Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 21 қазандағы N 1461 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 17 сәуірдегі N 316 Жарлығы

Қолданыстағы

 Президент пен Үкімет актілерінің 
жинағында жариялануға тиіс    

      "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының  20-бабына  сәйкес  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 21 қазандағы N 1461  Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 41, 527-құжат; 2005 ж., N 21, 244-құжат; 2006 ж., N   20, 192-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

      Мәсімов               - Қазақстан Республикасының
      Кәрім Қажымқанұлы       Премьер-Министрі, төраға,

      Оразбақов             - Қазақстан Республикасының Индустрия
      Ғалым Ізбасарұлы        және сауда министрі, төрағаның
                              орынбасары,

      Мамытбеков            - Қазақстан Республикасы Президентінің
      Еділ Құламқадырұлы      Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық
                              талдау бөлімінің меңгерушісі,

      Сапарбаев             - Қазақстан Республикасының Экономика
      Бердібек Машбекұлы      және бюджеттік жоспарлау
                              вице-министрі;

      көрсетілген Комиссияның құрамынан Д.К. Ахметов, В.С. Школьник, М.Н. Мұханов, Б.Ә. Палымбетов, В.В. Храпунов шығарылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті