Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн жаңғырту жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы N 273 Жарлығы

Жаңартылған

 Қазақстан Республикасы Президенті 
мен Yкіметі актiлерiнiң жинағында 
және республикалық баспасөзде   
жариялануға тиiс         

      Мемлекеттiк басқару жүйесiн жаңғыртуға бағытталған әкiмшiлiк реформаны тереңдету мақсатында  ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

      1. Мемлекеттiк басқару жүйесiн реформалаудың мынадай негiзгi қағидаттары белгiленсiн:
      1) кезеңдердiң бiртiндеушiлiгi мен дәйектiлiгi;
      2) реформалаудың алға қойылған мiндеттерiнiң кешендiлiгi және ұсынылып отырған шешiмдердiң жүйелiлiгi;
      3) транспаренттiлiк;
      4) қабылданған шешiмдердi iске асырудың тұрақты мониторингi;
      5) жұмылдырылған барлық мемлекеттiк органдардың өзара iс-қимылының тиiмдiлiгi.

      2. Мемлекеттiк басқарудың тиiмдi жүйесi мыналарға негiзделсiн:
      1) өңiрлердiң дербестiгiн сақтау барысында орталық мемлекеттiк органдардың бақылау және қадағалау функцияларының тиiмдiлiгiн арттыру;
      2) атқарушы билiктiң әртүрлi деңгейлерi арасындағы өзара қарым-қатынастарда икемдiлiктi арттыру;
      3) мемлекеттiк басқару органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн тәуелсiз сыртқы бағалау/оның аудитi;
      4) мемлекеттiк қызметке неғұрлым дарынды кадрларды тарту үшiн жағдай жасау;
      5) мемлекеттiк қызметтiң оң имиджiн қалыптастыру;
      6) бюджет процесiне жаңа тәсiлдер енгiзу;
      7) мемлекеттiк менеджменттiң соңғы нәтижеге бағдарланған оңтайлы әдiстерiн енгiзу;
      8) сыбайлас жемқорлықты азайту.

      3. Осы кезеңде реформалаудың басымдықтары мыналар болуға тиiс деп белгiленсiн:
      1) мемлекеттiк басқарудың процестерi мен рәсiмдерiн, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсетудi сапалы жетiлдiру;
      2) мемлекеттiк аппарат қызметiнiң кәсiбилiгiн, тиiмдiлiгiн және оның үйлесiмдiлiгiн арттыру.

      4. Қоса берiлiп отырған мемлекеттiк басқару жүйесiн жаңғырту жөнiндегi бiрiншi кезектегi iс-шаралар жоспары бекiтiлсiн.
      5. Мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiру үшiн Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң басшылығымен осы Жарлыққа  қосымшаға  сәйкес құрамда әкiмшiлiк реформа жүргiзу жөнiндегi ведомствоаралық комиссия құрылсын.

      6. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
      1) Мемлекеттiк басқарудың өзектi мәселелерiн зерделеу жөнiндегi орталық құру жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн;
      2) осы Жарлықтың ережелерiнен туындайтын заң жобаларын әзiрлеп, Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзсiн;
      3) осы Жарлықтан туындайтын өзге де қажеттi шараларды қабылдасын.

      7. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
      1) "Әкiмшiлiк реформа жөнiндегi жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 18 сәуiрдегi N 46a  өкiмi ;

      2) "Мемлекеттiк басқару жүйесiн жетiлдiруге бағытталған шараларды iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 11 қыркүйектегi N 66  өкiмi ;

      3) "Әлеуметтiк саланы және құқық қорғау жүйесiн одан әрi жаңғырту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 10 қазандағы N 72  өкiмi .

      8. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.

      9. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Қазақстан Республикасы  
Президентiнiң       
2007 жылғы 13 қаңтардағы 
N 273 Жарлығымен     
БЕКIТIЛГЕН        

  Мемлекеттiк басқару жүйесiн жаңғырту жөнiндегi бiрiншi
кезектегi iс-шаралар
ЖОСПАРЫ

      1. Мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың әкiмшiлiк регламенттерiн әзiрлей отырып:
      1) мемлекеттiк органдар мен қызметшiлердiң функционалдық мiндеттерiмен өкiлеттiктерiн қалыптау және аражiгiн ажырату;
      2) мемлекеттiк органдарды үйлестiру және олардың арасындағы өзара iс-қимыл тетiгiн айқындау;
      3) қоғамға, халыққа және бизнеске мемлекеттiк қызмет көрсетулер стандарттарын әзiрлеу мақсатында әкiмшiлiк рәсiмдер жөнiндегi заңнаманы жетiлдiру
      iске асыру мерзiмi - 2007 жылғы бiрiншi жартыжылдық,
      жауапты орындаушылар - Қазақстан Республикасының Үкiметi, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi.

      2. Тiкелей халыққа қызмет көрсетулер ұсынатын мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда мемлекеттiк қызмет көрсетулер ұсыну стандарттарын әзiрлеу және енгiзу
      iске асыру мерзiмi - 2007-2008 жылдар,
      жауапты орындаушылар - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi, Қазақстан Республикасының Үкiметi.

      3. Мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың қызметiне кезең-кезеңiмен функционалдық талдау жүргiзу
      iске асыру мерзiмi - 2007 жылғы бiрiншi жартыжылдық,
      жауапты орындаушылар - Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi.

      4. Функционалдық талдау нәтижелерi негiзiнде мемлекеттiк басқару құрылымын жетiлдiру
      iске асыру мерзiмi - 2007 жылғы төртiншi тоқсан,
      жауапты орындаушылар - Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi.

      5. Мемлекеттiк органдар мен ұйымдар қызметкерлерiнiң функционалдық талдау нәтижелерiне негiзделген оңтайлы санын қамтамасыз ету
      iске асыру мерзiмi - 2007 жылғы төртiншi тоқсан,
      жауапты орындаушы - Қазақстан Республикасының Үкiметi.

      6. Мемлекеттiк басқарудың өзектi мәселелерiн зерделеу жөнiндегi орталық құру туралы ұсыныстар енгiзу
      iске асыру мерзiмi - 2007 жылғы бiрiншi жартыжылдық,
      жауапты орындаушы - Қазақстан Республикасының Үкiметi.

      7. Орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiн жыл сайынғы бағалау және оның аудитi жүйесiн әзiрлеу
      iске асыру мерзiмi - 2007 жыл,
      жауапты орындаушы - Қазақстан Республикасының Үкiметi.

      8. Стратегиялық мақсаттардың қол жеткiзiлу деңгейiн, мемлекеттiк қызмет көрсетулердiң ұсынылу сапасын, бағдарламалық құжаттардың iске асырылу тиiмдiлiгi мен басқа да көрсеткiштердi есепке алатын мемлекеттiк органдар қызметiнiң рейтингтiк бағалау жүйесiн әзiрлеу мен енгізу
      iске асыру мерзiмi - 2007 жылғы бiрiншi жартыжылдық,
      жауапты орындаушы - Қазақстан Республикасының Үкiметi.

      9. Мемлекеттiк қызмет көрсетулердiң сапасын бағалау жөнiнде халыққа әлеуметтанушылық сауал қоюларды тұрақты түрде өткізіп тұру
      iске асыру мерзiмi - 2008 жылдан бастап,
      жауапты орындаушы - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi.

      10. "Электрондық үкiметтi" кезең-кезеңiмен енгiзу
      iске асыру мерзiмi - 2007-2008 жылдар,
      жауапты орындаушы - Қазақстан Республикасының Үкiметi.

      11. Мемлекеттiк қызметшiлердi басқарудың және олардың бiлiктiлiгiн арттырудың стратегиялық жоспарын әзiрлеу
      iске асыру мерзiмi - 2007 жыл,
      жауапты орындаушылар - Қазақстан Республикасының Yкiметi, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi.

      12. Мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу
      iске асыру мерзiмi - 2007 жылдың бiрiншi тоқсаны,
      жауапты орындаушы - Қазақстан Республикасының Үкiметi.

      13. Мемлекеттiк қызметшiлердiң жұмыс сапасын бағалау жүйесiн жасау
      iске асыру мерзiмi - 2007 жылдың төртiншi тоқсаны;
      жауапты орындаушы - Қазақстан Республикасының Үкiметi.

      14. Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне көбiрек дербестiк беру және түпкi нәтижелерге қол жеткiзу үшiн олардың жауапкершiлiгiн күшейту мақсатында бюджеттiк жоспарлауды жетiлдiру
      iске асыру мерзiмi - 2007-2008 жылдар,
      жауапты орындаушы - Қазақстан Республикасының Үкiметi.

      15. Орталық мемлекеттiк органдарда бас директор жоғары әкiмшiлiк лауазымын енгiзу туралы заң жобасын әзiрлеу және оны енгiзу
      iске асыру мерзiмi - 2007 жылдың бiрiншi тоқсаны,
      жауапты орындаушылар - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi, Қазақстан Республикасының Yкiметi.

      16. Құқық қорғау жүйесi мен бюджет саласын (бiлiм беру және денсаулық сақтау) жаңғырту жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу
      iске асыру мерзiмi - 2007 жыл,
      жауапты орындаушы - Қазақстан Республикасының Үкiметi.

Қазақстан Республикасы  
Президентiнiң      
2007 жылғы 13 қаңтардағы 
N 273 Жарлығына     
ҚОСЫМША         

       Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Президентінің 2008.01.18.  N 516  Жарлығымен.

  Әкімшілік реформа жүргізу жөніндегі
ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯ

Мәсімов                      - Қазақстан Республикасының
Кәрім Қажымқанұлы              Премьер-Министрі, төраға

Орынбаев                     - Қазақстан Республикасы
Ербол Тұрмаханұлы              Премьер-Министрінің орынбасары,
                               төрағаның орынбасары

Шөкеев                       - Қазақстан Республикасы
Өмірзақ Естайұлы               Премьер-Министрінің орынбасары,
                               төрағаның орынбасары

Шәженова Дина Мэлсқызы       - Қазақстан Республикасы Экономика
                               және бюджеттік жоспарлау
                               министрлігінің жауапты хатшысы,
                               хатшы

Комиссия мүшелері:

Ахметов                      - Қазақстан Республикасының
Даниал Кенжетайұлы             Қорғаныс министрі

Аюбаев Мұхтар Ақатұлы        - Қазақстан Республикасы Президенті
                               Күзет қызметінің бастығы

Әбдірахымов                  - Қазақстан Республикасының
Ғабидолла Рахметоллаұлы        Мемлекеттік қызмет істері
                               агенттігінің төрағасы

Балиева                      - Қазақстан Республикасының
Зағипа Яхияқызы                Әділет министрі

Божко                        - Қазақстан Республикасының
Владимир Карпович              Төтенше жағдайлар министрі

Дерновой                     - Қазақстан Республикасының
Анатолий Григорьевич           Денсаулық сақтау министрі

Есекеев                      - Қазақстан Республикасының
Қуанышбек Бақытбекұлы          Ақпараттандыру және байланыс
                               агенттігінің төрағасы

Есімов                       - Қазақстан Республикасының
Ахметжан Смағұлұлы             Ауыл шаруашылығы министрі

Жәмішев                      - Қазақстан Республикасының
Болат Бидахметұлы              Қаржы министрі

Қалмырзаев                   - Қазақстан Республикасының
Сарыбай Сұлтанұлы              Экономикалық қылмысқа және сыбайлас
                               жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің
                               (қаржы полициясы) төрағасы

Мамин                        - Астана қаласының әкімі
Асқар Ұзақбайұлы

Мұхаметжанов                 - Қазақстан Республикасының
Бауыржан Әлімұлы               Ішкі істер министрі

Мыңбаев                      - Қазақстан Республикасының Энергетика
Сауат Мұхаметбайұлы            және минералдық ресурстар министрі

Өксікбаев                    - Республикалық бюджеттің атқарылуын
Омархан Нұртайұлы              бақылау жөніндегі есеп комитетінің
                               төрағасы

Сағынтаев Бақытжан Әбдірұлы   - Қазақстан Республикасы
                                Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы

Сапарбаев                     - Қазақстан Республикасының Еңбек
Бердібек Машбекұлы              және халықты әлеуметтік қорғау
                                министрі

Сұлтанов                      - Қазақстан Республикасының Экономика
Бақыт Тұрлыханұлы               және бюджеттік жоспарлау министрі

Тасболатов                    - Қазақстан Республикасының
Абай Бөлекбайұлы                Республикалық ұлан қолбасшысы

Түймебаев                     - Қазақстан Республикасының
Жансейіт Қансейітұлы            Білім және ғылым министрі

Түсіпбеков                    - Қазақстан Республикасының
Рашит Төлеутайұлы               Бас прокуроры

Шабдарбаев                    - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Амангелді Смағұлұлы             қауіпсіздік комитетінің төрағасы

Школьник                      - Қазақстан Республикасы Президенті
Владимир Сергеевич              Әкімшілігі Басшысының орынбасары