Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.
Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
және республикалық баспасөзде
жариялануға тиіс
"Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының 4-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы N 3827 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 1, 1-құжат; 2003 ж., N 44, 469-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелердің тізбесі мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
"Полиция күні - 23 маусым".
2. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Президенті |