Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы N 3827 Жарлығына тоықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 4 маусымдағы N 337 Жарлығы

Қолданыстағы

 Қазақстан Республикасы Президенті 
мен Үкіметі актілерінің жинағында 
және республикалық баспасөзде   
жариялануға тиіс         

      "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының  4-бабына  сәйкес  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы N 3827  Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 1, 1-құжат; 2003 ж., N 44, 469-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

      аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер тізбесі мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні - 4 маусым".

      2. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті