Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 6 желтоқсандағы N 1484 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 8 шілдедегі N 1613 Жарлығы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Конституциясының  87-бабының  4-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының  36-бабына  сәйкес  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасының ауылдық (селолық) округтері, ауылдары (селолары), кенттері әкімдерінің сайлауын өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 6 желтоқсандағы N 1484  Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 48, 595-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) мемлекеттік басқаруды ода әрі орталықсыздандыру мәселелері жөніндегі заңдарды қолданысқа енгізгеннен және жергілікті өзін-өзі басқаруды енгізгеннен кейін Қазақстан Республикасының ауылдық (селолық) округтері, ауылдары (селолары), кенттері әкімдерінің сайлауын белгілесін, ұйымдастырсын және кезең-кезеңімен өткізсін;".

      2. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті