтыну мен өндіріс орталығының Бразилия, Ресей, Үндістан және Қытай сияқты елдерге қарай ойысуы жалпы танылған үрдіс болып табылады. Бұл жаңа дамушы нарықтар трансұлттық бизнес үшін елеулі перспективалар ашады: ТҰК-нің 78 %-і Қытайда бизнес жүргізуді жоспарлайды, 64 %-і Үндістанды қолайлы көреді, 48 %-і Ресейде өндіріс ашуды жоспарлайды.
Бұған осы елдердің ішкі нарықтарындағы өспелі сыйымдылық, кірістер мен тұтыну деңгейінің жоғарылауы, еңбек және өзге де ресурстар құнының салыстырмалы түрде төмендігі секілді нақты факторлар ықпал етеді.
Оның үстіне, барлық мейілінше тез дамушы елдер инвестицияларды белсенді тарту және өз өндірісін дамыту саясатын жүргізуде. Экономиканың жедел өсуі және нарықтың ілгерілеуші көлемдері үлкен корпорацияларды тартады және осы елдердің нарықтарын ірі инвестициялар үшін тартымды етеді, өйткені қысқа мерзімді де және ұзақ мерзімді перспективада да бизнесті дамыту үшін үлкен мүмкіндіктер ұсынады.
Халықаралық және өңірлік экономикалық кеңістікке одан әрі тығыз кірігуге ұмтылатын Қазақстан үшін әлемде болып жатқан үрдістер сөзсіз үлкен маңызға ие. ТҰК-тың ірі дамушы нарықтарға деген мүдделерінің артуы, олардың қазақстандық нарықпен көршілес елдер аумағында өз өндірістік қуаттарын ашуы отандық экономиканың даму бағыттарын таңдауға нақты әсер етеді. Бұл ретте жаңа үрдістердің оң да келеңсіз де аспектілері болады.
Отандық шикізаттық емес сектор кәсіпорындары үшін қосымша бәсекелестік орта құрылуда. Компаниялардың корпоративтік стратегиясы көп жағдайда кейіннен жақын маңдағы шағын нарықтар аумағында сауда және дистрибьютерлік желілер құра отырып, ірі нарықтарда бірінші кезекте қатысу арқылы құрылады. Бұл өз кезегінде экономика мен сауда теңгерімі құрылымының көрсеткіштерін нашарлатуға әкеледі.
Ірі дамушы нарықтарды қарқынды дамыту факторы бағалауды қажет етеді және Стратегияны іске асыру жөніндегі алдағы шараларды әзірлеу кезінде міндетті түрде ескерілуі тиіс.
Дамушы елдер экономикасының жедел өсуі, жер шары халқының шамамен үштен бірін қамтитын одан әрі индустрияландыру мен тұтынудың өсімі шикізат ресурстарына әлемдік қажеттілікті ұлғайтады. Осыған байланысты ресурстарға және бірінші кезекте шикізатқа өспелі сұраныс алда тұрған ұзақ мерзімді перспективада экономикалық дамудың негізгі үрдісі болмақ.
Бұл процесс бір жағынан өз экономикасын шикізаттың қажетті көлемдерімен қамтамасыз етуге ұмытылуымен, екінші жағынан ресурстар үнемдейтін технологияларды белсенді дамытуы және енгізуі арқылы әлемнің барлық елдерінің мемлекеттік саясатына әсер етеді. Шикізаттың әлемдік нарықтары болып жатқан процестерге қатты шикізатқа да, энергия ресурстарына да бағалардың үнемі өсуімен жауап береді.
Қытай мен Үндістан шикізат ресурстарына, әсіресе, көмірсутегіне зор сұраныс білдіруде. Қытай, атап айтқанда, мұнай тұтыну жөнінен әлемде екінші орынға шықты. Осы экономикалардың энергия ресурстарының импортынан барған сайын тәуелділігі (2006 жылы Үндістанда - 70%, Қытайда - 50%) олардың өздерін мұнай мен газдың, оның ішінде шетелдегі неғұрлым белсенді инвестициялық саясаттың есебінен өздерін сенімді қайнармен қамтамасыз етуге ұмтылысын тудырады.
Осындай үрдістің дамуы нәтижесінде Қазақстан қазіргі уақытта елдің аумағынан тыс жерде шикізатты тұтынудың ұлғаюымен байланысты шикізат секторына сыртқы инвестициялар ұсыныстарының елеулі өсуін сезініп отыр. Бұл факт өндіруші салалары басым болып келетін Қазақстан экономикасының қалыптасқан құрылымын туындатады. Өз кезегінде өнеркәсіпте бірыңғай шикізаттық бағыттарды дамыту қазақстандық экономиканың жалпы бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуіне алып келеді.
Шикізат ресурстары келешекте толық өндірістік тізбекті біріктіріп, әлемдік деңгейде қатысушы бола алатын шикізаттық емес сектор салаларын дамыту, ірі шикізаттық конгломераттар құру үшін негіз болуы мүмкін.
Өңірлік экономика мен жаһанданудың барған сайын жедел ықпалдасуы әлемдік экономикалық дамудың аса маңызды факторы болып қалыптасып отыр. Жаһандану процесі бірінші кезекте әлемдік нарықтардың экономикалық кірігуі мен компаниялардың жаһандық бәсекелестігінен көрінеді.
Жаһандық бәсекелестік пен ықпалдасу корпоративтік сектордың барабар жауабын туғызады. Әлемдік компаниялар бәсекелестікті сақтау мақсатында одан әрі дамудың негізгі ресурстарын өзіне шоғырландыруға ұмтылады. Бұл үрдіс корпоративтік секторда барған сайын бірігу және қосып алу нарығының өсуіне әкеледі.
"Bloomberg" талдау агенттігінің есебіне сәйкес 2007 жылдың он айының нәтижелері бойынша бірігулер мен қосып алулар әлемдік нарығының көлемі 3,55 триллион долларға жетті, бұл 2006 жылдың қорытындыларына сәйкес келеді. Бұл ретте, аталған процестерге елдердің үкіметтері белсене қатысуда. Компаниялардың ірілену процесі ТМД кеңістігіне де тарады. Мысалы, РУСАЛ, СУАЛ және Гленкордың алюминий бөлімшесінің қосылуы аса ірі мәміле болды, осының нәтижесінде әлемдегі ірі алюминий холдингі құрылды. "Ernst & Young" аудиторлық компаниясының деректеріне сәйкес 2006 жылы Ресейде бірігу және қосып алу нарығының көлемі бір жарым есе есті және шамамен 71 млрд. АҚШ долларын құрады, әрі бұл процесс келешекте де жалғасатын болады.
Қазақстанда бірігу және қосып алу процесі энергетика, қаржы, металлургия, сауда саласында белсенді түрде жүруде.
1-сурет
Ресейдегі бірігулер мен қосып алулар нарығының құрылымы
(диаграмманы қағаз мәтінінен қараңыз)
Ақпарат көзі: "Ernst & Young" компаниясының зерттеулері
Отандық өнеркәсіпті дамытуға бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыру тұрғысынан компаниялардың жаһандануының, корпоративтік сектордың бірігу мен қосып алуға ұмытылысының қолайлы және теріс жақтары да бар.
Бір жағынан активтерді шоғырландыру шығындарды азайтып әрі синергетикалық әсерді ұлғайта отырып, компаниялардың бәсекеге қабілеттілігінің біршама жоғары деңгейіне қол жеткізуінің маңызды факторы болып табылады. Дегенмен, әрбір жәйт өз алдына жеке қарастырылуы тиіс.
Шоғырлану процесіне мемлекеттік компаниялар, инвестициялау қорлары және т.б. тұлғасында мемлекеттер белсенді қатысады. Мысалы, Ресейде 2006 жылы мемлекеттік активтердің қатысуымен болған бірігу мен қосып алу жөніндегі мәмілелердің үлесі бірігу және қосып алу жөніндегі мәмілелердің барлық көлемінің 23 %-ін құрады.
Индустриялық саясатты дамыту аспектісінде жаһандану мемлекеттердің өз жаһандық бәсекелестік компанияларын қолдауы мен дамытуынан көрінді, олар экономиканы дамытудың "локомативтеріне" айналуда.
Ұлттық "чемпиондарды" дамыту жолымен жаһандық бәсекеге қабілетті компанияларды қалыптастыруда Жапония мен Кореяның тәжірибесі ірі компанияларды қалыптастырудағы мемлекеттік қолдаудың қызықты үлгісі болып табылады. Осылайша, жаһандану процестері мен мемлекеттік саясат бағыттары арасында тығыз өзара байланыс орныққан. Шетелдік тәжірибе көрсететіндей, жаһандық бәсекеге қабілетті компанияларды қолдау және дамыту жолымен бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастыруда мемлекеттің рөлі күшеюде.
Корпоративтік секторда жаһандану процестерінің ықпалы Стратегияны іске асыру кезінде тиісті ескеруді талап ететін маңызды фактор болып табылады.
1.2. Стратегияның 2003-2007 жылдары
іске асырылуының тиімділігін талдау
Осы Стратегияда ресурстар экспортына тәуелділікті төмендету, жаңа шикізаттық емес өндірістерді дамыту, дайын өнімнің экспортын кеңейту жолымен экономиканы орнықты дамытуды қамтамасыз ету міндеті қойылды. Осыған байланысты, Қазақстан дамуының жаңа кезеңінде экономикалық саясаттың басымдығы ретінде мемлекет экономиканы индустрияландыру және жоғары технологияларды дамыту жолын таңдады.
Стратегияны іске асырудың негізгі құралы ретінде даму институттары айқындалды, олар мемлекеттік қаржы ресурстарын тарту есебінен шикізаттық емес секторда жаңа өндірістерді қаржыландыруды қамтамасыз етуі тиіс болды.
Тұтас алғанда, даму институттарының қызметі оң нәтижелер берді. Инвестициялық жобаларды іске асыруға даму институттары салатын әрбір долларға қаржыландырудың басқа көздерінен болатын инвестициялардың екі доллары дерлік келеді, бұл Стратегияны іске асырудағы даму институттарының нақты үлесі болып табылады.
Даму институттары қызметінің қорытындылары бойынша 2003 жылдан бастап 2006 жылды қоса алғанда инфрақұрылым және өңдеуші өнеркәсіп саласындағы 116 жаңа жоба 2136,1 млн. АҚШ долларына қаржыландырылды. Бұл ретте, осы кезең ішінде 800 млн. АҚШ доллары сомасына - 37 объект пайдалануға берілді.
Стратегияның бірінші кезеңін іске асыру арқасында елде индустриялық-инновациялық инфрақұрылымның бірқатар мамандандырылған объектілері құрылды, олардың жұмысы бірінші кезекте кәсіпкерлік қызметті ынталандыруға және жаңа өндірістер құруға бағытталды.
"Ақтау теңіз порты", "Астана - жаңа қала", "Ақпараттық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймақтары (бұдан әрі - АЭА) жұмыс істейді. "Оңтүстік" АЭА инфрақұрылымын салу жүргізіліп жатыр. Қарағанды облысы мен Астана қаласында индустриялық аймақтар құрылған, олардың аумағында жоғары технологиялық өндірістерді салу жөніндегі жұмыстар жүргізілуде.
Мысалы, қазіргі кезде "Ақпараттық технологиялар паркі" АЭА аумағында 21 компания жұмыс істейді, паркте өндірілетін өнімнің жалпы көлемі шамамен 928 млн. теңгені құрайды.
"Ақтау теңіз порты" АЭА белсенді даму үстінде. АЭА аумағында өнеркәсіптің өңдеуші секторында 348,3 млн. АҚШ доллары сомасына жобалар іске асырылған, 1584 жұмыс орны құрылған.
Қазақстан экономикасына инновациялық сипат беру жөніндегі жұмыс жүргізілді. Қазақстан өңірлерінде технопарктер құрылды.
Ұлттық инновациялық қор Стратегияны іске асырудың бірінші кезеңі уақыты ішінде 116,9 млн. АҚШ доллары сомасының жобаларын қаржыландырды, олардың 1,7 млн. АҚШ доллары инновациялық гранттар нысанында берілді.
Стратегияны іске асырудың, экономиканың шикізаттық емес және сервистік секторларын инвестициялауды ынталандырудың тиімді тетіктерінің бірі инвестициялық салық преференциялары болып отыр. Стратегияны іске асыру жылдары ішінде 802,8 млрд. АҚШ долларынан астам сомаға жобалар бойынша 400-дан астам келісім шартқа қол қойылды.
Стратегия шеңберінде іске асырылған барынша қызықты жобалардың ішінен 2007 жылғы желтоқсанда Павлодар қаласында Қазақстан электролиз зауытының, сондай-ақ жіксіз құбырлар шығару зауытының іске қосылуын атауға болады.
Автомобиль өнеркәсібі кәсіпорындары пайда бола бастады, мысалы, Өскеменде "Шкода" жеңіл автомобилдерін шығару жөніндегі автоқұрастыру зауыты іске қосылды, Көкшетау қаласында "Камаз" жүк автомобильдерін шығару ұйымдастырылды, Семейде автобустар құрастыру жөніндегі жоба іске асырылуда. Тоқыма кластерін құру жөніндегі жұмыс шеңберінде әлемдік стандарттарға сай озат технологияларды қолданатын бірқатар тоқыма кәсіпорындары құрылды.
Шикізаттық емес секторды дамыту мақсатында салық заңнамасына жалпы салық жүктемесін төмендетуге бағытталған өзгерістер енгізілді, инвестициялау жағдайларын жақсарту жөнінде жұмыс жүргізілуде.
Техникалық реттеу жүйесін жаңғырту шеңберінде "Техникалық реттеу туралы" Заң қабылданды, оған сәйкес реттеу базасы халықаралық базамен 60,8 %-ке үйлестірілді. Қазіргі кезде техникалық регламенттер әзірленуде және аккредиттеу мен сертификаттау жүйесін халықаралық жүйемен үйлестіру жүргізіліп жатыр, бұл дайын өнімнің кәсіп ортаға шығуы үшін кедергілерді алып тастауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, өңірлерді және олардың бәсекелестік басымдықтарын дамытуға бағытталған мемлекеттік саясат іске асырылуда, шикізат қорларын басқарудың нормативтік-құқықтық базасы жетілдірілу үстінде.
Тұтас алғанда Стратегияны іске асыру жылдары өңдеуші өнеркәсіптегі өндіріс көлемі нақты көріністе 38,4 %-ке, абсолютті көріністе 1 189,38 млрд. теңгеге өсті.
2-сурет
(диаграмманы қағаз мәтінінен қараңыз)
Сонымен қатар, экономика дамуының жалпы оң серпіні кезінде өңдеуші өнеркәсіп өсімінің жоғары қарқынына қарамастан ЖІӨ жалпы көлемінде өңдеуші өнеркәсіп үлесінің төмендеу үрдісі байқалды. Мысалы, егер 2003 жылы бұл шама 14,2 %-ті құраса, ал 2006 жылы өңдеуші өнеркәсіп үлесі 11,6 %-ке дейін төмендеді.
3-сурет
(диаграмманы қағаз мәтінінен қараңыз)
Өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлеміндегі өңдеуші сала үлесі 2003 жылғы 42,9 %-тен 2006 жылы 37 %-ке дейін төмендеді, ал 2007 жылы ол 36,7 %-ін құрады.
4-сурет
(диаграмманы қағаз мәтінінен қараңыз)
Сонымен қатар, Стратегияны іске асырудың оң нәтижелерінің бірі өңдеуші өнеркәсіп салалары табысының өсуі болды.
Мысалы, Статистика агенттігінің деректері бойынша өңдеуші өнеркәсіптегі табыстылық 2002 жылы 8,9 %-ті құраса, ал 2006 жылдың аяғына қарай ол 14,6 %-ті құрады.
Өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек өнімділігі 2002 жылмен салыстырғанда жоғарылады. Мысалы, егер 2002 жылы өңдеуші өнеркәсіпте жұмыс жасайтын бір адам 2007,9 мың теңгенің өнімін өндірсе, бұл көрсеткіш 2007 жылы 5952,3 мың теңгені құрады.
5-сурет
(диаграмманы қағаз мәтінінен қараңыз)
Стратегияны іске асыру міндеттерінің бірі отандық экономиканың энергия қажетсінуін төмендету болып табылады.
Стратегияның 2015 жылға болжамдық көрсеткіштеріне сәйкес ЖІӨ энергия қажетсінуін төмендетуді 3 есеге жеткізу қажет. Стратегияны іске асыру кезеңі ішінде энергия қажетсіну іс жүзінде 1,5 есеге төмендеді.
6-сурет
(диаграмманы қағаз мәтінінен қараңыз)
Алайда, шикізаттық емес секторы дамуының жалпы оң серпініне қарамастан Стратегияда белгіленген негізгі мақсаттарға қол жеткізу барысына келеңсіз әсер ететін бірқатар факторлар бар.
Мысалы, өткен кезең ішінде өңдеуші және өндіруші өнеркәсіпте еңбекақы төлемінің деңгейіндегі үйлеспеушілік елеулі түрде күшейді. 2007 жылы өңдеуші өнеркәсіптегі еңбекақы төлемінің деңгейінен өндіруші өнеркәсіптегі еңбекақы төлемінің деңгейі 1,6 есеге, құрылыс секторында 1,3 есеге астам болды. Бұл мейілінше өнімді еңбек ресурстарының шикізаттық емес сектордан кетуіне әкеледі.
Бұдан басқа, әлемдік нарықтардағы базалық шикізат пен энергия тасымалына бағаның өсуі шикізат саласының кірістілігін арттырды, сөйтіп әлемдік нарықта өндіріс көлемі мен шикізат өнімі экспортының жедел ұлғаюын туғызды.
Түсті және қара металлургия өніміне орташа әлемдік баға 2002-2006 жылдары 180 %-ке есті. Осы кезеңде мұнайдың орташа әлемдік бағасы 146,8 %-ке өсті.
7-сурет
(диаграмманы қағаз мәтінінен қараңыз)
Шикізатқа деген тартымды әлемдік конъюнктурасының арқасында өндіруші сектор инвестициялар үшін мейлінше тартымды сектор болып қалып отыр. Мысалы, 2002 жылдан бастап 2007 жылды қоса алғандағы кезеңде өндіруші секторға инвестициялар көлемі экономиканың өңдеуші секторына салынған инвестициялардың көлемінен 2,76 есеге асып түсті. Өнеркәсіптің өндіруші және өңдеуші секторына салынған инвестициялар көлемі 2007 жылы тиісінше 1055,5 және 340,7 млрд. теңгені құрады.
8-сурет
(диаграмманы қағаз мәтінінен қараңыз)
Бұл өндіруші салада абсолютті көріністе 3,4 есе дерлік: 2002 жылғы 1120,2 млрд. теңгеден 2007 жылы 4365,9 млрд. теңгеге дейін өндіріс көлемдерінің өсуіне әкелді, ал өңдеуші сектордағы өндіріс көлемі осы кезең ішінде 2,5 есеге ұлғайды.
9-сурет
(диаграмманы қағаз мәтінінен қараңыз)
Бұдан басқа, халық табысының өсімі, инвестициялар көлемдерінің ұлғаюы, экспорттың және шикізат экспортынан кірістердің өсімі бөлшек сауданы, көлік, қаржы және телекоммуникациялық қызметтерді қоса алғанда, экономиканың сервистік секторларының жедел дамуына әкелді. Құрылыс ауқымды даму алды.
Стратегияны іске асыру жылдары ішінде ЖІӨ-нің осы салаларының жиынтық үлесі 2002 жылғы 34,2 %-тен 2006 жылғы 38,2 %-ке дейін есті.
10-сурет
(диаграмманы қағаз мәтінінен қараңыз)
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Стратегияны іске асыру үшін мемлекет сыртқы факторлардың әсерімен қабылдаған шаралар жеткіліксіз болып шықты және қайта қарауды қажет етеді.
Стратегиялық мәні бар салалардағы экономиканың мемлекеттік секторын басқаруды жетілдіру мақсатында мынадай ұлттық холдингтер мен ұлттық басқарушы компаниялар - "ҚазАгро" ұлттық холдингі" (бұдан әрі - "ҚазАгро" ҰХ" АҚ), "Қазына" орнықты даму қоры" (бұдан әрі - "Қазына" ОДҚ" АҚ), "Самғау" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" (бұдан әрі - "Самғау" ҰҒТХ" АҚ) және "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" (бұдан әрі - "Самұрық" МАБЖҚХ) АҚ" акционерлік қоғамдары құрылды.
1.2.1. Қазақстан экономикасын одан
әрі әртараптандыру мәселелері
Стратегия ресурстардың экспортынан тәуелділікті төмендету, жаңа шикізаттық емес өнеркәсіптерді дамыту және дайын өнімнің экспортын ұлғайту жолымен экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету өзінің басты экономикалық мақсатының бірі деп жариялады.
Стратегияны 2003-2007 жылдары іске асырудың қорытындысы қазіргі уақытта өнеркәсіптің құрылымында елеулі өзгеріс болмағанын көрсетті. Бұл мынадай факторлармен байланысты.
Біріншіден, Қазақстан Республикасының шикізаттық экспортының негізгі баптарына - көмірсутегіне, металлдарға және басқа да минералдық шикізатқа арналған бағаның елеулі өсуі Қазақстан экономикасының құрылымын айқындайтын негізгі факторға айналды.
Экономиканың сервистік және өндірістік емес секторлары: құрылыс, қаржы, көліктік және телекоммуникациялық қызметтер, сауда шикізат секторындағы өсу және халықтың кірістерінің өсуі есебінен жедел қарқын алды.
Тұтастай алғанда, еркін бәсекелестік принциптерімен айқындалмайтын экономиканың сегменттері, нарық құрылымы жедел қарқын алды, өйткені экономиканың бұл секторларына кіру үшін географиялық қатысу қажеттілігі, елеулі қаржы кідірістері және инфрақұрылымның болуы түріндегі салыстырмалы түрдегі жоғары "кіру" тосқауылдары бар.
Шикізаттық емес сектордағы өнеркәсіптің тауарларға деген қажеттілігі көбінесе импорттың есебінен қанағаттандырылды.
Екіншіден, Қазақстан әлемдік нарыққа неғұрлым кең ықпалдасуда және ашық экономиканы қалыптастыруда стратегиялық дұрыс бағыт жүргізеді. Алайда, бұл ретте, елдің ішіндегі экономикалық процестерге, оның ішінде, Стратегияны іске асыру барысына жаһандану процестері үлкен әсер етеді.
Бәсекелестік ортаның сипатын ауыстыру Стратегияны іске асырудың бірінші кезеңінің негізгі үрдісі болып табылады. Ол барған сайын жаһандық сипат алуда. Басқаша айтқанда, отандық компаниялар ұлғаймалы деңгейде жаһандық корпорациялармен бәсекелеседі, ал ішкі нарық әлемдік нарыққа тығыз кіріккен.
Осыған байланысты, өңірлік және жаһандық нарықтар шеңберіндегі неғұрлым кең сауда, қаржылық және фирмааралық ықпалдасу қазақстандық компаниялардың өнімділігін, ішкі және халықаралық нарықта олардың табысты бәсекелесу қабілетін арттыруға бағытталған неғұрлым белсенді саясат қажеттілігін айқындайды.
Үшіншіден, Стратегияны одан әрі іске асыру, ол болжаған басымдықтарға жету оны іске асырудың қазіргі құралдарын толықтыруды талап етеді.
Стратегияны іске асыру тетіктерін талдау бірінші кезеңде Стратегияны іске асырудың негізгі құралдары инвестициялық жобаларды іске асыруға және қолдауға бағытталғандығын көрсетіп отыр.
Мысалы, инвестициялық салық преференциялары, АЭА, индустриялық аймақтар мен технопарктерді құру, даму институттарының қызметі көбінесе инфрақұрылым мен өндірістің материалдық объектілерін құруға бағытталған.
Сонымен бірге, тек материалдық объектілерді (зауыттарды, фабрикаларды және т.б.) ынталандыру материалдық емес инфрақұрылымның тиісті дамуымен бекітілуі тиіс - қажетті ресурстарды: адам капиталын, технологияларды, гудвилді және т.б. шоғырландыру.
Мұнсыз, таңдалған жол дамудың тұрақты одан әрі тежеуші ретінде қауіпті болып табылады. Бұл ретте, Қазақстан экономикасының құрылымында ғылымды қажетсінетін және технологиялық салалардағы жұмыс істейтін: машина жасау, химия өнеркәсібі, құрылыс материалдары, металлургия және т.б. одан әрі даму үшін қажетті ресурстарды жинақтаған және өз үлесін экономиканың одан әрі дамуына қосуға қабілетті бірқатар кәсіпорындар бар.
Тұтастай алғанда, Стратегия қойып отырған міндеттерді шешу үшін оны іске асырудың қолданыстағы тетігіне кейбір түзетуді, жаңа экономикалық жағдайларға бейімделген жаңа жолдарды іздестіруді талап етеді.
2. Стратегияны іске асырудың мақсаттары,
міндеттері және принциптері
Стратегияның басты мақсаты шикізаттық бағыттылықтан шығуға ықпал ететін ұлттық экономиканы одан әрі жаңғырту, әртараптандыру және бәсекелестікті арттыру жолымен елдің орнықты дамуына қол жеткізу, ұзақ мерзімді жоспарда сервистік-технологиялық экономикаға көшу үшін жағдайлар жасау болып табылады.
Бұл Қазақстанның таяудағы он жыл ішінде әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елу елінің қатарына кіру жөніндегі стратегиялық міндеттерді шешуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Стратегия мақсаттарына қол жеткізу үшін мынадай стратегиялық міндеттерді шешу қажет:
1) өңдеуші өнеркәсіптің ұлғаймалы өсуін қамтамасыз ету, оның үлесін ЖІӨ құрылымында 2015 жылы 13 % ұлғайту;
2) дайын өнім экспортын 2015 жылға қарай барлық экспорттан 28-30% дейін ұлғайту, экспорттық тауарлардың номенклатурасын кеңейту және жеткізулердің географиясын әртараптандыру;
3) корпоративтік көшбасшыларды қалыптастыру мақсатында Қазақстанның нақты жаһандық артықшылықтарын дамыту;
4) еңбек өнімділігін 2015 жылға қарай 2000 жылмен салыстырғанда 3 есе арттыру, ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығын 2015 жылға қарай 2 есе төмендету;
5) өңірлік деңгейде кластерлік бастамашылықты тиімді іске асыру жолымен шағын және орта бизнес саласының жедел өсуін қамтамасыз ету;
6) инновациялық кәсіпкерлікті дамыту, ҒЗТКӘ-ны қаржыландыруда жеке сектордың үлесін 2015 жылға қарай 60% дейін ұлғайту;
7) жеке сектордың дамуын ынталандыратын қолайлы кәсіпкерлік ахуалды жасау;
8) индустриялық дамуды кадрлық қамтамасыз ету және білім беру жүйесін жетілдіру;
9) мемлекеттік стандарттардың халықаралық талаптар мен үйлесімдігі деңгейін арттыру.
Стратегияны іске асыру мынадай принциптерде жүргізілетін болады:
1) стратегияны іске асырудың нақты бағыттары бойынша мемлекеттік-жеке әріптестік;
2) шикізат емес секторды және инфрақұрылымды дамытуға бағытталған жобаларды іске асыруға басымды мемлекеттік қаржылық және өзге де қолдау, оны көрсету рәсімінің жариялығы мен ашықтығы;
3) олардың өнімділігін, технологиялығын, экспортқа бағыттылығын арттыруға бағытталған экономиканың нақты секторы кәсіпорындарын қолдау;
4) қосылған құнның тізбегін дамытуды, тұрақты және бәсекеге қабілетті компаниялар мен кәсіпорындарды дамыту мен қалыптастыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік қолдау шараларының кешенді сипаты;
5) тең бәсекелестік жағдайларды және мықты бәсекелестік ортаны қамтамасыз ету.
Ерекшеленген принциптер мен экономика құрылымының елеулі сапалық өзгерістерін, оны әртараптандыруды сақтау кезінде қойылған мақсаттар мен міндеттерді шешу Қазақстандағы тұрақты экономикалық дамуға жетуге мүмкіндік береді.
3. Индустриялық-инновациялық саясаттың басымдықтарын айқындау
Әлеуетті бәсекеге қабілетті, оның ішінде, экономиканың шикізаттық емес салаларында жұмыс істейтін экспортқа бағытталған өндірістерді дамыту және құру индустриялық-инновациялық саясаттың басымдықтары болып табылады. Ұзақ мерзімді стратегиялық міндеттерді шешу мақсатында ғылымды қажетсінетін және жоғары технологиялық өндірістерді дамыту үшін жағдай жасауға назар аудару қажет.
Мемлекет таңдаған тәсіл түрлі салалардағы кәсіпкерлерді жұмыс істеп тұрған өндірістерді техникалық және ұйымдастырушылық жетілдіруге, өнімділік пен бәсекеге қабілеттілікті арттыруға, шығарылатын өнімнің сапасын арттыруға, өнімнің жаңа түрлерін жасауға және экспортқа шығаруға қолдауы және ынталандыруы тиіс.
Мемлекеттің міндеті - экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелерінде катализатор әрі бастамашы болу және оларды инновациялық процестерге тарта отырып, сөйтіп, өндірістік және бәсекелестік әлеуетін құра әрі жақсарта отырып, жеке кәсіпорындарды жаңғыртуға жәрдемдесу.
3.1. Мемлекеттік индустриялық-инновациялық
саясатты іске асыру қағидаттары
Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, нарықтық экономикалы мемлекет экономикадағы құрылымдық қайта құруларды жүзеге асыруда жеке сектормен ынтымақтаса алады. Мұндай ынтымақтастықтың неғұрлым сәтті үлгілері Жапонияда, Оңтүстік Кореяда, Малайзияда және өзінің экономикалық дамуы саласында соңғы отыз жылда ірі ілгерілеу жасаған басқа да елдерде бар.
Дүниежүзілік Банк жүргізген және жетекші әлемдік экономистерді, оның ішінде Нобель сыйлығының иесі Дж.Стиглицті тарта отырып, 1993 жылы жарияланған (East Asian Miracle, 1993) Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің (бұдан әрі - ОША елдері) экономикалық феноменіне терең зерттеу жүргізулер ОША елдерінің үкіметтері қолданған индустриялық және инновациялық дамуға негізгі тәсілдерді жинақтауға мүмкіндік берді.
Экономикалық өсу мен дамудың қазіргі заманғы теориясы оларды 2 негізгі тәсілдер шеңберінде жүйелендірді.
Шоғырландыру теориясы. Осы тәсіл шеңберінде 1960 жылдар мен 1990 жылдар аралығындағы 35 жылдық мерзімде әлемнің кедей елдері қатарынан неғұрлым жоғары кірістері бар елдер тобына кіріккен ОША елдерінің төтенше экономикалық өсуінің негізгі себебі инвестициялық "серпіліс" болып табылады.
Қорланымдар мен инвестициялардың жоғары деңгейі қарқынды экономикалық өсуді қамтамасыз ететін басты фактор болып табылады.
Экономистер арасында кең таралған екінші теория - бұл сіңіріп алу теориясы, онда кәсіпкерлердің жаңа дағдыларды алуы, өнімділікті арттыру, инновацияларды енгізу, оқыту ОША елдерінің қарқынды дамуының негізгі факторы болып саналады.
Шоғырландыру теориясы экономиканың дамуын негізгі қорларға инвестициялардың жедел қарқынымен түсіндіреді, ал сіңіріп алу теориясы материалдық емес активтерге инвестицияларға: технологияларға, адам капиталына, білімге назар аударады.
Екі теория арасындағы басты айырмашылық мынадай 4 факторға олардың қарым-қатынасында болып табылады: бизнес шешімдерді қабылдау процесі; технологиялардың маңызы; биік деңгейде оқытылған жұмыс күшінің экономикалық мүмкіндіктері; экспорттың ролі.
Шоғырландыру теориясы тұрғысынан компанияның немесе корпорацияның ішкі құрамдас бөліктерінің шағын мәні бар. Олардың пікірі бойынша инвестициялық шешімді қабылдаудың басты өлшемі табыстылық болып табылады. Бұл ретте, табыстылық баға мен өзіндік құнның сыртқы факторларымен белгіленеді.
Сіңіріп алу теориясы бұл процесті бірінші кезекте компаниялардың ішкі факторлары тұрғысынан қарастырады. Инвестициялау туралы шешім қабылдау кезінде - табыстылық белгісіз, ал шешімді қабылдау осы компаниядағы жеткілікті зияткерлік және адам капиталының болуымен айқындалатын өзгерістерге компанияның дайындығы мен менеджменттің тәуекелге дайындығына көп жағдайда тәуелді.
Барлық факторларды кешенді қарау кезінде шоғырландыру теориясында өндіріс факторының болуы экономикалық өсудің айқындаушы факторлары деген қорытынды жасауға болады. Өндіріс факторларының: еңбек пен капитал ұсынысының өсуін ұлғайту өндірістің өсуіне алып келеді.
Шоғырландыру теориясы тәжірибе, басқару, зияткерлік және адам капиталы сияқты факторларды жинақтай отырып, компаниялардың өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілігіне үлкен назар аударады, технологиялық дайындық өндіріс факторларының ұсыныстарымен айқындалғандағыдан жедел дамуға қабілетті.
Экономикалық теория тұрғысынан айырмашылық 11-суретте көрсетілген.
11-сурет
(диаграмманы қағаз мәтінінен қараңыз)
Халықаралық эмпирикалық тәжірибені және оның экономикалық теория тұрғысынан бағалануын ескере отырып, Стратегияны табысты іске асыру көптеген факторларға тәуелді екені мәлім. Бұл ретте, экономика өсуінің инвестициялық ресурсы көбінесе отандық кәсіпорындардың өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын материалдық емес факторлардың дамуымен сүйемелденуі тиіс.
Осыған байланысты, Стратегияны іске асыру жөніндегі мемлекеттің бастамалары мынадай негізгі басымдықтар бойынша қорытылуы тиіс.
Инвестицияларды үйлестіру жөніндегі бастамалар. Жеткіліксіз дамыған нарықтар жағдайында фирмалар өндірісті ұлғайтқан сайын құрылатын жаңа және неғұрлым сапалы өнімге сұраныстың шамасын бағалай алмайды. Мемлекет бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру кезінде ғана компанияларға пайда әкелетін инвестицияларды үйлестіруші функциясын алады. Инвестицияларды үйлестірудің осы моделін таңдау мемлекеттік және жеке институттарда дамушы елдердің көпшілігі үшін қолжетімді емес белгілі бір әлеуеттің болуын болжайды.
Отандық компаниялардың өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі бастамалар.
Отандық кәсіпорындардың өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы мемлекеттің белсенді қатысуы Стратегияны 2-ші кезеңде іске асырудың жаңа басымдықтарының бірі болуы тиіс. Жоғарыда айтылғандай сіңіріп алу теориясы шеңберінде әлемнің жетекші экономистері корпоративтік дамудың ішкі микроэкономикалық сипаттамалары серпінді экономикалық дамудың басты факторларының бірі болып табылады деп санайды.
Осы сипаттамалардың арасында, компаниялар стратегиясы, ішкі ұйымдастырушылық тиімділік және тәжірибе, зияткерлік және адам ресурстарының жеткілікті мөлшерде болуы. Қазақстандық компаниялардың жаңа технологияларды енгізуге дайындығы және оларды одан әрі тиімді пайдалану және дамыту қабілеті үлкен рөл атқарады.
Халықаралық тәжірибе, атап айтқанда, ОША елдерінің тәжірибесі инвестициялық қызметтегі үйлестіруден басқа өндірістің материалдық емес факторларын дамытуда мемлекеттің белсенді рөлі маңызды.
Осы жұмысты тиісті инфрақұрылыммен және ресурстармен бекіту өте маңызды болып табылады.
Осы мәселелердегі мемлекеттің нығайтушы рөлі ОША елдерінің тәжірибесімен қатар осы бастамаларды және мемлекеттік жеке әріптестікті бірлесіп қаржыландыру жағдайында бизнестің өнімділігін арттырудың белсенді саясатын жүргізетін неғұрлым дамыған батыс елдерінің тәжірибесіне сүйенуі мүмкін.
Бұл ретте, осы жұмыс өзінің халықаралық келісімдері шеңберінде бизнесті дамыту жөніндегі мемлекеттік бастамалардың тетіктері мен көлемдерін шектемейтін Дүниежүзілік Сауда Ұйымы қызметінің принциптеріне толық сәйкес келетінін атап өту қажет.
Іскерлік ынтымақтастықты дамыту жөніндегі бастамалар. Іскерлік ынтымақтастық жөніндегі белсенді мемлекеттік саясат шеңберіндегі бастамалар мынадай бағыттарда кәсіпкерлермен іскерлік байланыстарды нығайтуға тікелей бағытталуы мүмкін:
1) сатып алушылардың арнайы санаттары жаңа нарықтық тауарларды қалыптастырады және ақпарат көзі болып табылады;
2) өнім стандарттары бойынша жабдықты жеткізушілер онымен бірге өндірістік тәжірибені береді; ресурстарды жеткізушілер өндірістің жаңа идеялары мен әдістерінің пайда болуына ықпалдасады, ал бәсекелестер жаңа идеялардың бай кезін білдіреді;
3) фирмалар, сатып алушылар, жабдықтарды және ресурстарды, қызметтерді жеткізушілер тобы, салалық қауымдастықтар, конструкторлық бюролар мен кооперация принциптерінде жұмыс істейтін басқа да мамандандырылған ұйымдар бір өңір шеңберінде бірлесіп жұмыс істейді.
Нарығы жеткіліксіз дамыған елдерге іскерлік ынтымақтастықты дамыту және нарықты тереңдетудің кумулятивтік процесін қозғалысқа келтіру үшін катализатор (өзінің табиғаты бойынша ол мемлекеттік немесе жеке болуы мүмкін) талап етілуі мүмкін.
Нарықты алмастыру.
Бұл тәсіл үкіметтің нарықты толық игеріп шығаруға тырысушылықпен байланысты. Өнеркәсіптік өсуге қарқын беру үшін мемлекеттер мемлекеттік секторда генерацияланатын бағалауларды және ақпаратпен нарықтық әрекеттер бағалауларды ауыстыруға тырысады. Бұл күш-жігер сирек табыс әкеледі.
70 және 80 жылдардың соңындағы Филиппиннің тәжірибесі үкіметке жеке кәсіпкерлердің ықпалды топтары күшті әсер еткен кезде не болатынын көрсетті.
Бизнесті жүргізу үшін ел ішіндегі өз одақтастарына жаңа мүмкіндіктер жасауға ішінара тырысушылықпен 1979 жылы Филиппин үкіметі 5 миллиард АҚШ долл. сомасындағы (олардың барлығы дерлік капиталды талап ететін ауыр өнеркәсіпте іске асырылды) ірі индустриялық жобалардың жаңа бағдарламасы туралы жариялады. Бір жылдан кейін стратегияның қарсыластарының тарапынан қысыммен үкімет бұл жобаларды қайта экономикалық және қаржылық сараптаудан өткізуге келісті. Кейіннен саяси және қаржылық қайшылықтар бұл процеске өз үлесін қосты. 1987 жылдың соңына қарай жалпы құны шамамен 4 миллиард АҚШ долл. (5 миллиардтан) бастапқы ұсынылған он бір жобаның бесеуі іске асырылмайтын ретінде танылды. Тұтастай алғанда, жалпы құны 800 миллиондық АҚШ долл. төрт жоба ғана пайда әкелді.
Әлемдік тәжірибені ескере отырып, Стратегияны іске асырған кезде негізгі назарды инвестицияларды үйлестіру, өнімділік пен бәсекеге қабілеттілікті арттыру, іскерлік ынтымақтастықты дамыту жөніндегі бастамаларға аудару қажет.
Отандық кәсіпорындардың өнімділігі мен бәсекеге қабілеттігін арттыру жөніндегі жұмысты күшейту саласында білікті еңбек ресурстарын дайындауға, жаңа технологияларды, оның ішінде, басқару технологияларын енгізуге жәрдемдесуге бағытталатын болады. Өзінің негізгі қорларын жаңғыртуда кәсіпорындарға жәрдем көрсету, сарапшыларды тарту және экспорттық нарықтарға ез қызметін дамыту жөніндегі іс-қимыл маңызды бағыт болуы тиіс. Мемлекет отандық компаниялардың корпоративтік саясатының осы факторларын жұмылдыруға бағытталған бірқатар мақсатты бағдарламаларды қабылдайтын болады.
Бұл ретте, осы бағыт ашықтық, бірлесіп қаржыландыру және жекеше сектормен тәуекелдерді бөлісу принциптерімен жүргізілетін болады.
Инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қаржылық қолдау даму институттары арқылы үлестік қатысу принциптерімен көрсетілетін болады. Бұл ретте, жекеше сектор екінші деңгейлі банктерді қоса алғанда негізгі тәуекелдерді өз мойнына алуы тиіс. Даму институттары арқылы мемлекет қосылған құнның технологиялық және экономикалық тізбегін (ҚҚТ) дәйекті дамыта отырып, бәсекеге қабілетті өнімді жасайтын өндірістердің тұтас жүйесін жасауға бағытталған жобаларға қатысатын болады. Бұл бәсекеге қабілетті өнімнің барлық өлшемдеріне жауап беретін түпкі өнімге жұмыс істейтін көп салалы кәсіпорындар құруға мүмкіндік береді.
Қазіргі әлемдік тәжірибеде ҚҚТ ретінде экономиканың салаларын қарастыруға негізделген даму стратегиясын талдау мен әзірлеу әдісі әзірленген және кең қолданылады.
Бұл әдістің мәні әрбір саланы түпкі өнімнің құнын дәйекті қосатын өндірістердің тізбегі ретінде қарастыруға болатынынан тұрады.
ҚҚТ арқылы салаларды талдау әдістемесі ҚҚТ-ны қозғайтын немесе басымдықтағы күштерге байланысты екі негізгі күшті бөледі. Осыған байланысты құрылымдық жоспарда ҚҚТ - тік және көлденеңге бөлінеді.
ҚҚТ-ның тік құрылымындағы экономикалық белсенділік әдетте, бір компанияның шеңберінде шоғырланған. Мысалы, сол компания шикізат шығарады, оны өңдейді, қосалқы бөлшектерін дербес шығарады және өнімді құрастыруды жүргізеді.
ҚҚТ-ның көлденең құрылымдарында көптеген шаруашылық жүргізуші субъектілер бойынша белсенділік тең бөлінген: бір компаниялар өнімнің дизайнымен айналысады, басқалары құрамдас бөліктер шығарады, үшіншілер құрастырумен айналысады.
Өндіруші, басымдыққа ие ҚҚТ-ның әдетте, тік құрылымы бар, ал сатып алушы басымдыққа ие ҚҚТ - көлденең құрылымға ие.
Тұтастай алғанда, ҚҚТ-ға кім барынша әсер етсе, сол көбірек қосылған құн алады.
4. Стратегияны іске асыру бағыттары
Алға қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында Стратегияны іске асырудың мынадай бағыттары айқындалды:
1) шикізаттық емес сектор кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруды ынталандыру;
2) өңдеуші салалар әлеуетін пайдалану;
3) жаһандық орнықты қазақстандық корпорацияларды құру;
4) ауыл шаруашылығын дамыту;
5) қолайлы кәсіпкерлік ахуал жасау және шағын және орта бизнесті дамыту;
6) мемлекеттік холдингтердің қызметін үйлестіру;
7) материалдық және материалдық емес инфрақұрылымды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау.
Осы бағыттарды іске асырудың негізгі құралдары мен тетіктері мемлекеттік холдингтер мен даму институттары, корпоративтік көшбасшыларды, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды құру және кластерлік бастама, индустриялық-инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру және дамыту, өндіріс ұйымдарының тиімділігін арттыру жүйесін енгізу, қазақстандық өнімнің экспортын жылжыту, әртүрлі ғылыми-технологиялық бағдарламаларды қалыптастыру, технологиялар трансферті, минералдық ресурстар саласындағы мемлекеттік саясат болмақ.
Жоғарыда аталған барлық бағыттарды іске асырған кезде мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру құралы белсенді пайдаланылатын болады. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру жүйесі мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялар мен мемлекеттік қатысу үлесі бар басқа да ұйымдардың орта мерзімді және ұзақ мерзімді қажеттіліктерін болжайтын әрі өнеркәсіптің шикізаттық емес секторларының кәсіпорындары өнеркәсіптік өнімдерді өндіруді жоспарлауы мақсатында олармен тығыз ынтымақтастықты сүйемелдейтін болады. Бұл мемлекеттік сатып алу аясындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіруді талап етеді.
Бұған қоса, нормативтік құқықтық базаны қалыптастыру, білім беру және ғылым, инфрақұрылым, қаржы саласындағы және басқа да салалардағы мемлекеттік ішкі және сыртқы саясат Стратегияның негізгі бағыттарын іске асыруды қолдау жөніндегі шараларды қабылдауға бағытталатын болады.
4.1. Шикізаттық емес сектор кәсіпорындарының
бәсекеге қабілеттілігін арттыруды ынталандыру
Экономиканың қазіргі заманғы құрылымы Қазақстанның шикізаттық секторға тәуелділігін байқатады. Сонымен бірге Стратегия алға қойған орнықты индустриялық даму және экономиканы әртараптандыру мақсатына қол жеткізу ЖІӨ құрылымында өңдеуші өнеркәсіптің салаларын игеруді болжайды. Осыған байланысты мемлекеттік индустриялық-инновациялық саясат акценттері шикізаттық емес сектордың орынды жедел дамуына ауыстырылатын болады. Қазақстанның әлеуетті артықшылықтарын ескере отырып, Стратегия шикізаттық емес секторының мынадай бағыттарын айқындады:
1) ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі;
2) машина жасау (ауыл шаруашылық, мұнай-газ, тау-кен, көлік);
3) қара және түсті металлургия;
4) мұнай-химия және химия өнеркәсібі;
5) құрылыс материалдарын шығару;
6) жеңіл өнеркәсіп (тоқыма, жиһаз);
7) қызмет көрсету секторын дамыту (транзит, туризм және басқалары).
Бұл тізім бәсекеге қабілеттіліктің ішкі және халықаралық факторларын ескере отырып, дамудың жақсы перспективаларын көрсететін индикативтік болып табылады.
Индустриялық даму саласындағы мемлекет іске асыратын шаралар бірінші кезекте, экономиканың жоғарыда аталған салаларын дамытуға бағытталған. Мемлекеттік холдингтер мен даму институттары, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар осы бағыттарды дамытудың негізгі құралдары мен тетіктері болады.
Индустриялық-инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру және дамыту, өндірістерді ұйымдастыру тиімділігін арттыру жүйесін енгізу, қазақстандық өнім экспортын жылжыту жалғастырылатын болады.
Сондай-ақ, мемлекеттік саясат шаралары түрлі ғылыми-технологиялық бағдарламаларды, технологиялар мен минералдық ресурстар трансферті саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру шеңберіндегі іс-шаралармен толықтырылатын болады.
Жоғарыда аталған бағыттарды дамыту кезінде мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру құралы бұл ұтымды және мүмкін болған кезде белсенді пайдаланылатын болады. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру жүйесі мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, қатысудың мемлекеттік үлесімен ұйымдардың, сондай-ақ, мемлекеттік сатып алу туралы заңмен реттелетін басқа да компаниялардың орта мерзімді және ұзақ мерзімді қажеттіліктерін айқындауды болжайды. Мұндай қажеттіліктер сатып алынатын тауарлар мен қызмет көрсетулер, олардың көлемдері мен ықтимал жеткізушілер туралы ақпаратқа қатысты осы ұйымдардың жоспарларында көрсетілуі тиіс. Одан әрі бұл жоспарлар отандық өндіріс болған кезде шетелдік жеткізушілерден осындай тауарлар мен қызмет көрсетулерді сатып алудың орындылығы мәніне уәкілетті мемлекеттік органдармен келісілуі тиіс.
Алайда, қазақстандық ұйымдар тұрақты негізде және үлкен көлемдерде сатып алатын Қазақстандағы тауарлар мен қызмет көрсетулерді шығаруды көшіру және іске қосу жөніндегі шетелдік жеткізушілерге талаптар мемлекеттік тапсырыстарды орналастырудың басты құралы болуы тиіс. Бұл ретте, осындай тауарлар мен қызмет көрсетулерді арнайы тізбесін әзірлеу және бекіту қажет. Мұның бәрі мемлекеттік сатып алу саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіруді талап етеді.
4.1.1 Ұлттық инновациялық жүйені дамыту
Өнеркәсіптің өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру инновациялық қызметсіз, отандық және шетелдік ғылыми-техникалық әлеуетті пайдаланбай және оның негізінде бәсекеге қабілетті өндірісті құрмай дамыту мүмкін емес.
Инновациялық даму саласындағы мемлекеттік саясат ұлттық инновациялық жүйенің мынадай элементтерін қалыптастырудан және дамытудан тұрады: ғылыми әлеует, инновациялық инфрақұрылым, қаржылық инфрақұрылым, инновациялық кәсіпкерлік.
2005-2007 жылдар ішінде мемлекеттің белсенді қатысуымен инновациялық даму саласында елеулі жұмыс жүргізілді.
Алайда, қазіргі уақытта, Қазақстанда кәсіпорындардың инновациялық белсенділік деңгейі 3 жыл бойы 3% аса деңгейде ауытқып тұр, бұл ЕО елдеріне немесе Эстония - 36% мен Венгрия - 47% сияқты өтпелі экономикасы бар елдерге қарағанда неғұрлым төмен. Қазақстанның инновациялық өнімінің құрылымында жетілдіруге ұшыраған өнім елеулі үлес (64% астам) алады. Қайта енгізілген және елеулі технологиялық өзгерістерге ұшыраған өнімнің үлесіне инновациялық өнімнің жалпы көлемінен 28,6% келеді.
2007 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан 131 елдің арасынан 61 орынды иеленді. N 1 кестеден көрінетіндей Өзбекстан, Әзірбайжан және Грекия сияқты елдерді жалпы көрсеткіш бойынша артқа тастай отырып, Қазақстан сонымен бірге инновацияларға негізделген ел экономикасының даму барысын айқындайтын "Бизнестің күрделілігі", "Инновациялар" факторларының тобы бойынша оларға жол береді.
N 1-кесте.
Жаһандық бәсекелестік туралы есепте 56-66 орындарды иеленген елдермен салыстырғандағы Қазақстанның тұғырлары.
Елдер |
Бәсекеге
|
Инсти-
|
Инф-
|
Макро-
|
Ден-
|
Жоғары
|
Тауарлар
|
Мальта |
56 |
31 |
47 |
66 |
38 |
40 |
46 |
Хорватия |
57 |
65 |
53 |
73 |
44 |
46 |
71 |
Ресей |
58 |
116 |
65 |
37 |
60 |
45 |
84 |
Панама |
59 |
66 |
50 |
52 |
57 |
73 |
54 |
Маврикий |
60 |
45 |
46 |
109 |
49 |
68 |
49 |
Қазақстан |
61 |
80 |
71 |
25 |
94 |
57 |
63 |
Өзбекстан |
62 |
56 |
66 |
103 |
59 |
49 |
66 |
Коста Рика |
63 |
52 |
95 |
111 |
50 |
50 |
52 |
Марокко |
64 |
57 |
68 |
94 |
75 |
83 |
68 |
Грекия |
65 |
49 |
35 |
106 |
42 |
39 |
60 |
Әзірбайжан |
66 |
83 |
60 |
23 |
103 |
89 |
95 |
кестенің жалғасы
Елдер |
Еңбек нарығының
|
Қаржы
|
Технолог.
|
Нарық
|
Бизнестің
|
Инно-
|
Мальта |
103 |
20 |
32 |
120 |
60 |
62 |
Хорватия |
56 |
68 |
49 |
64 |
64 |
50 |
Ресей |
33 |
109 |
72 |
9 |
88 |
57 |
Панама |
70 |
23 |
61 |
93 |
49 |
87 |
Маврикий |
82 |
32 |
54 |
103 |
56 |
81 |
Қазақстан |
15 |
80 |
77 |
56 |
85 |
75 |
Өзбекстан |
43 |
115 |
84 |
70 |
59 |
42 |
Коста Рика |
18 |
70 |
56 |
69 |
38 |
35 |
Марокко |
125 |
88 |
70 |
55 |
76 |
60 |
Грекия |
120 |
60 |
58 |
39 |
62 |
63 |
Әзірбайжан |
46 |
91 |
83 |
71 |
80 |
54 |
Қазақстан қазіргі сәтте өндіріс факторларының сатылары мен тиімділік сатылары арасындағы өтпелі кезеңде орналасқан.
Елдің бәсекеге қабілеттілігін айқындау үшін осы кезеңде бастапқы рөлді жоғары білім және кәсіби дайындық, нарықтардың тиімділігі, технологиялық дайындық сияқты маңызды факторлар атқарады. Алайда, білімге құрылған экономиканы қалыптастыруға тырыса отырып, елдегі инновацияларды дамыту үшін қазірдің өзінде жағдай жасау қажет.
12-сурет
Қазақстан дамуының сатысы
(диаграмманы қағаз мәтінінен қараңыз)
Ғылыми-техникалық бағдарламалар ғылыми қызметтің басымдығы саласын айқындайды. Осы бағдарламаларды қаржыландыру құрылымы және зерттеулер түрлері бойынша ҒЗТКЖ-ны бөлу үлесі инновациялық қызметтің деңгейін айқындайды. Техникалық ғылымдар саласындағы зерттеулер ғылыми-техникалық қызметтің басымды бағыты болып табылады (зерттеулер мен әзірлемелерге арналған барлық шығындардың 49%). Ең аз үлес - гуманитарлық ғылымдар саласында - зерттеулер мен әзірлемелерге арналған барлық шығындардың 3% (13-сурет).
13-сурет
2005 жылғы Қазақстандағы ғылым салалары бойынша ғылыми-техникалық қызметтің негізгі бағыттары.
(диаграмманы қағаз мәтінінен қараңыз)
Ақпарат көзі: ҚР Статистика агенттігі, 2006 жыл
Жоғарыда көрсетілген салалар бойынша бюджет қаражаттарын бөлу пропорциясы көп жылдар бойы сақталуда және Қазақстанның дәстүрлі өнеркәсібін ғылыми қамтамасыз ету үшін техникалық салаға ерекше назар аударады. Өкінішке орай, осы және басқа салалардағы зерттеулер мен әзірлемелердің көпшілігі нақты нарықтық талаптарға және жағдайларға әлсіз бағытталған. Осыған байланысты олардың сапасы төмен деңгейде қалып импорттық ғылымды қажетсінетін өнімдермен және қызметтермен бәсекелестікке шыдамайды.
Бар проблемаларға қарамастан Қазақстанның ғалымдары мен зерттеушілері зерттеулер жүргізуде және өнеркәсіптің көптеген салалары - тау-кен металлургия кешені, химия және мұнай-химия, биотехнология үшін, түрлі салалар мен басқаларға арналған ядролық және ғарыш технологиялары саласында олардың кейбір технологиялық әзірлемелері бар.
Алайда, қазіргі уақытта инновациялық әзірлемелер мен шығармашылық идеялардың тек шағын үлесі ғана өзінің коммерциялық қолданылуын табуға мүмкіндігі бар.
Ғылымда түпкі нәтижеге, өндіріске жаңа өнімдерді, жаңа коммерциялық пайдалы технологияларды енгізуге әлсіз бағыт сақталуына байланысты проблема бар. Өз мәртебесі бойынша жалаң түрде ғылыми болып қала отырып, көптеген салалық ұйымдар іс жүзінде зерттеу қызметін тоқтатты және тек шаруашылық құрылымдарға айналды.
Қазақстан сондай-ақ ҒЗТКЖ-ны қаржыландыруда жеке сектордың қатысу деңгейі бойынша да артта қалып отыр (2004 жылы 26%). ҒЗТКЖ-ны мемлекеттік қаржыландыруда ҒЗТКЖ-ға жеке инвестицияларды ынталандыру мүмкіндігін есепке алмастан жүзеге асырылады. Мемлекет қаржыландыратын ғылыми зерттеулер бүгінгі күні көбінесе өзекті болып табылмайды.
Осы Стратегия елдің экономикасындағы инновациялардың туындауының, таралуының және пайдаланудың, яғни оларды тиімді коммерцияландырудың оңтайлы тетіктерін белсенді мемлекеттік реттеу мен қолдау жүргізуді білдіреді.
Ұлттық инновациялық жүйе қоғамның барлық салаларының мүдделерін білдіретін болады және жүйенің ашық сипаты, ҒЗС-ті қалыптастыру мен дамыту процесінде мемлекеттің белсенді рөлі және мемлекеттің жекеше капиталмен серіктестігі принциптерінде қалыптастырылатын болады.
Ашық сипат дәстүрлі ғылыми ортада және дара ойлап табушыда пайда болатын ішкі және сыртқы инновацияларды қабылдау жүйесі қабілетін білдіреді. Ұлттық инновациялық жүйе кез келген қызғылықты ойлап табуды, кез келген коммерциялық перспективалық әзірлемелерді іске асыру мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс. Бұл өндіріс пен ғылыми зерттеулерді жаһандандыру процесінен барынша нәтиже алуға, инновациялық қызметке елдің барлық талантты адамдарын тартуға мүмкіндік береді.
Мемлекеттің белсенді рөлі ұлттық инновациялық жүйенің барлық элементтерінің өзара іс-қимылын мемлекеттік деңгейде үйлестіруді жүзеге асыруға; дамудың ұлттық, салалық және өңірлік басымдықтарын келісуді қамтамасыз етуге; ресурстарды басым бағыттарда шоғырландыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Мемлекеттің жекеше капиталмен серіктестігі инновациялық дамыту процесіне жекеше сектордың ресурстарын тарту үшін қажет. Мемлекет жекеше секторды ауыстыруға тиіс емес, ол тек ұлттық инновациялық жүйені қалыптастыру мен дамыту процестерінің ұйымдастырушысы, катализаторы және үйлестірушісі болады, бірақ оның басты міндеті - инновациялық процестерге белсенді қатысуға жекеше капиталды тарту.
Инновациялық қызметті жандандыру үшін, бірінші кезекте қолданбалы ғылыми-техникалық бағдарламаларды қаржыландыру қағидасы мен қолданбалы ҒЗТКЖ-ны қаржыландыру схемасы өзгертілетін болады.
Қолданбалы ҒЗТКЖ-ны қаржыландыру үшін кіріктірілген әдіс жекеше сектор ұсынатын және технологиялық проблемаларды шешу мен жекелеген кәсіпорынның, машина жасау, металлургия және т.б. аядағы саланың технологиялық проблемаларын шешу мен бәсекелестік қабілетін арттыру үшін үлкен мәні бар нақты жобаларды қаржыландыру үшін бюджеттен қаражат бөлу жолымен мемлекеттің қаржылық көмек көрсетуі үшін қолданылатын әлемнің озық елдерінің тәжірибесін пайдалану қажет. Бұл ретте, ғылыми-техникалық жобаларды қолда ғылыми әлеуеттің болуы, сондай-ақ ғылыми қоғамдастықпен серіктестікте болуы шартымен кәсіпорындардың өзі дербес іске асыруы мүмкін.
Жоғарыда айтылған принциптер қоғамдық ғылымдарға, іргелі ғылыми зерттеулерге жатпайтындығын атап көрсету қажет.
Ашық ұлттық инновациялық жүйе құру үшін осы процеске ғылыми қоғамды, дара өнер тапқыштарды, студенттерді және т.б. тарта отырып, инновациялық идеяларды гранттық қаржыландыруды жүзеге асыру қажет. Гранттық қаржыландыру бастамашы ғылыми зерттеулерге, тәжірибелік-конструкторлық және жобалық жұмыстарға, сондай-ақ олардың ғылыми-техникалық сараптамасына, инновациялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін дайындауға, сондай-ақ өнеркәсіптік меншік объектілерін шетелде патенттеуге бағытталатын болады. Бұдан басқа, қаржылық инфрақұрылымды одан әрі дамыту үшін венчурлік қорларды құруды жалғастыру, елдің өңірлерінде инновациялық жобаларды қаржыландырудың айқын тетіктерін әзірлеу, инновациялық қорларды қалыптастыру үшін жағдайлар жасау қажет.
Инновациялық жүйенің тиімділігін ұлттық инновациялық жүйенің барлық элементтерінің белсенді кірігуін қамтамасыз етуге тиіс. Дамудың өңірлік принципін ескере отырып, мұндай синергия технопарктер, технологиялық бизнес-инкубаторлар, тәжірибелік-конструкторлық бюролар және инжинирингтік ұйымдар құру мен оларды дамытуды көздейтін инновациялық инфрақұрылымда белсенді жүзеге асырылады. Бұл ретте, технопарктердің аумағында ғылыми-зерттеу және білім беру мекемелері, технологиялық бизнес-инкубаторлар, тәжірибелік-конструкторлық бюролар мен инжинирингтік ұйымдар, бизнес орталықтар мен әлеуметтік инфрақұрылым объектілері орналасатын болады. Осылайша, технопарктер инновациялық процеске барлық қатысушылардың тиімді кірігуі арқылы кәсіпорындардың өңірлік инновациялық белсенділігін дамытуға жәрдемдесетін өңірлік инновациялық жүйені білдіретін болады. Сонымен қатар, ғылымның өндіріспен байланысын дамыту мақсатында елдің барлық өңірлерінде технологиялық бизнес-инкубаторлар құрылатын болады.
Бүгінгі таңда Қазақстан экономикаға технологияларды енгізу индексі бойынша көптеген елдерден артта қалып келеді. Бұл бірінші кезекте елде тәжірибелік-өнеркәсіптік база мен жобалық-конструкторлық институттардың іс жүзінде бұзылғандығымен және экономиканың нақты секторына ғылыми зерттеулердің нәтижелері мен әзірлемелер енгізудің тиімді тетіктерінің болмауымен түсіндіріледі.
Қазақстандық әзірлеушілер мен компаниялардың көпшілігі тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар мен өндірісті игеру сатыларында арнайы қызмет көрсетулердің болмауы проблемасына кезігеді, мұның өзі технологияларды енгізу процесін тежейді. Осындай қызмет көрсетулердің қажеттілігі негізінен технологияларды әзірлеумен және жаңғыртумен, жобалаумен байланысты, сондай-ақ жоба маркетингі және жұмыс құжаттамасын әзірлеуден объектіні "кілтпен" тапсыруға дейінгі қызмет көрсетулерді қамтиды.
Кейіннен коммерцияландыру мақсатында тартылатын және әзірленетін технологияларды қажетті деңгейге дейін жылдам жеткізу үшін тәжірибелік-конструкторлық бюролар мен инжинирингтік ұйымдар құру талап етіледі.
Инновациялық кәсіпкерлікті дамыту патенттер мен инновациялық жобалар деректерінің ақпараттық базасын қалыптастыру, инновациялық бизнестің коммерциялық тәуекелдерін қайта бөлу мақсатында сақтандыру ұйымдарын тарту жолымен кәсіпорындардың инновациялық белсенділігін арттыру үшін жағдайлар жасау арқылы жүзеге асырылатын болады. Бұған қоса, ел өңірлерінде инноваторлар мен әлеуетті инвесторлардың арасында "диалог" орнықтыруға бағытталған арнайы іс-шаралар жүзеге асырылатын болады.
4.1.2. Технологиялар трансферті
Қазақстанда жүргізілген ғылыми-техникалық дамуының макроэкономикалық талдауы ЖІӨ-де жаңа ғылыми өнімнің үлесі соңғы жылдары 1 %-тен, ғылыми өнімді өндіру жөніндегі кәсіпорындардың белсенділігі 2,3 %-тен аспайтындығын көрсетті. Қазақстанның үлесіне ғылыми жаңалықтардың елеусіз бөлігі ғана тиесілі. Тіпті, егер Қазақстан білім өндірісі мен технологияларды коммерцияландыру үшін ең тиімді жүйелерді құра алатын болса да таяу болашақта бұл пропорция елеулі түрде өзгермейді.
Сондықтан Қазақстанның қажетті технологиялардың едәуір бөлігін патенттер мен лицензиялар түрінде елден тысқары сатып алудан басқа амалы жоқ. Қазақстандық кәсіпорындар әлемдік нарықта қазіргі заманғы технологияларды енгізу мен таратудың тиімді жүйесінсіз бәсекеге түсе алмайды.
Қазақстандық кәсіпорындар білімді шетелдік көздерден лицензияланған технологиялар немесе патенттерді шетелден тысқары сатып алу (фирмалардың 4 %-ті ғана) түрінде өте сирек сатып алады.
Негізгі қорлардың қазақстандық жай-күйін талдау көрсеткендей, қазіргі уақытта Қазақстанда отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігіне елеулі түрде әсер ететін негізгі қорларды жаңғырту мен жаңарту саласында проблемалар бар.
Негізгі қорларды жаңарту және техникалық қайта жарақтандыру мемлекеттік индустриялық саясаттың басымдылығы болуға тиіс, өйткені еңбек өнімділігін арттыру негізгі қаражаттың жай-күйіне тікелей тәуелді болады.
Қазақстандағы технологиялар трансферті жүйесін іске асырудың негізгі бағыттары мыналар болуға тиіс:
1) Қазақстанда және шетелде озық технологияларды сатып алуға арналған гранттар беру;
2) коммерцияландыру және технологиялар трансферті жөніндегі инфрақұрылымды дамыту (коммерцияландыру кеңселерін құру);
3) зияткерлік меншік саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру;
4) қазақстандық мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдары мен шетелдік зерттеу ұйымдарының немесе зерттеу және коммерцияландыру саласындағы жеке кәсіпорындардың арасындағы халықаралық ынтымақтастықты ынталандыру;
5) шетелдік компанияларды сатып алу арқылы озық технологияларға қолжетімділікті қамтамасыз ету;
6) инновациялық менеджмент саласында кадрлар даярлау;
7) қазіргі заманғы басқарушылық технологияларын енгізу;
8) негізгі қорларды жаңарту.
Технологиялар трансфертінің перспективті бағыттарын айқындау және тиімділігін арттыру үшін қазіргі жұмыс істеп тұрған даму институттарының біріне жүзеге асырылуы технологияларды тарту есебінен мақсатқа сай технологиялық жаңғыртуда отандық индустрияның қажеттіліктерін қалыптастыру мен оған тұрақты мониторинг жүргізу жөнінде өкілеттіктер жүктеу, сондай-ақ Қазақстанда және шетелде озық технологиялар сатып алу үшін гранттар беру қажет.
Озық технологияларға қолжетімділікті қамтамасыз етуге және шетелдік компанияларға қатысу арқылы, оның ішінде компанияларды сатып алу, қатысу үлесін немесе акцияларын сатып алу арқылы Қазақстанға өндірістік қуаттарды ауыстыруға ерекше назар аударылатын болады. Шетелдік компаниялардан ҒЗТКЖ-ға арналған тікелей тапсырыстар тарту мақсатында тиісті ғылыми және зертханалық тәжірибенің халықаралық стандартын алу жолымен перспективалық отандық ғылыми ұйымдарды халықаралық деңгейге дейін жеткізу үшін оларға мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында олардың тізбесін айқындау жоспарлануда.
Елге әкелінетін технологиялар трансферті кезінде "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына
сәйкес техника мен технологияларға мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жасалынуға тиіс.
Технологиялар трансферті саласындағы маңызды бағыт менеджменттің қазіргі заманғы технологияларын енгізу арқылы басқару тиімділігін арттыру болуға тиіс. Қазіргі сәтте ғылыми әзірлемелерден дайын өнім шығаруға дейінгі барлық өндірістік процесті технологиялық басқаруды қамтитын операциялық менеджменттің технологияларын игерудің өткір қажеттілігі туып отыр. Қазақстанның шикізат емес секторының жағдайы мен алға қойылған мақсатқа сайсақ, өзекті технологиялар кәсіпорындардың жұмысын тиімді жүйелендіру және өндірістік процесті оңтайландыру саласындағы шешімдер болып табылады. Шикізат емес секторы кәсіпорындарының арасында қазіргі заманғы басқару технологияларын енгізу үшін мемлекеттік қолдаудың негізгі құралдарының бірі өндіріс менеджменті саласындағы жетекші кәсіпорындар жүргізетін оқу курстарын ұйымдастыру процесі болуға тиіс.
Қазақстанда байқалып отырған - негізгі қорларды жаңарту қарқынының төмендігіне және, тиісінше, негізгі қорлардың заттық тұрғыдан айтарлықтай тозуына өндіріс тиімділігінің төмендігі мен өнімнің жаңа түрлерін игеру мүмкіндігінің жоқтығы себеп болып табылады. Жеңілдікті пайыздық ставка бойынша лизинг жүйесі негізгі қорларды жаңарту саласындағы мемлекеттік қолдаудың негізгі құралы болады. Осы мақсатта, жүргізілген талдау негізінде басым бағыттар бойынша даму институттары арқылы негізгі қорларды жаңарту мен техникалық қайта жарақтандыру жөнінде лизингтік қызмет көрсетулер ұсынуды көздейтін тиісті бюджеттік бағдарламалар әзірлеу қажет.
4.1.3. Ғылымды дамыту
Өнеркәсіптегі инновациялық белсенділіктің төмен деңгейі салдарынан ғылыми әзірлемелерге қажеттіліктің әлсіздігі өндіріс факторларының өнімділігін арттыру дәл осы ғылыми-техникалық және инновациялық прогресс есебінен болуға тиіс кезде экономиканы реформалаудағы ғылым рөлін бағаламаумен сабақтасып жатыр.
Қазақстанда соңғы бес жылдың ішінде ғылымды қаржыландыру көлемі ЖІӨ-нің 0,2 %-ін құрайды, бұл жеткіліксіз болып табылады. Қазақстанның стратегиялық қызығушылығынан шыға отырып, ғылымды қаржыландыруды 2010 жылға дейін кезең-кезеңмен ЖІӨ-нің 2 %-і деңгейіне дейін және 2015 жылы 2,5-3 %-і деңгейіне жеткізуге көшуді жүзеге асыру қажет.
Ғылымды дамыту саласында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары мыналар болуға тиіс:
1) ғылымды әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі стратегиялық басымдықтарының бірі ретінде айқындау;
2) жоғары технологиялық өнімді экспорттауға бағдарланған, ғылымды қажет ететін және ресурс үнемдеуші әрі экологиялық таза өндірістерді әзірлеуге бағытталған зерттеулерді дамыту;
3) ғылыми жетістіктерді іс жүзінде іске асыруға ықпал ететін тетіктер мен ынталандырулар жүйесін құру;
4) экономиканың жаңалықтарды қабылдауын жан-жақты ынталандыру (сұранысты ынталандыру) және олардың отандық ғылыми-техникалық әлеуетімен пысықталуы үшін жағдайлар жасау (ұсыныстарды ынталандыру);
5) ғылыми зерттеулер жүргізу үшін материалдық базаны нығайту;
6) кадрлық әлеуетті сақтау және дамыту, ғылыми-техникалық дамытудың басым бағыттары бойынша жоғары білікті ғылыми кадрлар даярлау және оларды аттестаттау;
7) ғылыми зерттеулердің сапасын және тиімділігін арттыру үшін ғылыми ұйымдарды аттестаттау және аккредиттеу жүйесін дамыту;
8) ғылыми-техникалық салада мемлекеттік-жеке әріптестікті дамыту, оны қолдайтын мемлекеттік тетіктер құру;
9) жас талантты ғалымдарды қолдау;
10) мамандардың әлемнің ең үздік ғылыми орталықтарында тағылымдамадан етуі;
11) гранттық негізде ғылыми зерттеулерді қаржыландыру тетіктерін құру және жетілдіру;
12) қазақстандық ғылымның халықаралық ғылыми-технологиялық-қоғамдастықпен кірігуін қамтамасыз ету.
Ұсынылған шараларды іске асыру индустриялық-инновациялық саясатты барабар ғылыми қамтамасыз етуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
4.1.4. Индустриялық инфрақұрылымды дамыту
Стратегияны іске асыру - дамуы ірі жүйе құраушы "серпінді" жобаларды іске асырудың табыстылығын айқындайтын қазіргі заманғы индустриялық инфрақұрылым қалыптастыру үшін мемлекеттік-жеке әріптестік негізінде мемлекет пен жеке бизнестің мүмкіндіктерін белсенді пайдалануды білдіреді.
Индустриялық инфрақұрылымды одан әрі қалыптастыру арнайы экономикалық аймақтар мен индустриялық аймақтарды құру мен дамытуды білдіреді. Арнайы экономикалық аймақтар өңірді жедел дамыту, жаңа технологиялардың бір немесе бірнеше салаларын дамыту, жоғары тиімді экспортқа бағдарланған өндірістер құру, өнімдердің жаңа түрлерін шығаруды игеру, инвестициялар тарту, нарықтық қатынастардың құқықтық нормаларын пысықтау, басқару мен шаруашылық жүргізудің қазіргі заманғы әдістерін енгізу, сондай-ақ әлеуметтік проблемаларды шешу мақсатында құрылатын болады.
Инфрақұрылым элементтері ретінде индустриялық аймақтарды пайдаланудың негізгі идеясы белгілі бір өңірде жаңа өнеркәсіптік өндірістер ұйымдастыру үшін алғы шарттар жасау болып табылады. Бұл ретте инвесторлар үшін тартымдылық бір бағыттағы өндірістің шоғырлануынан, инфрақұрылымды жеткізуде қаражатты үнемдеуден, нәтижесінде жобаны іске асыруда шығындардың азаюына алып келетін жаңа өндірістерді (учаскелердің дайындығы) пайдалануға беру мерзімдерінің азаюынан тұрады.
Ресеймен, Қытаймен және Өзбекстанмен шекаралас өңірлерде шекара маңы саудасы аймақтарын қалыптастыруға және дамытуға ерекше назар аударылатын болады.
4.1.5. Сауда саясаты және қазақстандық экспортты қолдау
Тиімді сауда саясатын жүргізу индустриялық-инновациялық дамытудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Жаһандану мен қатаң бәсекелестік жағдайында қазақстандық экспорттаушыларға халықаралық сауда ережелерін ұстана отырып, әлемдік нарықтарда өз орнын ұстап тұру және жаңа "тауашаларды" игеру қажет.
Қазақстан Республикасының сауда саясатының басты мақсаты - бұл экономикалық және саяси мүдделерді қорғау мен жылжытудың тиімді және жедел жүйесін қалыптастыру, сондай-ақ сыртқы нарықтарға қолжетімділікті қамтамасыз ету, ішкі сауда инфрақұрылымын дамыту және ішкі әрі сыртқы нарықтарда жосықсыз бәсекелестікті жою болып табылады.
Қазақстанның сауда саясаты мынадай бағыттарда дамитын болады:
Қазақстан ДСҰ-ға қосылғаннан кейін, республиканың ұлттық мүдделерін ескере отырып, қазақстандық нарыққа тауарлар мен қызмет көрсетулер нарығына қолжетімділік жөнінде міндеттемелер қалыптастыру;
ДСҰ талаптарын ескере отырып, қазақстандық тауарлар мен қызметтер үшін сыртқы нарықтарға тең қолжетімділік жасауға бағытталған Қазақстанның экономикалық және саяси мүдделерін ілгерілету тетігін қалыптастыру;
қазақстандық тауарларды жылжыту мақсатында ұлттық экспорттаушыларды қолдау тетіктерін қалыптастыру;
ДСҰ-ның экономикалық және заңдық тетіктерін, атап айтқанда халықаралық саудадағы сауда дауларын шешу тетіктерін пайдалану жөнінде қазақстандық кәсіпкерлермен тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
ашықтық принципіне негізделген сауда қызметін мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіру;
сауда инфрақұрылымын жетілдіру, оның ішінде саудада инновациялық даму үшін жағдайлар жасау.
Қазақстан экономикасының шикізаттық бағыттылықта екендігі фактісін түсіне отырып, мемлекет қосылған құны жоғары тауарларды шетелдік нарықтарға одан әрі жылжыту мақсатында олардың өндірісін дамытуға мүмкіндік беретін жүйені құруы қажет. Бұл ретте мемлекеттің күш-жігері үш: ішкі, шекаралық және сыртқы вектор бойынша іске асырылуға тиіс. Олардың іске асуы экспорттық бағдарлануды, операциялық шығындарды төмендетуді, сондай-ақ экспортты сыртқы нарықтарға жылжытуға жәрдемдесуді ынталандырушы жағдайлармен қамтамасыз етуге тиіс.
Ішкі вектордың мәселелерін іске асырудың негізгі бағыттары заңнамалық базаны жетілдіру, сауданы қолдау желісін дамыту, кадрлардың құзыреттілігін дамытуға жәрдемдесу, сапаны қамтамасыз ету, сауда ақпаратымен, сауданы қаржыландырумен қамтамасыз ету, сауданы қолдау желісінің өзге де қызметтерін дамыту болуға тиіс.
Шекаралық вектордың мәселелерін іске асыру үшін уақыт пен рәсімдердің санын қысқарту мақсатында экспорттық-импорттық операцияларды жүргізу үшін қажетті рәсімдерді талдау мен оңтайландыруды жүргізу, туындап отырған кедергілерге жедел ден қою мақсатында саудаға жәрдемдесу туралы көрші елдер арасындағы келісімдерді іске асырудың тұрақты мониторинг жүйесін құру және шикізаттық емес өнім экспорттаушыларға жер учаскелерін преференциалдық бөлу тетіктері туралы мәселені пысықтау қажет.
Сыртқы вектор шекара маңы елдерімен сауданы ілгерілетудің сауда экономикалық аймақтарын құру, шетелде қазақстандық бизнес-құрылым өкілдіктерін ашуға жәрдемдесу, елдің сауда өкілдіктерінің тиімді қызметін арттыру, шетелде сауда үйлері мен қоймалар құрудың қажеттіліктерін, тетіктері мен қаржыландыру көздерін зерделеу жөніндегі кешенді шараларды қамтитын болады.
Бұдан өзге, едәуір экспорттық әлеуеті бар салаларға мемлекеттік қолдау қамтамасыз етілетін болады. Осыған байланысты білікті экспорттаушыларды тарта отырып, үш пилоттық саланың (машина жасау, химия және тамақ) кәсіпорындарына үш жыл ішінде экспортқа шығару жөніндегі көмек бағдарламасын әзірлеу және іске асыру қажет.
4.2. Индустриялық-инновациялық саясаттың басым
бағыттарын дамыту үшін экономиканың өндіруші
салаларының әлеуетін пайдалану
4.2.1. Мұнай-газ саласының мүмкіндіктері
Мұнай экспорттаушы елдердің барлығы дерлігі өз экономикасын әртараптандыру проблемасымен айналысуда. Қазақстанда жыл сайын мұнай-газ өнеркәсібіне ұлғайып келе жатқан инвестициялар көлемі экономиканың құрылымын әртараптандыру үшін қолайлы орта болып табылады. Индустрияны дамытудың негізгі ілгерілемелі "локомативтерінің" бірі алдын ала бағалау бойынша көмірсутегінің жалпы қоры 8,0 млрд. тоннаны құрайтын Каспий теңізінің қазақстандық секторын (КТҚС) игеру болып табылады. Перспективада қайраң кен орнында мұнай өндіру жылына 150-200 млн. тоннаға жетуі мүмкін және осы деңгейде 25-30 жыл ішінде қалыпты тұруы мүмкін.
Таяудағы он бес жылда қазақстандық мұнай өндіруде инвесторлар 80 млрд. астам АҚШ долларын салуға ниеттеніп отыр. Бұл қаражат пайдалануға берілетін кәсіпорындардың жұмысын қамтамасыз ететін өндірістік, инфрақұрылымдық және әлеуметтік объектілер салуға жұмсалатын болады. Аталған инвестициялық салымдар Қазақстанда шығарылуы мүмкін тауарлар мен қызмет көрсетулердің ауқымды спектріне сұраныс туғызады.
Каспийде көмірсутегін өндіруді дамыту мұнай-химия индустриясы үшін отандық шикізаттық базаның қалыптасуына ықпал ететін болады.
Тіпті қазірдің өзінде өнеркәсіптік аймақта Атырау қаласының маңында осы өңірде мұнай-химияны дамытуға бағытталған арнайы экономикалық аймақ құрылуда. Ілеспе табиғи газды қайта өңдеу бойынша құны 4 млрд. астам АҚШ доллары болатын мұнай-химия кешенін салу жоспарлануда. Кешен сұйық құрауыштарды және бастапқы мұнай-химия өнімдерін - этан, пропан, бутан, этилен, пропилен, ацетилен, бензол, ксилол және басқаларын әрі осылардың негізінде пластикалық қоспалар мен эластомерлер алуға мүмкіндік береді.
4.2.2. Тау-кен және металлургия саласының мүмкіндіктері
ҚҚТ-ны дамыту үшін металлургиялық өнеркәсіпте айтарлықтай перспективалар бар. Қазақстанда, КСРО уақытында өнімдердің әралуан түрлеріне 74 элемент алынған, Д. Менделеевтің кезеңдік жүйесінің 100 элементі бар минералдық кендер қоры бар. Қазақстанның түсті металлургия өнімдері ғылымды қажетсінетін және жоғары технологиялық тауарларды - ғарыштық ақпараттарды, қару-жарақты, электрондық техниканы өндіру кезінде пайдаланылды.
Қазақстан бұл салада бай ғылыми әлеуетке де, сол сияқты күрделі және жай кендерден, кен орындарынан, металлургиялық қождардан әрі қайта өңдеу қалдықтарынан түсті, асыл және жерде сирек кездесетін металдардың кең гаммасын алу жөніндегі ғылыми-инновациялық әзірлемелерді түсті металлургия кәсіпорындарында енгізу тәжірибесіне де ие.
Қазақстанға ірі инвестициялар ағыны түсті металлургия, химия және жиһаз өнеркәсібі және т.б. өнімдеріне сұраныс тудырады. Мұның барлығын мұнайды, газ бен металды қайта өңдеуді тереңдету есебінен Қазақстанда өндіру мүмкіндігі бар, уақыт өте келе бұл өнімдер әлемдік нарықта өз тауашасын таба алады.
4.2.3. Өндіруші салалардың әлеуетін
іске асырудағы мемлекеттің белсенді рөлі
Өндіруші және шикізат емес салалар арасындағы тығыз айланысты жолға қоюда мемлекет жетекші рөл атқаруға тиіс. Солтүстік теңіздің мұнай кен орындарын игерудің халықаралық тәжірибесі көрсеткендей, жер қойнауын пайдаланушылардың шикізат емес секторы кәсіпорындарымен шаруашылық байланыстарын мемлекеттің белсенді және епті моделдеуі оң нәтижелер әкелуі мүмкін екендігін көрсетіп отыр.
Осыған байланысты, мемлекет осы саладағы өз қызметін жандандыруға тиіс. Бұл ретте мемлекеттік саясат тек жер қойнауын пайдаланушыларға ықпал ету шараларымен ғана шектеліп қоймай, сонымен қатар дәл инвестициялар арқылы отандық өнеркәсіптің әлеуетін дамытуды қамтамасыз етуге тиіс.
Мұндай инвестициялар жоғары бизнес-тәуекелдерінің және жоғары капиталдық инвестициялардың қажеттілігі салдарынан бизнестің тікелей қатысуы шектеулі учаскелерде жүзеге асырылуға тиіс.
Бұл саладағы ағымдағы көрсеткіштер әзірше сенімді емес. Мәселен, сатып алудың жылдық бағдарламалары туралы есептілік ұсынатын мұнай-газ компанияларының деректері бойынша мыналар байқалады. Есеп беретін кәсіпорындардың 2007 жылы жалпы сатып алу сомасы тауар бойынша - 162,1 млрд. теңгені және қызмет көрсетулер бойынша 378 млрд. теңгені құрады.
Бұл ретте, тауарлар бойынша қазақстандық қатысу үлесі небәрі 8 %-ті құрады. Қазақстандық қатысудың анағұрлым жоғары көрсеткіштері мынадай тауар топтары бойынша белгіленді: тоқыма және тоқыма өнімдері (70%), құрылыс материалдары (25%), машиналар, жабдықтар мен металдан жасалған бұйымдар (16%), азық-түлік тауарлары (11%).
Тауарлар сатып алудың жалпы көлеміндегі қазақстандық қатысудың 8% үлесі анық жеткіліксіз. Бұдан басқа, отандық кәсіпорындар негізінен төменгі технологиялық дайын өнімді жеткізулерге ғана қатысатынын атап көрсету керек.
Қазақстандық қызмет көрсетулердің барынша жоғары 47% үлесі бірінші кезекте құрылыс және көліктік қызмет көрсетулер, телекоммуникациялық қызмет көрсетулер, яғни төменгі ұтқырлықпен ерекшеленетін қызмет көрсетулер түрлері болып отыр. Сонымен бір уақытта жоғары технологиялық: жобалық, геологиялық, инженерлік жұмыстар сияқты қызмет көрсетулер негізінен елден тысқары сатып алынады.
Ұқсас жағдай компанияның есебі бойынша қазақстандық қатысу тауарлар бойынша шамамен 20 %-ды және қызмет көрсетулер бойынша 22,7 %-ды; тауарлар мен қызмет көрсетулерді сатып алудың жалпы көлемінде 2007 жылы тиісінше 97,9 млрд. теңгені және 88,5 млрд. теңгені құраған тау-кен секторында да байқалып отыр.
Стратегияны іске асыру кезінде өңдеуші саланың әлеуетін тиімді пайдалану үшін мынадай алдын ала шаралар қабылдау қажет.
Біріншіден, жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттардың орындалу мониторингіне жауапты мемлекеттік органдарды үйлестіруді күшейту, қазақстандық қатысуға қатысты нормаларды орындау үшін мониторингті күшейту.
Екіншіден, компаниялардың қазақстандық қатысу туралы қазіргі заңнаманың ережелерін орындауға жауаптылығын заңды түрде күшейту.
Үшіншіден, отандық компаниялардың қабілеттілігін жүйелі түрде арттыру, жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың талаптарына сәйкес тауарлар мен қызмет көрсетулер өндіру қажет. Әсіресе бұл жоғары технологиялық тауарлар мен қызмет көрсетулерге қатысты.
Мемлекет отандық кәсіпорындардың әлеуетін қолдау мен дамыту жөнінде мақсатты шаралар бастамасын көтеруі тиіс. Жер қойнауын пайдаланушылармен, олардың отандық өндірісті дамытуға салым салуын ынталандыра отырып, мақсатты диалог жүргізуге бастамашылық жасау қажет.
Төртіншіден, жер қойнауын пайдаланушы бірқатар компаниялар мемлекеттік компаниялар болып табылады, бірінші кезекте олардың әлеуетін отандық машина жасау мен технологиялық қызмет көрсетулерді дамыту үшін жұмсау қажет. Бұл үшін мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға осы процестегі мемлекеттің рөлін күшейтетін өзгерістер енгізу талап етіледі.
4.3. Жаһандық орнықты қазақстандық корпорациялар құру
Қазақстан экономикасында жаһандық корпоративтік көшбасшыларды дамыту, өзіміздің брэндтерімізді құру міндетін Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларында Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және елдің өнеркәсіптік әлеуетін дамыту жөніндегі бағыттардың ең маңыздыларының бірі ретінде бірнеше мәрте айтқан болатын.
Сыртқы нарықтарға тиімді бәсекеге түсуге қабілетті, өзіне адами, технологиялық және материалдық ресурстардың елеулі әлеуетін жинақтайтын компаниялар - корпоративтік көшбасшылар құру республиканың технологиялық артта қалуын еңсерудің осы базада өнеркәсіптің жоғары шектерін дамытудың пәрменді тәсілі бола алады.
Бұдан өзге, өзіміздің жаһандық компанияларымызды дамыту қажеттілігі ең алдымен әлемдегі болып жатқан үрдістермен, ресурстар үшін де, нарықтар үшін де бәсекелестіктің өршуімен байланысты болып отыр.
Осы міндетті шешумен қатар Қазақстан жағдайына неғұрлым сенімді және лайықты қағидаттарға мұқият талдау мен таңдау жасау талап етіледі.
Индустриялық саясат тұрғысында отандық экономиканың әлемдік экономикаға кірігуінің жоғарғы деңгейі біздің компаниялардың бұрыннан-ақ Қазақстан ішінде бәсекеге түспейтіндігін, олардың Қазақстанның әлемдік нарықтағы бөлігі үшін жаһандық корпорацияларымен бәсекелесетіндігін білдіреді.
Сондықтан қазақстандық корпоративтік көшбасшыларды дамыту жөніндегі міндеттер шеңберінде осы нарықта қазақстандық компаниялардың табысты бәсекеге түсуі үшін ресурспен қамтамасыз ету мәселесі қойылып отыр. Оның үстіне, олар жеткілікті түрде орнықты болатын және өзін қажетті ресурстармен қамтамасыз ете алатын деңгейге қалай шығаруды айқындау қажет.
Ірі халықаралық компаниялардың стратегиясы бірінші кезекте өз бақылауында табысты жаһандық бәсекелестік үшін қажетті ресурстардың негізгі түрлерін шоғырландыруға бағытталған, олар:
1) адами капитал;
2) технологиялар;
3) нарықтар мен дистрибьюторлық желілер;
4) материалдық құндылықтар (активтер және табиғи ресурстар).
Өндірістің осы факторларын шоғырландыру, бірігулер мен қосып алу нысаны арқылы етеді. Бұдан бұрын айтылғандай, корпорациялардың қосылуы және жаһандық деңгейдегі мегакорпорациялардың құрылу үрдістерінің күшеюі соңғы уақытта ауқымды сипат алды.
Әлемдік экономиканың даму үрдістерінің талдауында көрсетілгендей, қосылулар және жұтылулар нарығында басты рөлді мемлекеттік компаниялар иеленеді. Мысалға, ресейлік компаниялар шетел компанияларын сатып алуда және сол арқылы әлемдік нарықтағы өзінің бәсекелестік ұстанымын нығайтуға өте белсенді. 2006 жылы ресейлік компаниялар шетелдерден 11,4 млрд. АҚШ долларына активтер сатып алды.
Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, Қазақстанның корпоративтік көшбасшыларын құру процесін іске асыру үшін өз күш-жігерімізді мынандай міндеттерге шоғырландыруға тиіспіз:
1) республиканың бәсекелестікке басымдығы бар негізгі стратегиялық салаларды айқындау және өнеркәсіптің осы салаларда ірі компаниялар құру саясатын жүргізуі;
2) осы компанияларда шешуші ресурстардың шоғырлануын қамтамасыз ету;
3) компаниялардың корпоративтік көшбасшылардың стратегиясын қалыптастыруға және басқаруға мемлекеттің белсенді қатысуын қамтамасыз ету, бұл ұлттық экономиканың дамуында басты мақсатқа қол жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Аталған қағиданы іске асыру үшін мынандай қадамдар жасалатын болады.
Біріншіден, жаһандық корпоративтік көшбасшыларды дамыту үшін ресурстық әлеуеті бар стратегиялық салаларды айқындау қажет.
Бұл ғылымды қажет ететін және капиталды қажет ететін салалар болуы қажет, мысалы: химия және мұнай-химия өнеркәсібі, машина жасау, металлургия және тау-кен секторы.
Екіншіден, басым салаларда, қолда бар активтер негізінде шоғырландыру процестерін ынталандыруға көшу қажет болады. Аталған қағидат, әрбір нақты саланың жағдайына қарай, мемлекеттік-жекеше әріптестік тетіктерінің есебінен немесе мемлекеттік компаниялар құру жолымен жекеше компаниялардың қатысуымен іске асырылуы мүмкін.
Негізгі міндет таргеттелетін компанияларды активтермен толықтыру үшін мыналар арқылы жағдайлар жасау болып табылады:
осындай компанияларға қатысу үлесін, оның ішінде жер қойнауын пайдалану құқықтары есебінен сатып алу;
оларға компаниядағы үлестің орнына жер қойнауын пайдалану құқығын беру;
қажетті бір бейінді активтер сатып алу және оларды бірыңғай холдингке шоғырландыру жөнінде белсенді саясат жүргізу;
дамуына және экспортқа шығаруына жәрдемдесу.
Аталған Стратегияның негізгі міндеттерінің ойдағыдай іске асуы нәтижесінде жекешелендіру арқылы, осындай компанияларға мемлекеттік қатысу қысқартылатын болады.
Дәл осындай қағиданы Сингапур Үкіметі олар құрған Теmasек қоры ойдағыдай іске асыра алды, бұл шағын ішкі нарығы бар елдің: Singapore Airlines, Singapore Technologies, Singapore Telecommunications, Keppel және т.б. сияқты жаһандық корпоративтік көшбасшыларды өмірге әкеле алатынына үлгі бола алды.
Қазақстан экономикасында Стратегияны іске асыру шеңберінде мұндай қағидат: машина жасау, химиялық және мұнай-химия өнеркәсібі, металлургия; құрылыс материалдары, тамақ өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы сияқты ғылымды қажетсінетін және технологиялық салаларда жұмыс істейтін компаниялар базасында іске асырылуы мүмкін. Мұндай компаниялардың нақты үлгілері "Қазатомөнеркәсібі" АҚ, "Қазақстан Инжиниринг" ҰҚ" АҚ, "Қазмұнайгаз" ҰК" АҚ болып табылады.
Үшіншіден, Қазақстанның негізгі бәсекелестік артықшылығының бірі іс жүзінде кез келген бағыттың дамуына мүмкіндік беретін оның бай минералдық-шикізат базасы болып табылады.
Сондықтан, объективтік себептерге байланысты корпоративтік көшбасшыларды дамыту үшін табиғи ресурстарды басқару қағидаттарын қайта қарау қажет. Қазіргі уақытта жер қойнауын пайдалану құқығын берудің негізгі шарты өндірілген шикізатты қайта өңдеу жөніндегі міндеттеме болып табылады. Жоғарыда аталған барлық фактілерді ескергенде, бұл қағидатты ең бір орынды әрі тиімді қағидат деуге болмайды.
Егер тек өндіруге ғана емес, сондай-ақ шикізатты қайта өңдеуге де міндеттенетін компанияларға кен орнын бергеннің өзінде, онда қорытындысында өздерінің кен орындарын толық пайдаланғаннан кейін тоқтап қалатын, көптеген ұсақ компаниялардың пайда болуы қаупі туындайды.
Қазақстан экономикасы үшін ұзақ мерзімді жоспарда мұндай компаниялардың экономиканы дамыту үлесі мардымсыз болып қалады, өйткені олардың өзіне адами, технологиялық және қаржылық ресурстарды шоғырландыруда перспективасы жоқ.
Стратегиялық жоспарда табиғи ресурстардың нақты бағасы анықталмаған болып табылады, яғни уақыттың өтуімен және табиғи ресурстардың тозуына байланысты олардың бағаларының өсуі сөзсіз. Нарық аталған жағдайды жақсы түсінеді, сол себептен компаниялардың жер қойнауын пайдалану құқығын алу дәлелінің өзі әрдайым оның акциялар бағасын белгілеуінің өсуіне алып келеді.
Осыған байланысты жер қойнауын пайдалануды басқару саясаты ұзақ мерзімді жоспарда жер қойнауын пайдалану саласында мына міндеттерді шеше алатын ұлттық компанияларда активтерді шоғырландыруға бағытталған болуы керек:
1) компанияларда ресурстарды және технологиялық әлеуетті шоғырландыру;
2) сыртқы нарыққа шығу және Қазақстаннан тыс жерде минералды ресурстарды игеру;
3) қосылған құн тізбегін дамыта отырып, өндірілетін салаларда жаңа бөлістерді игеру;
4) аралас салаларды дамыту.
4.4 Ауыл шаруашылығының әлеуетін дамыту
Әлемдік нарықта болған 2007 жылғы оқиға және жаһандық экономиканың даму үрдісі экономиканың жоғары өнімді саласы ретінде ауыл шаруашылығы мен тағам өнеркәсібін дамытудың перспективаларын анық көрсетеді.
Биологиялық отынның жаңа түрлерін дамыту, шығымдылыққа әсер ететін климаттық өзгеріс және азық-түлік өнімдеріне сұраныстың жалпы серпіні ауыл шаруашылығының дәстүрлі саласын дамыту локомативтерінің біріне айналдыру үшін жаңа мүмкіндіктер жасайды.
14-сурет
(диаграмманы қағаз мәтінінен қараңыз)
Сарапшылардың есептері бойынша, биоотынды өндіру бар рөліне 60 АҚШ долл. баға деңгейінен асқанда табысты болады. Бұл ретте, мұнай құнының биржалық баға белгілеулерінің ұзақ мерзімді болжамы бар рөліне 70-80 АҚШ доллары деңгейінде тұр.
Төмендегі кестеде көрсетілгендей, 2007 жылы баға өсімінің үрдісі ерекше жылдамдады. Бағаның әлемдік өсімі барлық базалық тауарлар бойынша болды: күнбағыс тұқымы, бидай, сүт, қант және т.б.
15-сурет
(диаграмманы қағаз мәтінінен қараңыз)
Мол жер ресурстарына ие Қазақстан астықтың ірі әлемдік өндірушілерінің бірі бола отырып, ауыл шаруашылығы және тағам өнімдерін ірі әлемдік жеткізушілердің бірі бола алады.
ҚҚТ-ны дамыту бағыты астықты қайта өңдеу, биоотынды дамыту, ет пен сүт өнімдері өндірісінің технологиялық процесін тереңдетуден көрінеді. ҚҚТ-ға сонымен қатар элеваторлар, ауыл шаруашылығы техникасы мен минералдық тыңайтқыштар өндіру жөніндегі зауыттар, табиғи тағам бояулары, фармацевтикалық бұйымдар, биотехнология өнімдері және т.б. өндірісі жөніндегі кәсіпорындар кіруге тиіс.
4.5. Қолайлы кәсіпкерлік ахуал жасау
мен шағын және орта бизнесті дамыту
4.5.1. Кластерлік бастаманы іске асыру
Кластерлік бастама шағын және орта бизнес саласын дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізі бола алады.
Елдегі кластерлердің дамуындағы басты рөл жеке бастамаларға, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға және жергілікті атқарушы органдарға берілген.
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың миссиясы бірлескен жобаларды іске асыру, кластерлік тәсіл негізінде бірлескен жобаларды іске асыру, бірыңғай экономикалық нарық құру арқылы мемлекеттік пен жекеше секторларды шоғырландыру жолымен өңірлердің экономикалық дамуына жәрдемдесу болып табылады.
Аталған қағидат іске асырылатын бастаманың аумақтық белгісіне және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың өңірлік жобаларды дамытуға нақты бағыттылығына байланысты қажет. Кластерлік бастаманы іске асыруды әлеуетті бәсекелестік артықшылықтарға ие өңірлердің (немесе бірнеше жақын өңірлердің) экспорттық "тауашаға" шығуы үшін жергілікті шағын және орта компаниялардың күш-жігерін біріктіру есебінен жүзеге асыру қажет.
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың негізгі міндеттерінің бірі жобаларды жекеше құрылымдармен бірлесіп іске асыру болады. ӘКК серіктестерін таңдауда басымдық жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға берілетін болады.
Орталық мемлекеттік органдардың міндеті бизнестің және жергілікті атқарушы органдардың кластерлік бастамасына әдістемелік әрі ақпараттық қолдау көрсету, ішкі және сыртқы нарықтарға маркетингтік және талдамалық зерттеулер жүргізу, кластерлер шеңберінде іске асырылатын ірі серпінді жобалардың стратегиясын әзірлеу мен дамытуға қатысу болуға тиіс.
Кластерлерді құрудың түпкі міндеті бірыңғай құрылымға бірігуге және корпоративтік көшбасшылар санатына көшуге ішінара немесе толық қабілетті өндірістердің үзілмейтін тізбегін қалыптастыру болуға тиіс.
4.5.2. Бизнес-ортаны жақсарту және кәсіпкерлікті дамыту
Бұл салалардағы мемлекет саясатын жекеше кәсіпкерліктің салықтық әкімшілік жүйесін жетілдіруге; шағын кәсіпкерліктің кредиттік ресурстарға қолжетімділігін жеңілдетуге; шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік және мемлекеттік емес институттардың қолдау тиімділігін арттыруға; кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуді оңтайландыруға; кәсіпкерлік мәселелері бойынша нормативтік құқықтық базаны жетілдіруге бағыттау қажет.
Кредиттік қаржыландырумен шағын және орта бизнес ортасын (бұдан әрі - ШОБ) қамтамасыз етуде басты рөлді екінші деңгейдегі банктермен тікелей ынтымақтасуды және кооперацияланудың көмегімен даму институттары атқаратын болады. Олардың қызметтері қандай да бір өңірді дамытудың кластерлік қағидаттарымен шектелмейтін болады.
Сонымен қатар, кәсіпкерлік қызметтің ынталандыру мен қолдау құралы ШОБ-тың кәсіпкерлік қызметін оқу-әдістемелік және талдамалық сүйемелдейтін бизнес-инкубаторлар болуға тиіс. Сонымен қатар, бизнес-инкубаторлар ШОБ үшін әкімшілік кедергілерді азайту бөлігінде мемлекеттік басқару органдарымен тығыз ынтымақтасатын болады.
4.6. Мемлекеттік холдингтер қызметін үйлестіру
Мемлекеттік индустриялық саясаттың таңдаған бағыттары мемлекеттік холдингтер қызметінің үйлесуін және олардың кейбір міндеттерін қайта қарауды талап етеді. Өздерінің міндеттерін іске асырудан басқа холдингтер корпоративтік көшбасшыларды қалыптастыру шеңберінде тығыз ынтымақтастық жүргізетін болады. Даму институттарының "Қазына" ОДҚ" АҚ құрылымында шоғырлануы келісілген индустриялық-инновациялық саясатты жүргізуге мүмкіндік беретіндіктен Стратегияны іске асырудың негізгі рөлі "Қазына" ОДҚ" АҚ-тың еншісіне беріледі.
Ол үшін кейбір даму институттарына инновациялық қызметті және инвестициялық жобаларды іске асыруда қолдау көрсету рөлі тиетін болады. Осылайша, олардың қызметі жаңа жобаларды іске асыру саласында да, жұмыс істейтін өндірістерді қолдау саласында да идеяны бастапқы маркетингтік және техникалық сүйемелдеуден бастап жобаны іске асыруды қаржыландырғанға дейін жекеше бизнесті қолдауға бағытталатын болады. Бұл даму институттары ұлттық инновациялық жүйені технологиялар трансферті, гранттық қаржыландыру, инновациялық кәсіпкерлікті дамыту, ірі жобаларды іске асыру үшін инвесторлар тарту, инновациялық жобаларды қаржыландыру арқылы дамытатын болады. Бұдан өзге, олар негізгі қорларды жаңғыртуды ынталандыру мен жаңа технологиялар енгізу арқылы жұмыс істейтін кәсіпорындарды қолдайтын болады.
Даму институттарының басқа топтары корпоративтік көшбасшыларды қалыптастыру мен дамыту процесіне белсенді қатысатын болады. Аталған бағытта "Қазына" ОДҚ" АҚ-тың корпоративтік көшбасшыларды қалыптастыру шеңберінде мемлекеттің қаржылық активтерін басқару жөніндегі функциялары іске асырылатын болады. Бизнес-активтердің шоғырлануына қатысу компанияны сатып алу, сондай-ақ жаһандық нарыққа шығу үшін компаниялардың қызметінің қосылу және жұтылу, белсенді талдамалық және қаржылық сүйемелдеу жөніндегі мәселелерді қаржыландыру жолымен жүзеге асырады.
"Самұрық" ҚМАБХ" АҚ жұмысының негізгі бағыттары жаһандық ауқымдағы маңызды ойыншылар бола алатын және Қазақстанның әлемдік экономикаға ықпалын нығайтатын ұлттық компаниялардың дамуы болады. Аталған міндеттерді іске асыру экономиканың шикізат емес секторын жаңғырту мен инвестициялық саясатты іске асыру үшін ұлттық компаниялар табысының бөлігін қайта бөлу арқылы жүзеге асырылатын болады. Ұлттық компаниялардың дамуы трансұлттық компаниялармен бәсекеге түсуге және қосылған баға тізбегіндегі жаңа буындарды игеруге ұмтылуға негізделетін болады.
"ҚазАгро" ҰХ" АҚ жұмысының негізгі бағыты елдің агроөнеркәсіп секторындағы жаһандық бәсекеге қабілетті компанияларды дамыту болып табылады. Бұдан өзге, агроөнім нарығындағы әлемдік коньюнктурадан тәуелсіз болуды қамтамасыз ету мақсатында жаңа технологиялар енгізу, негізгі қорларды жаңғыртуды ынталандыру агроөнеркәсіп кластерлерін дамытудың аясында жаңа өндірістер құру арқылы агроөнеркәсіптік кешеннің жұмыс істейтін кәсіпорындарын қолдайтын болады.
4.7. Материалдық және материалдық емес инфрақұрылымды
дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау
4.7.1. Электр энергетикасы саясаты
Электр энергетикасы секторының жұмыс істеуі мен дамуының басты мақсаты - Қазақстан Республикасының электр энергиясына деген барлық ішкі қажеттіліктерін қолайлы бағаларда сенімді және тұрақты қамтамасыз ету; осының негізінде - елдің энергетикалық тәуелсіздігін және энергетикалық қауіпсіздігін, орнықты экономикалық өсуі үшін сенімді энергетикалық базамен қамтамасыз ету. Энергетика объектілері көлік артерияларымен қатар кез келген инфрақұрылымның негізі болып табылады. Электр энергетикасы саласының қолда бар әлеуеті экономиканың және ел тұрғындарының алдағы жылдарға арналған электр және жылу энергияларына мұқтажын қамтамасыз етеді.
Бұған қоса, өнеркәсіп өндірісінің өсу қарқынын және электр энергиясын тұтыну өсімін ескере отырып, электр энергетикасының дамуына елеулі инвестицияны қажет ететін ұлттық маңызы бар электр станцияларында да, өңірлік электр көздерінде де жинақтаушы қуаттарды өсіру жөнінде шұғыл шаралар қабылдау талап етіледі. Осыған байланысты Қазақстанның электр энергетикасы саласын дамытуды мемлекеттік қолдау жаңа энергетикалық қуаттарды жедел құруға және қолданыстағыларын жаңғыртуға, мемлекеттік-жекеше серіктестік тетігін қолдануға бағытталатын болады.
Энергетикалық секторды дамыту Қазақстанды электр энергиясын тұрақты экспорттаушысына айналдыруға қабілетті, жоғары технологиялық және жоғары өндірістік электр жинақтаушы салаларын құруға негізделетін болады.
Электр энергетикасының қазіргі жағдайын талдау, түрлі елдердің электр энергетикасын перспективалық дамыту үрдістері, Қазақстанның отын-энергетикалық кешенінің даму перспективаларын болжамдық бағалау - шешімі 2015 жылғы кезеңге дейін жүзеге асырылуға тиіс мынадай басым міндеттер тұрғанын көрсетеді:
қызметтің нормативтік мерзімін өтеуіне байланысты қайта жөндеуге жататындардың орнына жаңа буын жабдықтарын уақтылы енгізу жолымен жобалық деңгейдегі электр станцияларының қуаттылықтарын қолдау;
электр станциялардың отын теңгеріміне табиғи газды, оның ішінде мұнай кен орындарының ілеспе газын неғұрлым кеңінен тарту;
экономикалық бәсекеге қабілетті қайта жаңартылатын энергия ресурстарын игеру.
Атом энергетикасын Қазақстан Республикасының энергетикалық секторының құрылымына қосу оған неғұрлым орнықты жағдай туғызады, парниктік әсер үлесін және климаттың өзгеруіне қолайсыз әсер етуін төмендетеді.
Жалпы, 2015 жылға қарай энергияны тұтынудың жыл сайынғы өсімі орташа 2,2 %-ті құрайды. Электр энергиясына сұраныс пен оны өндірудің қол жеткізілетін деңгейі 60,5-тен 72 млрд. кВт сағатқа дейінгіні құрайды, яғни энергетикалық теңгерімге қол жеткізілетін болады.
4.7.2. Көліктік-инфрақұрылымдық даму
Мемлекет экономикасының шикізатқа бағытталуы халықтың тығыз орналаспауы жағдайындағы үлкен арақашықтықпен қатар экономиканың көлікке едәуір тәуелділігін тудырады. Қазақстан алып жатқан аумақты ескергенде оның қазіргі заманғы көлік инфрақұрылымын дамыту күллі экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің маңызды факторы болып табылады. Тиісінше, аталған сала мемлекет саясатының индустриялық дамудағы тұрақты басымдығы болуға тиіс.
Көлік саласын дамытудың басым бағыттары мыналар болып табылады:
қазіргі заманғы перспективалық ұлттық көлік инфрақұрылымын құру;
Қазақстанның көлік жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
Қазақстанның көлік жүйесін әлемдік көлік жүйесімен кіріктіре дамыту;
көлік секторында біртұтас сыртқы ықпалдастырылған көлік кеңістігін және қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру;
транзиттік әлеуетті дамыту және тиімді пайдалану;
көлік процестерінің неғұрлым тиімділігіне қол жеткізу;
ұлттық көлік заңнамасын халықаралық заңнамалық нормалардың талаптарымен үйлестіру.
2015 жылға дейінгі кезеңде көлік жүйесін жұмыс істеудің сапалы жаңа деңгейіне кешіруді жүзеге асыру, оңтайлы көлік торабын қалыптастыру жөніндегі жұмыстар жалғастырылатын болады.
Темір жол көлігі
Темір жол көлігін дамыту қазіргі бар темір жол желісін Қазақстан халқының қажеттілігін, экономикасы мен өнеркәсібін ескере отырып, жаңа учаскелер салу арқылы оңтайландырумен қатар қозғалыс қауіпсіздігі мен жылдамдығын әлемдік стандарттарға сәйкес келтіруге бағытталатын болады.
Темір жол көлігі торабын басым өңірлік дамыту Солтүстік-Оңтүстік (Ресей-Орталық Азия) және Шығыс-Батыс (Оңтүстік Шығыс Азия - Қытай Еуропа) бағыттарында жүргізілетін болады.
Стратегияны іске асыру кезеңінде Шар-Өскемен, Бейнеу-Жезқазған, Қорғас-Жетіген, Маңғышлақ-Баутино, Ералиев-Құрық, Өзен-Түрікменстан шекарасы жаңа темір жол желілерін салу және Алматы-Ақтоғай, Ақтоғай-Мойынты, Мақат-Қандағаш, Қостанай-Железорудная және Хромтау-Алтынсарин темір жол учаскелерін электрлендіру жөнінде инфрақұрылымдық жобалар іске асырылатын болады.
2011 жылға қарай Ақтоғай-Достық станциясы мен оған жақын темір жол учаскесінің өткізу қабілеті жылына 14 млн. тоннадан 25 млн. тоннаға дейін жеткізілетін болады.
Темір жол көлігін одан әрі қайта құрылымдау, тарифтік саясат пен нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру, темір жол көлігінде көлік-логистикалық және ақпараттық технологияларды дамыту, импорт алмастыратын өндірістерді және жылжымалы құрамды шығаратын зауытты ұйымдастыру жұмыстары жалғасатын болады.
Автожол көлігі
"Самара-Орал-Ақтөбе-Қызылорда-Шымкент", "Астрахань-Атырау-Ақтау-Түрікменстан", "Омбы-Павлодар-Майқапшағай", "Ташкент-Шымкент-Тараз-Алматы-Қорғас", "Алматы-Қарағанды-Астана-Петропавл-РФ", "Астана-Қостанай-Челябинск" негізгі халықаралық транзит дәліздерін, "Алматы-Өскемен", "Үшарал-Достық", "Жезқазған-Петропавл-РФ шекарасы", "Қызылорда-Павлодар-РФ", "Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан", "Таскескен-Бақты-ҚХР" және "Шонжы-Қалжат-ҚХР шекарасы" халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарын жаңғырту жөніндегі бірінші кезектегі шараларды қабылдау, сондай-ақ жергілікті автожолдар торабын жаңғырту жөніндегі шаралар автожолдар инфрақұрылымын дамытудың негізгі бағыттары болып табылады.
Қазақстандағы бірінші Астана-Щучинск автомобиль айдын жолы, "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық транзит дәлізі пайдалануға берілетін болады, концессиялық жобалар іске асырылды, ҚР стандарттарын халықаралық стандарттармен үйлестіру жөніндегі жұмыстар жүргізілді.
2013 жылдың 1 қаңтарында автожолдар желісінің күтілетін жай-күйі: жақсы 53 %-ті, қанағаттанарлық - 33 %-ті және қанағаттанарлықсыз - 14 %-ті құрайды.
Әуе көлігі
Әуе көлігін дамыту үшін Шығыс Азия және Тынық мұхит өңірлерін Еуропамен байланыстыратын негізгі әуе қатынастарын өзіне қамтитын бірнеше ірі көліктік-логистикалық орталықтарды және жүк қозғалыстарын басқарудың қазіргі заманғы жүйесін құру қажет.
Әуе көлігінде қазіргі заманғы технологияларды дамыту және қолдану негізінен әуе кемелерінің паркін жаңғырту (жаңалау), жүктерді қабылдау мен өңдеу, әуежайларда жолаушыларға қызмет көрсету жолымен, сондай-ақ әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету саласында жүргізілетін болады. Барынша озық және перспективалы технологияларды енгізу тәжірибесінің, халықаралық (транзиттік) және ішкі әуе қозғалысына шектеусіз қызмет көрсету үшін радионавигациялық кешенді халықаралық талаптарға сандық және сапалық сәйкес келтіру негізінде аэронавигациялық инфрақұрылымды жаңғырту жүзеге асырылатын болады.
Бүгінгі күні Қазақстанның 7 әуежайы Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) талаптарына сәйкес келеді, 12 әуежай - жаңғырту жүргізуді қажет етеді. Республиканың әуежай желілерін жолаушылар мен жүктерге қызмет көрсету жөніндегі халықаралық стандарттарға сәйкес келтіру мақсатында оны жаңғыртуды аяқтау жоспарлануда.
Қазіргі заманғы жаңа әуе кемелерін кезең-кезеңмен сатып алу есебінен экономиканың қауіпсіз, үнемді және тиімді авиациялық қатынастарға қажеттілігі өтелетін болады.
Су көлігі
Су көлігі саласында: теңіз тасымалдары нарығында үстем жағдайға иелену мақсатында теңіз сауда флотын қазіргі заманғы кемелермен одан әрі жарақтандыру; ішкі су жолдарын кеме жүзетіндей жағдайда ұстауды және өзен техникалық флотын жаңғыртуды қамтамасыз ету; Ақтау, Баутино және Құрық теңіз порттарын одан әрі дамыту басым бағыттар болып табылады.
Ішкі су көлігін одан әрі дамыту мақсатында Өскемен және Бұқтырма шлюздерін жаңғырту, жаңа бағыттарды, оның ішінде трансшекаралық мемлекеттермен кеме жүзу бағыттарын ашу жоспарлануда.
2011-2015 жылдары Каспий теңізінің қазақстандық секторында, сондай-ақ Ертіс өзенінің бассейнінде жүзетін кемелер санының ұлғаюын назарға ала отырып, жаңа кеме жасау базалары салынып, болжамдалған сұранысты ескеретін кеме жөндеу зауыттары жаңғыртылатын болады.
Қазақстанның көлік әлеуетін іске асыру көлік саласын дамытудың маңызды бағыты болып табылады.
Бүгінде біз негізгі халықаралық көлік дәліздерінің (ТРАСЕКА, Солтүстік-Оңтүстік, Орта Азия дәлізі, Трансазия темір жол магистралі) қатысушысы болып табыламыз әрі трансеуропалық және азиялық көлік тораптарын интеграциялау жөнінде белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз.
Сарапшылық болжамдарға сәйкес Азия мен Еуропа арасындағы тауар айналымы 2015 жылға қарай жылына 1 трлн. АҚШ долларына дейін өседі.
Бұл кезеңнің міндеті Қазақстан арқылы жүк транзитінен түсетін кірісті жылына 500 млн.-нан 2 млрд. АҚШ долларына дейін ұлғайту болып табылады.
Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент, Ақтөбе (Қандыағаш) қалаларын, Достық, Қорғас, Ақтау станцияларын қоса алғанда, Қазақстанда тармақталған көлік-логистика желісін жасау жоспарланған.
2007 жылғы қыркүйекте Алматы қаласында жылына 80 мың контейнерге дейін қайта өңдеу өндірістік қуаттылығы бар, халықаралық стандарттарға сәйкес келетін "Астана-Келісімшарт" АҚ көлік-логистика орталығы пайдалануға берілді.
"Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық транзит дәлізін жаңғырту жобасы аясында 5 халықаралық және 12 өңірлік көліктік-логистикалық орталық құру көзделген.
2015 жылға қарай мына көрсеткіштер бойынша көлік кешені саласындағы өсімдерге қол жеткізу жоспарланып отыр: жолаушылар айналымын 1,5 есеге және жүк айналымын 2 есеге ұлғайту, халықтың темір жол және автомобиль көлігін қолдануы 1,5 есеге, әуе көлігін пайдалануы - 6 есеге өседі; жүк қатынастарының жылдамдығы 15-20 %-ке, ал негізгі халықаралық көлік дәліздері бойынша 20-30 %-ке өсетін болады.
4.7.3. Телекоммуникацияны дамыту
Жылдам дамитын және перспективалы салалардың бірі телекоммуникация саласында индустриялық-инновациялық саясат неғұрлым озық байланыс құралдарын дамытуды жәрдемдесуге және оларға отандық бизнестің және тұрғындардың барынша қол жетуіне бағытталған болуы тиіс.
Оның үстіне, телекоммуникация жүйесі Қазақстанның бүкіл аумақтарында жоғарғы деңгейде болуы тиіс. Сондықтан байланыс арналарының қуатын әртараптандыруға және ұлғайтуға, шалғай және халқы аз өңірлерімен байланыс мүмкіндігін жасауға, елдің барлық аумағында телехабарларға жағдай жасауға көмектесетін ғарыш қатынастарының әлеуетін пайдалану қажет.
Сонымен қатар, жерүсті телефон желілерінің дамыту мен цифрлауды жеделдетуді және оптикалық-талшықты желілерді құруды жалғастыру қажет. Ұлттық телекоммуникациялық желінің тиімділігінің артуы бәсекелестікті ынталандыруға және сектордың толығымен нарыққа ауысуына жәрдемдесетін болады. 2015 жылы байланыс қызметтері 169,3 млрд. теңгені құрайды деп жоспарланып отыр.
Стратегияны іске асыру кезінде әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 еліне тән мынадай негізгі көрсеткіштерге қол жеткізу үшін жағдай жасалатын болады:
100 тұрғынға - 40 телефон желісі;
100 тұрғынға - ұялы байланыстың 90 пайдаланушысы;
100 тұрғынға - Интернеттің 40 пайдаланушысы.
4.7.4. Білім беруді дамыту және кадрлар даярлау
Индустриялық-инновациялық стратегияны жағдайда табысты іске асырудың ажырамас шарты отандық адами капиталдың өсу серпіні болып табылады. Инновациялық дамудың басым және индустриялануы жағдайында білім саласындағы негізгі бағыт жоғары білікті кадрларды мамандықтарына сәйкес даярлау болып табылады.
Қазақстанда білім беру жүйесі серпінді дамуға және әлемдік үрдістерге сай техникалық базаның жаңғыруына, ақпараттық технологиялар рөлінің өсуіне және оқу-әдістемелік базасының жетілуіне байланысты жаһандану және әмбебап ету процесін жеделдетуге барабар әрекет етуге қабілетті болады.
Бұл бағыттағы жұмысты жүйелеу жұмыс берушілермен өзара тығыз қарым-қатынас орната отырып, дамыған елдер тәжірибесін зерделеу шетел сарапшыларын және халықаралық ұйымдарды тарту негізінде жүзеге асырылатын болады.
Еңбек нарығындағы сұраныстарға икемді білім беру қызметтері провайдерлердің ынталандырудың инновациялық жүйесіне бет бұрған техникалық кәсіби білімнің негізі болатын техникалық және қызмет көрсету кадрларын даярлайтын және қайта даярлайтын өңірлік кәсіби орталықтар желісі құрылатын болады.
Бұдан басқа, қазақстандық компаниялар қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында технологиялық даму бағдарламалар шеңберінде өндірістік процестің менеджменті технологиясы енгізілетін болады.
Техникалық кәсіби білім беру жүйесін дамыту үшін мемлекет пен бизнестің өзара әрекет етуінің мынадай схемасы ұсынылады.
Қазақстан нарығында жұмыс істейтін ірі компаниялардың жұмыс кадрларын өзіндік қаражат есебінен оқытуды ұйымдастыру мақсатында оларды қазіргі заманғы технологиялық жабдықтармен жасақтай отырып оқу орындары құрылатын болады. Бұл оқу орындары кейіннен республикалық бюджет есебінен стипендия және жалақы төленетін оқытушылар мен өндірістік білім беру шеберлерін қамту жөніндегі шығыстарды өзіне алатын мемлекеттің басқарылуына берілуі мүмкін. Мемлекет пен бизнестің осындай қарым-қатынасының мысалы Павлодар облысында қазірде бар.
Жұмысшы кадрларын даярлаудың жаңа бағыттарының бірі шикізаттық емес секторы салалары үшін өңіраралық оқыту орталықтарын құру идеясы болып табылады. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысында машина жасайтын, бүкіл республика үшін кадрлар даярлайтын осындай орталық құру көзделіп отыр.
Осы бағытта инновациялық белсенділікті арттыру және білім алу үшін Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында "Инновациялық менеджмент" пәнін оқытуды ұйымдастыру үшін енгізу қажет, шетелде оқытушылар құрамын даярлау, сондай-ақ шетелдік мамандарды тарту жұмысын жалғастыру керек. Бұл ретте Стандарттау, метрология және сертификаттау комитеті бекіткен бакалавриат және магистратура мамандықтарының жіктеуішіне "Инновациялық менеджмент" мамандығын енгізу, сондай-ақ ғылыми атақ берілетін жіктеуішке енгізу қажет.
Бұдан өзге, менеджменттің халықаралық деңгейінің жоғары білікті мамандарын даярлау мақсатында жобаларды іске асыру үшін кен орындарын беру шарттарының бірі компанияның өз қаражаты есебінен бірқатар мамандарды шетелде оқытуға міндеттеме алуы болады деп көзделуде.
4.7.5. Қаржы секторын дамыту
Қаржы секторын бұдан әрі дамыту саласындағы мемлекеттік саясат Қазақстан экономикасының, атап айтқанда шикізаттық емес сектордың өсуін қамтамасыз етуге, отандық қор нарығын қалыптастыруға және отандық кәсіпорындардың ашықтығын арттыру және акционерлер құқығын қорғауды көтеру мақсатында есептілік стандарттарын енгізуге бағытталатын болады.
Қазақстан экономикасының өсуін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету міндеті, атап айтқанда шикізаттық емес сектор салаларын дамыту қаржы институттарының орнықтылығын және ұлттық қаржы секторы мен өнеркәсіп кешенінің бір-бірін өзара толықтыруын арттыру арқылы жүзеге асырылатын болады. Отандық қаржы институттары мемлекеттің экономикасын дамытатын негізгі кредиторлар болуға тиіс. Бұдан басқа, сақтандыру секторын дамыту саласында шаруашылық субъектілерінің және тұрғындардың мүдделерін әртүрлі тәуекелдерден қорғайтын тиімді тетік және ұзақ мерзімді инвестициялар көзі ретінде белсенді қолданылатын қазіргі ұлттық сақтандыру индустриясы қалыптастырылатын болады. Сақтандыру жүйесінің әлеуеті республика экономикасын орнықты дамыту тетіктерінің бірі ретінде пайдаланылатын болады. Сонымен қатар қаржы нарығын мемлекеттік реттеу инфляция дәлізінің орнықтылығына және қаржы институттарының өз тәуекелдерін азайтуына алып келеді.
Отандық қор нарығы дамитын болады. Қарыз алуды дамыту мақсатында мемлекет қатЫсатын акционерлік қоғамдарды қор нарығына шығару практикасы өрістетілетін болады. Сондай-ақ мемлекет бағалы қағаздар қор нарығының дамуы мен республикалық және коммуналдық меншіктегі акционерлік қоғамдар және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бағалы қағаздарын және ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар мен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың бағалы қағаздарының қор нарығында сатуды жүзеге асыру жөніндегі шараларды қолданатын болады.
Сонымен қатар қаржы секторы саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттерінің бірі инвестициялар салу үшін тұрақты және қауіпсіз нарық ретінде отандық экономиканың беделін көтеру мақсатында акционерлердің құқығын қорғау болады. Есептіліктің халықаралық стандарттарын енгізу де отандық компаниялардың ашықтығын арттыруға ықпал ететін болады.
4.7.6. Фискалдық саясат
Салық саясатында кәсіпкерлік қызметке салықтық жүктемені азайту жөніндегі жаңа, қазіргі заманғы тәсілді іске асыруды бастау жоспарлануда, бұл экономиканың шикізаттық емес секторындағы кәсіпкерлердің қаржылық мүмкіндігін ұлғайтады және олардың қызметінің тиімділігін арттырады. Салықтық жүктеменің "екпіні" экономиканың өндіруші секторларына ауысатын болады.
Негізгі жұмыс салықтарды есептеу ережелерімен жүргізілетін болады, олар әлемдік таңдаулы тәжірибеге сәйкес болуға тиіс, ал салық рәсімдері ашық әрі электрондық қарым-қатынасты кеңейту жолымен бақылаушы органдармен салық төлеушілердің байланысын барынша азайтатын болады. Бұл Қазақстанның халықаралық деңгейде капитал құю орны ретінде салық бәсекелестігін арттыруға мүмкіндік береді.
Салық заңнамасының тікелей әрекет етуі қамтамасыз етілетін болады, бұл әкімшілік ету деңгейін арттыруға және салық салушылардың мүдделерінің сақталуына әкеледі.
4.7.7 Тариф саясаты және бәсекелестікті қорғау
Тариф саясатының тиімділігі табиғи монополия субъектілерінің және олардың қызметтерін тұтынушылардың мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз етуге негізделетін болады.
Тарифтік реттеу жүйесін дамыту табиғи монополиялар субъектілері тарифтерінің экономика салаларына әсерін бағалау құралдарын қолданып, тараптардың тариф белгілеудегі мүдделерін ескеру дәрежесін кеңейтуге негізделетін болады.
Стратегияны іске асырудың табыстылығына әсер ететін факторлардың бірі - Қазақстан экономикасының монопольдық сегменттерде жүргізілетін икемді және тиімді мемлекеттік тарифтік саясатының болуы.
Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін мемлекеттік реттеудің тиімді жүйесін қалыптастыру мынадай бағыттарда жүзеге асырылатын болады:
1) табиғи монополиялар субъектілерінің қаржы-шаруашылық қызметінің тиімділігін арттыруды ынталандыруға бағытталған реттеудің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру, табиғи монополиялар субъектілерінің активтеріне капиталдық (инвестициялық) салымдарды ұлғайту және олардың инвестициялық тартымдылығының өсуі үшін жағдайлар жасау;
2) табиғи монополиялар субъектілерін өнімділікті арттыруға және шығынды азайтуға ынталандыратын тарифтерді есептеудің әдіснамасын қалыптастыру.
Бұл ретте реттеудің нормативтік құқықтық базасын жетілдірудің негізі "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының
Заңын
2009 жылы жаңа редакцияда әзірлеу болмақ. Осы заңнамалық актіде, атап айтқанда, бүгінгі күні қолданыстағылардан басқа тарифтерді қалыптастырудың шығындық қағидатын, тарифтерді белгілеу кезінде субъектілер қызметінің тиімділік дәрежесін ескеруге мүмкіндік беретін салыстырмалы талдау (benchmarking) әдісін қолдану мүмкіндігін қарау жоспарлануда.
Тиісті тауар нарығында үстем (монопольді) жағдайға ие субъектілерге қатысты тарифтік саясат қазіргі уақытта жеткілікті түрде ымырашыл, осыған байланысты ондағы айрықша өзгерістер байқалмайды.
Қазіргі мемлекеттік бәсекелестік саясат бәсекелестікті қорғауды ғана емес, сонымен бірге оның экономика салаларындағы дамуын да көздейді. Бұл ретте тауарлар, жұмыстар мен қызметтер нарығында бәсекелестікті дамыту маңызы бойынша бәсекелестікті қорғау шараларынан кем түспейді.
Монополияға қарсы органның қызметі өзінің басым жағдайын асыра пайдалануға, картельдік "келісулерге", жосықсыз бәсекелестікке жол бермеуге бағытталған бәсекелестікті қорғау жөніндегі шараларды біріктіруге тиіс.
4.7.8. Техникалық реттеу мен өлшем
бірлігін қамтамасыз ету жүйесін дамыту
Стратегияны іске асыру стандарттар, метрология және сертификаттау салаларындағы бірыңғай талаптарды белгілейтін халықаралық сауда жүйесіне Қазақстанның интеграциялануы арқылы жүзеге асырылатын болады.
Техникалық реттеу және өлшем бірліктерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйелерін жетілдіру және оларды 2015 жылы еуропалық және басқа да халықаралық талаптарға сәйкес келтіру үшін:
техникалық регламенттерді қалыптастыру және дәлелдемелік база жасау;
мемлекеттік стандартты халықаралық талаптармен үйлестіру деңгейін 65 %-ға дейін жоғарылатуды қамтамасыз ету;
жаңа техникалық комитеттерді, оның ішінде халықаралық деңгейде құру, салаларда, кәсіпорындарда стандарттау және метрология қызметтерін құру, стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті органның құрылымын нығайту және жетілдіру;
стандарттау жөніндегі ұлттық органды құру;
стандарттау, метрология және сертификаттау мәселелері жөніндегі ДСҰ-мен өзара іс-қимыл жасасу жөніндегі ақпараттық орталықты құру;
республиканың кәсіпорындарын менеджмент жүйесінің жаңа халықаралық стандарттарын әзірлеу және енгізу мәселелері бойынша ынталандыру және жандандыру;
"Сапа саласындағы жетістіктері үшін" Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлығын алуға арналған конкурстарды және "Алтын сапа" республикалық конкурс-көрмесін өткізу;
Қазақстанның аккредиттеу органның халықаралық деңгейде тану бойынша жұмыс жүргізу;
халықаралық тәжірибені ескере отырып, өнім сапасын мемлекеттік қадағалауды жетілдіру көзделеді.
Стандарттау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту:
халықаралық, өңірлік және ұлттық ұйымдармен ынтымақтастықты жандандыру;
Метрикалық конвенцияға қосылу және Халықаралық электротехникалық комиссияға (ХЭК), Сынау зертханаларын аккредиттеу жөніндегі халықаралық қауымдастыққа (ILAC), Аккредиттеу жөніндегі халықаралық форумға (ІАF) кіру;
Қазақстан өкілдерінің халықаралық ұйымдардың техникалық комитеттерінің, бірінші кезекте ИСО, ХЭК жұмысында; стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың басқару органдарындағы, оның ішінде ИСО хатшылығындағы жұмысқа қатысуын қамтамасыз ету.
Аталған іс-шараларды іске асыру ішкі және сыртқы нарықта қазақстандық өнімдер сапасының және бәсекелестікке қабілеттілігінің жақсаруына, республиканың экономикалық әлеуетін арттыруға жәрдемдесетін болады.
4.7.9. Экологиялық саясат
Қазіргі уақытта ішкі жалпы өнімнің өсуі қоршаған ортаға жоғары эмиссиясымен, стационарлық және жылжымалы көздерден болатын ластаушы заттарды лақтырудың көбеюімен қатар жүруде.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы индустриялық-инновациялық саясат Қазақстан Республикасының аумағында қоршаған ортаның сапасын тұрақты түрде жақсартуды қамтамасыз етуге және экологиялық қауіпсіздік пен орнықты даму мазмұнында жүзеге асырылуға бағытталуға тиіс. Қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін нақты көрсеткіштер атмосфераға лақтырындылар саны болады. 2007 жылы ластаушы заттардың атмосфераға үлестік жиынтық лақтырындылары ЖІӨ-нің миллион теңгесіне 0,31 тоннаны құрайды, алайда, Стратегияны іске асыру кезінде 2012 жылға қарай бұл көрсеткіш ЖІӨ-нің миллион теңгесіне 0,15 тоннаны құрайды және одан әрі төмендейтін болады.
Осы міндетті шешу үшін экологиялық таза технологияларды енгізу және жаңғыртылатын ресурстар мен энергия көздерін тұрақты әрі ұтымды пайдалану үшін жағдайлар жасау, экологиялық-экономикалық ынталандыруды енгізу, орнықты даму өлшемдері негізінде ұтқыр технологиялар мен жобаларды әзірлеу және енгізу жөніндегі шаралар қажет.
Шикізат пен қалдықтарды кешенді пайдаланумен қатар тұйық технологиялық циклдерді құру бәсекеге қабілетті өнім өндіруге, бағалы компоненттерді кәдеге жаратуға және қоршаған ортаға бір мезгілде жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.
Қабылданған шаралар нәтижесінде қоршаған ортаны ластау деңгейі төмендейтін, оның сапасын тұрақтандыру үшін жағдайлар жасалатын болады, бұл қоғамның экологиялық тұрақты дамуының негіздерін құрайды. Қазақстанның экологиялық тұрақтылығының индексі өсетін және 2009 жылға 69 тармақты, 2012 жылға 73 тармақты құрайтын болады.
5. Стратегияны іске асырудың кезеңдері мен тетігі
5.1. Іске асыру кезеңдері
Жалпы Стратегияны іске асыру үш кезеңде іске асырылады: бірінші - 2003-2005 жылдар, екінші - 2006-2010 жылдар, үшінші - 2011-2015 жылдар.
Стратегияның бірінші кезеңін іске асыру негізінде екінші кезеңі (2006-2010 жылдар) Стратегияның іс-шараларын экономиканың барлық салаларында белсенді іске асыру кезеңі болып табылады. Бұл халықаралық стандарттар бойынша ғылым мен техниканың жетістіктері негізінде қуаттарды құру, сондай-ақ қажетті мамандар дайындау мәселелерін кешенді шешуге мүмкіндік береді.
Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру процесі аяқталады және Қазақстанның аталған ұйымға қатысуының толық қатысушы құқығы, Кедендік одақтың жұмыс істеуі үшін заңнамалық база түзу қамтамасыз етілген. Ұлттық сауда заңнамасы халықаралық стандарттарға және нормаларға сәйкес жетілдірілетін болады.
Ғылыми-инновациялық инфрақұрылым қалыптастырылатын болады.
Сондай-ақ халықаралық көлік дәліздерінің қалыптастыру, энергия жинақтайтын қуаттарды, телекоммуникация жүйелерін дамыту жөніндегі жұмыс жандандырылатын болады.
Жекеше сектордың, шетел инвесторларының, мемлекеттік бюджеттің және мемлекеттің қаржы институттарының қаржылық ресурстары бір бағытта және инфрақұрылымды дамыту, жұмыс істейтін кәсіпорындарды қайта жаңғырту, кеңейту және жаңа өндірістерді құру мәселелерін кешенді шешетін болады. Бұл ретте ірі, орта және шағын кәсіпорындардың тепе-теңдікте дамуы қамтамасыз етілетін болады.
Құрылыс нормаларын есепке ала отырып, кейбір кәсіпорындар Стратегияны іске асырудың алғашқы нәтижелерін көретін болады.
Инновациялық "серпінді" макрожобаларды іске асыру, дамуы өнеркәсіпті жаңғырту және экономика құрылымын әртараптандыруға бағытталатын ірі 30 корпоративтік көшбасшыларды қалыптастыру басталатын болады. Экономиканы әртараптандыру, экономиканы дамыту саласындағы кейбір өрлеулерге қарамастан мұнай және газ өндіру және экспорттаудың өсуінің есебінің негізінде қамтамасыз етілетін болады.
Үшінші кезең (2011-2015 жылдар) Стратегияны іске асыруда ең өнімдісі болып табылады. Өндірістің өсу қарқыны мен тауар және қызмет экспорты мұнай және газ өндіруінің өсуін басып озатын болады. Экономика және экспорт салаларының құрылымы әр тараптандырылатын болады.
Халықаралық стандарттарға және нормаларға сәйкес келетін қолайлы сауда режимін орнықтыру, отандық тауар және қызмет өндірушілерді қорғау үшін ДСҰ-ның экономикалық және заңдық тетіктерін пайдалану, сондай-ақ елдің халықаралық сауда келіссөздеріне қатысуы арқылы Қазақстанның ұлттық мүдделерін ілгерілету қамтамасыз етілетін болады.
5.2. Іске асыру тетігі
Стратегияның орындалуы оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары арқылы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптары ескеріле отырып жүзеге асырылатын болады және үш жылдық кезеңге Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлейтін және бекітетін болады.
Іс-шаралар жоспарында елдің индустриялық-инновациялық дамуының әрбір кезеңінің сапалық ерекшеліктері көрсетіліп Стратегия қағидаларын іске асыру жөніндегі нақты шаралар көзделетін болады. Индустриялық дамудың басым бағыттары бойынша бөлек салалық (секторлық) бағдарламалар әзірленетін болады. Оларда нақты орындаушылар және іске асыру мерзімі, сондай-ақ жылдар бойынша болжанатын көлемдер және қаржыландыру көздері көрсетілетін болады.
Бағдарламаларды әзірлеу ғылыми-зерттеу және басқа да ұйымдардың меншік нысаны мен ведомстволық тиістілігіне қарамастан олардың қатысуымен жүзеге асырылатын болады.
Жоспарланған іс-шаралардың кешенділігі елдің индустриялық-инновациялық дамуының барлық бағыттары бойынша мақсатқа сай және келісілген іс-қимылдарын қамтамасыз ету бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдар қызметін барынша үйлестіруге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі жоспарлар іс-шараларының орындалу барысы мен Стратегияның жоспарланған көрсеткіштеріне (индикаторларына) қол жеткізуді бақылау арқылы Стратегияны іске асырудың тұрақты мониторингін және тиімді бағалауды жүзеге асыратын болады.
6. Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері
Стратегияны іске асыруға арналған инвестициялық сипаттағы шығындарды қоспағанда, тікелей шығындардың болжамды көлемдері 2015 жылға қарай 10 млрд. АҚШ долларына тең соманы (1226 млрд. теңге) құрайды.
Стратегияның іс-шараларын қаржыландыру үшін "Қазына" орнықты даму қоры" АҚ" ұлттық басқарушы компанияның құрамына кіретін даму институттарының, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, оның ішінде әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың (ӘКП) қаражаттары жұмсалатын болады.
Бұдан өзге, жаңа технологиялық және ғылымды қажетсінетін өндірістерді құруға, инфрақұрылымды дамытуға бағытталған айрықша басым және тиімді жобаларды іске асыру үшін халықаралық ұйымдар және донор елдердің көмегін тарту көзделген.
Негізгі қаржылық ауыртпалықты жекеше сектор көтеретін болады. Алдын ала бағалау бойынша мемлекеттік және жеке капиталдың қатысу қатынасы бірдің екіге қатынасын құру керек.
7. Стратегияны іске асырудан күтілетін нәтижелер
Индустриялық-инновациялық даму стратегиясының табысты іске асуы өнімнің бәсекелес түрлерін өндіру және экспорттың өсуі үшін экономиканы әртараптандыру, жаңғырту және жағдайларды жасау негізінде ел экономикасының ұзақ мерзімді тұрақты өсуін қамтамасыз етуге жәрдемдесуге тиіс.
Елдің Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын белсенді іске асыру 2015 жылға мынадай нәтижелерді алуды қамтамасыз ететін болады:
2008-2015 жылдары ЖІӨ-нің орташа жылдық өсуін 6,8% деңгейінде қамтамасыз ету;
2015 жылға қарай ЖІӨ құрылымындағы шағын және орта кәсіпкерлік үлесін 43 %-ке дейін ұлғайту;
өнеркәсіп өндірісінде шағын және орта кәсіпкерліктің қатысу үлесін 20 %-ке дейін жеткізу;
ЖІӨ-нің орташа жылдық өсу қарқынын жылына 6,8% есебінен ғылымды қажетсінетін және жоғарғы технологиялық өндірістердің үлесін 1,3 %-ке дейін ұлғайту;
әлемдік нарықтарға өткізу және ішкі интеграцияға сапалы қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін көліктік-логистикалық инфрақұрылымның тиімді жүйесін құру;
Қазақстан аумағы арқылы транзит көлемін: жүгі 114,6 млн.тонна жүкті (2006 жылғы) 320,2 млн.тонна жүкке дейін (2015 жылы) ұлғайту;
ЖІӨ құрылымындағы ғылыми және ғылыми-техникалық қызметінің үлес салмағын 2005 жылы 0,5 %-тен 2015 жылы 1,7 %-ке дейін арттыру;
ЖІӨ құрылымындағы тауар өндірісінің үлес салмағы 46,8% құрайды (Стратегияны іске асыруды есептемегенде тауар өндірісінің үлесі 45,9 %-ті құрайтын еді);
ЖІӨ құрылымындағы өндіруші өнеркәсіптің үлес салмағы шамамен 13 %-ті құрайды (Стратегияны іске асыруды есептемегенде өңдеуші өнеркәсіптің үлесі 11,9 %-ті құрайтын еді);
2015 жылы өңдеуші өнеркәсіптегі өсу қарқынын 8 %-ке дейін жеткізу;
қазіргі шикізаттық емес экспорттың көлемінің өсуі және таралу ауқымының кеңеюі;
негізгі капиталдағы жыл сайынғы инвестициялардың көлемі үш-төрт есе, 8-10 трлн. теңгеге дейін өседі, оның ішінен негізгі капитал өндіруші өнеркәсіптің, көлік-коммуникация және энергетика салаларындағы инвестициялар кемінде 50% құрайтын болады;
2000 жылға қарағанда еңбек өнімділігін кемінде 3 есе ұлғайту;
2000 жылға қарағанда энергиялық сыйымдылықты 2 есе төмендету;
халықаралық талаптарға сай мемлекеттік стандарттардың үйлесімдік деңгейін 65 %-ке дейін арттыруды қамтамасыз ету.