Республикалық баспасөзде
жариялануға тиіс
Стратегиялық маңызы бар салалардағы экономиканың мемлекеттік секторын басқаруды жетілдіру, мемлекеттің экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" акционерлік қоғамын (бұдан әрі - "Самұрық" холдингі" АҚ) құрсын;
2) екі апта мерзімде:
"Самұрық" холдингі" АҚ қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумды бекітуді;
акцияларының мемлекеттік пакеттері "Самұрық" холдингі" АҚ-тың жарғылық капиталына берілетін ұлттық компаниялар мен басқа да акционерлік қоғамдардың тізбесін бекітуді;
3) бір ай мерзімде нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қамтамасыз етсін;
4) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
2. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының |