"Президент пен Үкімет актілерінің
жинағында" толық мәтіні және
республикалық баспасөзде
мазмұны жариялануға тиіс
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 8) тармақшасына сәйкес, халықтың өмiр сүру сапасын арттыру, Астана қаласының әлемдiк стандарттарға сай келетiн және экономиканың өсуiне барабар тыныс-тiршiлiк инфрақұрылымын қалыптастыру, елорданың мемлекет экономикасындағы ықпалдастық рөлiн арттыру, сондай-ақ қолайлы қоршаған ортаны қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Қоса берiлiп отырған Астана қаласының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2006 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасының Yкiметi бiр ай мерзiмде Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын әзiрлеп, бекiтсiн.
3. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар Бағдарламаны iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын.
4. Астана қаласының әкімі:
1) Бағдарламаның орындалуын үйлестiрудi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен қамтамасыз етсін;
2) жарты жылда бiр рет, есептi кезеңнен кейiнгi айдың 25-күнiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне және Қазақстан Республикасының Үкiметiне Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
5. Осы Жарлықтың iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.
6. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2006 жылғы 4 мамырдағы
N 111 Жарлығымен
БЕКIТIЛГЕН
Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық
дамуының 2006 - 2010 жылдарға арналған
МЕМЛЕКЕТТIК БАҒДАРЛАМАСЫ
Астана, 2006 жыл
Мазмұны
Бағдарламаның паспорты
Кiрiспе
1.
Проблеманың қазiргi жай-күйiн талдау
1.1.
Жалпы сипаттама
1.2.
Әлеуметтік сала
1.2.1.
Демографиялық даму
1.2.2.
Әлеуметтiк қамсыздандыру
1.2.3.
Бiлiм беру
1.2 4.
Денсаулық сақтау
1.2.5.
Мәдениет және спорт
1.2.6.
Ақпарат және имидж саясаты
1.3.
Индустриялық-инновациялық саясат және энергетикалық кешен
1.3.1.
Өнеркәсiп
1.3.2.
Кәсiпкерлiк
1.3.3.
Электр энергетикасы
1.3 4.
Жылумен жабдықтау
1.4.
Қала құрылысы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
1.4.1.
Қала құрылысы
1.4.2.
Тұрғын үй құрылысы
1.4.3.
Қаланы абаттандыру
1.4.4.
Газбен жабдықтау
1.4.5.
Сумен жабдықтау және су тарту
1.5.
Көлiк жүйесi
1.5.1.
Қалалық жол-көлiк жүйесi
1.5.2.
Қаланың iшкi көлiгi
1.5.3.
Сыртқы көлiк
1.6.
Инвестициялық ахуал
1.7.
Туризм
1.8.
Сауда
1.9.
Бюджет саласы
1.10.
Қоршаған ортаны қорғау
2.
Бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерi
3.
Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары мен тетiгi
3.1.
Әлеуметтiк саланы дамыту
3.1.1.
Демографиялық даму
3.1.2.
Халықтың тұрмыс деңгейi
3.1.3.
Әлеуметтiк қамсыздандыру
3.1.4.
Бiлiм беру
3.1.5.
Денсаулық сақтау
3.1.6.
Мәдениет және спорт
3.1.7.
Ақпарат-имидж саясаты
3.2.
Индустриялық-инновациялық саясат және энергетикалық кешендi дамыту
3.2.1.
Өнеркәсiп
3.2.2.
Кәсiпкерлiктi дамыту
3.2.3.
Электр энергетикасы
3.2.4.
Жылумен жабдықтау
3.3.
Қала құрылысы және тұрғын ұй-коммуналдық шаруашылықты дамыту
3.3.1.
Қала құрылысы
3.3.2.
Тұрғын үй құрылысы
3.3.3.
Қаланы абаттандыру
3.3 4.
Газбен жабдықтау
3.3.5.
Сумен қамтамасыз ету және су тарту
3.4.
Көлiк және телекоммуникацияны дамыту
3.4.1.
Көлiк
3.4.2.
Телекоммуникациялар
3.5.
Сауда
3.6.
Қалалық қызмет көрсету саласын дамыту
3.7.
Салық және бюджет саясаты
3.8.
Инвестициялық ахуалды жақсарту
3.9.
Туризмдi дамыту
3.10.
Қоршаған ортаның жағдайын жақсарту
4.
Қажеттi ресурстар мен оларды қаржыландыру көздерi
5.
Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер
Атауы Астана қаласының әлеуметтiк-экономикалық дамуының
2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк
бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама)
Әзiрлеу үшін Қазақстан Республикасының Президентi
негiз Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен 2004 жылғы 21
желтоқсанда өткен кеңестiң N 01-7.11 хаттамасы
Әзiрлеуші Астана қаласының әкiмдiгi
Мақсаты Халықтың өмiр сүру сапасын дәйектi арттыру,
әлемдiк стандарттарға сай келетiн және қала халқы
мен экономикасының өсуiне барабар тыныс-тiршiлiк
инфрақұрылымын қалыптастыру, қолайлы қоршаған
ортаны қамтамасыз ету, елдiң экономикасында
елорданың ықпалдастық рөлiн арттыру
Мiндеттерi
I кезең (2006 - 2008 жылдар):
бала тууды көтермелеу, денсаулықты бекемдеу және
өмiр сүру жасын ұзарту;
халықтың неғұрлым осал және қорғалмаған
жiктерiне атаулы әлеуметтiк көмекті ұсыну;
мемлекет және денсаулық сақтау саласындағы
уәкiлеттi орган айқындайтын денсаулық сақтауды
дамытудың басым бағыттарын iске асыру;
сапалы медициналық көмек көрсетудi қамтамасыз
ететiн медициналық кластер құру;
әлемдiк деңгейдегi бiлiктi кадрларды даярлауды
қамтамасыз ететiн ғылым-бiлім кластерiн құру;
бiлiм беру мекемелерiнiң теңгерiмделген
желiсiн құру және сапалы да үздiксiз бiлiм беру
жүйесiн қалыптастыру;
халықтың рухани әлеуетiн нығайту және зияткерлiк
деңгейiн арттыру;
халықты жұмыспен қамтуды және қала экономикасына
туризмдi дамытудан кiрiс түсуiн қамтамасыз ететiн
туристiк кластердi құру;
қаланың экономикасын, әлеуметтiк, өндiрiстiк,
тұрғын үй және көлiк инфрақұрылымын дамыту үшiн
қаржы ресурстарын тарту мақсатында қолайлы
инвестициялық ахуал жасау;
ғылымды қажетсiнетiн және жоғары технологиялық
экспортқа бағдарланған өндiрiстер құруды
қамтамасыз ететiн өнеркәсiп кластерiн құру;
құрылыс жұмыстарының сапасын арттыру және құнын
азайту үшiн күрделi шығындарды азайтуды қамтамасыз
ететiн және қазiргi заманғы құрылыс материалдарын
пайдалануды ынталандыра түсетiн құрылыс кластерiн
құру;
халық санының өсуiне және қала экономикасының
даму қарқынына сәйкес қаланың тыныс-тiршілік
инфрақұрылымының жұмыс iстеуiнiң тиiмдiлiгiн
арттыру;
тұрғын үй иелерiнiң тұрғын үй ғимараттарын
тиiсiнше күтiп-ұстау және оларды уақтылы күрделi
жөндеу жөнiндегi мiндеттердi орындауына
мемлекеттік бақылауды күшейту;
қаланың көркемдiк мәнерлілігiмен, тарихи-мәдени
және ұлттық өзгешелiгiмен ерекшеленетiн сәулеттiк
келбетiн қалыптастыру;
қаланы сумен жабдықтау мен су тарту жүйелерiнiң
сенiмдiлігiн арттыру және халықты сапалы ауыз
сумен қамтамасыз ету;
қалаiшiлiк жолаушылар және жүк тасымалына деген
өскелең қажеттiлiкті қамтамасыз ететiн көлiк
инфрақұрылымын дамыту;
телекоммуникация мен почта байланысы қызметтерiн
дамыту;
мемлекет белгiлеген сапа кепiлдiгi жағдайында
елорда тұрғындарының алуан түрлi тауарлар мен
көрсетiлетiн қызметтерге сұранысын
қанағаттандыру, сауда және тұрмыстық қызмет
көрсету мәдениетiн арттыру;
бюджетті перспективаны жоспарлау және оның
атқарылу процестерiнiң тиiмдiлігiн арттыру;
қалалық бюджеттiң кiрiс бөлiгiн барынша ұлғайту
II кезең (2009 - 2010 жылдар):
бәсекеге қабiлетті еңбек нарығын құру, бiлiм
берудiң, медициналық қызметтердiң, мәдениеттiң
және басқаларының стандарттарын жақсарту арқылы
қала халқының тұрмыс сапасын арттыру;
өзектi әлеуметтiк-экономикалық мiндеттердi шешу
үшiн қаланы басқарудың талдамалық-ақпараттық
қамтамасыз етiлуiн жақсарту жолымен оның
тиiмділігiн арттыру;
тұрғын үй құрылысын жедел дамыту және тұрғын үй
нарығының тиiмдi тетiктерiн қолдану арқылы тұрғын
үйге қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету;
тиiмдi көлiк инфрақұрылымын құру, көлiк ағынын
оңтайландыру, жүрдек қоғамдық көлiктiң балама
түрлерiн енгiзу;
қаланың тыныс-тiршiлiк үшiн қолайлы қоршаған
ортасын орнықты дамытуды қамтамасыз ету;
қала кәсiпорындары өндiретiн өнiмдi өткiзу
нарықтарын кеңейту;
жоғары технологияларды тарта отырып, қаланы
басқарудың озық тәжiрибесiн пайдалану;
Қазақстан Республикасының елордасы - Астананың
жағымды бейнесiн жасау және оны нысаналы топтар
арасында көрсете бiлу
Iске асыру 2006 - 2010 жылдар
мерзiмi
Қажеттi Астана қаласының әлеуметтiк-экономикалық дамуының
ресурстар мен 2006 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттiк
оларды бағдарламасын iске асыруға республикалық,
қаржыландыру жергілiктi бюджеттiң және халықтың қаражаты,
көздерi халықаралық қаржылық, экономикалық ұйымдардың
гранттары, шетелдiк және отандық инвестициялар
пайдаланылатын болады. 2006 - 2010 жылдарға
арналған инвестицияларға жалпы қажеттiлiк 523,2
млрд. теңгенi құрайды.
Бағдарламаны iске асыру жылдары бойынша қаражатты
бөлу:
|
Республи-
|
Жергілік-
|
Кәсiпорын-
|
ЖИЫНЫ |
2006 |
62,5* |
6,9 |
- |
69,4 |
2007 |
79,3* |
7,7 |
- |
87,0 |
2008 |
100,9 |
4,1 |
0,01 |
105,01 |
2009 |
119,3 |
4,3 |
0,02 |
123,62 |
2010 |
133,5 |
4,6 |
0,04 |
138,14 |
Жиыны |
495,5 |
27,6 |
0,07 |
523,17 |
* Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың
2005 - 2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберiнде
қала бюджетi тұрғын үй құрылысына алатын кредиттердi (2006-2007 жж.
кредит қаражаты - 5,07 млрд. теңге) есепке алмағанда;
* Қазақстан Республикасында бiлiм берудi және денсаулық
сақтауды дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк
бағдарламалары аясында республикалық бюджеттен бөлiнетiн ресми
трансферттердi есепке алмағанда.
Жылдар бойынша қаржыландыру көлемi кезектi қаржы
жылына арналған республикалық бюджеттi және Астана
қаласының бюджетiн қалыптастыру кезiнде
нақтыланады.
Күтiлетiн Бағдарламаны iске асыру үйлесiмдi дамыған елорда
нәтижелер ортасын құруды қамтамасыз етедi, халықтың сапалы
тұрмыс деңгейiн көтеру үшiн жағдай жасайды.
Қаланың инфрақұрылымы таңдаулы әлемдiк үлгiлерге
жақындай түседi.
Бағдарламалық iс-шараларды практикада iске асыру
Астана қаласы экономикасының дамуындағы оң
үрдiстердi нығайтуға мүмкiндiк бередi, сол арқылы
орта мерзiмдi, сондай-ақ ұзақ мерзiмдi кезеңдерде
оның дамуының макроэкономикалық орнықтылығын
қамтамасыз етедi.
Бағдарламаны iске асыру:
экономикада:
2010 жылы ЖӨӨ-нi 2004 жылмен салыстырғанда екi
есеге ұлғайтуға (I кезең - 1,4 есеге);
өнеркәсiптiк өндiрiс көлемiн 2,8 есеге (I кезең
- 1,7 есеге), оның iшiнде өңдеушi өнеркәсiпте -
3,6 есеге (I кезең - 1,8 есеге), электр
энергиясын, газ бен суды өндiруде және бөлуде -
1,3 есеге (I кезең - 1,1 есеге) ұлғайтуға;
әлеуметтiк салада:
жұмыссыздық деңгейiн 6,9 %-ға дейiн азайтуға;
халықтың ақшалай кiрiсiн 1,8 есеге ұлғайтуға;
қала халқының өмiр сүруiнiң орташа ұзақтығын
71,8 жасқа дейiн ұлғайтуға (I кезең - 71 жасқа
дейiн) мүмкiндiк бередi
Астана қаласының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың 2004 жылға 21 желтоқсандағы N 01-7.11 хаттамалық тапсырмасына сәйкес әзiрлендi.
Бағдарламаны әзiрлеу қаланың әлеуетiн шеткерi аймақтар мен рекреациялық өңiрлердi дамытудың өзара байланысында сақтау және кейiннен күшейту жолымен Астана қаласының одан әрi дамуының стратегиясын айқындау қажеттігiнен туындады.
Қазiргi уақытта қала тұрақты экономикалық өсу сатысында. Өндiрiс өнiмiнiң, күрделi құрылысқа салынған инвестициялар көлемi, тұрғын үйдi пайдалануға берудiң, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарының, салық жинау және бюджеттiк төлемдердiң көлемi ұлғаюда.
Сонымен қатар қаланың қарқынды өсуiне оның тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету жүйелерiнiң қызметiне, көлiк инфрақұрылымын дамытуға, қала құрылысы сипатындағы және басқа да мәселелерге қатысты бiрқатар проблемалар кедергi келтiруде. Осы Бағдарлама қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына жағымсыз әсерлердi жою мақсатында әзiрлендi.
Бағдарлама Астана қаласының әлеуметтiк-экономикалық дамуын талдауды, орта мерзiмдi мақсаттар мен мiндеттердi, оларға қол жеткiзудiң тәсiлдерi мен құралдарын қамтиды, негiзгi проблемаларды шешудi көздейдi, қаланың өсу үрдiстерiн ескере отырып одан әрi дамыту бағыттарын айқындайды, сондай-ақ оның ұзақ мерзiмдi әрi орнықты өсуiнiң негiздерiн қалайды.
Астана қаласы елiмiздiң орталық бөлiгiнде, ежелгi Сарыарқаның солтүстiгiнде орналасқан.
Астана қаласының аумағы 71 га құрайды, Ақмола облысымен шектеседi. Әкiмшiлік бөлiнiс бойынша қалада екi аудан - "Сарыарқа" және "Алматы" аудандары бар.
Қала экономикасының дамуын сипаттайтын аса маңызды көрсеткiштердiң бiрi жалпы өңiрлiк өнiм (ЖӨӨ) болып табылады.
2000 - 2004 жылдар iшiнде қаланың ағымдағы бағалардағы жалпы өңiрлiк өнiмiнiң көлемi 3,5 есеге ұлғайды және 2004 жылы нақтылы мәнiнде 419,2 млрд. теңгеге жетті, бұл республиканың жалпы өңiрлiк өнiмiнiң 7,9 %-ын құрайды.
2004 жылы жалпы өңiрлiк өнiмде өндiрiс үлесi - 5,7 %, құрылыста - 22,5 %, саудада - 17,7 %, көлiк пен байланыста - 15,3%, ауыл шаруашылығында - 0,5 % құрады.
Соңғы жылдар iшiндегi өңiрлiк өнiм өсiмiнiң жылдам қарқыны қаланың жан басына шаққандағы жалпы өңiрлiк өнiмiнiң жоғары деңгейiн айқындайды. 2000 - 2004 жылдар iшiнде бұл көрсеткiш 3 есеге дерлiк өсiп, және 2004 жылы 806,5 мың теңгенi құрады, бұл орташа республикалық деңгейден 2,2 есеге жоғары.
Қала республикалық бюджетті түзуде маңызды рөлге ие. 2005 жылдың қорытындылары бойынша республикалық бюджеттiң 12,4%-ы Астана қаласының салық төлеушiлерiнен түскен салық түсiмдерi есебiнен құралды.
Жаңа астананың дамуы, оның әлеуметтiк-экономикалық жағдайының және инфрақұрылымының жақсаруы қала халқының жалпы санының өсуiне әкелдi. Астана қаласы халқының саны 2000 жылмен салыстырғанда 169,2 мың адамға көбейiп, 2006 жылдың басында 550,2 мың адам болды.
Астана қаласы халқының табиғи қозғалысының оң факторы бала туу мен неке қию деңгейiнiң артуы болып табылады.
2005 жылы қалада 8,8 мың бала өмiрге келдi, ол 2000 жылы туылғандармен салыстырғанда 4,3 мыңға көп.
2005 жылы бала туудың коэффициентi 1 мың тұрғынға шаққанда 16,3, өлiм - 6,7 құрады.
Қала халқының өсуi негiзiнен көшi-көн ағыны есебiнен қамтамасыз етiлуде. Көшi-қон сальдосының елеулi түрде өсуi (50 мыңнан асатын шекте) 2000 - 2001 жылдары байқалды.
Келгендердiң санының кеткендерден асып түсуi негiзiнен азаматтардың республиканың iшiндегi көшi-қон есебiнен қамтамасыз етiлдi. Алайда соңғы жылдары оның салыстырмалы түрде тұрақтануы байқалады (2002 ж. - 6,8 мың, 2003 ж. - 5,4 мың, 2004 ж. - 14,2 мың, 2005 ж. - 15,7 мың адам). Халықтың табиғи өсiмi осы кезеңде 2000 жылғы 1513 адамнан 2005 жылы 5,2 адамға дейiн көбейдi.
Демографиялық дамудың негiзгi проблемасы қалаға елдiң басқа өңiрлерiнен келген реттелмеген көшi-қон ағыны болып табылады.
1.2.2. Әлеуметтiк қамсыздандыру
Әлеуметтік қорғау саласында жүргiзiлген жұмыс кедейлiк шегiнен төмен өмiр сүріп жатқан халықтың, сондай-ақ халықтың әлеуметтiк осал жiктерiнiң өмiр сүру деңгейiн жақсартуға бағытталды.
Астанада 2005 жылғы желтоқсанда орта есеппен жан басына шаққандағы ең төменгi күнкөрiс шамасы 6,2 мың теңгенi құрады.
Кiрiсi кедейлiк шегiмен бiрдей немесе одан төмен тұрмысы төмен азаматтардың саны 2006 жылдың 1 қаңтарына 2,9 мың адамды құрады, бұл 2000 жылмен салыстырғанда 4,2 есе кем.
Қалада зейнеткерлердiң саны 2000 жылғы 32,3 мың адамнан 2005 жылы 34,7 мың адамға өсті. Мүгедектердiң саны 7,7 мың адам болды.
Жергiлiктi бюджеттен төленетiн есебiнен әлеуметтiк төлемдердiң жалпы сомасы 2005 жылы 678,7 млн. теңгенi құрады, оның iшiнде тұрғын үй көмегі - 23,5 млн. теңге, атаулы әлеуметтiк көмек - 35,4 млн. теңге.
2005 жылы Астана қаласы бойынша кедейлiк шегiнiң орташа мөлшерi 2,4 мың теңгенi құрады. Атаулы әлеуметтiк көмек алатындардың саны 2,3 мың адам болды. 14 мыңға жуық тұрмысы төмен азамат жергiлiктi бюджеттен атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй жәрдемақысы, заңды және жеке тұлғалардың қайырымдылық және демеушілiк көмегi түрiнде түрлi материалдық көмек алды.
Мынадай проблемалар жедел шешудi талап етедi:
халықтың әр түрлi жiктерiнiң әлеуметтiк қызметке қол жетiмдiлiгiнiң бiрдей болмауы;
оңалту желiлерi дамуының жеткiлiксiздiгi және санаторлық-курорттық сауықтыру мекемелерiнiң болмауы.
Қалада 11 жоғары оқу орны (оның 8-i жеке меншiк), 22 колледж жұмыс iстейдi. Оқудың барлық түрлерi бойынша жоғары оқу орындары мен колледж студенттерiнiң жалпы саны 58,3 мың адам. Оқушылар саны 1,9 мың адам болатын небәрi 5 мемлекеттiк кәсiптiк мектеп бастауыш және орта кәсiптiк даярлықты жүзеге асырады.
Астанада 54 мемлекеттiк жалпы бiлiм беретiн мектеп, 2 дарынды балаларға арналған қазақ-түрiк лицей-интернаты, арнаулы түзету мектеп-интернаты, ұйымдардың деректерi бойынша жалпы саны 60,1 мың оқушысы бар кешкi мектеп жұмыс iстейдi.
Мектеп жасына дейiнгi бiлiм беру жүйесiнде 11,2 мың баланы қамтыған 36 мектеп жасына дейiнгi ұйым жұмыс iстейдi.
Бес-алты жастағы балалардың мектеп алды дайындығын ұйымдастыру үшiн жағдайлар жасалған.
Қалада бiлiм беру кеңiстiгi құрылды. Бiлiмге ынталы дарынды балалар үшiн мектептер ашылды. 26 мектепте жекелеген пәндердi тереңдете оқытатын сыныптар ашылды.
Қалада ғылым салыстырмалы түрде төмен деңгейде, ғылыми қызметкерлер санының күрт төмендегенi байқалады.
Осы саладағы негiзгi проблемалы мәселелер:
мектеп жасына дейiнгi ұйымдарға деген қажеттiлiктiң жоғары болуы: 5 мыңнан астам бала балабақшаға орналастыруды қажет етедi;
орта мектептердiң 12,8 мың оқушыға лық толуы, кейбiр мектептер екi-төрт ауысымда оқиды (1 ауысымда - 16 мектеп 2 ауысымда - 37 мектеп; 3 ауысымда - 7 мектеп; 4 ауысымда - 1 мектеп).
дарынды балалар үшiн физика-математика мектебiнiң болмауы;
кәсiптiк-оқу ұйымдары желiсiнiң даму деңгейiнiң қаланың еңбек нарығы сұранысына сай келмеуi;
кәсiпорындардың жергiлiкті жоғары оқу орындарының ғылыми әзiрлемелерiне деген сұранысының жетiспеушiлігi болып табылады.
2005 жылы Астана қаласының тұрғындарына барлық мамандықтағы 3,6 мың дәрiгер және 4,2 мың орта медицина қызметкерлерi еңбек ететiн, жергiлiктi басқару органдарының қарамағындағы 32 мемлекеттiк медицина ұйымы және 100-ден астам мемлекеттiк емес медицина ұйымдары қызмет көрсеттi.
Астана қаласында 5 жыл iшiнде кепiлдi медициналық көмектiң көлемi 1821,2 млн-нан 4 176,6 млн-ға дейiн өстi. Халықтың жеке санаттарын ауру түрлерi бойынша дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету үшiн 2005 жылы 102,4 млн. теңге пайдаланылды, бұл емдеу процесiн жүргiзу сапасына он ықпалын тигiздi.
Өткен кезеңде жаңа денсаулық сақтау объектілерi салынды, сондай-ақ қаланың емдеу ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға баса назар аударылды.
Проблемалар:
амбулаторлық, стационарлық көмек көрсету үшiн қуаттардың тапшылығы, емханалық бөлiмшелердiң үлгi-жобаға сәйкес емес қолайсыз үй-жайларда орналасуы балалар мен ересектер емханаларына келушiлер санының жоспарлы жүктемесiн ұлғайта түседi.
дәрiгер кадрлармен қамтамасыз етілу 78 %-ды, орта медициналық кадрлармен қамтамасыз ету - 74 %-ды құрайтын кадр тапшылығы.
Соңғы жылдары қалада мәдени-ағарту мекемелерi желiсi едәуiр көбейдi. 3 театр, 23 кiтапхана, 5 мұражай, 1 клуб мекемесi, 2 кинотеатр, Мемлекеттiк филармония, 2 сарай, 3 балалар музыка мектебi, өнер мектебi, көркемөнер мектебi жұмыс iстейдi.
Халықты спортпен және дене шынықтырумен тұрақты айналысуға тарту мақсатында өткен кезеңде жаңа спорт кешендерi ашылды және балалар-жасөспiрiмдер спорт мектебiне (БЖСМ) күрделi жөндеу жүргiзiлдi. Халыққа қызмет көрсетуге 25 спорт-сауықтыру кешендерi iске қосылды.
Мәдениет және спорт саласындағы негiзгi проблемалар:
әлеуметтiк-мәдени сала объектiлерiне қолжетiмдiлiктiң айтарлықтай аумақтық саралануы, олардың қаланың орталығында шоғырлануы шеткерi орналасқан шағын аудандардың тұрғындарына қолайсыздық тудырады;
әлеуметтiк сала қызметтерiн алудың әлеуметтiк саралануы, бiрқатар қызметтiң ақылы болуы оларды тұрмысы төмен отбасылар үшiн қол жетпейтiн қызметке айналдырады;
қаланың мәдени мекемелерiнiң материалдық-техникалық жарақтандырылуының төмендiгi;
кiтапхана қорының жаңартылуының жеткiлiксiздiгi, кiтапханалардың техникалық жабдықталуының қазiргi заман талаптарына сай келмеуi.
1.2.6. Ақпарат және имидж саясаты
Қалада ақпараттық инфрақұрылым қалыптасқан және оның дамуы жалғасуда. 2001 - 2005 жылдар кезеңiнде бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ) саны 78-ден 169-ға дейiн (77 газет, 82 журнал, 7 телерадиокомпания, 3 ақпараттық агенттiк) өстi. Олардың iшiнде 25 БАҚ ағылшын, немiс, украин, татар тiлдерiнде шығады.
Сонымен бiрге мемлекеттiк емес БАҚ-тар үлесiн арттыру үрдiсi байқалып отыр, бұл қазiргi уақытта 66 %-ды құрайды. Ақпараттық саясатты iске асырудың маңызды құралы мемлекеттiк тапсырысты мемлекеттiк, сондай-ақ жеке меншiк БАҚ-қа да орналастыру болып табылады. Ақпараттық саясат медиажоспарларға сәйкес iске асырылады.
Сонымен қатар өз шешiмiн талап ететiн мәселелер де бар:
қалаiшiлiк аудиторияға арналған бағыттардың басым болуы, жалпы республикалық және шетелдiк аудиториямен жұмыстың жеткiлiксiз деңгейi;
бүкiл әлемде өте жылдам дамып келе жатқан ақпараттық кеңiстiк Интернет желiсi арқылы ақпараттық саясатты жүргiзуге-жеткiлiксiз көңiл бөлiнуi;
ақпараттың көлемi көп болғанымен, оны құрылымдау және шоғырландыру нашар. Қала туралы жалпы мәлiметтердi ғана емес, сонымен қатар оларға сәйкес Астана дамитын бағдарламалар туралы толық ақпаратты, жергiлiктi билiк органдарының нормативтiк құқықтық актiлерi және т.б. қамтитын бiрыңғай жалпыға қолжетiмдi ақпарат көзiнiң болмауы.
Қаланың қазiргi заманғы жағдайларда әлеуметтiк-экономикалық дамуы жай ақпараттық сүйемелдеуге ғана емес, сонымен қатар мақсатты бағытталған
имидж саясатын
жүргiзу арқылы қолдауға мұқтаж.
Астана қазiргi уақытта, келешегi бар қала ретiнде тұрғындар арасында оң беделге ие, мұнда жақсы бiлiм алуға, жұмыс табуға болады; iскерлiк ортаға арналған жоғары инвестициялық тартымдылыққа ие. Алайда көрсетiлген оң сипаттамалар нысаналы бағытталған ақпарат-имидж саясатымен ғана емес, сонымен бiрге объективтi факторлармен: астана мәртебесiмен және қала экономикасының дамуымен байланысты.
Имидж саясатының элементтерi "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағын (АЭА) көрсете бiлуде қолданылуда. Оның тұрақты жұмыс iстейтiн құралы "Астана - жаңа қала" АЭА веб-сайты болып табылады.
Шетелдiк инвесторларды тарту, тұрғындардың бойында таза қала мәдениетiн тәрбиелеу сияқты қолданбалы әлеуметтік-экономикалық мәселелердi шешу арқылы Астананың идеологиялық бейнесiн қалыптастыруды толықтыру қажет, бұл тиiсiнше, имидж саясатының жаңа құралдары мен нысандарын пайдалануды білдiредi.
2000 - 2005 жылдар аралығындағы кезеңде қала өнеркәсiбiнiң өсуi байқалды. Қаралып отырған кезеңде өнеркәсiп өндiрiсiнiң көлемi 3,1 есе - 2000 жылғы 18,4 млрд. теңгеден (ағымдағы бағалармен) 2005 жылы 58,0 млрд. теңгеге дейiн өстi.
2005 жылы Астана қаласының үлесi жалпы республика көлемiндегi өндiрiлген өнеркәсiп өнiмiнiң 1,1 %-ын құрады.
1-кесте
Өнеркәсiптi дамытудың негiзгі көрсеткiштерi
|
2000 |
2001 |
2002 |
2003 |
2004 |
2005 |
Өнімдер (тауарлар,
|
18,4 |
24,7 |
28,3 |
33,9 |
51,3 |
58,0 |
Өнімнің нақты көлемінің
|
112,3 |
118,5 |
113,7 |
110,8 |
124,7 |
109,7 |
Жалпы республикадағы
|
1,0 |
1,2 |
1,2 |
1,2 |
1,3 |
1,1 |
Өнеркәсiпте және құрылыс индустриясында кеуек бетон, ағаш бұйымдарын, қаптама кiрпiштi шығаруда қазiргi заманғы технологияларды пайдаланатын жаңа кәсiпорындар құрылды, магний сутегi пайдаланылатын металл кесудiң жаңа технологиясы жасалды, тиiмдi кiрпiш өндiрiсi жобасын игеру ұсынылды.
2004 жылы өнеркәсiптiң ЖӨӨ-дегi үлесi 5,7 %-ға жеттi.
1-сурет
Астананың ЖӨӨ-дегi өнеркәсiп үлесiнiң өзгеру серпiнi
(Қағаз мәтінінен қараңыз)
Өңдеу өнеркәсiбi салаларында, атап айтқанда машина жасауда, басқа да металл емес минералдық өнiмдер өндiрiсiнде, металлургия өнеркәсiбi мен дайын металл бұйымдары өндiрiсiнде, тамақ өнiмдерi өндiрiсiнде жоғары өсу қарқыны байқалды.
2005 жылы Астана қаласында өңдеу өнеркәсiбiнiң үлесi 2000 жылмен салыстырғанда 10,5 %-ға өсiп, 81,2 %-ды құрады.
Проблемалар:
өңдеушi өнеркәсiп кәсiпорындарының негiзгi капиталына инвестициялар үлесiнің төмен болуы және оның кәсiпорындардың өз қаражаты есебiнен ғана жүзеге асырылуы;
жабдықтардың табиғи және моральдық тозуының (орта есеппен 60-70 %) елеулi деңгейi, оларды жаңартуға және жаңғыртуға көптеген кәсiпорындардың өз қаражатының жеткiлiксiз болуы;
қаладағы өндiрiстiк алаңдар құнының жоғары болуы;
қаржымен, ғылыми-технологиямен, кадрмен толықтырудың және кәсiпорындардың мүлiктік, өндiрiстiк және зияткерлiк құқықтарын қорғаудың қолданыстағы тетiктерiнiң тиiмділігiнiң жеткiліксiздiгi;
кәсiпорындарда халықаралық сапа стандарттарын белсендi енгiзудiң жеткіліксiздiгi.
Шағын кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту жөнiнде жүргiзiлген саясат нәтижесiнде соңғы жылдары сандық, сондай-ақ сапалық қатынастар тұрғысында маңызды өзгерiстер болды.
Сонымен, 2005 жылы шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң саны 2000 жылмен салыстырғанда 2,5 еседен аса ұлғайды және 39,4 мыңды құрады.
2006 жылдың 1 қаңтарында өндiрiлген өнiмнiң, жұмыстың және қызметiң көлемi 162,6 млрд. теңге болды, 2000 жылмен салыстырғанда 4 еседен аса ұлғайды.
Шағын бизнес саласында жұмыспен қамтылғандар саны 2000 жылмен салыстырғанда 2 есеге ұлғайды және 83,6 мың адамды құрады.
Қала бюджетiне 2005 жылы шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнен 16,2 млрд. теңге сомасында салықтар, алымдар және мiндеттi төлемдер түстi.
Шағын бизнес субъектiлерiнен түскен салықтардың үлес салмағы қала бюджетiнiң жалпы салық салмағында 6,9 % болды.
Шағын бизнеске кредит беруге екiншi деңгейдегi банктердiң белсендi қатысуы бойынша мақсатты бағытталған жұмыс оңды iлгерлеуде, банк кредиттерiне қол жеткiзушiлiк арта түстi. 2005 жылдың қорытындылары бойынша шағын бизнес субъектiлерiне 40 млрд. теңге сомасында кредит берiлдi, 2000 жылмен салыстырғанда кредит беру көлемi 3 есеге ұлғайды.
Проблемалар:
субъектiлердiң басым көпшiлiгiнде жеткiлiктi қаржы ресурстарының болмауы;
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қормен жарақтандырылу деңгейiнiң жеткiлiксiздiгi;
бизнестi құқықтық қамтамасыз ету саласында шағын бизнес үшін бiлiктi кадрлардың тапшылығы.
2006 жылғы 1 қаңтарда Астана қаласының электр станцияларының белгiленген жиынтық қуаты 262 МВт құрады. 2000 - 2005 жылдар кезеңiнде электр энергиясын өндiру 8,9 %-ға өстi және 2005 жылы 1450,223 кВт/сағ құрады. 2005 жылы электр энергиясын тұтыну 1361,1 млн. кВт/сағ. болды.
Қаладағы тұтыну көлемiнiң ұлғаюы негiзiнен құрылыс және көлiк салаларында электр энергиясын қолданудың күрт өсуi есебiнен болды.
Ортақ пайдаланудағы желiлердегi шығындар 2000 жылмен салыстырғанда 41,2 %-ға ұлғайып, 419,4 млн. кВт/сағ. құрады.
Қуат жинақтаушы негiзгi құралдардың ескiру деңгейi 2006 жылдың басында: ЖЭО-1 - 83 %, ЖЭО-2 - 71 %-ды құрады. Электр энергиясының қуаттылығын қолдану: ЖЭО-1 - 59,3 %, ЖЭО-2 - 66,8 %-ға жеттi.
Электр энергиясын тұтынудың күрт өсуiн жабу үшiн сол жақ жағалауда бiрқатар шағын станциялар салынды, ЖЭО-2, жылу желiлерi мен электр желiлерi объектiлерiн кеңейту және қайта жаңарту жүргiзiлуде, мұнда энергия қуаттарын 120 МВт-ға және жылу қуатын 450 Гкал/сағ-қа арттыру көзделедi.
Проблемалар:
электр желiлерi елорданың болашақта құрылыс салынатын аймағы арқылы өтетiнiн ескере отырып, 60-70-жылдары салынған қалалық электр желiлерiнiң техникалық жай-күйi қайта жаңартуды талап етедi;
110/10 кВт көптеген шағын станциялар А және ҚТ (ажыратушы және қысқа тұйықтағыштармен) трансформаторлар тiзбегiнде орындалған, бұл электрмен жабдықтаудың қазiргi заманғы сенiмдiлiк талаптарына сай келмейдi және оларды қайта жаңартуды талап етедi;
ортақ пайдаланудағы электр желiлерiнде шығын әлi де көп, ол электр энергиясын тұтынудың жалпы көлемiнiң 24%-ын құрайды, бұл электр энергиясының коммерциялық шығындарымен, сондай-ақ қалалық электр желiлерiнiң аса тозуымен байланысты.
Қала тұтынушыларын бумен және ыстық сумен жабдықтауды жылу электр орталықтары (ЖЭ0-1, ЖЭО-2) мен қазандықтар қамтамасыз етедi. Сол жақ жағалаудағы көп қабатты тұрғын үй құрылысының аймағында ЖЭО-ның жылу желiлерiн төсеп үлгермеу мұнда жылумен жабдықтаудың сенiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн қазандықтар салуға мәжбүр етедi.
2000 - 2005 жылдардағы жылу энергиясын тұтыну құрылымында коммуналдық-тұрмыстық және өндiрiстiк қажеттiліктер үлесiнiң өскенi және халықтың үлесiнiң азайғаны байқалды.
2006 жылғы 1 қаңтарда жылу желiлерiнiң жалпы ұзындығы 372,5 км құрап, оның iшiнде: магистральдық желiлер - 100,4 км, орамдық желiлер - 260,4 км, бу желiлерi - 11,7.
100,4 км магистральдық желiнiң 72 %-ының (72,3 км) пайдалану мерзiмi 20 жылдан асқан және қайта жаңарту мен кеңейтудi талап етедi.
Жылумен жабдықтаудың проблемалары:
құбырлардың жарамдылық мерзiмiнiң қолайсыз жергiлiктi жағдайлар: топырақтың нашарлығы, жерасты суларының жоғары деңгейi әсерiнен нормативтiк мерзiммен салыстырғанда қысқаруы;
соңғы жылдары жылу желiлерi кәсiпорындарының қаржы жағдайының қиын болуы нормативтiк жөндеу аралық циклдарды сақтауға мүмкiндiк бермедi. Жылу желiлерiн күрделi жөндеудi жүзеге асырудың нормативтiк циклдарымен салыстырғанда жөндеуаралық циклдiң ұлғаюы жылу трассаларының 100 км-ден астамын ауыстыру қажеттiлiгiне әкелдi;
жылу желiлерiнiң қазiр бар жүйелерiнде жылу энергиясының нормадан тыс шығынын азайту және жою мәселесi шешiлмей отыр. Нақты жылу шығындары нормативтегiден екi еседен астам жоғары;
қазiргi ғимараттардағы жеке жылу пункттерiнiң және жылу жүйелерiнiң iшкi тарамдарының жай-күйi нашар, олар қайта жаңартуды және есепке алу мен реттеушi құрылғыларының кешендi жүйелерiн енгiзудi талап етедi.
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 15 тамыздағы N 1064
қаулысымен
бекiтiлген Астана қаласының Бас жоспарына сәйкес елорда ортасын жасауға мүмкiндiк беретiн әкiмшiлiк, iскерлiк, әлеуметтiк-мәдени, ғылыми-бiлім беру және бизнес орталықтары қалыптастырылуда.
Қала аумағында қала құрылысын дамыту құрылымы анықталып, құрылыс жүргiзiлетiн қаланың негiзгi жоспарланған аудандарының БЖЖ (бөлшектi жоспарлаудың жоспары) әзiрлендi.
Шағын қабатты жеке құрылыс аудандары айқындалып, осы аудандарды көлiк және инженерлiк инфрақұрылымдармен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргiзiлуде.
2002-2005 жылдар кезеңiнде тұрғын үй, сауда, әлеуметтiк-тұрмыстық және мәдени мақсаттағы объектілердi салуға 4,6 мың жер учаскесi берілдi. Пайдалануға жалпы алаңы 1137 мың шаршы метр 182 тұрғын үй және тұрғын үй кешендерi, сауда, әлеуметтiк-тұрмыстық және-мәдени мақсаттағы 682 объект тапсырылды. Осы кезеңде жеке тұрғын үйлердi салу үшiн 3,2 мың жер учаскесi берілдi, жалпы алаңы 587,5 мың шаршы метр 2,7 мың үй пайдалануға қабылданды.
Жаңа әкiмшiлiк орталықтың қазiргi заманғы талаптарға сай инженерлiк инфрақұрылымын жасауға баса мән берiлуде. Осыған байланысты жауын-шашын кәрiзiн төсеу, инженерлiк желiлер және су құбырлары, жылумен жабдықтау желiлерi жүргiзiлуде, 110/10 киловольт төмендетушi жаңа станция салынды.
2000-2005 жылдар кезеңiнде қаланың аумағындағы құрылысқа құйылған инвестициялар көлемi 45,7 млрд. теңгеге өсiп, 199,5 млрд. теңгеге жеттi.
2000-2005 жылдары азаматтық-өнеркәсiптiк құрылыстың үлесi 82,5%-дан 62,1%-ға дейiн төмендегенi байқалды. Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыруға байланысты тұрғын үй құрылысына инвестициялар 1,8 есеге (2004 жылы 54,3 млрд. теңгеден 2005 жылы 96,2 млрд. теңгеге дейiн) өстi.
2000-2005 жылдары негiзгi капиталға салынған инвестициялар құрылымында кәсiпорындар мен ұйымдардың және халықтың өз қаражаттары есебiнен шетел инвестициялары үлесiнiң ұдайы 45,4 %-дан 61,0 %-ға дейiн өскенi байқалды, бұл бюджет қаражаты үлесiнiң 32-39 % деңгейiнде қалуына мүмкiндiк бердi. 2001 - 2004 жылдары құрылысқа салынған инвестицияларды игеруде мемлекет үлесi 66,5-тен 40,3 %-ға дейiн азайғанда жеке компаниялардың үлесi 33,1-ден 58,2 %-ға дейiн өстi.
Құрылыс объектiлерiне жұмсалатын шығыстарды мемлекеттiк қаржыландыруды барынша азайту мақсатында "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 29 маусымдағы N 645
Жарлығына
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiліп, арнайы экономикалық аймақтың қолданылу мерзiмi 2010 жылға дейiн ұзартылды және оның шекарасы кеңейтiлдi.
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына
қондырма (мансард) қабаттар салу мәселесi бойынша, келiсiм берген тұрғын үй меншiк иелерiнiң санын (2/3) көрсету бөлiгiнде өзгерiстер енгiзу талап етiледi.
Қалада тұрғын үйлердi пайдалануға беру көлемi 2000 - 2005 жылдары 6 есе, оның iшiнде жеке құрылыс салушылар - 10,1 есе өстi. 2005 жылы тұрғын үй саласында Астана қаласының кәсiпорындары, ұйымдары мен халқы жалпы алаңы 857,1 мың шаршы метр тұрғын үйдi пайдалануға бердi, бұл 2004 жылдың деңгейiнен 2 есе артық. Жеке меншiк нысанындағы кәсiпорындардың, ұйымдардың және халықтың 5 жылдық кезеңде пайдалануға берген тұрғын үйдiң негiзгi көлемi 1662,4 мың шаршы метрдi немесе жаңа тұрғын үйдiң жалпы алаңының 83,7 %-ын, мемлекеттiк меншiк нысанының - 305,8 мың шаршы метрiн немесе 15,4 %-ын құрады.
Тұрғын үйдi пайдалануға берудiң неғұрлым жоғары өсу қарқыны мемлекеттiк емес, көбiнесе тұрғындар салған секторда байқалды. 2000 - 2005 жылдары мемлекеттiк емес сектордың тұрғын үй салу көлемi 17,6 есе, оның iшiнде халықтың салғаны - 12,2 есе (2-суреттi қараңыз) өстi. Мемлекеттiк сектор бойынша 2005 жылға дейiн тұрғын үйдi пайдалануға беру көлемiнiң абсолюттi түрде азайғаны байқалады, бұл көрсеткiш 2005 жылы 2000 жылмен салыстырғанда 1,6 есеге (99,8-ден 161,3-ке дейiн) өстi.
Соңғы бес жылда халық 647,6 мың шаршы метр тұрғын үй салған. 2005 жылы барлығы 857,1 шаршы метр алаңды қамтитын 8,3 мың пәтерлiк тұрғын үй пайдалануға берiлдi. 2000 жылмен салыстырғанда тұрғын үй құрылысына жұмсалған инвестициялар көлемi 9,3 есе өсiп, 96,2 млрд. теңгенi құрады.
2-сурет
Iске қосылған тұрғын үй көлемiнің серпiнi, жалпы
алаңы, мың ш.м.
(Қағаз мәтінінен қараңыз)
Пайдалануға берiлетiн тұрғын үй құрылымында меншiк нысандары бойынша едәуiр өзгерiстер болды. Мысалы, 2000 жылы пайдалануға берiлген тұрғын үйдiң 71,7 %-ы мемлекеттік меншiк нысанында болса, 2005 жылы жеке тұрғын үй салушылар салған үйдiң үлес салмағы 81,2 %-ды, мемлекеттiк меншiктегi тұрғын үй - 18,8 % құрады.
Құрылыстың жоғары қарқынмен дамуына қарамастан, Астана қаласында тұрғын үймен қамтамасыз ету әлi де өткiр сипатқа ие. 5 жылда тұрғын үй қоры 1,579 мың шаршы метрге өскенде, қала халқының тұрғын үймен қамтамасыз етілуiнiң бiр адамға 19,2 шаршы метр деңгейiне қол жеткiзiлдi.
2-кесте
Астана қаласы тұрғын үй қорының өзгеру серпiнi
Жылдар |
Тұрғын үй қоры, мың
|
Тұрғын үймен
|
2000 |
4768 |
15,7 |
2001 |
4905 |
14,7 |
2002 |
5182 |
15,4 |
2003 |
5821 |
18,1 |
2004 |
6347 |
19,2 |
2005 |
7204 |
21,0* |
* күнiлгерi мәлiметтер
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi
Тұрғын үй құрылысының проблемалары:
салынатын тұрғын үй құнының жоғары болуы, құрылыстың құны мен сапасының сай келмеуi;
ипотекалық кредит берудiң қатаң шарттары халықтың жинақтарын тұрғын үй құрылысына толыққанды пайдалануға мүмкiндiк бермей отыр;
Астана қаласында пайдалану мерзiмi бiткен, 50-60 жылдары салынған тұрғын үйдiң болуы.
Қаланы көгалдандыру бағдарламасы "Астана қаласын 2030 жылға дейiн көгалдандырудың кешендi схемасы" атты жобаға сәйкес әзiрлендi, онда экологиялық қала жасауды, қоршаған ортаға керi әсердi азайту, қалаға қоныстану үдерiсiнiң табиғатпен үндестiгiн қамтамасыз ету және абаттандырылған қала ортасын қалыптастыруды көздейтiн, бiр адамға шаққандағы жасыл желек аумағының нормасын 19 шаршы метрге жеткiзу көзделген.
Өткен кезеңде ортақ пайдаланудағы жасыл желек алаңы ұлғайды, шағын аудандар мен орамдар аумағын көгалдандыру жүргiзiлдi, жаңа гүлзарлар, сондай-ақ сол жақ жағалауда бульвар iске қосылды.
Бұған дейiнгi жылдардағы көгалдандыру қорғау әрi сәндiк-қорғау сипатында болып, сәндiк-эстетикалық сипат бiршама төмен дәрежеде ескерілдi, елорданың құлпырған келбетiне үйлестiре түсу мақсатында оның сәндiк-эстетикалық сипатын күшейту қажет. Осыған байланысты сапалы материалды өсiру, сүрек-бұта тұқымдас ағаштардың түрлерiн көбейту қажет.
Проблемалар:
жасыл көшеттерi бар рекреациялық аймақтар санының, қала шегiндегi жасыл желектi шағын аймақтардың жетiспеушiлiгi;
автомагистральдар бойында жер бедерiне сай желектердiң, жол маңындағы дәмханалар мен қонақ үйлер, сондай-ақ қалаға келетiн көлiк құралдарын жуу және санитарлық тазалайтын кешендердiң айналасында жасыл желектердiң болмауы;
көшенi жарықтандыруды басқарудың мамандандырылған техникасының және автоматтандырылған жүйесiнiң өндiрiстiк базасының жеткiлiксiз дамуы;
Астана қаласының күрделi топырақ-климат жағдайларын ескере отырып, елорданы және Қазақстанның орталық өңiрiн көгалдандыру жөнiндегi ғылыми-зерттеу, мәдени-ағарту және рекреациялық сипаттағы мәселелер кешенiн шешудi қамтамасыз ететiн ботаника бағының болмауы.
Қалада газ жеткiзумен бiрнеше кәсiпорын айналысады, олардың iшiнде ең iрi жеткiзушi "Астанагазсервис" АҚ болып табылады.
2005 жылы сыйымдықты газ нарығында тұрғындарды "Астанагазсервис" АҚ-тың сыйымдықты газбен қамтамасыз етуi 100 %-ды, автогаз бен баллондағы газбен қамтамасыз етуi 60 %-ды құрады.
2000 - 2005 жылдары автогазды сату көлемi 463,6%-ға (1,1 мыңнан 5,1 мың тоннаға дейiн), ал жеке секторларды сүрiп тастауға байланысты баллондағы газды сату көлемi - 9%-ға (3,5-тен 3,2 мың тоннаға) төмендегенде, сыйымдықты газды сату - 15%-ға (9,3-тең 10,7 мың тоннаға дейiн) өсті.
Тұтынушыларды сұйытылған газбен жабдықтау үшiн жеткiзушiлерде қуаты жылына 56 мың тонна бiр газ толтыру станциясы (ГТС), 10 темiржол цистернасын бiр уақытта босатуға арналған эстакадалары бар 2 темiржол тұйығы, газ баллондары бар.
Проблемалар:
коммуникациялардың инженерлiк инфрақұрылымының дамуының, олардың сенiмділiгiнiң жеткiлiксiз деңгейi;
қаланың газ инфрақұрылымының тозуы;
тұрғындардың газ тұтынуын жеке есепке алудың жоқтығы.
1.4.5. Сумен жабдықтау және су тарту
Астана қаласының шегiнде орналасқан жерасты суының барлап табылған қоры жеткiлiксiз болып табылады және қаланың ауыз су қажеттiлiгiн 1 %-ын да өтемейдi.
3-кесте
Астана қаласын сумен жабдықтаудың негiзгi көрсеткiштерi
Көрсеткіштің
|
Өлшем
|
2000 |
2001 |
2002 |
2003 |
2004 |
2005 |
Белгіленген
|
мың
|
|
|
|
|
|
|
1-көтергіш
|
|
|
|
|
|
|
|
тазарту
|
|
|
|
|
|
|
|
Су құбырлары |
|
163,9 |
200 |
200 |
200 |
200 |
200 |
1-көтергіш
|
мың
|
|
|
|
|
|
|
Желіге беріл-
|
мың
|
|
|
|
|
|
|
Тазартылған
|
мың
|
|
|
|
|
|
|
Тұтынушыларға берілген су |
мың
|
30198 |
29308 |
29110 |
31325 |
34714 |
35700 |
оның ішінде: |
|
|
|
|
|
|
|
тұрғындар |
|
15216 |
14233 |
14019 |
14867 |
16191 |
17141 |
бюджет |
|
2105 |
1992 |
2219 |
2665 |
2932 |
2932 |
кәсіпорындар |
|
7273 |
6909 |
6740 |
7348 |
8371 |
8371 |
(техникалық
|
|
|
|
|
|
|
|
Судың ысырап
|
мың
|
|
|
|
|
|
|
Желіге беріл-
|
|
|
|
|
|
|
|
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi
2001 жылға дейiн су Вячеслав су қоймасынан ұзындығы 51 км құрайтын сутартқыштың тозған екi тармағы арқылы берiлдi. 2001 жылы сутартқыштың бiрiншi тармағы (1967 жылы салынған) пайдаланудан шығарылды және жаңа сутартқыш пайдалануға берiлдi, бұл судың қажеттi көлемiн берудi жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi.
2002 жылы Нұра жерасты суларының көздерiне барлау жүргiзiлдi. Қор жөнiндегi мемлекеттiк комиссия су қорын тәулiгiне 35 мың м
3
көлемiнде деп бекiттi, ол елорданың тұтынуының тәулiктiк нормасының 30 %-ын құрайды. 2004 жылы Есiл өзенiнiң алқабындағы Волгодон учаскесiндегi iздестiру - бағалау жұмысы аяқталды, мұнда тәулiгiне 15 мың шаршы метр жиынтықты болжамды ресурстары бар перспективасыз су жиналатын жерлер табылды.
Вячеслав су қоймасынан су тазарту үшiн сорғы-сүзу станциясына берiледi, ал оның технологиялық және энергетикалық жабдықтары ауыстыруды және жаңғыртуды талап етедi.
Халық санының өсуiне байланысты Астана қаласының ауыз суға қажеттiлiгі де өсе түсуде, бұл 2008 жылға дейiн ауыз суды тазартуға арналған құрылыстардың жаңа блогын салуды және жұмыс iстеп тұрған су тазарту құрылыстарын қайта жаңартуды талап етедi.
"Астана су арнасы" мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорны 1 мың км-ге жуық су құбыры желілерiне қызмет көрсетедi, олардың басым бөлiп ұзақ мерзiм бойы пайдаланылған. Су шығыны 40 %-дан астам, шамамен 0,2 км су құбыры ауыстырылуға тиiс.
Орталықтандырылған шаруашылық-қалдық су кәрiзiмен қамтылған жер бетi-атмосфералық су ағынының жалпы қаладағы ауданы 12,8 мың га, қаланың бүкіл аумағына шаққанда жаңбыр суының орташа жылдық көлемi жылына - 8486,0 текше метрдi, қар суының орташа жылдық көлемi жылына - 4227,0 текше метрдi құрайды.
Қаланың тәулiгiне 100 мың текше метрге дейiнгi көлемдегi сарқынды суы механикалық және толық биологиялық тазарту кешенi бар тазарту құрылыстарына және одан кейiн сыйымдылығы 65,6 млн. текше метр "Талдыкөл" сарқынды сужинағышына жiберiледi. Тазарту құрылыстарының ұзақ мерзiм бойы пайдаланылуына байланысты қайта жаңартуды талап етедi. Суды жинайтын, тазартатын және тарататын негiзгi құралдардың тозу дәрежесi 29 %-ды құрайды.
Жобалық қуаты тәулiгiне 135,9 мың текше метр қазiр бар кәрiздiк құрылыстар 1969 жылы пайдалануға берiлген. Құрылыс құрастырмалары, әсiресе "су-ауа" шекарасында тұрған ашық құрылыстар ұзақ мерзiм бойы пайдаланылуына байланысты едәуiр зақымданған.
Сумен жабдықтаудың және су тартудың проблемалары:
Вячеслав су қоймасына балама сумен жабдықтаудың сенiмдi көздерiнiң жоқтығы;
қаланың өскелең қажеттiлiктерiне су құбыры желiлерiнiң ұзындығы мен жай-күйінің сай келмеуі;
Нұра-Есiл бас тоғанының және ұзындығы 9,5 км (Д=1000 мм) сутартқышының аса тозуы;
ауыз судың сапасын жақсарту жөнiндегi жаңа технологиялардың болмауы;
қаланың өскелең қажеттілiктерiне кәрiздiк желiлердiң ұзындығы мен өткiзу қабiлетiнiң сай келмеуi;
суды жинайтын, тазартатын және беретiн объектiлердiң, кәрiз желiлерiнiң, сорғы станцияларының және тазарту құрылыстарының тозуы;
"Талдыкөл" сарқынды суларды булағыш-жинағышының техникалық талаптарға сай келмеуi;
қарқынды құрылыс жағдайында жерасты суларының жоғары деңгейi.
1.5.1. Қалалық жол-көлiк жүйесi
Бүгiнгi таңда қалада 642 жол мен ұзындығы 643,5 км ортақ пайдаланудағы көшелер бар.
К-1 айналмалы жүрдек магистралында екi деңгейлi жол айырықтары пайдалануға берілдi.
Қаланың коммуналдық қызмет орындары көше-жол желiсiн жақсарту үшiн қаланың орталық бөлiгi мен шетiнде 14 павильонды ауыстырып, 9-ын жаңадан орнатты, бағдаршаммен жарақтандырды, күндiзгi уақытта Астана қаласы шегiнде көп жүк көтеретiн және iрi габаритті көлiк қозғалысына шектеу енгiздi.
Проблемалар:
қаланың негiзгi магистральдарының көлiкке шамадан тыс толуы;
аралас және қатар жатқан көшелерде, әсiресе, қаланың ескi бөлiгiнде көлiктiң iркiлуiнiң өсе түсуi;
кешендi көлiк схемасы сыныбына сай магистральдардың болмауы;
қаланы кесiп өтетiн немесе транзиттiк жолдардың болмауы;
көпжолақты көшелердiң жетiспеуi;
жасанды жол құрылыстарының (көлiк көбiрек жиналатын орындарда көпiрлердiң, өтпежолдардың, көлiктiк жол айырықтарының, қоныстану аумақтарын өндiрiстiк аймақпен темiр жол тармағы арқылы байланыстыратын өтпежолдардың, жолаушылар күтетiн қазiргi заманғы павильондардың) жетiспеуi;
автомобильдердi қоятын орындардың (жабық жерасты және жерүстi тұрақтарының, ашық тұрақтардың, аз уақытқа қоятын алаңқайлардың және т.б.) жетiспеуi.
Соңғы бес жыл бойы қалада жол-көлiк желiсiнiң дамуы жеткiлiксiз болғанына қарамастан автомобиль көлігінiң өсу үрдiсi сақталып отыр. Осы уақыт iшiнде автомобиль көлiгi 37,6 мыңнан (2000 жыл) 94,5 мың (2005 жыл) бiрлiкке дейiн, яғни 2,5 есе өстi. Егер 2000 жылы Астана қаласының бiр мың тұрғынына 118 автомобильден келген болса, қазiр 172-тен келедi.
Астана қаласында қаланың барлық негiзгi аудандары, оның iшiнде шеткi және қалаға қосылған кенттер қалаiшiлiк жолаушылар тасымалымен қамтылды. Тасымалдар 51 бағыт бойынша жұмыс iстейдi, бұл орайда қазiргi уақытта бұған 38 троллейбус, үлкен және орташа сыйымдылықтағы 819 автобус және сыйымдылығы орташа 37 шағын автобус тартылған.
Көлiктiң барлық түрлерiмен жолаушылар тасымалдау айналымының көлемi коммерциялық тасымалдаумен айналысатын кәсiпкерлердiң тасымалдау көлемiн бағалауды ескергенде 2000 - 2005 жылдары 2,9 есе (2,0-дан 5,9 млрд. жолаушы - км) өстi.
Көлiктiң барлық түрiмен жүк тасымалдау көлемi көлiктiк емес кәсiпорындардың және коммерциялық тасымалдаумен айналысатын кәсiпкерлердiң тасымалдау көлемiн бағалауды ескергенде 2000 - 2005 жылдары 1,8 есе (21 300-ден 37 900 мың тоннаға дейiн) өстi.
Проблемалар:
қазiргi бар автобус және троллейбус парктерiнiң, қоғамдық көлiк инфрақұрылымы объектiлерiнiң әбден тозуы себебiнен олардың техникалық қауiпсiздiк, экологиялық, жайлылық тұрғысынан жеткiлiксiз деңгейi;
қоғамдық көлiктiң жеткiлiксiз дамуы;
пайдаланылып жүрген көлiк түрлерiнiң қазiргi заманғы баламаларының болмауы.
Елорданың қолайлы экономикалық-географиялық орналасуын неғұрлым тиiмдi пайдалану мақсатында тасымалдар көлемiн айтарлықтай ұлғайтуға мүмкiндiк беретiн халықаралық әуежайдың жаңа ғимараты пайдалануға берiлдi.
Автомобильмен тасымалдау қарқынды дамуда. Астана - Бауман, Астана - Запорожье, Астана - Петропавл, Астана - Омбы бағытындағы тұрақты жол қатынасы ашылды.
Негiзгi проблемалар:
көлiк операторлары мен iлеспе қызметтер сервисiнiң жетiспеушiлiгi;
қызмет көрсетудiң мультисервистiк желiсiнiң дамуының жеткiлiксiз деңгейi;
сервис деңгейiнiң халықаралық талаптарға сәйкес келмеуi.
Елорданы дамытудың үдемелi қарқынына және инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшiн бюджет қаражатының жетiспеушілігiне байланысты қаржыландырудың балама көздерiн, оның iшiнде сыртқы қарыздарды тарту және/немесе жобалық облигацияларды шығару арқылы пайдалану қажеттiлiгi пiсiп-жетiлдi.
Осыған байланысты Малайзияның Путраджайи қаласының әлеуметтiк және инфрақұрылымдық объектiлерiнiң құрылысы үшiн қаржыландырудың балама көздерiн тартудағы оң тәжiрибесiн қолдану пайдалы болып табылады.
Сол жақ жағалаудағы бiрiншi кезектегi объектiлердiң құрылысына инвестициялар тарту үшiн "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы құрылды. Арнайы экономикалық аймақ шеңберiнде шетелдiк инвесторлардың негiзгi капиталға қосқан салымдары 2000 жылғы 3,8 млрд. теңгеден 2005 жылы 6,8 млрд. теңгеге дейiн өстi.
Тұтас алғанда, негізгi капиталға құйылған инвестициялар көлемi 2000 жылғы 59 млрд. теңгеден 2005 жылы 254,2 млрд. теңгеге дейiн өстi. Қаланың инвестициялық саясатын iске асыруда құрылыс негізгi басымдық болып отыр. 2005 жылы құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемi 199,5 млрд. теңгенi құрап, 2000 жылғы деңгейден 4,4 есе артты.
Негiзгi капиталға салынған инвестициялар көлемi бойынша Астана қаласы ел өңiрлерi көшбасшыларының үштiгiне кiрiп отыр. 2000 - 2005 жылдары инвестициялардың республика көлемiндегi елорданың үлесi 9,9 %-дан 11,5 %-ға дейiн көтерiлдi.
Инвестициялық ахуалдың жақсаруы әлемнiң 50 елiнен өкiлдiк ететiн жұмыс iстеп жатқан шетелдiк (408) және бiрiккен кәсiпорындар (ИЗ) санының ұлғаюына оң әсерiн тигiздi.
2000 - 2005 жылдары негiзгi капиталға салынған инвестициялар 4,3 есе, оның iшiнде кәсiпорындар мен ұйымдардың өз қаражаттары - 8,2 есе өстi.
2000 - 2005 жылдары негiзгi капиталға құйылған салымдар көлемiндегi кәсiпорындардың, ұйымдардың және халықтың өз қаражаттарының үлесi салыстырмалы түрде 64,7 %-дан 58,4 %-ға азайды, ал бюджет қаражаты 28,7-ден 38,9 %-ға дейiн артты.
4-кесте
2005 жылғы негiзгi капиталға салынған инвестициялардың
технологиялық құрылымы
жиынына %-бен
|
Қазақстан |
Астана қаласы |
Негізгі капиталға салынған
|
100,0 |
100,0 |
оның ішінде: |
|
|
құрылыс-монтаж жұмыстары |
46,4 |
78,5 |
машиналар, жабдықтар, құрал,
|
36,1 |
15,2 |
басқа да жұмыстар мен шығындар |
17,5 |
6,3 |
Бүгiнгi таңдағы инвестициялық саясаттың түйiндi проблемалары мыналар болып табылады:
инвестициялар құрылымын әртараптандыру деңгейiнiң жеткіліксiздiгi;
өндiрiс қуаттарының табиғи және моральдық аса тозуы;
экономиканың өнеркәсiп секторында инвестициялық белсендiлiктiң төмен болуы;
кәсiпкерлiктi, оның iшiнде инновациялық кәсiпкерлiктi қаржылық қолдаудың тиiмдi схемаларының болмауы.
Туризмдi дамытудың мақсаты Астана қаласының тартымды туристiк бет-бейнесiн, елорданың бәсекеге қабiлеттi туристiк-рекреациялық саласын қалыптастыру болып табылады.
2001 жылдан 2005 жылдар кезеңiнде Астана қаласына келу туризмiнiң көрсеткiштерi 14,1-ден 31,9 мың адамға дейiн, шығу туризмi - 6,9-дан 31,8 мың адамға дейiн, iшкi туризм - 71,2-ден 187,7 мың адамға өстi. Туристiк фирмалардың саны 2000 - 2005 жылдар бойы - 7-ден 54-ке дейiн ұлғайды. Сонымен бiрге басқа өңiрлерден туристiк фирмалардың 9 филиалы мен өкiлдiгi жұмыс iстейдi.
Ұсынылған жұмыстар мен туристiк қызметтердiң көлемi 2000 жылы 1,9 млрд. теңгеден 2005 жылы 4,5 млрд. теңгеге ұлғайды. 2005 жылы туристiк ұйымдардың қызметiнен алынған кiрiстер 1,7 млрд. теңгенi құрады.
"Астананың гүлденуi - Қазақстанның гүлденуi" атты мемлекеттік бағдарламаның қолданыстағы кезеңiнде қонақүйлер саны 28-ден 63-ке дейiн ұлғайды. Олардың 80 %-дан астамын қосымша демалыс орындары мен сервис және тамақтандыру объектiлерi (мейрамханалар, дәмханалар) қамтиды. Астананың қонақүй кешенiнiң бiр мезгiлде 2,5 мың адамға дейiн қабылдауға мүмкiндiгi бар.
Астана қаласында бос уақыт өткiзетiн, демалатын және туристер баратын объектілердiң желiсi кеңеюде.
Проблемалар:
кинотеатрлар (500 мың тұрғын адамға небары 2), ойын-сауық объектiлерiнiң саны жеткiлiксiз, шетел туристерiн тартуға мүмкiндiк беретiн этноорталық жоқ;
тұрақты, сондай-ақ чартерлiк шетелдiк авиарейстер санының аздығы. Туризмдi дамытуды көлiк шығындарының жоғары болуы шектейдi. Туристiк қызмет үшiн мамандандырылған автокөлiк кәсiпорындары жоқ;
электрондық броньдау және сапарларды жоспарлау жүйесi жасалмаған;
туристiк өнiм ретiнде Астананың бейнелiк мәнi кешендi түрде ұсыну жүзеге асырылмайды;
келушi және iшкi туризм қала экономикасы үшiн маңызды мәнге ие индустрия ретiнде қалыптаспаған;
кадр және материалдық-техникалық ресурстары жоқ шағын туристiк фирмалардың басымдығы туризм саласындағы инвестициялық салымдарды дамытуға ықпал етпейдi;
туристiк қызметтiң экономикалық тиiмдiлігiн кешендi объективтi түрде есепке алу жоқ.
2000 - 2005 жылдардағы кезеңде бөлшек сауда айналымының көлемi өсiмнiң тұрақты үрдiсiн көрсеттi. Өткiзудiң барлық арналары бойынша бұл көрсеткiш осы кезең iшiнде 29,1-ден 77,0 млрд. теңгеге дейiн артты. Бұл ретте сауданың мемлекеттiк емес секторында 81 % өсiм (28,900-дан 69,100 млн. теңгеге дейiн) және мемлекеттiк секторда 36,1 %-ға кему (155,0-ден 130,4 млн. теңгеге дейiн) байқалды.
Қаланың ресми тiркелген және сауда жасайтын кәсіпорындары мен ұйымдарының бөлшек тауар айналымының көлемi де 3,6 есе (12,5-тен 45,3 млрд. теңгеге дейiн), ал зат базарларының, аралас және азық-түлiк базарларының бөлшек тауар айналымы - 2 есе (16,5-тен 31,8 млрд. теңгеге дейiн) артты.
2005 жылы көтерме сауда желiсi арқылы сомасы 385,8 млрд. теңге тұтыну тауарлары мен өндiрiстiк-техникалық мақсаттағы өнiмдер өткiзiлдi.
2006 жылдың 1 қаңтарына қарай бөлшек және көтерме саудадағы тауар қорының көлемi 6,9 млрд. теңгеге жеттi, оның 76,3 %-ы көтерме саудада шоғырланған.
Көрсетiлген қызметтiң жалпы көлемi 2005 жылы 3,5 млрд. теңгеге дейiн өстi, қоғамдық тамақтандыру кәсiпорындары 3,0 млрд. теңге сомаға қызмет көрсетті.
Қалада 19 базар жұмыс iстейдi. Қазақстанның оңтүстiк өңiрлерiнен әкелiнетiн жемiс-жидектердi өткiзетiн көтерме базарлардың желiсi құрылды. Өнiмнiң осы түрлерiн көкөнiс шатырларын орнату және маусымдық жәрмеңкелер өткiзу арқылы сататын бөлшек сауда ұйымдастырылды.
Проблемалар:
қала және қала маңындағы кәсiпорындарда өндiрiлетiн дайын тамақ өнiмдерi түрлерiнiң халықтың сұранымына сай келмеуi;
дамыған инфрақұрылымы бар қазiргi заманғы сауда орталықтарының жеткiлiктi санының болмауы.
2000 - 2005 жылдары қалалық бюджеттiң кiрiс бөлiгі 21 млрд. теңгеден 38,3 млрд. теңгеге дейiн (1,8 есеге) өстi. Қаланың ЖӨӨ-дегi бюджет кiрiстерiнiң үлес салмағының ұдайы төмендеу үрдiсi байқалады.
3-сурет
Астана қаласы бюджетiнiң кiрiстерi мен шығыстары,
ЖӨӨ-ге %
(Қағаз мәтінінен қараңыз)
Бұл ретте бюджет кiрiстерi құрылымының өзгерiстерiн талдау 2000 жылы кiрiстердiң негiзгi бөлiгi (74% немесе 15,6 млрд. теңге) корпорациялық табыс салығының және қосылған құн салығының есебiнен түзiлгенiн көрсетсе, ал 2005 жылы 68,0% (26,1 млрд. теңге) - жеке салықтар және әлеуметтiк салықтар есебiнен түзiлгенiн көрсетедi.
2000 - 2005 жылы қала бюджетiнiң шығыс бөлiгi 23,5-тен 82,5 млрд. теңгеге дейiн (3,5 есе) өстi бұл инфрақұрылымды дамыту жобаларын бюджеттен қаржыландырумен байланысты.
5-кесте
|
|
Сомасы (млрд.
|
Yлесi (%) |
||
2000 ж. |
2005 ж. |
2000 ж. |
2005 ж. |
||
1 |
Тұрғын үй-коммуналдық
|
4,2 |
32,3 |
18 |
39,2 |
2 |
Мәдениет, туризм және
|
0,9 |
5,8 |
3,8 |
7 |
3 |
Білім беру |
1,7 |
9,3 |
7,4 |
11,3 |
4 |
Денсаулық сақтау |
1,6 |
7,5 |
6,6 |
9,1 |
5 |
Әлеуметтік қамсыздан-
|
0,7 |
2,9 |
2,8 |
3,5 |
2000 - 2005 жылдары бюджеттiң экономикаға және өндiрiстiк инфрақұрылымға жұмсалған шығыстары 0,6-дан 16,6 млрд. теңгеге дейiн немесе 27,7 есе өстi.
6-кесте
|
2000ж. |
2001ж. |
2002ж. |
2003ж. |
2004ж. |
2005ж. |
Экономика және
|
|
|
|
|
|
|
оның ішінде жалпы
|
|
|
|
|
|
|
отын-энергетика
|
0,0 |
0,0 |
0,0 |
8,5 |
39,2 |
37,2 |
ауыл шаруашылығы |
7,5 |
5,5 |
24,5 |
16,0 |
1,2 |
1,0 |
құрылыс |
0,1 |
1,3 |
2,9 |
3,9 |
2,1 |
3,1 |
көлік |
92,4 |
93,2 |
72,5 |
71,6 |
57,5 |
58,7 |
Экономикаға және өндiрiстiк инфрақұрылымға жұмсалған шығыстардың құрылымында қала аумағының жылдам кеңеюiне және жол құрылысына салынатын iрi инвестицияларға байланысты көлiкке жұмсалатын шығыстардың үлесi жоғары деңгейде қалуда.
2003 жылдан бастап отын-энергетика кешенi бюджет шығыстарының маңызды бабына айналды. 2005 жылы бұған экономикаға және инфрақұрылымға жұмсалған барлық шығыстардың 37,2 %-ы келдi.
Астана қаласы бюджетiнде 2005 жылы республикалық бюджеттен алынған ресми трансферттердiң жалпы түсiмдерiндегi үлес салмағы 50,5 % (39,2 млрд. теңге) құрады.
2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Астана қаласы әкiмдiгiнiң борыштық мiндеттемелерiнiң сомасы 8,767 млрд. теңгенi құрады.
Проблемалар:
инвестициялық жобаларды iске асыруға бағытталған республикалық бюджеттiң нысаналы трансферттерiн басқарудағы және пайдаланудағы көп сатылық;
жыл сайын қала бюджетiне республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер жоспарланғанына қарамастан, республикалық бюджетке бюджеттiк алып қоюдың жыл сайын бағытталуы;
жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын даму бағдарламалары үшiн бюджеттiң жалпы көлемiнiң 10 %-дан аспайтын мөлшерде белгiленген шектеуi.
Автомобиль көлiгi мен энергетика кәсiпорындары Астана қаласының атмосфералық ауасын ластайтын негiзгi көздер болып табылады. Қазiргi уақытта автомобильдердiң саны 2000 жылмен салыстырғанда 2,5 есе өстi және 94,5 мыңды құрады. Қалада шағын қазандықтар саны көбеюде, олар 250-ге жуық.
Қазiргi уақытта Есіл өзенiнiң қала аумағындағы ластану деңгейiнiң жоғары болуы байқалады.
Ақбұлақ және Сарыбұлақ сияқты екi саласы бар Есiл өзенi Астана қаласының ең басты су арнасы болып табылады. Сарыбұлақ саласы жайылма сулардың ғана емес, Есіл өзенiне құйылатын сарқынды сулардың да қашыртқысы қызметiн атқаратын техногендiк су арнасы болып отыр.
Елорда халқының жылдам өсуiмен және экономикасының дамуымен арта түсiп отырған өндiрiстiң және тұтыну қалдықтарының мөлшерi қаланың қоршаған ортасына керi техногендiк ауыртпалық түсiрiп отыр.
Экологиялық қауiпсiздiкті және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етуде негiзгi проблемалар:
бақылау жүйесiнiң атмосфералық ауаның жай-күйiнiң нормативтер талабына саны бойынша да, сапасы бойынша да сай келмеуi;
ластану деңгейiн төмендету мақсатында жедел шешiмдер қабылдауға мүмкiндiк беретiн ақпаратты жинақтайтын және талдайтын бiртұтас орталық жоқ;
"Талдыкөл" сарқынды суларды булағыш-жинағышын жоюдың және қайта өңдеудiң қажеттiгi;
жауын-шашын кәрiзi жүйесiнiң санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарға сай келмеуi;
күл үйiндiсiн қайта өңдеу және жаңаларын салу қажеттілігi. Күл-қожды кәдеге жарату мен оларды өңдеу жұмыстары деңгейiнiң жеткіліксiздігі;
тұрмыстық қатты қалдықтар және өндiрiстiк қалдықтардың рұқсат берiлген қоймасының атмосфералық ауаға терiс әсерi;
қауiптi қалдықтарды көметiн арнайы салынған полигонның болмауы.
2. Бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерi
Бағдарламаның мақсаттары халықтың өмiр сүру сапасын бiртiндеп арттыру, әлемдiк стандарттарға сай келетiн және халықтың өсуiне және қала экономикасына барабар тыныс-тiршiлiк инфрақұрылымын қалыптастыру, қолайлы қоршаған ортаны қамтамасыз ету, ел экономикасында елорданың ықпалдастыру рөлiн күшейту болып табылады.
Бағдарламаның мақсатына қол жеткiзу Астана қаласының әлеуметтiк-экономикалық дамуында мынадай мiндеттердi шешудi көздейдi:
I кезең (2006-2008 жылдар):
бала тууды көтермелеу, денсаулықты бекемдеу және өмiр сүрудiң болжамды ұзақтығын ұлғайту;
балалары бар отбасыларға мемлекеттiк жәрдемақылар төлеу, сондай-ақ халықтың неғұрлым осал және қорғалмаған жiктерiне атаулы және әлеуметтiк көмектiң басқа түрлерiн көрсету;
мемлекет және денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган айқындайтын денсаулық сақтауды дамытудың басым бағыттарын iске асыру;
сапалы медициналық көмек көрсетудi қамтамасыз ететiн медициналық кластер құру;
әлемдiк деңгейдегi бiлiктi кадрларды даярлауды қамтамасыз ететiн ғылым-бiлiм кластерiн құру;
бiлiм беру мекемелерiнiң теңгерiмдi желiсiн құру және сапалы да үздiксiз бiлiм беру жүйесiн қалыптастыру;
халықтың рухани әлеуетiн нығайту және зияткерлiк деңгейiн арттыру;
халықты жұмыспен қамтуды және қала экономикасына туризмдi дамытудан кiрiс түсуiн қамтамасыз ететiн туристiк кластердi құру;
қаланың экономикасын, әлеуметтік, өндiрiстiк, тұрғын үй және көлiк инфрақұрылымын дамыту үшiн қаржы ресурстарын тарту мақсатында қолайлы инвестициялық ахуал жасау;
ғылымды қажетсiнетiн және жоғары технологиялық экспортқа бағдарланған өндiрiстер құруды қамтамасыз ететiн өнеркәсiптік кластерiн құру;
құрылыс жұмыстарының сапасын арттыру және құнын азайту үшiн күрделi шығындарды азайтуды және қазiргi заманғы құрылыс материалдарын пайдалануды ынталандыруды қамтамасыз ететiн құрылыс кластерiн құру;
қала халқы санының өсуiне және экономикасының даму қарқынына сәйкес қаланың тыныс-тiршiлiк инфрақұрылымының жұмыс iстеуiнiң тиiмділігiн арттыру;
тұрғын үй иелерiнiң тұрғын үй ғимараттарын тиiсiнше күтiп-ұстау жөнiндегі мiндеттерiн орындауына мемлекеттік бақылауды күшейту;
қаланың көркемдiк мәнерлiлiгiмен, тарихи-мәдени және ұлттық өзгешелiгiмен ерекшеленетiн сәулеттiк келбетiн қалыптастыру;
қаланы сумен жабдықтаудың және су тартудың сенiмдiлiгiн арттыру және халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету;
қала iшiндегi жолаушылар және жүк тасымалына деген өскелең қажеттiлiктi қамтамасыз ететiн көлiк инфрақұрылымын дамыту;
телекоммуникация мен почта байланысы қызметтерiн дамыту;
мемлекет белгiлеген сапа кепiлдiгi жағдайында астана тұрғындарының алуан түрлi тауарлар мен қызметтерге сұранысын қанағаттандыру, сауда және тұрмыстық қызмет көрсету мәдениетiн арттыру;
бюджеттi перспективалы жоспарлау және оның атқарылуының тиiмділігiн арттыру;
қалалық бюджеттiң кiрiс бөлiгiн барынша ұлғайту;
II кезең (2009 - 2010 жылдар):
бәсекеге қабiлеттi еңбек нарығын құру, бiлiм берудiң, медициналық қызметтердiң, мәдениеттiң және басқаларының стандарттарын арттыру арқылы қала халқының өмiр сүру сапасын арттыру;
өзекті әлеуметтiк-экономикалық мiндеттердi шешу үшiн қаланы басқарудың талдамалық-ақпараттық қамтамасыз етілуiн жақсарту жолымен оның тиiмдiлігiн арттыру;
тұрғын үй құрылысын жедел дамыту және тұрғын үй нарығының тиiмдi тетiктерiн қолдану арқылы тұрғын үйге қолжетiмділіктi қамтамасыз ету;
тиiмдi көлiк инфрақұрылымын құру, көлiк ағынын оңтайландыру, жүрдек қоғамдық көлiктiң балама түрлерiн енгізу;
қала кәсіпорындары өндiретiн өнiмдi өткiзу нарығын кеңейту;
жоғары технологияларды тарта отырып, қаланы басқарудың озық тәжiрибесiн пайдалану;
Қазақстан Республикасының елордасы - Астананың жағымды бейнесiн жасау және көрсете бiлу;
қаланың тыныс-тiршiлік үшiн қолайлы қоршаған ортасын тұрақты дамытуды қамтамасыз ету.
Астана қаласын демографиялық дамытудың басым бағыттары:
халықтың өмiр сүру деңгейiн, ұсынылатын қызметтердiң сапасын, еңбек жағдайын және халықтың денсаулығын бiртiндеп жақсарту есебiнен халықтың өсуi үрдiсiн сақтау;
мезгiлсiз болатын өлiмдi азайту, жарақат алудың және уланудың алдын алу, темекi тартуға, маскүнемдiкке және нашақорлыққа қарсы күрес;
болашақта халық санының өсуi үшiн халықтың барабар жастық-жыныстық құрылымын қалыптастыруға жастар мен еңбекке жарамды адамдарды белсендi тарту;
салауатты өмiр салтын насихаттау жөнiндегі бiлiм беру жүйесiн құру;
бiрнеше бала туу, оларды тәрбиелеу және асырау үшiн қолайлы әлеуметтiк-экономикалық жағдай жасау;
отбасының тәрбиелiк әлеуетiн көтеру, жетiм балаларды, оның iшiнде мүгедек балаларды отбасыларына орналастырудың қолжетiмдi нысанын дамыту;
мүмкiндiктерi шектеулi балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық қолдауды дамыту жөнiндегi қызметтердi жетiлдiру болады.
Алға қойған мiндеттердi шешу жөнiндегi негiзгi iс-шаралар мыналар болып табылады:
БАҚ-та салауатты өмiр салтын, дене шынықтыру мен спортты белсендi насихаттау;
еңбек жағдайын тексеру, бағалау және бақылау институтын қалыптастыру, жұмыс берушiлердiң жауапкершiлiгiн арттыру;
қан айналымы жүйесiнiң ауруларын, қатерлi iсiктер мен жұқпалы ауруларды барабар емдеу үшiн амбулатория-емхана мекемелерiнде ертерек анықтау және диспансерлеу;
жұмыс берушiлердiң жауапкершiлiгiн арттыру, кәсiпорындар мен ұйымдарда әлеуметтiк жағдайлар пакетiн жасау;
еңбек мигранттарын тарту, оларды құқықтық қамтамасыз ету, оралмандардың тұрмысын жақсарту саласындағы заңнаманы жетілдiру.
Z970204
3.1.2. Халықтың тұрмыс деңгейi
Халықтың өмiр сүру деңгейiн көтерудiң басым бағыттары:
қаланың әлеуметтiк-экономикалық даму деңгейiне халықтың нақты-ақшалай кiрiстерiнiң өсуi мен жалақы деңгейiнiң барабар сай болуы;
халықтың өмiр сүру сапасын арттыру (жоғары бiлiмi бар халық үлесiнiң және жастардың жалпы санының iшiндегi студенттердiң үлес салмағының өсуi; экономикалық белсендi халықтың iшiнде жұмыссыздар деңгейiн төмендету, қылмыстарды және т.б. азайту);
халықтың тұрғын үймен, тұрғын-үй-коммуналдық және әлеуметтiк қызметтермен (оның iшiнде, тұрғын үй алаңы, телефон байланысы, бiлiм беру, мәдениет және денсаулық сақтау ұйымдары және т.б.) қамтамасыз ету болады.
Жұмыспен қамту саласындағы саясаттың негiзгi бағыттары:
жаңа жұмыс орындарын ашу және қазiргi жұмыс орындарын сақтауды көздейтiн инвестициялық жобаларды жүзеге асыру;
iрi кәсiпорындарда кадрларды даярлау және қайта даярлаудың өндiрiс iшiндегi жүйесiн қалпына келтiруге бағытталған шараларды жүзеге асыру;
жұмыс берушiлермен тұрақты байланысы бар және қайта даярлау курстарынан өткен жұмыссыздарды жұмыс орындарымен қамтамасыз ететiн оқу орындарының желiсiн қалыптастыру;
ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру жүйесiн дамыту және жетiлдiру;
халықтың нысаналы топтарына кiретiн адамдар үшiн әлеуметтiк жұмыс орындарын құру жөнiндегi жұмысты жетiлдiру;
еңбек нарығында талап етiлетiн бiлiктi мамандардың болуын, жаңа жұмыс орындарын құру перспективаларын және жергiлікті кадрлардың кәсiби өсуiн қамтамасыз етудi негiзге ала отырып, шетелдiк жұмыс күшiн пайдаланудың орындылығын айқындау жолымен iшкi еңбек нарығын қорғауды жүзеге асыру болып табылады.
Жоғарыда аталған бағыттардың шеңберiнде 2006 - 2010 жылдар кезеңiнде мынадай iс-шараларды iске асыру қажет:
Астана қаласының басым бағыттары мен қызмет салалары үшiн кәсiби-бiлiкті кадрларды даярлауға және қайта даярлауға арналған мемлекеттiк тапсырыс беру жүйесiнiң мониторингiн жүргiзу;
өндiрiстiк жарақат алуды азайту жөнiндегi алдын алу шараларын қаржыландыру туралы ереженi әзiрлеу және қабылдау;
Әлеуметтiк менеджмент пен қызмет көрсету орталығын ұйымдастыру.
3.1.3. Әлеуметтiк қамсыздандыру
Әлеуметтiк қамсыздандырудағы басым бағыттар:
халықтың әлеуметтiк осал жiктерiнiң жағдайының нашарлауын болдырмайтын шаралар қабылдау, жалғызiлiктi қарт азаматтардың проблемаларын шешу;
тұрмысы төмен отбасыларға атаулы әлеуметтiк көмек көрсету;
мүгедектердiң әлеуметтiк қызметтердiң қол жетiмдiлігiн қамтамасыз етуге және тұратын жерлерiне жақын орналастыруға, әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiне қол жеткiзудi қамтамасыз ету, оңалту мекемелерi мен мүгедектердi жұмысқа орналастыру желілерiн дамытуға бағытталған шараларды әзiрлеу мен iске асыру;
уақтылы әлеуметтік көмек және қажетті қызмет көрсету саласындағы проблемаларды толық көлемде анықтауға мүмкiндiк беретiн, өңiрдегi кедейлiктiң кешендi мониторингiн жүргiзуге бағытталған шараларды әзiрлеу мен iске асыру;
кедейлiк шегiнен төмен деңгейде өмiр сүрiп жатқан адамдар санын азайту;
мүмкiндiктерi шектеулi балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық қолдауды дамыту жөнiндегi қызметтi жетiлдiру;
жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына, оның iшiнде мүгедектерге, Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, тыл еңбеккерлерiне, мүмкiндiгi шектеулi балаларға, жетiм балаларға, жалғызiлiктi қарт азаматтарға, көп балалы аналарға және т.б. көрсетiлетiн әлеуметтік төлемдердi және әлеуметтiк көмек түрлерiн жүйелеу бөлiгiнде iс-шараларды әзiрлеу, iске асыру қызметiн жетiлдiру;
әлеуметтiк қызметкерлердiң рөлiн арттыру, олардың еңбегiн ынталандыру болады.
Осыған байланысты, әлеуметтiк қамсыздандыру жөнiнде мынадай iс-шаралар кешенiн орындау қажет:
тұрмысы төмен мүгедектер мен зейнеткерлердi қолдау үшiн жалпы қалалық iс-шаралар өткiзуге азаматтарды, мемлекеттік, қоғамдық және үкiметтiк емес ұйымдарды тарту;
тұл жетiмдердiң, бала кезiнен мүгедектердiң және кеп балалы отбасылар мен жетiмдер үйi балаларының арасынан қаланың жалпы бiлiм беретiн мектептерiнiң түлектерiн жоғарғы оқу орындарында оқыту үшiн әлеуметтiк көмек көрсету жөнiндегi жұмыстарды жалғастыру.
Бiлiм беру жүйесiнiң басым бағыттары:
жалпы бiлiм берудiң сапасын арттыру;
мектепке дейiнгi тәрбиелеу және оқыту саласында бiлiм беру қызметтерiне сұранысты қанағаттандыру болады.
Жоғарыда аталған бағыттар шегiнде мынадай iс-шараларды iске асырылатын болады:
тәрбиелеу және оқыту саласында бiлiм беру қызметтерiне сұранысты қанағаттандыру, сондай-ақ қазiргi тапшылықты қысқарту үшiн қазiргi заманғы жалпы бiлiм беретiн және мектепке дейiнгi мекемелердi салу;
"Мектепке дейiнгi бiлiм беру - мектеп - колледж - жоғары оқу орны" үздiксiз бiлiм беру жүйесiнiң аясында "Бiлiм берудiң жаңа технологиялары" бағдарламасын әзiрлеу мен енгiзу және бiлiм берудiң бейiндiк бағыттарына көшу.
Астана қаласының халқына медициналық қызмет көрсетудi жақсарту саласындағы басым бағыттар:
ана мен баланың денсаулығын бекемдеу;
бастапқы медициналық-санитарлық көмек (БМСК) қызметiн реформалау және дамыту;
санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету;
қала халқына, бiрiншi кезекте әлеуметтік маңызы бар аурулармен ауыратын адамдарға, сондай-ақ тегiн медициналық көмектiң кепiлдiктi көлемi шеңберiнде көрсетiлетiн медициналық қызметтердiң сапасын көтеру;
дәрiлiк заттар айналымы саласын мемлекеттiк реттеудiң тиiмдiлігiн арттыру;
салауатты өмiр салтын қалыптастыру және аурулардың алдын алу;
кадрмен қамтамасыз ету;
денсаулық сақтаудың бiрыңғай ақпараттық жүйесiн қалыптастыруды жетілдiру болады.
Аталған бағыттарды iске асыру үшiн мынадай iс-шараларды жүзеге асыру қажет.
Ана мен баланың денсаулығын қорғау саласында:
балалар ұйымдары мен босануға көмек көрсететiн ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту, оларды дәрiмен қамтамасыз етудiң қажеттi деңгейiне дейiн жеткiзу;
жыл сайынғы медициналық қараудан өткiзу, балаларды және ұрпақ әкелетiн жастағы әйелдердi диспансерлеу және сауықтыру;
отбасын жоспарлау, балалар ауруларын бiрiктiре қарау, қауiпсiз иммундеу практикасын, жұқпалы ауруларды бақылау, туа бiткен даму кемiстiктерiнiң мониторингi, балалар денсаулығын қорғау бағдарламаларын iске асыру;
медициналық-генетикалық қызметтi одан әрi дамыту, туа бiткен және тұқым қуалайтын ауруларды диагностикалау және алдын алу әдiстерiн енгiзу.
Бастапқы медициналық-санитарлық көмек қызметiн дамыту саласында:
терапевт, педиатр учаскелерiн нормативтерге сәйкес шағындау;
жедел медициналық көмек қызметiн жарақтандыру және дамыту;
БМСК деңгейiндегi медициналық қызметтiң сапасын арттыру жүйесiн енгiзу;
ауруларды дәрiмен қамтамасыз ететiн стационарды алмастырушы технологияларды одан әрi дамыту.
Санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық саласында:
материалдық-техникалық базаны нығайту;
балалар мен жасөспiрiмдердi толық қамтитын егулердiң ұлттық күнтiзбесiне кiрмеген жұқпалы ауруларға қарсы халыққа вакцинация жүргізуге арналған қаражат көлемiн ұлғайту.
Медициналық қызметтердiң сапасын арттыру, бiрiншi кезекте әлеуметтiк маңызы бар аурулармен ауыратындар көрсетiлетiн:
Денсаулық сақтау министрлiгi бекiткен диагностика мен емдеудiң клиникалық хаттамаларын енгiзу;
туберкулез, нашақорлық ауытқулар, жыныстық қатынаспен берілетiн жұқпалы аурулардың және басқа да әлеуметтiк маңызы бар аурулардың алдын алу және одан әрi азайту;
медициналық қызмет сапасының аурухана iшiндегi сараптама жасау тетiктерiн енгiзу.
Медициналық ұйымдарды кадрмен қамтамасыз ету саласында:
орта медициналық қызметкерлердi оқытуға мемлекеттiк тапсырысты ұлғайту;
қаланың денсаулық сақтау ұйымдары үшiн медициналық қызмет көрсету сапасының менеджментi саласында мамандарды даярлау;
жергiлiктi бюджеттен медицина кадрларының бiлiктiлігiн арттыруға және қайта даярлауға қаражат бөлу;
жас мамандарға бiрiншi кезекте коммуналдық тұрғын үйден пәтерлер бөлу және жеңiлдiктi негiзде ипотекалық кредиттер беру.
Мәдениет және спорт саласындағы басым бағыттар:
кәсiби көркем шығармашылықты және жас таланттарды қолдау, спорт секцияларын дамыту;
халық шығармашылығын ынталандыру және мәдени-демалыс қызметiн дамыту;
тарихи және мәдени ескерткiштердi сақтау;
отбасылық демалыс саласын қалыптастыру болып табылады.
Жоғарыда аталған бағыттар аясында мынадай iс-шараларды iске асыру қажет:
мәдени және спорттық мәндегі объектiлердiң құрылысы;
мәдениет және спорт объектiлерiнiң материалдық-техникалық базасын қайта жаңарту, нығайту.
Ақпараттық саясаттың басым бағыттары елорданы дамыту нәтижелерiн және олардың республика үшiн маңызын барынша жария көрсетудi қамтамасыз ету, сондай-ақ нақты бағдарламаларды iске асыру барысында Астана қаласының әлеуметтiк-экономикалық дамуын қолдау үшiн ақпараттық ортаны құру болады.
БАҚ мүмкiндiктерiн кеңейту және барлық нысаналы топтарды ақпараттық қамту мақсатында мынадай iс-шараларды жүзеге асыру қажет:
мемлекеттiк тапсырысты өңiрлiк және республикалық БАҚ-тарда орналастыруды қамтамасыз ету;
Астана қаласының әлеуметтiк-экономикалық дамуының көкейтестi бағыттарын жария етуге БАҚ-тар арасында конкурстар өткiзу;
баспасөз конференциялары, брифингтер, баспасөз турлары, телекөпiрлер және БАҚ өкiлдерiмен өзара ашық iс-қимылдың өзге де нысандары;
қаланың көкейтестi проблемаларын талқылау және пiкiрталастар өткiзу үшiн алаң ұйымдастыру мақсатында елорда ақпараты клубын құру;
мемлекеттiк басқарудың ашықтығына қол жеткiзу мақсатында жергiлiктi мемлекеттiк мекемелер мен кәсiпорындардың жекелеген веб-сайттарына шығатын Астана әкiмдiгiнiң бiрыңғай веб-порталы аясында көзделген электрондық ақпараттық инфрақұрылым құру. Ол үшiн қала бюджетi, қаланы дамыту бағдарламалары, мемлекеттiк қызмет көрсетудi ұсыну тәртiбi туралы жергiлiктi органдар қабылдаған нормативтiк құқықтық актiлер туралы жан-жақты ақпаратты орналастыру қажет.
Имидж саясатында
басым бағыттар мыналар болады:
елдiң саяси, экономикалық және мәдени орталығы ретiнде Астана қаласының оң келбетiн қалыптастыру;
Астана - қазақстандық қоғамды топтастыратын түпқазық;
Астана - еуразиялық кеңiстiкте және әлемде Қазақстанның ықпалдасу бастамаларын iске асыратын орын.
Айқындалған басымдықтарға қол жеткiзу үшiн мынадай iс-шаралары iске асырылады:
Қазақстанның жасампаз дамуының бейнелiк мәнi ретiнде елорданың экономикалық өсуi туралы халықты хабардар ету;
қазақ, орыс, ағылшын және басқа да шет тiлдерiнде веб-сайттар құру;
талдама және сараптама материалдары түрiндегi отандық және шетелдiк БАҚ-та жарияланымдар;
инвестициялық ахуал сипаттамасын, табысты инвестициялық жобалардың, капитал салымдарына перспективалы салалар үшiн табысты инвестициялық жобалардың үлгiлерiн, инвестицияларға мұқтаж нақты жобаларды қамтитын Астананың инвестициялық жолсілтегiшi;
имидж жүктемесiн көтеретiн кең ауқымды мәдени, спорт, iскерлiк және өзге де iс-шаралар өткiзу;
имидж өнiмiн жасауға және таратуға көмек көрсету.
Астана қаласының индустриялық-инновациялық саласын дамыту жөнiндегi негiзгi бағыттар:
қазiргi бар өндiрiстiк қуаттарды жаңғыртуға және қайта жаңартуға әрi кәсiпорындардың өнiм сапасын басқарудың және оны сертификаттаудың халықаралық стандарттарына өтуiн ынталандыру;
ресурсты үнемдеушi, экологиялық таза жоғары технологияларды пайдаланатын бәсекеге қабiлеттi өндiрiстердi қолдау мақсатында өңiраралық және халықаралық байланыстарды дамыту;
жоғары және арнайы орта оқу орындарының базасында өнеркәсiп үшiн жоғары бiлiктi кадрларды оқыту әрi қайта даярлау жүйесiн дамытуға ықпал ету;
тiгiнен кiрiккен құрылымдар: ғылым-бiлiм және ғылым-өндiрiс кешендерiн құру.
Жоғарыда аталған бағыттар аясында мынадай iс-шараларды жүзеге асыру қажет:
жаңа құрылыс технологияларына, оның iшiнде энергия ресурс сақтаушы, экологиялық таза технологияларға көшу және жоғары сапалы тауарларды өндiру номенклатурасын кеңейту;
дәстүрлi құрылыс өнiмдерiн шығаратын өндiрiстi басқа өңiрлерге өнiмдер жеткiзуге қайта бағдарлау;
ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу мен тамақ өнеркәсiбi кәсiпорындарын сериясы ИСО халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкес келетiн сапа менеджментiнiң халықаралық жүйелерiне жеделдете көшiру үшiн жағдай мен алғышарттар жасау;
ЖЭО-2 ауданында (шығыс өнеркәсiптiк аудан) дамыған инженерлiк инфрақұрылымы бар жаңа өнеркәсiптiк аймақ құру;
жаңа инновациялық өндiрiстер құру.
Кәсiпкерлiктi одан әрi тиiмдi дамыту үшiн негiзгi бағыттар:
шағын кәсiпкерлiкті дамыту үшiн барынша ашық заңнамалық негiз құру;
кәсiпкерлiктiң инновациялық экономикаға қатысуы;
шағын кәсiпкерлiктiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру;
билiк пен бизнестiң өзара іс-қимылының жаңа идеологиясын қалыптастыру арқылы елорда экономикасындағы оның үлесiн арттыру болады.
Бұл бағыттардың аясында мынадай iс-шаралар орындалатын болады:
мәжбүрлi демеушiлік тәжiрибесiн жою;
бизнес-қоғамдастықтың өзiн-өзi ұйымдастыруына жәрдемдесу;
экономиканың әлеуметтiк маңызды салаларында бизнесті жүргiзу үшiн қолайлы жағдайлар жасау;
кәсiпкерлiктi қолдау инфрақұрылымын дамыту.
Электр желiлерiнде және қалалық жарықтандыру жүйесiнде электр энергиясының ысырабын азайтудың негiзгi бағыттары:
қаланың сол жақ және оң жақ жағалауы бөлiктерiндегi жаңа құрылыстарды электрмен жабдықтау жүйесiн дамыту;
қаланың оң жақ жағалау бөлiгiндегi тұтынушыларды электрмен сенiмдi жабдықтау үшiн жұмыс iстеп тұрған желілердi дамыту болады.
Жоғарыда аталған бағыттар аясында мынадай iс-шараларды жүзеге асыру қажет:
жұмыс iстеп тұрған электр желiлерiн қайта жаңарту;
ысырап аз болатын электр күшi бар жаңа жабдықтарды пайдалану;
энергия тұтыну режимдерiн оңтайландыру мақсатында тарату желiлерiнде техникалық ысыраптың деңгейiн төмендету;
электр станцияларында, шағын станцияларда электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесiн (ЭКЕАЖ) енгiзу;
электр энергиясын тұтынуды бақылау үшiн электр энергиясының тұтынушылары (заңды және жеке тұлғалар) бойынша автоматтандырылған дерекқорлар құру;
геоақпараттық технологиялардың базасында электр энергиясының теңгерiмiн есепке алу мен талдаудың бiрiктiрiлген жүйесiн әзiрлеу мен енгiзу;
Астана қаласында балама көздерден (жылу сорғылары, жел энергетикасы) энергиямен және жылумен жабдықтау жөнiндегi жаңа және озық техникалық шешiмдердi енгiзу үшiн полигон (шағын аудан үлгiсiнде) құру.
Астана қаласында көп қабатты ғимараттарды салу үрдiсi, қаланың жылу энергиясы мен электр энергиясына деген қажеттілігі артуының болжамды өсуi орталықтандырылған жылумен жабдықтаудың қалыптасқан жүйелерiн (ОЖЖ) ЖЭО базасында электр және жылу энергиясын құрамдас өндiрудi одан әрi дамытудың объективтi алғышарттарын жасайды.
Осыған байланысты Астана қаласының жылумен жабдықтау жүйесiн дамытудың негiзгi бағыты ЖЭО базасында электр және жылу энергиясын құрамдас өндiретiн орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесiн (ЖЖЖ) сақтау және дамыту болып табылады.
Қаланың жылумен жабдықтау саласындағы мiндеттердi шешу мақсатында мынадай iс-шараларды жүзеге асыру қажет:
орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесiн және жылу желiлерiн сақтау және одан әрi дамыту жөнiндегi жұмыстарды жүзеге асыру;
қаланың сол жақ жағалаудағы бөлiгiнде жылу магистральдарын салу және қаланың оң жақ жағалаудағы бөлiгiндегi жылу магистральдарын қайта жаңарту жобаларын iске асыру.
Қала құрылысында басым бағыттар:
қала құрылысының қазiргi заманғы теорияға сай бағдарлануы, iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеулердiң дамуына қолдау жасау, қала құрылысы қызметiнiң ақпараттық-статистикалық базасын кеңейту;
мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету, бiлiм беру, денсаулық сақтау, спорт, демалыс және ойын-сауық объектiлерiнiң желiлерiн қалыптастыру;
қаланың перспективалы көлiк жүйесi мен инженерлiк инфрақұрылымын қалыптастыру;
қаланың салынып жатқан аумағында қазiргi заман стандарттарына және адамдардың қауіпсiз жайлы, өмiр сүру талаптарына сай қолайлы жағдайларды қамтамасыз ететiн, қала салуға және қаланы реттеуге арналған құжаттарды әзiрлеу;
қаланың сәулет, турист, құрылыс қызметтерi, инвестициялық және кәсiпкерлiк қызметтер үшiн тартымдылығын қамтамасыз ету;
қаланың және қала маңы аймағының экологиялық жүйесiнiң тұрақты дамуы үшiн жағдай жасау, қаланың ықпал аймағына енетiн аумақты кешендi көгалдандыру мен абаттандыруға көшу;
халықтың қалың жiгi үшiн бағасы қолжетiмдi тұрғын үй салу;
қала шегiнде жеке құрылыс салу үшiн учаскелер бөлу процесiн бақылауды күшейту;
қаланың тарихи даму барысында, сондай-ақ қазiргi заман талабына сай қала құрылысы жоспарларының iске асырылуы нәтижесiнде қалыптасқан Астана қаласының жоспарлы құрылымының даралығы мен өзiндiк ерекшелiгiн қолдау және дамыту;
бос аумақтарға құрылыс салуды жаппай кеңейтуден қаланы кешендi қайта жаңарту стратегиясына, оның iшiнде 50-80 жылдары салынған 3-5 қабатты тұрғын үйлердi жаңғыртуға және олардың пайдаланылу мерзiмiн ұзартуға көшу;
осы салада қызмет етiп жатқан барлық субъектiлердiң құқықтық қатынастарын тәртiпке келтiрiп, заңнамалық және әдiстемелiк базаны дамытып, қала жерлерiнiң қала құрылысы кадастрын жасап, құқықтық аймақтандыру ережелерi мен жоспарлары негiзiнде қалалық жер пайдаланудың кешендi реформасын жүргiзу болады.
Жоғарыда аталған бағыттар аясында мынадай iс-шараларды жүргiзу жоспарланады:
қаланы бiр-бiрiнен саябақтармен және гүлбақтармен бөлiнетiн биiк қабатты ғимараттардың, орташа қабатты және коттедж үлгiсiндегi ғимараттардың құрылысы алмасып отыратын тығыздықтағы бiрнеше аймаққа бөлу. Бұл қаланың орталық бөлiгiне түсетiн өскелең антропогендiк жүктеменiң азаюына, көлiк ағынын ыңғайлауға, тұрғындардың жолға кететiн уақытын азайтуға, қаланың iскерлiк және тұрғын аудандары болып бөлiнуiн еңсеруге әкеледi;
бекiтiлген бас жоспарға сәйкес жаңа салалық схемалар, қала бөлiктерiнiң жоспарлау жобаларын және жеке орамдар мен шағын аудандар салу жобаларын әзiрлеу;
қаланың қолданыстағы бас жоспарына түзетулер енгiзу, оны нақты жағдайлар мен Астананың орта және ұзақ мерзiмдi перспективада дамуының қажеттілiктерiне сәйкес келтiру;
қаланың өнеркәсiптiк аймағы аумағында перспективалы салалар мен жоғары технологиялары бар кәсiпорындар және өндiрiстер салу мен орналастыру тұжырымдамасын әзiрлеу;
қаланы су тасқынынан, су басудан және басқа да техногендiк және табиғи сипаттағы дүлей зiлзаладан қорғаудың тиiмдi жүйесiн жасау;
қаланың сәулеттiк-көркемдiк ортасын ұйымдастыру бағдарламасының аясында кешендi дизайн әзiрлеу және енгiзу.
Астананы елорда - ретiнде дамыту әкiмшiлiк және iскерлiк функцияларды ғана емес, сонымен бiрге тұрғындар өмiрiнiң жоғары деңгейi мен сапасына, оның өмiр сүру жағдайларына қол жеткiзудi жүзеге асыруды көздейдi.
Осыған байланысты тұрғын үй құрылысын дамытудың мынадай бағыттары көзделуде:
тұрғын үй секторында мемлекеттiк реттеу тетiктерiн құру, мәмiлелер тәуекелдерiн азайту, құрылыс кешенiн кеңейту және жылжымайтын мүлiк бағасының өсуiн тежеу үшiн осы сектордағы монополияны жою, оның iшiнде:
тұрғын үй құрылысын жеңiлдiкпен кредиттеу және мемлекет тарапынан берiлетiн кредит бойынша пайыздық ставканы өтеу жолымен азаматтардың ез қаражаттарын салуын экономикалық ынталандыру;
қалалық тұрғын үй облигациялары займдарын жүзеге асыру арқылы эконом-сыныптағы тұрғын үй құрылысына бюджеттен тыс инвестициялар тарту көзделедi.
Алға қойған мiндеттердi шешу мақсатында мынадай iс-шараларды жүзеге асыру қажет:
тұрғын үй құрылысында прогресшіл технологияларды, қазiргi заманғы сәулет-құрылыс және қала құрылысы шешiмдерiн өнiмдер түрлерi мен материалдардың экологиялық таза дизайны бойынша осы заманғы түрлерi мен номенклатурасы бойынша халықтың түрлi жiктерiнiң төлем қабiлетi мен сұраныстарына жауап беретiн таңдаулы тұрғын үйлерге де, сондай-ақ табысы аз азаматтарға арналған тұрғын үйлерге де пайдалану;
магистральдық инженерлiк желiлер, сондай-ақ құрылыс және коммуникациялары жоқ аумақтардан үйлер салуға жер учаскелерiн бөлу.
Қаланы көгалдандыру мынадай негiзгi бағыттар бойынша iске асырылатын болады:
"көгалдандыру" құрылысы мониторингi, ол мыналарды қамтиды:
көгалдандырудың кешендi схемасының iске асырылуын, көгалдандыру объектiлерiнiң жалпы мәдени бет-бедерiне сай болуын, екпе материалдарының, "көгалдандыру" құрылысы жөнiндегi жұмыстардың және жасыл желектi күтiп-баптау жөнiндегi жұмыстардың сапасын бақылау;
қаланың ауқымында саябақтардың, гүлбақтардың, гүлзарлар мен гүл көшеттерiне бөлiнген аймақтардың санын ұлғайту арқылы көптеген жасыл шағын аймақтар құру; қала маңындағы санитарлық-қорғаныш аймағының құрылысын аяқтау.
Қаланы көгалдандыру және абаттандыру мақсатында мынадай iс-шараларды iске асыру қажет:
орман питомниктерiн қайта жаңарту және салу;
орам iшiндегi аумақтарды кешендi абаттандыру және көгалдандыру, жасыл желекті ескере отырып жаңа объектілердi жоспарлау және салу;
қала маңындағы аймақта негiзгi көлiк магистральдарының бойына ландшафтық екпелер отырғызу;
Астана қаласының "жасыл белдеуiн" кеңейту, көпжылдық жасыл екпелердi пайдалану;
сол жақ жағалаудың жасыл желегінiң сақталуын қамтамасыз ету үшiн сол жақ жағалаудан өндiрiстiк база салу;
"жасыл белдеу" аумағында рекреациялық аймақтар құру.
Тұрғындар санының өсуiне және автомашиналарға май құятын жаңа бекеттердiң ашылуына байланысты сұйытылған газды тұтыну 2010 жылға қарай 2005 жылмен салыстырғанда 10,5%-ға өседi деп күтiлуде.
Газбен қамтамасыз етудi дамытудың басым бағыттары:
қала мен қала маңындағы аумақтардың газға деген қажеттiлiгiн қамтамасыз ету;
ресурсты үнемдеу саясаты болады.
Қалада газға деген қажеттiлiктi өтеу үшiн мынадай негiзгi iс-шараларды жүзеге асыру көзделiп отыр:
газ құбырларының қазiргi желiлерiн кеңейту және қайта жаңарту;
тоттанбайтын жабындыларды пайдалана отырып, жаңа газ құбырларын салу;
газ толтыру станциясын қайта жаңарту, сондай-ақ қуаттылығы жылына 20,0 мың тоннадан асатын жаңа станция салу;
автомобильдерге газ құятын қосымша станциялар салу.
Астана қаласының тұтынушыларына Батыс Қазақстан облысындағы Қарашығанақ кен орны газының орнына Ресейден табиғи газды жеткiзетiн газ құбырын салудың орындылығын зерделеу көзделiп отыр, бұл қалалық ЖЭО мен қазандықтарды күлi көп көмiрдiң орнына табиғи газды жағуға көшiруге және жыл сайын шығатын көмiр қышқыл газын 500 мың тоннаға азайтуға мүмкiндiк берер едi.
Бұдан басқа, Астана қаласын табиғи газбен қамтамасыз ету үшiн көмiрдi жер астында газдандыру мүмкiндiгiн зерттеу орынды.
3.3.5. Сумен қамтамасыз ету және су тарту
Сумен жабдықтау және су тарту инфрақұрылымын дамытудың басым бағыттары:
ауыз суды дайындаудың жаңа технологияларын қолдана отырып, жұмыс iстеп тұрған су тазарту құбырлары құрылыстарын қайта жаңарту және олардың қуатын арттыру;
жаңа су құбырларын салу, қаланың барлық аудандарын ауыз сумен қамтамасыз ететiн сумен жабдықтау жүйесiн құру;
жаңа желiлердi траншеясыз төсеудi және жұмыс iстеп тұрғандарын қайта жаңарту кезiнде тесу және созу әдiсiмен төсеудi енгiзу;
су жүргiзу және кәрiздiк сорғы станцияларын, кәрiз құрылыстарын салу, жаңғырту және жаңарту;
абоненттердiң және тұрғындардың суды тұтынуын толық есепке алуды ұйымдастыру, ауыз су мен техникалық судың сымсыз пайдаланылуын азайту;
жерасты суларының жаңа қорларын барлау;
ауыз су шығару және сарқынды суларды тазарту кезiнде ең жаңа экологиялық таза технологияларды пайдалану (оның iшiнде, кәрiздiк тазарту құрылыстарының тұнба алаңдары бар құрғақ шөгіндiлерiн кәдеге жарату болады).
Осы бағыттарға сәйкес мыналар бойынша iс-шаралардың тұтас кешенi жоспарлануда:
су құбырларын ауыстыру және жаңаларын салу;
ауыз су сапасын жақсартуға мүмкiндiк беретiн, жаңа сүзгi материалдарын қолданып жұмыс iстеп тұрған сорғы-сүзгi станциясын қайта жаңарту және жаңғырту;
басқарудың энергияны үнемдеу және автоматтандырылған жүйелерiн қолданып, жұмыс iстеп тұрған су құбырлары және кәрiздiк сорғы станцияларын қайта жаңарту;
Астана қаласының сол жақ жағалауы аумағындағы құрылысты су басудан, құрғаудан, топырақ суы деңгейiнiң төмендеуiнен инженерлiк қорғау;
Астана қаласын Есiл өзенiнiң жайылма суынан қорғауды қамтамасыз ету;
жауын-шашын кәрізi жүйесiн дамыту;
шыны пластика құбырларын қолдана отырып кәрiздiк коллектор салу;
су-күл шығару айналымы жүйесiндегі сарқынды суларды кейiннен пайдаланатын өнеркәсiп жауын-шашын сарқынды суларын жинау жүйесiн (кәрiздiк сорғы станциясы бар) салу;
"Талдыкөл" сарқынды сужинағышын қайта өңдеу жолымен жою;
Вячеслав су қоймасының сутартқышын қайта жаңарту;
Нұра жерасты сулары көздерiн игеру;
Сiлетi су қоймасынан қаланы сумен қамтамасыз ету үшiн магистральдық су құбырын салу;
қала кенттерiнiң орталықтандырылған сумен жабдықталуын қамтамасыз ету.
Астана қаласында ауыз судың тапшылығын ескере отырып, суды тұтынуды азайту және су ресурстарын қайтымды пайдалануды кеңейту жөнiндегi iс-шараларды әзiрлеу, Нұра өзенiнiң аңғарын сынаптан тазарту мен Ынтымақ су қоймасының суағарын қалпына келтiру жөнiндегi жобаларды iске асыру көзделедi.
Көлiк саласын дамытудың негiзгi бағыттары:
алдыңғы кезеңдерде басталған объектiлердi салуды және қайта жаңартуды аяқтау;
қалалық маңызы бар магистральдық көшелердi (6-8 жолақты қозғалыс) салу, қазiргi бар жолдарды санаттарына сай ету үшiн қайта жаңарту;
көлiк айырықтарын, өтпежолдарды салу арқылы қалалық маңызы бар үздiксiз қозғалыстағы магистральдық көшелердi қалыптастыру;
жоспарланған аудандар арасындағы байланысты жақсарту үшiн су тосқауылдары арқылы өтетiн көпiрлердi салу;
перспективалы және транзиттiк бағыттардағы жолдардың жекелеген учаскелерiн салу;
жол қозғалысы реттiлiгiнiң тиiстi деңгейi мен жүру қолайлылығын қамтамасыз ететiн қала iшiндегi жолаушылар көлiгiнiң балама түрлерiн енгiзу және дамыту (жүрдек трамвайлар жiберiлетiн монорельстi жол салу көзделуде);
халықаралық стандарттарға сәйкес келетiн автомобиль паркингi жүйесiн дамыту;
қазiргi заманғы халықаралық стандарттар деңгейiне сай келетiн жол-құрылыс материалдарының өндiрiсiн дамыту;
автобус және троллейбус парктерiн, жалпы қоғамдық көлiк инфрақұрылымының объектiлерiн жаңарту болып табылады.
Астана қаласының көлiк-коммуникациялық кешенiн дамыту мiндеттерiн iске асыру үшiн мынадай iс-шаралар жүзеге асырылады:
жолаушылар көлiгiнде көрсетiлетiн қызметтер мәдениетi деңгейiн және сапасын арттыруды қамтамасыз ету;
қалалық бюджет және жекеше инвестициялар есебiнен жылжымалы құрамды жаңарту;
бюджет қаражатын пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыруға мүмкiндiк беретiн қалалық жолаушылар көлiгi жүйесiн дамытуға арналған шығыстарды қаржыландырудың жаңа тетiгiн құру;
жолаушылар автокөлiгi кәсiпорындарының материалдық-техникалық базасын нығайту;
жол-көлiк инфрақұрылымын дамыту (көшенiң көлiк жүретiн бөлiгiн кеңейту, аялдама пункттерiнiң және жолаушылар көлiгiнiң технологиялық тоқтап тұру орындарын абаттандыру, жерасты жаяу жүргiншiлер өткелдерiн салу және т.б.).
Адам өмiрiнiң көптеген салаларына ақпараттық технологиялардың жылдам енуiн ескере отырып, телекоммуникациялар кешенi экономиканың неғұрлым серпiндi дамып келе жатқан саласына айналып келедi. Осыған байланысты телекоммуникациялар саласын дамытудың басым бағыттары:
Астана қаласының мемлекеттiк басқару органдарының ресми серверiн жетiлдiру және серверде ұсынылған ақпараттың сайма-сай болуы;
ақпараттық технологияларды дамытатын салалық мамандандырылған ұйымдардың кiрiгуi негiзiнде бiрыңғай бiлiм беретiн ақпараттық ортаны қалыптастыруды қамтамасыз ету;
желiлердiң инфрақұрылымын жаңғырту (оптикалық-талшықты желiлер негiзiндегі байланыстың цифрлық желiсiн жер-жерде енгiзу);
почта аударымдарының бiрыңғай жүйесiн электрондық төлемдер жүйесiне дейiн кеңейту (әмбебап төлем, жүйесi арқылы ұялы байланыс, спутниктiк теледидар абоненттерiнiң операторларынан және Интернет-қызмет провайдерлерiнен және т.б. төлемдердi қабылдау);
азаматтар мен мемлекет арасындағы өзара тиiмдi iс-қимылды қамтамасыз ететiн қызметтер (электрондық салық декларацияларын беру, электрондық дауыс беруге қатысу және т.с.с.);
авиабилеттердi және темiр жол билеттерiн, сондай-ақ футболға немесе театрға билеттердi броньдау және оларға тапсырыс беру, Интернетке шығу, телефон арқылы әлемнiң кез келген нүктесiмен байланыс орнату болады.
Алға қойған мiндеттердi жүзеге асыру үшiн мынадай iс-шаралар жүргiзiледi:
елорданы ақпараттандыру саласын нормативтiк құқықтық қамтамасыз ету;
инвестициялық және инновациялық жобалардың, деректер базасының кешенiн құру;
геоақпараттық жүйелер кешенiн құру, ғылыми ақпараттық ресурстардың электрондық кiтапханасын жасау.
Сауда және қызмет көрсету салаларын дамытудың негiзгi бағыттары:
тұтыну нарығындағы нормативтiк құқықтық базаны рұқсат беру жүйесiн оңайлату және оңтайландыру бөлiгiнде жетiлдiру;
қаланың азық-түлiк қоры көлемiндегi жергілікті құрамдасын арттыру;
азық-түлiк қорын түзуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығыстарды қаржыландыру жүйесiн жетiлдiру;
Астана қаласының маңында осы аймаққа кiретiн Ақмола облысының фермерлiк шаруашылықтарын және қаланың тамақ өнеркәсiбiнiң қайта өңдеушi кәсiпорындарын бiрыңғай технологиялық тiзбекке бiрiктiретiн азық-түлiк белдеуiн (ет, сүт және т.б.) құру;
қоғамдық тамақтандыру жүйесiн жетiлдiру;
қоғамдық тамақтандыру желiсiнiң және тұрмыстық қызмет көрсету кәсiпорындарының әлеуметтiк бағытталуын күшейту;
сауда кәсiпорындарының сапалық құрамын жақсарту;
тауар қозғалысы арналарын жетiлдiру, желiлiк компаниялардың, дүкен-қоймалардың қазiргi заманғы тарату орталықтарын құру;
бағаның өсуiн тежеу және нарықтың жекелеген бөлiктерiн монополияландыруды болдырмау факторы ретiнде тиiмдi бәсекелес орта құру;
шағын бөлшек сауда желiсiн тәртiпке келтiру, рұқсат етiлмеген сауданы жою;
сауда объектілерiнiң әлеуметтiк бағдарлануы, тұтыну нарығы саласында елорданың әлеуметтiк саясатын iске асырудағы сауда құрылымдарының рөлiн жандандыру;
қаланың көтерме саудасына отандық, ең алдымен, жергiліктi тауар өндiрушiлердi қолдау тетiктерiн iске қосу;
қызмет көрсету деңгейiн және ұсынылатын қызметтер сапасын арттыру;
сауда және қызмет көрсету саласындағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту әрi белсендi пайдалану болады.
Осы бағыттар аясында мынадай iс-шаралар жүзеге асырылады:
iрi жаңа сауда объектiлерiн салу жөнiндегі жобаларды iске асыру;
көтерме жәрмеңкелер, көрме-жәрмеңкелер, аукциондар ұйымдастыру және өткiзу, тауар биржаларын, маусымдық шатырларды дамыту;
жергiлiктi, отандық өндiрiстiң азық-түлiк тауарларын сататын мамандандырылған фирмалық дүкендердi ашу;
Астана қаласының маңындағы аймақта күзгі көкөнiстердi салатын қазiргi заманғы көкөнiс қоймаларын және булы жылыжайлар салу;
Астана қаласының қазiргi бар қайта өңдейтiн кәсiпорындары, шикiзат жеткiзушi кәсiпорындары (ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушілер), инвестициялық компаниялары мен көтерме сауда ұйымдары базасында кiрiккен құралым-кластерлер (бидай, ет-сүт, жемiс-көкөнiс) құру;
әлеуметтiк-экономикалық, нормативтiк-құқықтық және ақпараттық-маркетингтiк мазмұндағы дерекқоры бар әрi республика iшiндегi және одан тыс жерлердегі тауар биржаларымен, азық-түлiк жәрмеңкелерiмен, агроөнеркәсiп орындарымен нақты уақытта (он-лайн) байланысу мүмкiндiктерiн пайдаланатын Интернет-сайт базасында Астана қаласының тұтыну нарығы мен қызметтерiнiң ақпараттық ресурсын құру.
3.6. Қалалық қызмет көрсету саласын дамыту
Қалалық қызметтер саласының басым бағыттары:
қалада тұрғындар мен заңды тұлғаларға көрсетiлетiн қалалық қызметтердi оңтайландыру жөнiндегi жұмыстар жүргiзу;
нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру;
жалпықалалық ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту;
ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды ортақ жүйемен қамтамасыз етудi жақсарту;
ақпараттық теңсiздiктi еңсеру;
қаланы дамыту үшiн жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану болады.
Алға қойған мiндеттердi шешу үшiн мынадай iс-шаралар жүзеге асырылады:
қалалық ақпараттық жүйелердi стандарттау, жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының арасында өзара ақпараттық қарым-қатынас жасау, жергілiктi мемлекеттiк басқару органдарының қызметi туралы ақпаратқа азаматтар мен ұйымдардың қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету сияқты мәселелерiн реттейтiн нормативтік құқықтық актілер әзiрлеу;
Астана қаласының қазiргi заманғы телекоммуникациялық инфрақұрылымын, ақпараттық қызметтер моделiн және электрондық өзара iс-қимылдың жалпықалалық ортасының кешендi сәулетiн дамытуды жалпы жүйемен қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу;
қалалық қолданбалы ақпараттық жүйелердi (ҚҚАЖ) жасау, ҚҚАЖ-ды әзiрлеу, енгiзу, дамыту және қызмет көрсету инфрақұрылымын жасау үшiн базалық қолданбалы бағдарламалық-техникалық тұғырнамалар инфрақұрылымын жасаУ, қолданыстағы ҚҚАЖ-ды бейiмдеу және жаңарту, дерекқорлар мен басқа ақпараттық ресурстарды қалалық ақпараттық инфрақұрылымның бiрыңғай жүйесiне кiрiктiру, халыққа ақпараттық қызметтерді тиiмдi түрде ұсынуды ұйымдастыру жүйесiн құру, ақпараттық жүйелер сенiмдiлiгiнiң жоғары деңгейiн қамтамасыз ету;
ақпараттық қауiпсiздiктің жай-күйiнiң мониторингі мен оны талдауды ұйымдастыру, электрондық цифрлы қолтаңбаны куәландыратын орталық құру, ақпараттық ресурстар деректерiн сақтаудың және өңдеудiң қорғалған орталығын құру;
қалалық порталдар жүйесiн құру;
халықты есепке алудың автоматтандырылған жүйесiн құру;
аяқталған бағдарламалық-аппараттық кешен түрiндегi қалалық сатып алуды қамтамасыз ету жүйесiн енгiзу;
Астанада қазiргi заманғы кең ауқымды интерактивті байланыстар желiлерiн құру;
қала тұрғындарының күнделiктi өмiрi үшiн қажеттi ақпаратқа қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз етуге арналған ақпараттық жүйелер мен қызметтер құру.
3.7. Салық және бюджет саясаты
Бюджет саясаты азаматтардың әл-ауқатының және әлеуметтiк қорғалуының жоғары деңгейiн қамтамасыз етуге, жаңа индустриялық-инновациялық даму орталығы ретiнде қаланың ықтимал мүмкiндiктерiн iске асыруға бағытталады.
Болжамды кезеңдегi салық саясатының мынадай басым бағыттары:
салықтық әкiмшiлiк етудi жақсарту;
қала меншiгiн пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыру арқылы салықтан тыс түсiмдердi ұлғайту;
қала тыныс-тiршiлiгiнiң әр түрлi салаларын қаржыландыру үшiн бюджеттен тыс қаражатты тарту;
салық салынатын базаны кеңейтуге жәрдемдесу, заңды және жеке тұлғалардың қаржы-экономикалық қызметiнiң тиiмдiлігiн арттыру үшiн жағдай жасау;
"көлеңкелi" экономика үлесiн барынша азайту, кәсiпкерлiк қызмет субъектiлерiн есепке алуды жақсарту;
шығынды кәсiпорындарда шығынның нақты екендiгiн растау мақсатында олардың қаржы-шаруашылық қызметiне уақтылы тексеру жүргiзу болады.
Бюджет қаражатын бөлу мынадай басым бағыттар бойынша жүргiзіледi:
кедейлiктi азайту және мүгедектердi оңалтудың қалалық бағдарламаларын iске асыру;
бiлiм беру, денсаулық сақтау, әлеуметтiк қорғау, қоршаған ортаны қорғау, мәдениет салаларындағы бағдарламаларды қаржыландыру;
елорданың бас жоспарына сәйкес жобалау-жоспарлау жұмыстарын жүзеге асыру;
көлiк және инженерлiк инфрақұрылымды дамыту;
индустриялық-технологиялық парктердi, бизнес-инкубаторларды, жаңа технологиялар орталықтарын, маркетинг орталықтарын құру және дамыту.
Астана қаласын дамытуда алға қойған мақсаттарға қол жеткiзу үшiн мынадай iс-шараларды жүзеге асыру көзделедi:
қала бюджетiнiң кiрiстерi мен шығыстарын жоспарлаудың деңгейiн арттыру;
бөлiнген бюджеттiк қаражатының мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету және бюджет қаражатын жұмсаудың тиiмдiлiгiн арттыру;
шығыстардың әлеуметтiк мәнi бар (денсаулық сақтау, бiлiм беру) баптары бойынша қаржылық қамтамасыз етудiң ең төменгi орта мерзiмдi нормативтерiн әзiрлеу және енгiзу;
бәсекелес ортаны, қолайлы инвестициялық және кәсiпкерлiк ахуалды қолдау үшiн ұзақ мерзiмдi институционалдық көтермелеу жасау;
қалалық бағдарламалардың iске асырылуының тұрақты мониторингiн жүзеге асыру және олардың нәтижелерi туралы халықты кеңiнен хабардар ету.
3.8. Инвестициялық ахуалды жақсарту
Инвестициялық саясат Астана қаласының экономикасын, әлеуметтiк, өндiрiстiк және көлiк инфрақұрылымын дамыту жобаларын iске асыру үшiн қаржы ресурстарын пайдалану мен тартудың тиiмдiлiгiн барынша арттыруға бағытталады.
Алға қойған мақсаттарға қол жеткiзу үшiн мынадай басым бағыттар мен iс-шаралар жүзеге асырылатын болады.
Қала тыныс-тiршілiгiнiң дамыған инфрақұрылымын жасау саласында:
ЖЭО-2, жылу желiлерiн және энергия желiлерi объектiлерiн кеңейту және қайта жаңартуды, N 7, 8 станциялардың қазандық агрегаттарын, N 5, 6 станциялардың құбыр агрегаттарын және Астана қаласының су жылыту қазандығын орнатумен ЖЭО-2 кеңейтудi; Астана қаласының ЖЭО-1 КС (жаңа алаң) қайта жаңартуды; ЖЭО-3 салуды көздейтiн Астана қаласының жылу көздерiн дамытуға арналған инвестициялар;
Астана қаласының магистральдық жылу және электр желілерiн дамытуға арналған инвестицияларды игеру, оның iшiнде: 110 кВ электр тарату желiлерi (ЭТЖ), "Заречнаяға", "N 17 тұрғын аймаққа", "Степнаяға", "N 14 тұрғын аймаққа" "ЖИФ-қа" кiретiн 110/10 кВ "Жаңа" шағын станциясын (ШС) салу, қаланың сол жақ жағалау бөлiгiнде iске қосылатын ЖЭО-2-ның жылу магистралiнiң үшiншi тармағын салу; қаланың сол жақ жағалауында iске қосылатын жылу магистралiнiң құрылысының төртiншi тармағын салу; қазiргi бар магистральдық жылу жүйелерiн, электр желiлерiн қайта жаңарту, теннис кортының аумағында инженерлiк желiлердi, жаңа университеттiң инженерлiк желілерiн жүргізу.
2006 - 2010 жылдары жылу электр энергетикасы саласындағы қажеттi инвестициялардың жалпы көлемi 123,7 млрд. теңгенi құрайды (I кезең - 41,6 млрд. теңге; II кезең - 82,1 млрд. теңге), оның iшiнде республикалық бюджет қаражаты есебiнен - 122,3 млрд. теңге (I кезең - 40,2 млрд. теңге, ІІ кезең - 82,1 млрд. теңге) және жергiлiктi бюджеттен - 1,4 млрд. теңге (I кезең).
Сумен қамтамасыз ету және су тарту саласында:
2006 - 2010 жылдары мынадай жобалары iске асырылады: сумен қамтамасыз ету және су тарту жүйелерiн жаңарту (Жапон халықаралық ынтымақтастық банкiнiң қаражатын тартумен); Астана қаласының сол жақ жағалау аумағының құрылыстарын су басып кетуден инженерлiк қорғау, қашыртқы және жер асты сулары деңгейiн төмендету; жауын-шашын кәрiзi жүйесiн дамыту; "Талдыкөл" сарқынды сужинағышын жою; Вячеслав су қоймасы суағарының 2-тармағын қайта жаңарту; Нұра су көздерiн игеру, Астана қаласының сумен жабдықтау және су бөлу жүйелерiн дамыту, қаланы Сiлетi су қоймасынан сумен қамтамасыз ету үшiн магистральдық суағар салу.
Жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен Кенесары - Сейфуллин көшелерi учаскесiндегi Сарыарқа көшесi бойындағы су құбырының; "Шұбар-3" шағын ауданындағы су құбырының құрылысы жүзеге асырылады.
Қала қажеттiлiгiн қанағаттандыратын, сумен қамтамасыз етудiң және су тартудың инженерлiк инфрақұрылымын жасау үшiн қажеттi қаржы қаражатының жалпы көлемi 2006-2010 жылдары 128,9 млрд. теңгенi құрайды (І кезең - 48,4 млрд. теңге; II кезең - 80,5 млрд. теңге), оның iшiнде: республикалық бюджеттен - 128,8 млрд. теңге (I кезең - 48,3 млрд. теңге; ІІ кезең - 80,5 млрд. теңге) және жергiлiктi бюджет есебiнен 0,1 млрд. теңге (I кезең).
Көлiк саласында:
Астана қаласының Бас жоспарына сәйкес 2010 жылға қарай 14 км жылдамдықты жолдарды, қалалық маңызы бар 41 км магистральдық көшелердi; 120 км аудандық маңызы бар магистральдық жолдарды; 25 км жергілiктi маңызы бар көшелер мен жолдарды салу жоспарлануда.
Қала iшiнде 21 көлiк құрылыстарын, соның iшiнде 2 көпiр; 2 өтпежол; 9 көлiк айырылған; 8 жер асты өткелдерiн салу көзделiп отыр.
2006 жылы Халықаралық әуежай мен 400 жеңiл автомобильге арналған қосымша үй-жайлары бар жабық гараждың құрылысы аяқталады.
Алдағы кезеңге қала iшiндегi жолаушы көлiктерiнiң балама түрлерiн енгiзу жоспарлануда.
Қаланың көлiк жүйесiн дамытуға инвестициялар қажеттiгi 2006-2010 жылдар кезеңiнде 110,1 млрд. теңгенi құрайды (І кезең - 56,2 млрд. теңге; II кезең - 53,9 млрд. теңге), оның iшiнде: республикалық бюджет қаражаты есебiнен - 102,8 млрд. теңге (І кезең - 51,2 млрд. теңге; ІІ кезең - 51,6 млрд. теңге) және жергiлiктi бюджет есебiнен 7,3 млрд. теңге (I кезең - 5,0 млрд. теңге; II кезең - 2,3 млрд. теңге).
Әлеуметтiк салада:
Республикалық бюджет қаражаты есебiнен: 8 жалпы бiлiм беретiн мектептiң құрылысы және 600 орындық 1 мектепке жапсарлас құрылыс; 375 орындық түзету мектеп-интернаты; 300 орындық мамандандырылған мектеп-интернат; жалпы бiлiм беретiн кәсiптiк оқу орталығы ғимаратына жапсарлас құрылыс салу (спорт залы, шеберхана), 1600 орындық бастауыш және орта кәсiби бiлiм беру ұйымдарының екi объектiсiнiң құрылысы аяқталады.
Жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен 6 мектепке дейiнгi ұйымның және 280 орындық санаторлық бала бақшаның, 800 орындық кәсiптiк-техникалық мектептiң (байланыс бейiнi бойынша), балалар үйi үшiн 4 тұрғын үй кешенiнiң құрылысын жүзеге асыру, Оқушылар сарайын қайта жөндеудi, сондай-ақ 5 жалпы бiлiм беретiн мектептiң құрылысына жобалау-сметалық құжаттарды әзiрлеу жоспарлануда.
Қаланың бiлiм беру жүйесiне салынатын инвестициялар көлемi 2006 - 2010 жылдары 17,5 млрд. теңгенi құрайды (1 кезең - 11,4 млрд. теңге; II кезең - 6,1 млрд. теңге), оның iшiнде: республикалық бюджет қаражаты есебiнен 12,3 млрд. теңге (І кезең - 6,8 млрд. теңге, ІІ кезең - 5,5 млрд. теңге) және жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен 5,2 млрд. теңге (I кезең - 4,6 млрд. теңге; II кезең - 0,6 млрд. теңге).
Республикалық бюджет қаражаты есебiнен денсаулық сақтау саласында 2006-2010 жылдарда: қалалық жұқпалы аурулар ауруханасын; 250 адам қабылдайтын әйелдер консультациясы бар жаңа туған нәрестенi екiншi кезеңде күту бөлiмшесi бар 150 төсек-орындық перзентхананы; қан беру орталығын; 250 төсек-орындық балаларға арналған жұқпалы аурулар ауруханасын; әр ауысымда 250 адам қабылдайтын консультативтiк-диагностикалық емханасы бар 350 төсек-орындық көп бейiндi қалалық балалар ауруханасын, әрқайсысы 500 келушiге арналған екi амбулаториялық-емханалық кешен (ауысымда үлкендерге арналған 350 орындық, балаларға арналған 150 орындық), медициналық колледждiң оқу корпусын; медицина қызметкерлерiне арналған шағын отбасы үлгiсiндегi екi жатақхананы; студенттер емханасын, 360 төсек-орындық көпбейiндi стационарды; салынып жатқан 360 орындық көпбейiндi стационар құрамында крематорийi бар патологиялық-анатомиялық бюроны; 100 төсек-орындық хоспис салу жүзеге асырылады.
Жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен: әр ауысымда 350 ересек адамды және 150 баланы қабылдайтын бiр амбулаторлық-емханалық кешеннiң, медицина қызметкерлерi үшiн шағын отбасы үлгiсiндегi жатақхананың құрылысы аяқталады, бiр ауысымда 350 орындық ересектерге және 150 орындық балаларға арналған екi амбулаториялық-емханалық кешеннiң, қан беру орталығының, 250 төсек-орындық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы; қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының, студенттер емханасының, 250 адам қабылдайтын әйелдер консультациясы бар жаңа туған нәрестенi екiншi кезеңде күту бөлiмшесi бар 150 төсек-орындық перзентхананың; 360 орындық салынып жатқан көпбейiндi стационар құрамында крематорийi бар патологиялық-анатомиялық бюроның; 100 төсек-орындық хоспистiң, медициналық колледждiң оқу корпусының, көпбейiндi қалалық балалар емханасы құрылысының жобалау-смета құжаттамасын әзiрлеу аяқталады.
2006 - 2010 жылдарға арналған қаланың денсаулық сақтау саласын дамытуға инвестициялар көлемi 15,8 млрд. теңгенi құрайды (I кезең - 6,6 млрд. теңге; ІІ кезең - 9,2 млрд. теңге), оның iшiнде республикалық бюджет қаражаты есебiнен - 13,9 млрд. теңге (I кезең - 4,7 млрд. теңге, II кезең - 9,2 млрд. теңге) және жергiлiктi бюджет есебiнен 1,9 млрд. теңге (I кезең).
Спорт ғимараттарынан қалада теннис кортын, конькимен сырғанау стадионын салу, сондай-ақ алдыңғы кезеңде басталған велотректiң және стадионның құрылысын аяқтау қажет.
2006-2010 жылдары спортты дамытуға арналған жалпы инвестициялар көлемi 16,0 млрд. теңгенi (iске асыру кезеңi - 2006 - 2008 жж. - 16,0 млрд. теңге), оның iшiнде республикалық бюджет қаражаты есебiнен - 16,0 млрд. теңгенi (I кезең) құрайды.
Республикалық және жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен мәдениеттi дамыту мақсатында Салт-дәстүрлер сарайының жаңа ғимараты мен 3500 орындық әмбебап киноконцерт залы салынады, қала тұрғындары үшiн Қоянды өзенiнiң су қоймасында қысқа мерзiмдi демалу аймағы жасалады. Бейбiтшiлiк және келiсiм сарайының құрылысын аяқтау жоспарлануда.
2006 - 2010 жылдарда мәдениетті дамытуға арналған жалпы инвестициялар көлемi 16,6 млрд.теңгенi құрайды (I кезең - 15,6 млрд. теңге; II кезең - 1,0 млрд. теңге), оның iшiнде республикалық бюджет қаражаты есебiнен - 15,6 млрд. теңге (I кезең - 14,6 млрд. теңге; II кезең - 1,0 млрд. теңге) және жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен - 1,0 млрд. теңге (1 кезең).
Тұрғын үй құрылысы саласында:
Халық санының өсуiн есепке ала отырып және тұрғын үй құрылысын одан әрi жалғастыру мақсатында (Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005 - 2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын есептемегенде) коммуналдық және басқа да тұрғын үй құрылысы жүзеге асырылады.
2006 - 2010 жылдарда қажеттi инвестициялар көлемi 19,4 млрд. теңгенi құрайды (I кезең - 5,5 млрд. теңге; II кезең - 13,9 млрд. теңге), оның iшiнде республикалық бюджет есебiнен - 17,7 млрд. теңге (I кезең - 5,5 млрд. теңге; ІІ кезең - 12,2 млрд. теңге) және жергiлiкті бюджет қаражаты есебiнен 1,7 млрд. теңге (II кезең).
Қаланы абаттандыру саласында:
Республикалық бюджет қаражаты есебiнен: Есiл өзенiнiң оң жағалауындағы Президент саябағын; Басты алаңды; "Арай" саябағын; Есiл өзенi бойындағы саябақты; желiлiк саябақты; дендрологиялық саябақты; Астана қаласының бiрiншi кезектегi объектілерiнiң инженерлiк желiлерiн; N 1 жоспарланған ауданның инженерлiк желiлерi мен жолдарын (N 19 көшеден оңтүстiкке қарай) салуды; Есiл өзенiнiң арнасын жаңартуды, Есiл өзенiмен кеме жүруiн ұйымдастыруды; инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды абаттандыруды дамытуды жүзеге асыру қажет.
Жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен: қаланы көгалдандыру жөнiндегi iс-шаралар; орамдар iшiндегi аумақтарды кешендi абаттандыру; жаңа бейiт салу, ботаникалық бақ, Слободканың жоспарланған А, Б ауданының инженерлiк желілерi мен жолдарының құрылысы, N 1 жоспарланған ауданнан Қорғалжынға дейiн шаруашылық-қалдық су кәрiзiн салу; "жасыл белдеуде" рекреациялық аймақтар құру; қаланың орман қорғау белдеуiн қайта жаңарту және абаттандыру жүзеге асырылады.
2006 - 2010 жылдар аралығында қаланы абаттандыруға кететiн қажеттi инвестициялар көлемi 71,1 млрд. теңгенi құрайды (I кезең - 57,7 млрд. теңге; ІІ кезең - 13,4 млрд. теңге), оның iшiнде республикалық бюджеттен 64,2 млрд. теңге (I кезең - 53,4 млрд. теңге; II кезең - 10,8 млрд. теңге) және жергiлiктi бюджет есебiнен 6,9 млрд. теңге (I кезең - 4,3 млрд. теңге; II кезең - 2,6 млрд. теңге).
Қоршаған ортаны қорғау саласында:
Жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен ЖЭО-2 КС құрылымдық бөлiмшесiнiң жұмыс iстеп тұрған қазандықтарының бiреуiндегi күлұстағыштарды "Эмульгирлеу" құрылғысына ауыстырып қайта жаңарту жүргiзіледi, сондай-ақ Темiр жол, Өндiрiстiк-техникалық жиынтықтау басқармасы, Мичурин кенттерiнiң қазандықтарының күлұстағыш құрылғылары қайта жаңартылады; қауiптi қалдықтарды залалсыздандыру үшiн арнайы полигон салынады. Бұдан басқа, ЖЭО-1 КС N 6 күл шығару орнының әзiрленген картасын қайта өңдеудi жүзеге асыру, Сарыбұлақ өзенiн тазалау және абаттандыру жоспарлануда.
Кәсiпорындар мен ұйымдардың қаражаты есебiнен қоқысты қайта өңдейтiн, пластик пен құмды қайта өңдейтiн, суға төзiмдi кеуек бетон блоктарын өндiретiн зауыттар салу жүзеге асырылады.
2006-2010 жылдары қаланың қоршаған ортасын қорғау жөнiндегi iс-шараларға инвестициялар көлемi 2,07 млрд. теңгенi құрайды (I кезең - 0,31 млрд. теңге; II кезең - 1,76 млрд. теңге), оның iшiнде жергiлiктi бюджет есебiнен 2,0 млрд. теңге (І кезең - 0,3 млрд. теңге; II кезең - 1,7 млрд. теңге), кәсiпорындар мен ұйымдардың қаражаты есебiнен 0,07 млрд. теңге (I кезең - 0,01 млрд. теңге; II кезең - 0,06 млрд. теңге).
Қосылған құны жоғары өнiмдер өндiруге бағдарланған ғылыми-өнеркәсiптiк кешендердi қалыптастыру және дамыту саласында
мынадай iс-шаралар жүзеге асырылады: өндiрiс алаңдарын, аумақтар мен инфрақұрылымдарды өнеркәсiп паркiн құру үшiн қайта жаңарту (индустриялық парк), жеке салалар мен кәсiпорындар бойынша бизнес-жоспарлар жасау тетiктерiн қоса алғанда, инвестициялық шешiмдердi қабылдау тетiгiн жетiлдiру жөнiндегi жүйелi шараларды жүзеге асыру; өндiрiстi қайта жаңарту, жаңғырту жобаларын iске асыруға жәрдемдесу (салалық және/немесе өңiраралық компаниялар құру); өңiрлердiң үлестiк қатысуымен өңiраралық жобаларды әзiрлеу.
Жоғарыда аталған бағыттарды iске асыру үшiн 2006-2010 жылдары қаланың өнеркәсiп аймағының республикалық бюджет қаражаты есебiнен инфрақұрылымдық жайластырылуын қоса алғанда, инновациялық қызметтi қолдауға 2,0 млрд. теңге мөлшерiнде инвестициялар көлемi қажет.
Инновациялар саласында:
2006 - 2010 жылдар кезеңiнде қалада:
мақсаты нарықты зерделеу және жаңа технологияларға, қазiргі заманғы материалдарға, өнiмдерге, қызметтерге сұранысты анықтау және ғылыми-техникалық зерттеулер мен әзiрлемелер саласындағы кәсiпорындар мен компанияларға жүргiзiлген талдаудың нәтижелерiн беру болып табылатын ақпараттық-маркетинг орталығын;
қалада өндiрiлетiн жоғары технологиялық тауарлар мен қызметтердi ұсына бiлуге арналған сауда-көрме орталығын қамтитын инновациялық қызметтi дамыту мен қолдау инфрақұрылымы құрылады.
Құқықтық база мен экономикалық тетiктердi жетiлдiру саласында:
Алға қойған мiндеттердi шешу үшiн мынадай iс-шаралар жүргiзiледi:
инвестициялық және инновациялық қызметті дамыту үшiн қолайлы жағдайды қамтамасыз ететiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу;
инвестициялық және инновациялық қызмет субъектiлерi үшiн ынталандыратын жағдай жасау мақсатында салық және кеден режимiн өзгерту жөнiнде уәкiлеттi органдарға ұсыныстар енгізу;
қала аумағында инвестициялық белсендiлікті ынталандыру үшiн жағдай жасау;
бұқаралық тұрғын үй құрылысын ынталандыру;
тұрғын үйге жатпайтын қорды қаржылық және жедел лизинг схемаларын қолдану арқылы пайдалануға беретiн коммерциялық құрылыс;
"Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймақтың қолданылу мерзiмiн 2010 жылға дейiн ұзарту;
елорданың оңды бет-бейнесiн қалыптастыру есебiнен қаланың инвестициялық тартымдылығын арттыру.
Астана қаласын дамыту туристтiк саланы басқа салалар үшiн экономикалық тиiмділік жасайтын iшкi және келу туризмдерiне бағдарланған, жиынтығында туристiк кластердi құрайтын индустрияның туристiк саласы ретiнде қалыптастыруды көздейдi.
Туризмдi дамытудың негiзгi бағыттары:
iскерлiк туризм, экологиялық туризм, мәдени-танымдық туризм, этнотуризм түрiндегi жүйе қараушы туристiк бағыттарды дамыту;
сервис салаларын, атап айтқанда: туристердi орналастыруды, қоғамдық тамақтандыру, демалыс және ойын-сауық индустриясын, көлiк қызметтерiн, мәдениеттi және спортты дамыту;
кластердiң жұмыс iстеу тетiгiн дамыту;
туристiк өнiмдер маркетингi және оларды ұсына бiлу, ақпараттық қамтамасыз ету, төлем жүйелерi, кадрмен қамтамасыз ету, инвестициялық қолдау, нормативтiк және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;
Астананы аймақтық туристiк транзиттiк-таратушы торап ретiнде дамыту.
Жоғарыда аталған бағыттар аясында мынадай iс-шаралар жүзеге асырылады:
рекреацияның, бос уақыттағы демалыстың және туристiк қатынастың үш деңгейлiк жүйесiн дамыту: қалалық демалыс аймақтары, қала маңындағы демалыс аймақтары, Ақмола облысы маңындағы демалыс аймақтары;
инфрақұрылымның барлық элементтерiн: ақпараттық қамтамасыз етудi, орналастыруды, тамақтандыруды, демалысты және ойын-сауықты жетiлдiру және әлемдiк стандарттарға жеткiзу;
әлемдiк стандарттарға сай көпфункционалды көрме орталығын құру;
туристердi әуе көлiгiмен жеткiзудiң барабар нұсқаларын енгiзу;
қазiргi бар қалалық экскурсия бағыттарын жетiлдiру және жаңаларын жасау;
құрамына этноауыл, ат-спорт клубы, ұлттық ас үй, ұлттық өнер заттарының саудасы енетiн кешендi турларды ұйымдастыру.
3.10. Қоршаған ортаның жағдайын жақсарту
Қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етудiң басым бағыттары:
атмосфералық ауаны қорғау;
су ресурстарын қорғау;
өндiрiс және тұтыну қалдықтарын басқару;
"көгалдандыру" құрылысын дамыту;
қоршаған ортаны қорғауды дамытуды қамтамасыз ету болады.
Астана қаласының аумағында қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi негiзгi iс-шаралар:
жылжымалы және стационарлық ластау көздерден ластайтын заттардың қалдықтарын азайтуға және атмосфералық ауаға мониторинг жасау жүйесiн дамытуға;
ескiрген жану құрылғылары мен жылу электр орталықтарының күлұстағышын жаңарту және ауыстыру жолымен ластаудың стационарлы көздерiнен атмосфераға шығарылатын қалдықтарды азайтуға;
Астана қаласының жер бетiндегi су қоймаларының гидрохимиялық мониторингiн жүргiзуге;
су деңгейiнiң автоматтандырылған мониторингiн енгiзуге;
судың сапасын жақсарту үшiн сумен қамтамасыз етудi жаңартуға;
су тұтынуды үнемдеу режимiн енгізу арқылы су ресурстарының тапшылығын азайтуға;
қазiргi заманғы тиiмдi технологияларды қолдану арқылы тазалау қондырғыларын салуға;
айналымдағы сумен жабдықтау объектілерiн салуға;
өнеркәсiп-жауын-шашын сарқынды суларын жинау жүйесiн салуға;
қалалық демалыс аймақтары, сондай-ақ қаланың жер бедерiнiң элементтерi ретiнде су қоймаларының функцияларын дамытуға;
өндiрiс және тұтыну қалдықтарының қоршаған ортаға керi әсерiн азайтуға және оларды көмуге ғана емес, сондай-ақ қайта өңдеуге де арналған өндiрiс және тұтыну қалдықтарын бақылаудың тиiмдi жүйесiн жасауға;
табиғатты тиiмдi қолдануды экономикалық ынталандыру жүйесiн жетiлдiру, қауiптi қалдықтарды азайту және энергиямен жабдықтауға шаралар қолдану жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге бағытталуға тиiс.
4. Қажеттi ресурстар мен оларды қаржыландыру көздерi
Бағдарламаны iске асыруға республикалық, жергiлiктi бюджеттердiң, халықтың қаражаты, халықаралық қаржылық, экономикалық ұйымдардың, шетелдiк және отандық жеке инвесторлардың гранттары пайдаланылатын болады.
2006-2010 жылдарға арналған инвестицияларға деген жалпы қажеттiлiк 523,2 млрд.теңгенi, оның iшiнде республикалық бюджет қаражатынан - 495,5 млрд.теңгенi, жергілiктi бюджет қаражатынан - 27,6 млрд теңгенi, кәсiпорындар мен ұйымдар қаражатынан - 0,07 млрд. теңгенi құрайды:
Жылдар |
Республика-
|
Жергілікті
|
Кәсіпорындар
|
ЖИЫНЫ |
2006 |
62,5* |
6,9 |
- |
69,4 |
2007 |
79,3* |
7,7 |
- |
87,0 |
2008 |
100,9 |
4,1 |
0,01 |
105,01 |
2009 |
119,3 |
4,3 |
0,02 |
123,62 |
2010 |
133,5 |
4,6 |
0,04 |
138,14 |
электр мен жылу энергетикасына - 123,7 млрд.теңге;
сумен жабдықтауға және су тартуға - 128,9 млрд.теңге;
көлiк жүйесiн дамытуға - 110,1 млрд.теңге;
бiлім беру жүйесiне - 17,5 млрд.теңге;
денсаулық сақтауды дамытуға - 15,8 млрд.теңге;
мәдениет пен спортты дамытуға - 32,6 млрд. теңге;
тұрғын үй құрылысына - 19,4 млрд. теңге;
абаттандыруға - 71,1 млрд.теңге;
қоршаған ортаны қорғауға - 2,07 млрд. теңге;
индустриялық парк құрылысына - 2,0 млрд. теңге.
Әрбiр жылға арналған қаржыландыру көлемi кезектi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттi және Астана қаласының бюджетiн қалыптастыру кезiнде анықталатын болады.
5. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер
Бағдарламаны iске асыру халықтың сапалы тұрмыс деңгейiн көтеруге жағдай жасайтын елорда ортасын үйлесiмдi дамытуды қалыптастыруды қамтамасыз етедi. Қаланың әлемдiк стандарттарға сай инфрақұрылымы қалыптастырылады. Астана қаласының экономикалық орталық ретiнде рөлi артады. Үш кластер - құрылыс индустриясында, тамақ өнеркәсiбiнде және туризмде қалыптасады. Бұл кәсiпорындардың жеткiзушiлермен, сондай-ақ мемлекеттiк басқару органдарымен өзара тиiмдi iс-қимылын қамтамасыз етедi.
Бағдарламаның негiзгi бағыттарын iске асыру 2010 жылы елорданың әлеуметтiк-экономикалық дамуының мынадай көрсеткiштерiне қол жеткiзуге мүмкiндiк туғызады:
экономикада:
2010 жылы ЖӨӨ 2004 жылмен салыстырғанда 2 есеге өсуi;
өнеркәсіптiк өндiрiс көлемiнiң 2,8 есеге, оның iшiнде өңдеушi өнеркәсiпте - 3,6 есеге, электр энергиясын, газ бен су өндiру мен тартуда - 1,3 есеге ұлғаюы;
өнеркәсіптегi нақты өсiмнiң жыл сайынғы қарқынын 18,8%, оның iшiнде өңдеу өнеркәсiбiнде 24,0 % мөлшерiнде қамтамасыз ету;
өнеркәсiпте негiзгi капиталға инвестициялардың өсiмi 2004 жылғы бағалармен 1,4 есе, өңдеушi өнеркәсiпте (2004 жылмен салыстырғанда) 1,3 есеге ұлғаюы;
өнеркәсіпте жұмыс iстейтiн адамдардың саны 1,1 есе ұлғаюы;
2010 жылға қаладағы ЖӨӨ-гi шағын кәсiпкерлiк үлесiнiң 29,2 %-ға дейiн ұлғаюы;
тыныс-тiршілік инфрақұрылымында:
электр энергиясын өндiрудi 1,2 есеге арттыру;
жылу энергиясын өндiрудi 1,5-1,6 есеге өсiру;
830 км болатын көшелер мен жолдар салу және қайта жаңарту, оның iшiнде 50 км жоғары жылдамдықты жолдар (14 км-ге ұзарту), реттелетiн қозғалыстың қалалық маңызы бар 134 км магистральдық көшелерi (41 км-ге ұзарту), аудандық маңызы бар 192 км магистральдық көшелер (120 км-ге ұзарту), жергiлiктi маңызы бар 454 км көшелер мен жолдар (25 км-ге ұзарту);
жыл сайын қатты жабындысы бар 20 км жол салу, жалпы желi ұзақтығының жол төсемдерiн 50% мөлшерiнде қайта жаңартуды, орта және ағымдық жөндеудi (жол шұңқырларын жөндеу) жүргiзу;
21 құрылыс, оның iшiнде 2 көпiр, 2 жол өткелiн және 9 көлiктiк айырымдар мен 8 жерасты жаяу жүргiншiлер өткелдерiн салу;
7500-9000 автомобиль қоятын орынға арналған кемiнде 30 жабық және ашық паркингтер (тұрғын үй кешендерi мен қоғамдық мақсаттағы объектiлердiң құрамында және дербес объектiлер ретiнде) құрылысы;
300 км су құбырын алмастыру және салу арқылы сумен жабдықтау және су бөлу жүйесiн жаңғырту;
"Талдыкөл" сарқынды сужинағышын жою және қайта өңдеу;
құрылыста:
50 мыңнан астам отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн 3,1 млн. шаршы метр тұрғын үй құрылысын, оның iшiнде - 2,7 млн. шаршы метр көпқабатты құрылысты iске қосу;
құрылыс-монтаждау жұмыстарының құнын 15-20 %-ға арзандату;
құрылыстың сапасын арттыру және құрылыс кешенiнiң өнiмiне сұранысты арттыру;
қазiргi бар тұрғын үй қорының техникалық жай-күйiн жақсарту және үйлердiң пайдалану мерзiмдерiн едәуiр ұлғайту, сондай-ақ азаматтардың қауiпсiз өмiр сүруiн қамтамасыз ету және елорданың сәулеттiк бейнесiн жақсарту;
қазiргi заманғы санитарлық-техникалық нормаларға сәйкес келетiн жаңа үйлерге көшiру есебiнен қала тұрғындарының қауiпсiз өмiр сүруiн қамтамасыз ету және тұрғын-үй жағдайларын жақсарту;
сауда және қызмет көрсету саласында:
ЖӨӨ құрылымындағы сауда және қызмет көрсету үлесiн 21 %-ға дейiн арттыру;
қаланың сауда алаңдарымен қамтылуын 18,9 %-ға дейiн арттыру;
республиканың бөлшек сауда тауар айналымы көрсеткiштерiндегi қаланың үлес салмағын 10 %-ға дейiн және тұтыну тауарларының көтерме сауда айналымындағы үлес салмағын 15 %-ға дейiн өсiру;
сауда және қызмет көрсету саласында жұмыспен қамтылған адамдардың санын жыл сайын 5-7 %-ға ұлғайту;
жалпы көлемi 100000 шаршы метр iрi сауда базарларын, оның iшiнде 95 % - оң жағалауда iске қосу;
әлеуметтiк салада:
әлеуметтiк қамсыздандыру жүйесiн жетiлдiру;
әлеуметтiк жағынан осал адамдардың жағдайын жақсарту;
халықтың өмiр сүруiнiң орташа ұзақтығын 71,8 жасқа дейiн ұлғайту;
жұмыссыздық деңгейiн 6,9 %-ға дейiн төмендету;
кедейлiк шегiнде өмiр сүретiн адамдар санын азайту;
халықтың ақшалай табыстарын 1,8 есеге арттыру;
сапалы бiлiм алуға қол жетiмдiлiктi және мiндеттiлiктi қамтамасыз ету;
жалпы бiлiм беретiн мектептер жүктемелерiнiң санитарлық нормаларын қамтамасыз ету;
бiлiм беру жүйесiнiң бiрыңғай бiлiм беру ақпараттық ортасын құру;
мектептегi орындардың тапшылығын 70 %-ға және мектепке дейiнгi ұйымдарда 50 %-ға қысқарту;
қаланың бiлiм беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасының деңгейiн уақыт талаптарына сай келтiру;
ерекше санаттағы, оның iшiнде даму мүмкiндiгi шектеулi балалардың бiлiмге сұранысын қамтамасыз ету;
жас және ересек тұрғындарға кәсiптiк бiлiм, қажеттi жұмыс бiлiктiлiгiн алу үшiн жағдай жасау және оларды нарықтық экономика жағдайында қоғамдық пайдалы еңбекке тарту;
еңбек нарығында бәсекеге қабілетті кәсiби кадрларды даярлау үшiн iс-шараларды жүзеге асыру жөнiндегi жұмысты әрi жүргізу;
бiлiм беру саласында бәсекеге қабiлеттi кадрларды даярлау, қайта даярлау үшiн база әзiрлеу және жағдай жасау;
халықтың (әсiресе жастардың) мәдени деңгейiн және рухани әлеуетiн арттыру, салауатты өмiр салтын насихаттау;
қазақстандық патриотизмдi қалыптастыру және қоғамды одан әрi топтастыру.
экология саласында:
Астана қаласының қоршаған ортасының жай-күйiн бақылаудың бiрыңғай жүйесiн құру;
ресурстарды ұтымды пайдалануға және зиянды шығарындыларды азайтуға ынталандыратын iс-шараларды жүзеге асыру;
жылу энергетикасы кәсiпорындарында тазалау құрылыстарын орнату;
автомобиль көлiгiн мотор отынының экологиялық таза түрлерiне көшiру;
тазарту құрылыстарын салу, "Талдыкөл" сужинағышын жою және жауын-шашын кәрiзiн дамыту;
қайта өңдеудi қоса алғанда, өндiру және тұтыну қалдықтарын басқару жүйесiн құру;
қаланың бiрыңғай "жасыл құрылымын" жасау;
қаланың экологиялық қауiпсiздiгiн басқарудың тиiмдiлігiн арттыру, қала дамуының экологиялық болжамдарын түзу, экологиялық шиеленiс ошақтарын анықтау және табиғи ресурстарды ұтымды басқару.
қалалық қызмет көрсету саласында:
Астана қаласының ақпараттық кеңiстiкке кiруiн қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық актiлердiң толыққанды жүйесiн құру;
азаматтар мен ұйымдардың ақпаратқа және базалық ақпараттық-коммуникативтiк қызметтерге құқықтарын бекiту;
электрондық өзара iс-қимыл ортасының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн желілік сервистердiң ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын жасау;
қаланың ақпарат жүйелерiн әзiрлеуге және ұстауға шығындарды азайту;
ақпараттық ресурстарды пайдаланудың тиiмдiлігiн арттыру;
"электрондық мекеме" технологиясын қолдайтын қазiргi заманғы ақпараттық технологияларды енгiзу;
қаланың негiзгi ақпараттық ресурстарын сыртқы және iшкi қатерлерден қорғалуын қамтамасыз ету;
қысқа мерзiмде көрсетiлуi көзделетiн қалалық қызметтердiң стандарттарын енгiзу;
электрондық нысанда қызмет көрсетуге жағдай жасау және оны ұсынуға кезең-кезеңiмен көшу;
қаланы басқарудың ашықтығын арттыру, қалалық қызметтi пайдаланушылардың және олар ұсынатын қызмет құрылымдарының уақытын және қаражатын үнемдеуге қол жеткiзу;
ақпараттық ресурстарды пайдалану тиiмдiлiгiн арттыру және қалалық қолданбалы ақпараттық жүйелердi құру мен iске қосу шығындарын азайту;
ақпараттық ресурстарды жеделдете дамыту;
ақпарат-имидж саясаты саласында
:
электрондық ақпараттық инфрақұрылымды жасау;
ақпараттық өрiстi кеңейту және Астана қаласының әлеуметтiк-экономикалық дамуын ақпараттық сүйемелдейтiн және қолдайтын жаңа тәсiлдер енгiзу;
нысаналы топтар арасында Астана қаласының оңды бет-бейнесiн қалыптастыру;
телекоммуникацияларды дамыту саласында
:
халықтың қалың жiктерiнiң бiлiм деңгейiн және компьютерлiк сауаттылығын арттыру;
бiрыңғай ақпараттық кеңiстiктi дамыту;
дәстүрлi почта қызметiнiң қолжетiмділігiн, сапасын және әлеуметтiк маңызын арттыру.
Бағдарламалық iс-шараларды практикада iске асыру Астана қаласын дамытудың макроэкономикалық тұрақтылығын, орта мерзiмдi, сондай-ақ ұзақ мерзiмдi кезеңдерде қамтамасыз ете отырып, оның әлеуметтiк-экономикалық дамуының оң үрдiстерiн орнықтыруға мүмкiндiк туғызады.
Бағдарламаны iске асырудың жоспарланатын көрсеткiштерi 7-кестеде көрсетiлген.
7-кесте
Астана қаласын дамытудың 2006 - 2010 жылдарға арналған
мемлекеттiк бағдарламасын iске асырудың жоспарланатын
көрсеткiштерi
|
2006ж. |
2007ж. |
2008ж. |
2009ж |
2010ж. |
2004 жылғы салыс-
|
404,5 |
452,9 |
507,4 |
574,4 |
649,4 |
ЖӨӨ есімінің
|
11,5 |
12,0 |
12,0 |
13,2 |
13,1 |
Өнеркәсіп өнімінің
|
18,8 |
19,2 |
19,3 |
18,7 |
18,3 |
шағын бизнес субъектілері өндір-
|
25,8 |
26,7 |
27,6 |
28,3 |
29,2 |
Экономикалық белсенді халықтың
|
18,2 |
20,2 |
22,1 |
24,1 |
26,1 |
Тұрғын үйді пайда-
|
530 |
662,5 |
462,1 |
499,0 |
538,9 |
Сыртқы сауда айналымы, млн.
|
3060 |
3720 |
4460 |
5460 |
6180 |
экспорт(млн.доллар) |
1710 |
2000 |
2300 |
2900 |
3200 |
импорт(млн.доллар) |
1350 |
1720 |
2160 |
2560 |
2980 |
Жұмыссыздық
|
7,6 |
6,9 |
6,9 |
6,9 |
6,9 |
Кірістер (ресми
|
41,0 |
45,9 |
47,1 |
48,1 |
49,2 |