Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы N 280 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 14 қазандағы N 1660 Жарлығы

Қолданыстағы

"Президент пен Үкімет актілерінің 
жинағында" жариялануға тиіс    

      1. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы N 280  Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 54, 532-құжат; 2002 ж., N 18, 196-құжат; 2003 ж., N 9, 92-құжат; N 15, 149-құжат; 2005 ж., N 27, 329-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      3-тармақтағы "бір" деген сөз "екі орынбасары, соның ішінде бір бірінші" деген сөздермен ауыстырылсын;

      аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі туралы Ережеде:
      15-тармақтағы "орынбасары" деген сөз "орынбасарлары" деген сөзбен ауыстырылсын;

      16-тармақтың 2) тармақшасындағы "орынбасардың" деген сөз "орынбасарлардың" деген сөзбен ауыстырылсын;

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "17. Агенттік Төрағасы болмаған кезде оның міндетін Төрағаның тапсыруы бойынша орынбасарларының бірі атқарады.".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті