Қазақстан Республикасы Президенті мен
Үкіметі актілерінің жинағында толық
мәтіні және республикалық баспасөзде
мазмұны жариялануға тиіс
"Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының 4-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы N 3827 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 1, 1-құжат; 2003 ж., N 44, 469-құжат; 2007 ж., N 18, 197-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелердің тізбесі мынадай мазмұндағы он бесінші абзацпен толықтырылсын:
"Атом саласының қызметкерлері күні - 28 қыркүйек".
2. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев