Жергiлiктi атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерiн өткiзу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 1546 Жарлығы

Қолданыстағы

     "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының  17   және  21-баптарына  сәйкес және қазақстандық қоғамды одан әрi демократияландыру, халықты елiмiзде жүргiзiлiп жатқан реформалар туралы хабардар ету, атқарушы органдардың халық алдындағы жауапкершiлiгi мен есептiлiгін арттыру, халықты мемлекеттiк басқару процесiне кеңiнен тарту мақсатында  ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

         1. Барлық деңгейдегi әкiмдер жыл сайын бiрiншi тоқсанның iшiнде халыққа есеп беру кездесулерiн өткiзсiн, оның барысында елiмiзде жүргiзiлiп жатқан реформалардың iске асырылуы, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң өткен жылда әлеуметтiк-экономикалық дамуы, оны одан әрi дамытудың мiндеттерi мен негiзгi бағыттары туралы хабардар етсiн.

      2. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмдерi есеп беру кездесулерi өткен күннен бастап бiр айдан кешiктiрмей оның нәтижелерi туралы Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлігін және Yкiметiн хабардар етсiн.

      3. Қазақстан Республикасының Үкiметi есеп беру кездесулерiнiң қорытындылары бойынша тиiстi шараларды қолдансын.

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
     Президенті