Республикалық баспасөзде
жариялануға тиіс
Индустриялық-инновациялық даму саласында мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және мемлекеттің экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) "Қазына" орнықты даму қоры акционерлік қоғамын (бұдан әрі - "Қазына" АҚ) құрсын;
2) бір ай мерзімде:
"Қазына" АҚ қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумды ;
акцияларының мемлекеттік пакеттері (қатысу үлестері) "Қазына" АҚ-ның жарғылық капиталына ақы төлеуге берілетін мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың тізбесін бекітуді қамтамасыз етсін;
3) үш ай мерзімде нормативтік-құқықтық актілерге тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қамтамасыз етсін;
4) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2006.06.22. N 137 жарлығымен.2. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының |