Аудандардың, облыстық мәні бар қалалардың, қалалардағы аудандардың әкімдерін тағайындау тәртібі туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 4 маусымдағы N 339 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 86 Жарлығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2011.05.19  № 86Жарлығымен.

      Қазақстан Республикасы Президенті 
мен Үкіметі актілерінің жинағында 
және республикалық баспасөзде   
жариялануға тиіс         

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабының4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының  32  және  36-тармақтарына сәйкес  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Облыстардағы аудандардың және облыстық мәні бар қалалардың әкімдері, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларындағы аудандардың әкімдері тиісінше облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері қызметіне тиісінше облыстағы ауданның, облыстық мәні бар қаланың, Астана және Алматы қалалары мәслихатының келісімімен тағайындалады деп белгіленсін.

      2. Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 6 маусымдағы N 130  Жарлығында белгіленген тәртіппен сайланған аудандардың және облыстық мәні бар қалалардың әкімдері өз өкілеттіктерін сайланған мерзімі аяқталғанға дейін сақтайды.

      3. "Қазақстан Республикасының аудандары, облыстық мәні бар қалалары әкімдерінің сайлауын өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 6 маусымдағы N 130  Жарлығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 22, 212-құжат).

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті