Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен қауіпсіздігінің міндеттерін шешуде ғарыш технологиялары мен техникасының үлесін күшейту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы N 1513
Жарлығына
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 1, 1-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған Жарлықпен бекітілген "2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту" мемлекеттік бағдарламасында:
"Бағдарламаның паспорты" деген 1-бөлімде:
"Міндеттері" деген кіші бөлімнің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Халықаралық ғарыш станциясының бортында оларды іске асыру үшін Қазақстан Республикасының ғылыми зерттеулері мен эксперименттерінің бағдарламасы бойынша жұмыстар жүргізу;";
"Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері" деген кіші бөлімде:
бірінші абзацтағы "62768,72" деген цифрлар "44364,75" деген цифрлармен ауыстырылсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын;
"3) Халықаралық ғарыш станциясының бортында оларды іске асыру үшін Қазақстан Республикасының ғылыми зерттеулері мен эксперименттерінің бағдарламасы бойынша жұмыстар жүргізілетін болады;";
"Бағдарламаның негізгі бағыттары мен іске асыру тетігі" деген 5-бөлімнің "Бағдарламаның негізгі бағыттары" деген 5.1-кіші бөлімінде:
5.1.2-тармақтың бесінші абзацы алып тасталсын;
5.1.3-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
"5.1.3. Халықаралық ғарыш станциясының бортында оларды іске асыру үшін Қазақстан Республикасының ғылыми зерттеулері мен эксперименттерінің бағдарламасы бойынша жұмыстар жүргізу:";
екінші, төртінші, бесінші, алтыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"қатты және сұйық күйіндегі металл қорытпаларында термодиффузияны зерделеуді;";
"жоғары организмдер геніне ғарыштық ұшыру жағдайына ұқсас факторлар әсерінің молекулярлық-биологиялық тетіктерін зерттеуді және ауыл шаруашылығы дақылдарының бастапқы төзімді желілерін құруды;
жоғары күш түсуі жағдайында адамды қорғаудың химиялық, биохимиялық және психофизиологиялық әдістерін әзірлеуді;
адам организмінің бейімделу мүмкіндіктерін арттыратын, бағытталған медициналық-биологиялық қасиеттері бар биологиялық белсенді қоспалар мен мамандандырылған өнімдер әзірлеуді;";
"Бағдарламаны іске асыру тетіктері" деген 5.2-кіші бөлімнің оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Халықаралық ғарыш станциясының бортында оларды іске асыру үшін іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер мен эксперименттер жүргізуді ұйымдастыру;";
"Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері" деген 6-бөлімде:
кестеде:
реттік нөмірі 2-жолдағы "49075,02" деген цифрлар "30670,598" деген цифрлармен ауыстырылсын;