Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 21 қазандағы N 1461 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы N 125 Жарлығы

Қолданыстағы

 "Президент пен Үкімет актілерінің 
жинағында" жариялануға тиіс   

      "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының  20-бабына  сәйкес  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 21 қазандағы N 1461  Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 41, 527-құжат; 2005 ж., N 21, 244-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Школьник                  - Қазақстан Республикасының Индустрия
Владимир Сергеевич          және сауда министрі, төрағаның
                            орынбасары,

Коржова                   - Қазақстан Республикасының Қаржы
Наталья Артемовна           министрі,

Мұханов                   - Қазақстан Республикасы Президентінің
Мақсат Нұрдәулетұлы         Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық
                            талдау бөлімінің меңгерушісі,

Палымбетов                - Қазақстан Республикасының Экономика
Болат Әбілқасымұлы          және бюджеттік жоспарлау вице-министрі;

      аталған Мемлекеттік комиссияның құрамынан: С.М.Мыңбаев, А.Ғ.Дунаев, Е.Т.Орынбаев, Қ.Н.Келімбетов шығарылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті