Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 29 маусымдағы N 645 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 17 маусымдағы N 614 Жарлығы

Қолданыстағы

       Қаулы етемін:
      1. "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 29 маусымдағы N 645  Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 22, 270-құжат; 2005 ж., N 11, 100-құжат; 2007 ж., N 4, 50-құжат; 2007 ж., N 22, 245-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:

      1-тармақтың екінші абзацындағы "5440,4" деген сандар "5900,9" деген сандармен ауыстырылсын;

      көрсетілген Ережеге қосымша осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті                                   Н.Назарбаев

Қазақстан Республикасы   
Президентінің       
2008 жылғы 17 маусымдағы  
N 614 Жарлығына қосымша  

 Қазақстан Республикасы  
Президентінің      
2001 жылғы 29 маусымдағы 
N 645 Жарлығымен бекітілген
"Астана - жаңа қала"    
арнайы экономикалық    
аймағы туралы ережеге   
қосымша         

"Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық
аймағы шекарасының жоспары

"Астана - жаңа қала" АЭА аумағы S=5900,9 га.
(суретті қағаз мәтіннен қараңыз)