Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі N 314 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 15 мамырдағы N 591 Жарлығы

Қолданыстағы

Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс  

            ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі N 314 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 11, 120-құжат; N 38, 430-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамында:
      көрсетілген комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
      Келімбетов Қайрат Нематұлы - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, төрағаның орынбасары,
      Жәмішев Болат Бидахметұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі,
      Школьник Владимир Сергеевич - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі,
      Дунаев Арман Ғалиасқарұлы - "Қазына" орнықты даму қоры" АҚ басқармасының төрағасы;

      "Келімбетов Қайрат Нематұлы - "Қазына" орнықты даму қоры" АҚ басқармасының төрағасы" деген жол алып тасталсын;

      көрсетілген комиссияның құрамынан Ә.Р.Жақсыбеков және Ғ.І.Оразбақов шығарылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                       Н. Назарбаев