Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 20 наурыздағы N 88 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 29 қарашадағы N 1475 Жарлығы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Конституциясының  44-бабының 20) тармақшасына сәйкес  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 20 наурыздағы N 88  Жарлығына төмендегі өзгерістер енгізілсін:
      Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің құрамына Орал Байғонысұлы Мұхамеджанов - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы енгізілсін (келісім бойынша);
      Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің құрамынан: Г.А.Марченко, Ж.А.Тұяқбай шығарылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті