Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың оңайлатылған тәртiбi белгiленетiн адамдар үшiн кәсiптердiң тiзбесiн және оларға қойылатын талаптарды бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 маусымдағы N 1587 Жарлығы.

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Заңының 16-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың оңайлатылған тәртiбi белгіленетiн адамдар үшiн кәсiптердiң тiзбесi және оларға қойылатын талаптар бекiтiлсiн.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және жариялануға тиiс.

Қазақстан Республикасының


Президентi



      Қазақстан Республикасы

      Президентiнiң

      2005 жылғы 6 маусымдағы

      N 1587 Жарлығымен

      бекiтілген

Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың
оңайлатылған тәртiбi белгiленетiн адамдар үшін
кәсiптердiң тiзбесi және оларға қойылатын
талаптар

Р/с

N

Кәсiп

Талаптар

1

2

3

1.

Әртiс

Халықаралық наградалармен және атақтармен атап өтілген аса көрнекті музыкалық, сахналық немесе хореографиялық қабілетiнiң, кәсiптiк шеберлiгiнiң және жарқын шығармашылық жеке даралығының болуы

2.

Археолог

Ғылыми дәрежесiнiң, халықаралық сертификаттары мен iзденiстерiнiң, ғылыми басылымдарда жарияланымдарының болуы, халықаралық конференцияларға және әлемдiк маңызы бар iрi археологиялық ескерткiштердiң ашылуына қатысуы

3.

Сәулетші

Сәулет және құрылыс саласындағы ғылыми дәрежесi мен атағының, халықаралық сертификаттарының, қала құрылысының бас жоспарларын әзiрлеуде және айрықша iрi әрi күрделi объектілердi жобалауда тәжiрибесiнiң болуы

4.

Балетмейстер

Аса көрнектi балет әртiстерiн даярлауда тәжiрибесiнiң, халықаралық сертификаттарының және iрi театрлардағы жұмыс өтiлiнiң болуы, әлемдiк сыныптағы спектакльдердi дайындауға қатысуы

5.

Биолог, микробиолог (бактериолог, вирусолог)

Биология, бактериология, вирусология, гендiк инженерия және басқа да шектес ғылымдар саласындағы ғылыми дәрежесi мен атағының, халықаралық сертификаттарының, ғылыми-зерттеу жұмыстарының және халықаралық маңызы бар iзденiстерiнiң болуы

6.

Дәрiгер

Медицина саласындағы ғылыми дәрежесi мен атағының, ғылыми-зерттеу жұмыстарының және халықаралық маңызы бар iзденiстерiнiң, халықаралық сертификаттарының болуы, сондай-ақ мамандануына сәйкес:

акушерлiк нен гинекология;

ангиохирургия;

анестезиология-реаниматология;

кардиохирургия;

нейрохирургия;

онкология;

онкогематология;

оториноларингология;

радиология;

трансплантология;

фармакология және клиникалық фармакология;

жақ-бет хирургиясы саласындағы диагностика мен емдеудiң озық әдiстерiн меңгеруi

7.

Геолог,

геофизик

Геологиялық және геофизикалық ғылымдар саласындағы ғылыми дәрежесi мен атағының, ғылыми зерттеулерi мен iзденiстерiнiң, ядролық жарылыстар және жер сілкiнiстерi мониторингi саласындағы жұмыс тәжiрибесiнiң болуы

8.

Дирижер

Аса көрнектi музыкалық деректерiнiң және халықаралық конкурстарға қатысқанын растайтын дипломдарының, әлемнiң жетекшi театрлары мен концерт залдарында дирижерлық еткен жұмыс тәжiрибесiнiң болуы

9.

Инженер

Ғылыми дәрежесi мен атағының, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен iзденiстерiнiң, халықаралық сертификаттарының болуы, сондай-ақ экономикалық қызмет түрiне сәйкес:

сейсмологиялық құбылыстарды орта мерзiмдi, қысқа мерзiмдi болжау әдiстерiн меңгеруi;

қуатты энергетикалық және жоғары температурадағы плазма қондырғыларын пайдалану;

ғылым және техника, рационализация, өнертапқыштық жетiстiктерiн енгiзу;

қоршаған ортаны тазарту және оның ластануын болдырмау жөнiндегi ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк жұмыстарды әзiрлеу;

ядролық реакторларды пайдалану, реакторды (жылдамдатқышты, ядролық-физикалық қондырғыны) басқару;

ақпараттық технологиялар мен телекоммуникациялар, озық бағдарламалық қамтамасыз етудi және қазiргi заманғы компьютерлiк жабдықтарды әзiрлеу;

информатика және жүйелiк бағдарламалау;

ғарыш қызметi саласындағы ғылыми-зерттеу және тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарды әзiрлеу;

зымырандар мен ғарыш аппараттарының, ғарыштық ұшу аппараттары мен екпiндеткiш блоктарының бастапқы және техникалық кешендерiн әзiрлеу және пайдалану;

телеметриялық жүйелер мен кешендер, компьютерлiк өлшеу блоктары;

өндiрiстiк және тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілердiң құрылысына арналған технологиялық жобалау;

ауыл шаруашылығы машиналарын жасау саласына прогрессивтi технологиялық процестердi енгiзу;

субстанциялар мен дәрілiк нысандар өндiрiсi жөнiндегi арнайы, осы заманғы фармацевтiк жабдықтардағы фармацевтикалық бейiн;

дәрілiк нысандар мен препараттарды биофармацевтикалық зерделеу;

дәрілiк субстанциялар мен фитопрепараттар өндiрудiң технологиялық негiздерi мен әдiстерiн әзiрлеу;

жүйелi бағдарламалау;

жоғары деңгейдегi бағдарламалық қамтамасыз етудi әзiрлеу

10.

Нұсқаушы-

спортшы

Олимпиада ойындарында бiрiншiден алтыншыға дейiнгi орынды немесе әлем чемпионаттарында бiрiншiден үшiншiге дейiнгi орынды немесе Азия ойындарында бiрiншi орынды немесе Еуропа чемпионаттарында бiрiншi, екiншi орынды немесе спорттың олимпиадалық түрлерi бойынша әлем кубогi финалдарында бiрiншi орынды немесе Азия, Еуропа чемпионаттарында, бүкіл дүниежүзілiк Универсиадаларда, Бүкiл дүниежүзілiк жасөспiрiмдер мен юниорлар ойындарында бiрiншiден үшiншiге дейiнгi орынды иемденген халықаралық бiлiктілiгi бар спорт шеберiнен төмен емес спорттық атағының болуы

11.

Ұшқыш (пилот)

Өз күшiндегi ұшқыш (пилот) куәлiгiнiң және азаматтық әуе кемелерiне рұқсатының болуы. Жоғары кәсiптiк шеберлiгi мен даярлығы, әуе кеңiстiгiнiң қауiпсiз пайдаланылуын реттейтiн нормативтiк құқықтық актілерді бiлуi, кеменiң ұшу және пайдалану ережелерiн сақтауы. Денсаулығының белгiленген талаптарға сәйкестiгi

12.

Ұшқыш-

нұсқаушы

Жоғары кәсiптiк шеберлiгi мен даярлығы, әуе кеңiстігiнiң қауiпсiз пайдаланылуын реттейтiн нормативтiк құқықтық актілердi бiлуi, кеменiң ұшу және пайдалану ережелерiн сақтауы. Денсаулығының белгіленген талаптарға сәйкестiгi

13.

Ұшқыш-сынаушы

Жоғары кәсiптiк шеберлiгi мен даярлығы, әуе кеңiстiгiнiң қауiпсiз пайдаланылуын реттейтiн нормативтiк құқықтық актілерді бiлуi, кеменiң ұшу және пайдалану ережелерiн сақтауы. Денсаулығының белгiленген талаптарға сәйкестiгi

14.

Ұшқыш-

қадағалаушы

Арнайы даярлығы, орман қорғау саласындағы жұмыс тәжiрибесiнiң, пирология және өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi бiлiмiнiң болуы

15.

Математик

Мамандығы бойынша ғылыми дәрежесi мен атағының, халықаралық сертификаттарының, жұмыс тәжiрибесiнiң, математика, қолданбалы математика және шектес ғылымдар саласындағы халықаралық маңызды ғылыми зерттеулерi мен iзденiстерiнiң болуы

16.

Ғылыми қызметкер (физика және астрономия саласында)

Мамандығы бойынша ғылыми дәрежесi мен атағының, жұмыс тәжiрибесiнiң, физика мен астрономия және басқа да шектес қызмет түрлерi саласындағы өнертапқыштық немесе ғылыми еңбектерiне авторлық куәлiктерiнiң болуы

17.

Провизор

Фармакологиялық заттар мен дәрілік шикiзаттың физикалық және химиялық қасиеттерi, оларды aлу, тазалау, стандарттау және сапасын бақылау әдiстерi саласындағы аса көрнектi ғылыми зерттеулерiнiң болуы. Фармаэкономика жөнiндегi зерттеулердiң медицина мен фармацевтика саласындағы мамандарды халықаралық стандарттар бойынша инспекциялаудың және оқытудың озық әдiстерiн меңгеруi (GPP, GCP, GMP, GLP, GDP)

18.

Режиссер

Аса көрнектi қойылым қою деректерiнiң, халықаралық фестивальдарға қатысқанын растайтын атақтары мен дипломдарының, әлемнiң iрi театрлары мен концерт залдарындағы жұмыс тәжiрибесiнiң болуы

19.

Құтқарушы

Құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргiзуге арнайы даярлығының, "Халықаралық сыныптағы құтқарушы" үлгiсiндегi білiктілiк берiлген халықаралық сертификаттарының, iрi авариялық және төтенше жағдайлардың салдарларын жоюдағы жұмыс тәжiрибесiнiң, авариялық-құтқару құралдарын қолдану жөнiндегi машығы мен шеберлiгiнiң болуы

20.

Жаттықтырушы

Халықаралық бiлiктілiктегi спорт шеберiнен кем емес спорттық атағының, мамандығы бойынша жұмыс өтілiнiң Олимпиадалық ойындарда бiрiншiден алтыншыға дейiнгі орынды иемденген жоғары білiктi кемiнде бiр спортшыны немесе Азия ойындарында бiрiншіден үшiншiге дейiнгi орынды иемденген бiр спортшыны немесе әлем, Азия, Еуропа чемпионаттарында, бүкіл дүниежүзілiк универсиадаларда, Бүкiл дүниежүзілiк жасөспiрiмдер ойындарында, спорттың жеке немесе ойын түрлерiнде бiрiншiден үшiншiге дейiнгi орынды иемденген спортшыны даярлау жөнiндегi жұмыс тәжiрибесiнiң болуы

21.

Мұғалiм

Мамандығы бойынша жоғары санаты мен жұмыс тәжiрибесiнiң, халықаралық сертификаттарының және мынадай мамандықтар бойынша тиiстi жоғары кәсiптiк білiмiнiң болуы: математика, физика, химия, биология, ағылшын тiлi, информатика, жалпы тарих; мемлекеттiк немесе орыс тiлдерiн меңгеруi, ағылшын тілiн еркiн меңгеруi

22.

Химик

Мамандығы бойынша ғылыми дәрежесi мен атағының, жұмыс тәжiрибесiнiң, химия, токсикология және шектес ғылымдар саласындағы ғылыми зерттеулерi мен iзденiстерiнiң, халықаралық сертификаттарының болуы

23.

Суретшi

Кәсіптiк білімi, жоғары көркем өнер шығармаларының, халықаралық наградалары мен атақтарының, өнертанушылардан шығармашылық мiнездемесiнiң болуы;

халықаралық көрмелерге, симпозиумдар мен конкурстарға қатысуы

24.

Штурман

(авиациядағы)

Жоғары кәсiптiк даярлығы мен навигация және ұшу аппаратын жауынгерлiк қолдану жөнiндегi шеберлiгi;

әуе кеңiстiгiнiң қауiпсiз пайдаланылуын реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi білуi.

Денсаулығының белгiленген талаптарға сәйкестiгi