Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 28 желтоқсандағы N 1692 Жарлығы

Қолданыстағы

 Қазақстан Республикасының  
ПҮАЖ-ында жариялануға тиіс 

       ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29  Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 1, 2-құжат; 2000 ж., N 54, 593-құжат; 2001 ж., N 1-2, 2-құжат; N 4-5, 43-құжат; 2002 ж., N 26, 272-құжат; N 45, 445-құжат; 2003 ж., N 12, 130-құжат; N 16, 160-құжат; 2004 ж., N 13, 166-құжат; N 21, 267-құжат; N 27, 344-құжат; N 48, 590-құжат; 2005 ж., N 16, 189-құжат; N 27, 329-құжат; N 30, 380-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықтың 1-қосымшасындағы:
      "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы" жолындағы "149" деген цифрлар "139" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      "Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы" жолындағы "29" деген цифрлар "39" деген цифрлармен ауыстырылсын.

      2. Осы Жарлық 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті