Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексі 123-бабының 3-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қыркүйектегі N 1443 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 36, 469-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті жасау және ұсыну ережесінде:
7-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
"жылдың басынан бастап өсу қорытындысымен есепті кезеңге арналған тіркелген міндеттемелердің сомасы;
жылдың басынан бастап өсу қорытындысымен есепті кезеңде орындалмаған міндеттемелердің сомасы;";
8-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші абзацтармен толықтырылсын:
"есепті қаржы жылына арналған тіркелген міндеттемелердің сомасы;
есепті қаржы жылында орындалмаған міндеттемелердің сомасы;".