Қазақстан Республикасы Конституциясының 82-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 36-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы" 2001 жылғы 28 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 15 қазандағы N 702 Жарлығымен құрылған Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің құрамына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы - Игорь Иванович Рогов Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы болып тағайындалсын;