1. "Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 18 маусымдағы N 3039 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның құрамына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Серік Байсейітұлы Ақылбай енгізілсін (келісім бойынша);
мына жолдағы:
"Әбілхатаев - Қазақстан Республикасы
Марат Кәрімұлы Президенті Әкімшілігінің
Мемлекеттік-құқық басқармасы
Құқық қорғау қызметі бөлімінің
меңгерушісі, төрағаның орынбасары"
"Мемлекеттік-құқық басқармасы Құқық қорғау қызметі" деген сөздер "Құқық қорғау мен сот жүйелері мәселелері" деген сөздермен алмастырылсын;
аталған Комиссия құрамынан: Б.З.Әшитов, А.О.Қожағалиев шығарылсын;
3-тармақта "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы," деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі," деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақта "Мемлекеттік-құқық басқармасы" деген сөздер "Құқық қорғау мен сот жүйелері мәселелері бөлімі" деген сөздермен алмастырылсын.