Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 11 маусымдағы N 1388 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 24 шілдедегі N 150 Жарлығы

Қолданыстағы

"Президент пен Үкімет актілерінің
жинағында" жариялануға тиіс   

      "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының  20-бабына  сәйкес  ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

      1. "Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005 - 2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 11 маусымдағы N 1388  Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2004 ж., N 26, 329-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005 - 2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасында:
      3-бөлiмде:
      3.6-шағын бөлiмде тоғызыншы және оныншы абзацтар алып тасталсын; 
      мынадай мазмұндағы 3.6.1-тараумен толықтырылсын: 
      "3.6.1. Ипотекалық кредиттерге кепiлдiк беру және сақтандыру жүйесi.
      Ипотекалық кредит берудi серпiндi дамытуда ипотекалық кредиттерге кепiлдiк беру және сақтандыру жүйесi айтарлықтай рөл атқарады. Ипотекалық кредиттерге кепiлдiк беру және сақтандыру жүйесi екiншi деңгейдегi банктер мен ипотекалық кредиттерге кепiлдiк берудi және сақтандыруды жүзеге асыратын ұйымдар арасындағы кредит бойынша кредиттiк тәуекелдердi бөлу жолымен ипотекалық кредиттерге қолжетiмдiлiктi арттыру үшiн қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.
      Осыған байланысты 2003 жылы Қазақстандық ипотекалық кредиттерге кепiлдiк беру қоры (бұдан әрi - ҚИКБҚ) құрылды. Ипотекалық кредиттерге кепiлдiк беру және оларды сақтандыру жүйесiн құру Қазақстанға ипотекалық кредиттер нарығын оңтайландыруға және кеңейтуге мүмкiндiк бередi. Ипотекалық кредиттерге кепiлдiк беру және сақтандыру жүйесi бүкiл кредиттiң мерзiмi iшiнде кредиттiк тәуекелдердiң 100%-ға дейiн ҚИКБҚ-ның жабылуын болжайды.";

      5-бөлiмде:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "ипотекалық кредиттерге кепiлдiк беру жүйесiн дамыту.";
      5.1-шағын бөлiмде:
      5.1.1-тарауда үшiншi абзацтағы "қалалық энергия көздерiн дамытуға үлестiк қатысумен байланысты тұрғын үй салушылардың шығындарын (қосылатын қуат үшiн ақы төлеу)" деген сөздер "қосымша қуаттарды қосуға ақы төлеудi, сондай-ақ энергия беретiн ұйымдардың энергияны тасымалдау желiлерiн дамытуға және қайта жаңғыртуға байланысты, меншiк нысанына қарамастан тұрғын үйлердi салушылардың шығындарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5.1.2-тарау мынадай мазмұндағы екiншi, төртiншi және бесiншi абзацтармен толықтырылсын:
      "азаматтардың жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскелерiн алуға берген өтiнiштерiнiң санын ескере отырып, жергiлiктi атқарушы органдарға жеке тұрғын үй құрылысының аудандарында инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту мен орналастыруға мақсатты трансферттер бөлу;";
      "Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскелерi инженерлiк-коммуникациялық желiлер жүргiзiле отырып берiледi, бұл жеке тұрғын үйiн салған кезде азаматтардың шығыстарын айтарлықтай қысқартады. Азаматтардың жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскелерiн алудың бiрыңғай рәсiмiн әзiрлеу жөнiндегi шаралар қабылданатын болады.
      Төрешiлдiк әуре-сарсаңды болдырмау үшiн жер учаскесiне құқықты куәландыратын құжаттарды ресiмдеу және беру рәсiмдерiн жүзеге асыру азаматтардың өтiнiштерiн қараудың нақты мерзiмiн белгiлей отырып, "жалғыз терезе" қағидаты бойынша жүргiзiледi.";
      5.1.6-тарауда:
      бiрiншi абзацта "бip шаршы метр үшiн 350 АҚШ долларынан аспайтын" деген сөздер алып тасталсын; 
      төртiншi абзацта: "- республика бойынша орта есеппен 350 АҚШ долларынан аспайды" деген сөздер "пәтерлердiң жалпы алаңының бiр шаршы метрi үшiн 56515 теңгеден аспайды. Бұл ретте өңiрлер бойынша пәтерлердiң жалпы алаңының бiр шаршы метрi құрылысының құны жобалардың мемлекеттiк сараптамасын жүргiзген кезде реттелетiн болады." деген сөздермен ауыстырылсын; 
      он үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Тұрғын үй құрылысы және тұрғын үйдiң жалға берiлетiн секторын дамыту";
      мынандай мазмұндағы он төртiншi, он алтыншы және он жетiншi абзацтармен толықтырылсын:
      "Тұрғын үй салуға арналған кредиттiк қаражат халық тарапынан қолжетiмдi тұрғын үйге арналған төлемге қабiлеттi сұранысын ескере отырып, облыстардың арасында қайта бөлiнедi.";
      "Халықты жайлы тұрғын үймен қамтамасыз етудiң баламалы тәсiлдерiнiң бiрi жалға берiлетiн үйлердi ұйымдастыру және тұрғын үйдi жалға беру секторын дамыту болып табылады және заңнамалық базаны әзiрлеудi, осы мiндеттi іске асыру үшiн қосымша шаралар қабылдауды талап етедi. Мұндай тұрғын үйдi дамыту үшiн жағдай жасау құрылыс салушыларға да, жалға берiлетiн үйлердiң меншiк иелерiне де, сондай-ақ жалға алушыларға да белгiлi бір жеңiлдiктердi белгiлеу түрiнде мемлекеттiк қаражатты тартуды талап етедi.
      Халықтың тұрғын үй проблемаларын толық қамту және жеделдетiп шешу үшiн жалға берiлетiн тұрғын үй секторын одан әрi дамытудың тетiгiн қарау қажет.";
      жиырма екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Бұл ретте қолжетiмдi тұрғын үй алыпсатарлығын болдырмау мақсатында мәжбүрлеме соттан тыс тәртiппен немесе соттың шешiмi бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен кепiлдiкке алынған тұрғын үйдi сату жағдайларын қоспағанда, тұрғын үйдi сатып алу-сату шарттарында тұрғын үйдi сатып алған күннен бастап үш жыл iшiнде оны сатуға шектеу көзделетiн болады.";    
      5.2-шағын бөлiмнiң 5.2.1-тарауында:
      2-тармақтың соңғы сөйлемi алып тасталсын;

      6-бөлiмде:
      алтыншы абзацта "84,0" цифрлары "64,0" цифрларымен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы сегiзiншi абзацпен толықтырылсын:
      "тұрғын үйлер салған кезде инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымдарды дамыту мен жайластыруға 2006 жылы - 20,0 млрд. теңге.";

      7-бөлiмде:
      бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Тұрғын үйлердi iске қосу 2005 жылы - 5,04 млн. шаршы метрдi құрады (43,6 мың пәтер), 2006 жылы тұрғын үйлердiң жалпы алаңы - 5,11 млн. шаршы метр (44,1 мың пәтер), 2007 жылы - 5,68 млн. шаршы метр (50,4 мың пәтер) құрайды.";
      үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "үш жылдың iшiнде алаңы 15,8 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берiледi немесе 250 мың отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етiледi;".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының 
      Президенті