"Президент пен Үкімет
актілері жинағында"
жариялануға тиіс
Қазақстан халықтары Ассамблеясы қызметiн одан әрi жетiлдiру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН: см.Z080070
1. "Қазақстан халықтары Ассамблеясының стратегиясы мен Қазақстан халықтары Ассамблеясының ережесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 26 сәуiрдегi N 856 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 11, 102-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: T051561
1) 1-тармақтың 1) тармақшасы "Ассамблеясының" деген сөзден кейiн "2011 жылға дейiнгi" деген сөздермен толықтырылсын;
2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан халықтары Ассамблеясының орта мерзiмдi кезеңге арналған стратегиясында (2007 жылға дейін) "2007", "2006" деген цифрлар "2011" деген цифрлармен алмастырылсын;
3) жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан халықтары Ассамблеясы туралы
ережеде
:
4-тармақта бесiншi абзацтағы "болып табылады" деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"этносаралық қатынастарды үйлестірудi қамтамасыз ету, түрлi этностар өкiлдерi арасындағы қарым-қатынастарда төзушілік пен сенiмдi нығайту болып табылады.";
5-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Ассамблея мақсаттары мен мiндеттерiне қол жеткiзу үшiн ұлттық-мәдени бiрлестiктердiң күш-жiгерiн бiрiктiру.";
6-тармақта алтыншы абзацтағы "болып табылады" деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"ұлттық-мәдени бiрлестiктермен өзара iс-қимыл жасау;
ұлтаралық қатынастар, Қазақстан халықтарының мәдениетi мен тілдерiн дамыту және қолдау мәселелерi бойынша конференциялар мен семинарлар өткiзу;
Қазақстан Республикасында ұлтаралық қатынастардың жай-күйiне мониторинг жасау;
ұлтаралық келiсiм идеяларын, қағидаттарын және нормаларын насихаттау болып табылады.";
12-тармақта бiрiншi және екiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Ассамблеяның жұмыс органы Қазақстан Республикасы
Президентi Әкiмшілiгiнің
құрамына құрылымдық бөлiмше ретiнде кiретін оның Хатшылығы болып табылады.
Ассамблея Хатшылығының негiзгi функциялары:";
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Кiшi ассамблеялардың жұмыс органдары облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi аппараттарының құрамына құрылымдық бөлiмшелер ретiнде кiретін олардың хатшылықтары болып табылады.
Кiшi ассамблея хатшылығының меңгерушiсiн кiшi ассамблеяның төрағасы Қазақстан халықтары Ассамблеясының Хатшылығымен келiсiм бойынша тағайындайды. Кiшi ассамблея хатшылығының меңгерушiсi өзiнiң мәртебесi бойынша кішi ассамблея төрағасының орынбасары болып табылады.";
5-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Ассамблея және кiшi ассамблеялар мүшелерінің құқықтары мен мiндеттерi";
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Ассамблея және кішi ассамблеялар мүшелерiнiң:
Ассамблеяның және кiшi ассамблеялардың қарауына шығарылған мәселелердi талқылауға қатысуға;
көзқарастар мен ұстанымдар еркіндiгiне, Ассамблея және кiшi ассамблеялар шешiмдер қабылдағаннан кейiн де өз пiкiрiн бiлдiруге;
Ассамблея және кiшi ассамблеялар құрамынан өз еркiмен шығуға құқығы бар.";
21-тармақтың бiрiншi, бесiншi және алтыншы абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Ассамблея және кiшi ассамблеялар мүшелерi":
"Ассамблея және кiшi ассамблеялардың беделi үшiн қам жеуге, Қазақстан Республикасының, Ассамблеяның және кiшi ассамблеялардың беделiне нұқсан келтiруi ықтимал iс-әрекеттердің алдын алуға және болдырмауға;
Ассамблея және кішi ассамблеялардың тапсырмаларын адал орындауға мiндеттi.".
2. Қазақстан Республикасының Yкiметi:
бiр ай мерзiмде этносаралық қатынастар проблемалары жөнiндегi зерттеу орталығын құру туралы мәселенi қарасын;
Қазақстан халықтары Ассамблеясымен бiрлесiп Қазақстан халықтары, Ассамблеясының стратегиясын одан әрi iске асыру жөнiнде қажеттi
шараларды
қолдансын;
бұрын қабылданған шешiмдердi осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президенті