1. "Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы құқығын қамтамасыз ету және Республика Президентінің кейбір актілерін Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келтіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 21 қыркүйектегі N 413
Жарлығына
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 34, 372-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы құқығын іске асыру ережелерінде:
8-тармақта:
бірінші абзац ", сондай-ақ ғылыми сараптамаға жіберілуі мүмкін" деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзацта "келісудің" деген сөзден кейін "немесе ғылыми сараптамаға жіберудің" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
"Қаржы қаражаттарын талап ететін немесе мемлекеттік кірістерді қысқартуды көздейтін заң жобаларын Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі және Республикалық бюджет комиссиясы қарайды.".