Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 25 желтоқсандағы № 530 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 232 Жарлығы

Қолданыстағы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. "Астана қаласының жаңа орталығын салу барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 25 желтоқсандағы № 530 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 56, 620-құжат; 2002 ж., № 6, 36-құжат; 2003 ж., № 34, 332-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Астана қаласының жаңа орталығын салу барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Мамин                   - Астана қаласының әкімі, төрағаның
Асқар Ұзақбайұлы          орынбасары,

Коржова                 - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі,
Наталья Артемовна

Супрун                  - Қазақстан Республикасының Экономика және
Виктор Васильевич         бюджеттік жоспарлау вице-министрі,

Фомичев                 - Қазақстан Республикасының Президенті Іс
Сергей Васильевич         басқарушысының орынбасары,

Школьник                - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Владимир Сергеевич        сауда министрі;

"Омаров                 - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Қайсар Оспанұлы           сауда министрлігі Құрылыс істері жөніндегі
                          комитетінің төрағасы";

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

"Омаров                 - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Қайсар Оспанұлы           сауда министрлігі Құрылыс және тұрғын
                          үй-коммуналдық шаруашылық істері
                          комитетінің төрағасы";

      аталған Комиссияның құрамынан Ө.Е.Шөкеев, А.Ғ.Дунаев, Ә.Р.Жақсыбеков, Б.А.Исаев, В.А.Лаптев, Б.Ғ.Нұрпейісов, Б.М.Сапарбаев шығарылсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Президенті                                 Н. НАЗАРБАЕВ