Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің құрамындағы өзгерістер туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 6 мамырдағы N 113 Жарлығы. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2008 жылғы 21 қарашадағы N 696 Жарлығымен.

Күшін жойған

       Ескерту. Жарлықтың күші жойылды - ҚР Президентінің 2008 жылғы 21 қарашадағы N 696 Жарлығымен.

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 82-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 36-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы" 2001 жылғы 28 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 15 қазандағы N 702 Жарлығымен құрылған Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің құрамына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері болып:
      Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының төрағасы Бақытжан Бекзатханұлы Асқаров,
      Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Болат Кенжекешұлы Байқадамов,
      Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Иоган Давидович Меркель,
      Алматы қалалық сотының төрағасы, Қазақстан Республикасы Судьялар одағының төрағасы Нұрлан Нұрғалиұлы Момбеков,
      Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының төрағасы Марат Нұрбеков,
      Қостанай облысы Қостанай қалалық сотының төрағасы Бақытқазы Смағұлұлы Ордабаев,
      Қазақстан Республикасы Адвокаттар одағының президенті Әнуар Құрманбайұлы Түгел,
      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Ибраһим Тілеуұлы Тоқболатов,
      Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті сот билігі және қылмыстық іс жүргізу кафедрасының меңгерушісі Қалимолла Халықұлы Халықов тағайындалсын;
      Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің құрамынан: Қ.Ахметов, А.Н.Ақпанов, М.Т.Әлімбеков, М.Е.Есжанов, Е.Қ.Серекбаев, Б.Тұрғараев шығарылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті