Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 29 маусымдағы N 645 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 24 наурыздағы N 1530 Жарлығы

Қолданыстағы

       ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 29 маусымдағы N 645  Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 22, 270-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақтағы "2007" деген цифрлар "2010" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде 1-тармақтағы "1052,6" деген цифрлар "1566,3" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеге арналған жоспарға осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Жарлық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті