1. "Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы N 828 Жарлығына мынадай толықтыру енгізілсін:
аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және бекітетін немесе оның келісуімен тағайындалатын және бекітілетін, оның ұсынуы бойынша сайланатын басшы қызметкерлерінің лауазымдар тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Президент Қорғаныс Премьер-
Қорғаныс министрінің министрі Министрмен,
бірінші орынбасары - Әкімшілік
Қазақстан Республикасының Басшысымен"
Қорғаныс министрлігі
Штабтар бастықтары
комитетінің төрағасы
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Президент Сыртқы Премьер-
Сыртқы істер министрінің істер Министрмен,
бірінші орынбасары министрі Әкімшілік
Басшысымен".