1. Қазақстан Республикасы Үкіметіне Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның Хатшылығы 8 бірліктен тұратын штат санымен бірге Премьер-Министрі Кеңсесінен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат саны мен құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 31 наурыздағы N 1327
Жарлығына
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 15, 184-құжат, N 48, 591-құжат; 2005 ж., N 6, 49-құжат, N 20, 539-құжат; 2006 ж., N 4, 23-құжат, N 15, 140-құжат):
1-тармақтағы "376" деген цифрлар "384" деген цифрлармен ауыстырылсын;
аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымы "Мемлекеттік хатшының хатшылығы" деген жолдан кейін "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссияның хатшылығы" деген жолмен толықтырылсын;
2) "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы N 56
Жарлығына
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 56, 39-құжат):
аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы ереженің
13-тармағындағы
"Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің" деген сөздер "Республикасы Президенті Әкімшілігінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрамына:
Аманшаев Ермек Әмірханұлы - Астана қаласы әкімінің орынбасары,
Бекжанов Жамбыл Лесбекұлы - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы Хатшылығының меңгерушісі,
Жарбосынова Мәдина Бинешқызы - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі,
Иқсанова Гүлнар Мұстахимқызы - "Хабар" агенттігі акционерлік қоғамының бас директоры (келісім бойынша),
Клебанова Дарья Владимировна - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша),
Мұқашев Сиязбек Өнербекұлы - Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы (келісім бойынша),
Ни Любовь Августовна - Мемлекеттік республикалық корей музыкалық комедия театрының директоры (келісім бойынша),
Сейдуманов Серік Тұрарұлы - Алматы қаласы әкімінің орынбасары,
Соловьева Айгүл Сағадибекқызы - Қазақстанның Азаматтық альянсінің президенті (келісім бойынша),
Тұтқышев Бексұлтан Серікпайұлы - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша) енгізілсін;
аталған комиссияның құрамынан О.А. Асанғазы, Г.К. Аубанова, С.Н. Бурлаченко, Л.А. Васильева, Т.С. Жақыпова, С.Қ. Ысқақова, Ш.Ж. Махмұдова, С.С. Мұстафина, Ә.Г. Мұхамеджанова, Н.М. Сейітова, В.А. Сиврюкова, А.Т. Төлегенова, З.М. Хасанова шығарылсын.