Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 31 шілдедегі N 427 Жарлығына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 27 қарашадағы N 447 Жарлығы

Қолданыстағы

Қазақстан Республикасы Президенті 
мен Үкіметі актілерінің жинағында 
жариялануға тиіс        

       ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Мемлекеттік аппараттың жұмысын жақсарту, төрешілдікке қарсы күрес және құжат айналымын қысқарту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 31 шілдедегі N 427  Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 31, 377-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақтың 3) тармақшасында:
      "министрліктердің, агенттіктер мен ведомстволардың штат санын" деген сөздер "министрліктер мен агенттіктердің штат саны лимиттерін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Орталық атқарушы органдардың басшылары ведомстволардың штат санындағы өзгерістерді Мемлекет басшысымен не оның уәкілеттік беруімен Республиканың Президенті Әкімшілігімен келіссін.".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті