1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жекелеген мемлекеттiк жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы" 2001 жылғы 5 шiлдедегi N 648 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2001 ж., N 27, 331-құжат; N 39, 397-құжат):
1-тармақ мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
"10) Қазақстан Республикасы Президентiнiн жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясына.";
2-тармақтың 1) тармақшасы ", Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясына қатысты емес" деген сөздермен толықтырылсын;
2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясының мәселелерi" туралы 2005 жылғы 8 шiлдедегi N 1611 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2005 ж., N 29, 362-құжат):
аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясы туралы ережеде 36-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"Академияның профессор-оқытушылар құрамына және басқарушы қызметшiлерiне еңбекақы төлеу қоры олардың белгiленген мөлшердегi лауазымдық жалақыларын (ставкаларын) 1,5-нан 2,5-ға дейiн арттыру коэфициенттерi ecкеріле отырып, айқындалады.
Лауазымдық жалақыны арттыру коэфициентiнiң нақты мөлшерi лауазымдар санатына қарай сараланып және Академия ректоры бекiтетiн тәртiппен белгiленедi".