Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 20 наурыздағы N 88 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 1501 Жарлығы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Конституциясының  44-бабының 20) тармақшасына сәйкес  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 20 наурыздағы N 88  Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің құрамына Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы енгізілсін;
      Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің құрамынан И.Н.Тасмағамбетов шығарылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті