Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 11 қарашадағы N 3205 Жарлығына толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 31 тамыздағы N 171 Жарлығы

Қолданыстағы

"Президент пен Үкімет актілерінің
жинағында" жариялануға тиіс  

      "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңы  14-бабының  2) тармақшасына сәйкес  ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

      1. "Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 11 қарашадағы N 3205  Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 44, 424-құжат; 2005 ж., N 15, 174-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы ережеде  8-тармақ  мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "5-1) Қазақстан Республикасының азаматтарын шет мемлекеттердегi сайлауды байқау үшiн жiберу тәртiбiн айқындайды және ол жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;".

      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi және Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi