Қазақстан Республикасының Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзімді перспективаға арналған тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 1 қыркүйектегі N 1641 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 35, 480-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен мақұлданған, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзімді перспективаға арналған тұжырымдамасында 4-бөлімнің 1-тармағының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"корпорациялық табыс салығы, үстеме пайдаға салынатын салық, роялтилер, бонустар, өнімді бөлу жөніндегі үлес, экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына салынатын ренталық салық, өнімді бөлу туралы келісімшарт бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемі жататын мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін тікелей салықтар (жергілікті бюджеттерге есептелетін салықтарды қоспағанда), сондай-ақ мұнай секторы кәсіпорындары жүргізетін операциялардан түсетін басқа да түсімдер, оның ішінде мұнай келісімшарттарының талаптарын бұзғаны үшін түсетін түсімдер (жергілікті бюджеттерге есептелетін түсімдерді қоспағанда). Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мұнай секторы кәсіпорындары төлейтін салықтардың басқа түрлері және бюджетке басқа да міндетті төлемдер тиісті бюджеттерге есептелуге жатады. Бұл ретте мұнай секторының кәсіпорындарына тізбеде айқындалатын мұнай операцияларымен айналысатын, сондай-ақ шикі мұнай мен газ конденсатын сататын барлық заңды тұлғалар жатады;".