Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшiлерiн қайта даярлау және олардың біліктiлігін арттыру ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы N 1457 Жарлығы

Қолданыстағы

"Актілер жинағында  
жариялануға тиіс"  

      Мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау және олардың біліктiлiгiн арттырудағы, мемлекеттік қызметтi кәсiби кадрлармен қамтамасыз етудегi мемлекеттік органдардың сұранысын қанағаттандыру жөнiндегi бiрыңғай мемлекеттiк кадр саясатын жүзеге асыру мақсатында қаулы етемін:

      1. Ұсынылып отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшілерiн қайта даярлау және олардың бiлiктілiгiн арттыру ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы  
Президентінің      
2004 жылғы 11 қазандағы 
N 1457 Жарлығымен    
Бекітілген       

  Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлерiн
қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру
Ережесі

  1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлерiн қайта даярлаудың және олардың бiлiктiлiгiн арттырудың осы ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Мемлекеттiк қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасы  Заңының , "Мемлекеттiк қызмет өткеру тәртібi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 10 наурыздағы N 357  Жарлығының  және өзге де нормативтiк құқықтық актiлер негiзiнде әзiрлендi.
      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшілерiн қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру қосымша кәсiби бiлiм берудiң негiзгi нысандары болып табылады және өз лауазымдық мiндеттерiн тиiмдi орындау үшiн ұсынылып отырған бiлiктiлiк талаптарына сәйкес мемлекеттiк қызметшiлердің қызметi саласында теориялық және практикалық бiлiмiн, iскерлiгi мен дағдысын жаңарту мақсатында тиiстi білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.
      3. Мемлекеттік қызметшiлердің бiлiктiлiгiн арттыру мемлекеттiк органдардың сұранысы негiзiнде республикалық және жергiлiкті бюджеттердiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң сметасы (бюджетi) есебiнен жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметшiлердi оқытуға жұмсалатын шығындар нормативтерiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.

  2. Мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау
және олардың бiлiктiлiгiн арттыру түрлерi

      4. Мемлекеттiк қызметшiлер үшiн:
      1) қайта даярлау - мемлекеттік қызметке алғаш түскен, сондай-ақ басшы мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына тағайындалған адамдар үшiн ұзақтығы алты аптаға дейiнгi қысқа мерзiмдi оқыту курстары;
      2) бiлiктiлiгiн арттыру - кәсiби қызметтiң жекелеген бағыттары бойынша Қазақстан Республикасында ұзақтығы үш күннен екi аптаға дейiнгi, ал шетелде мерзiмi бiр жылға дейiнгi қысқа мерзiмдi оқыту семинарлары белгiленедi.
      5. Мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттiк қызмет академиясында (бұдан әрi - Академия) және мемлекеттік қызметшiлердi қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру аумақтық орталықтарында (бұдан әрi - орталықтар) жүзеге асырылады.
      Академияда, орталықтарда қайта даярлауды ұйымдастыру шарттары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет iстерi агенттігi (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) белгiлейтiн тәртiппен анықталады.
      Орталықтар туралы Yлгi ереженi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      6. Мемлекеттiк қызметшiлердiң бiлiктiлiгiн арттыру Академияда, орталықтарда және басқа бiлiм беру ұйымдарында жүзеге асырылады.
      Академияда, орталықтарда, басқа бiлiм беру ұйымдарында бiлiктiлiкті арттыруды ұйымдастыру шарттары уәкiлеттi орган белгiлейтiн тәртiппен анықталады.
      7. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметке алғаш қабылданған мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердi қайта даярлау лауазымға тағайындалған сәттен бастап үш айдан кешiктiрiлмей өткiзiледi.
      8. Басшы мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға тағайындалған мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшi лауазымға тағайындалған сәттен бастап үш айдың iшiнде қайта даярлау курсына жiберiледi.
      9. Шетелде мемлекеттiк қызметшiлердiң бiлiктiлiгiн арттыру жағдайларын қоспағанда, мемлекеттiк органдар мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң бiлiктiлiгiн арттыруды кемiнде үш жылда бiр рет қамтамасыз етедi.
      10. Қайта даярлаудың және бiлiктiлiгiн арттырудың бiлiм беру бағдарламасын ойдағыдай игерген мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшi емтихан тапсырғаннан кейiн бiлiмi туралы тиiстi құжат алады.

  3. Мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлаудың және
бiлiктiлiгiн арттырудың бiлiм беру бағдарламасына
қойылатын жалпы талаптар

      11. Академияда, орталықтарда, басқа да бiлiм беру ұйымдарында iске асырылатын мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлаудың және бiлiктiлiгiн арттырудың бағдарламасы мемлекеттегi мемлекеттiк қызмет ұйымдары мен саяси-әкiмшiлiк қызметтiң бейiмделген әлемдiк және отандық тәжiрибесiн қамтиды. Бағдарламалар қазiргi және келешегi бар ғылым салаларын, техника мен технология, құқық пен саясат, экономика, тарих пен мәдениет саласын және басқаны қамтиды.
      12. Мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлаудың және бiлiктiлiгiн арттырудың білім беру бағдарламалары уәкiлеттi органмен келiсiледi.
      13. Қайта даярлаудың және бiлiктiлiгiн арттырудың бiлiм беру бағдарламалары мемлекеттік қызметшiлердi оқуға жiберген мемлекеттік органдардың сұранысына бағдарланады.
      14. Мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру бағдарламалары бойынша бiлiм беру ұйымының оқу жүктемесiнiң жалпы нормативтерi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiленедi.

  4. Шетелде мемлекеттiк қызметшiлердiң
бiлiктiлiгiн арттыру

      15. Уәкiлеттi орган:
      1) орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың сұранысын ескере отырып, тиiсті тапсырыстар негiзінде олардың негiзгi қызмет бағыттары бойынша бiлiктiлiгiн арттыру бағдарламаларының республикалық тiзбесiн бекiтедi;
      2) шетелдiк ұйымдарды анықтайды және олармен тиiстi шарттар жұмсайды;
      3) шетелде мемлекеттiк қызметшiлердiң бiлiктiлiгін арттыруға республикалық бюджеттен қаражат бөлу үшiн жыл сайынғы бюджеттiк бағдарламаны әзiрлейдi;
      4) орталық мемлекеттiк органдардың шетелге бiліктiлiгiн арттыруға жiберiлетiн мемлекеттiк қызметшiлерiн iрiктеу жөнiнде конкурс ұйымдастырады.
      16. Мемлекеттiк қызметшiлердi шетелге бiлiктiлiгiн арттыруға жiберген кезде мына талаптар сақталады:
      1) мемлекеттiк қызметшi өтiнiш берген сәттен мемлекеттiк қызмет стажы бiр жылдан кем болмауға тиiс;
      2) бiлiктілiктi арттыру бағдарламасы мемлекеттiк қызметшiнiң лауазымдық мiндеттерiне сәйкес болуға тиiс.
      17. Шетелге бiлiктiлiгiн арттыруға республикалық немесе жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен жiберiлер алдында мемлекеттiк қызметшi уәкiлеттi органмен шарт жасасады.
      Шарт мазмұны:
      1) келiсiм-шарт мәнiн;
      2) тараптардың құқықтары мен мiндеттерiн;
      3) егер мемлекеттiк қызметшi оқыту бағдарламасынан жағымсыз себептермен шығып қалған немесе келiсiм-шартта көзделген өз мiндеттерiн орындамаған жағдайда, мемлекеттік қызметшiнiң оның бiлiктілiгiн арттыруға жұмсалған қаражатты қайтару жөнiндегi мiндеттемелерiнiң орындалуын қамтамасыз ету тәсiлiн қамтиды.
      18. Келiсiм-шарт мемлекеттiк қызметшiнің бiліктілiгiн арттыруға ақша аудару үшiн негiз болып табылады.
      19. Шетелде бiлiктілігін арттырып жүрген мемлекеттiк қызметшiнiң "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi  Заңында  көзделген жұмыс орны (лауазымы) сақталынады.
      20. Шетелде бiлiктiлiгiн арттырудан өткен мемлекеттік қызметшi, оқуын бiтiргеннен кейiн мемлекеттік органға келгеннен соң бiр ай iшiнде мемлекеттiк органның кадр қызметiне iссапар туралы есебiн, бiлiктiлiктi арттыру бағдарламасын және оқуды бiтiргенi туралы құжаттың көшiрмесiн тапсырады.
      21. Шетелде мемлекеттiк қызметшiлердiң бiлiктiлiгiн арттыру:
      1) республикалық және жергілiктi бюджеттiң қаражаты, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң сметасы (бюджетi);
      2) халықаралық ұйымдар мен шетелдiк мемлекеттердің үкiметтерi гранттар немесе техникалық көмек түрiнде бөлетiн қаражат;
      3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаражаттар есебiнен жүзеге асырылады.
      22. Шетелде мемлекеттік қызметшілердің бiлiктілігін арттыруға мемлекеттiк бюджеттен, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкi сметасынан (бюджетiнен) бөлiнетiн қаражат оқу, визаларды рәсiмдеу, шетелдiк оқу орындарының сауалнама нысандары үшiн, мемлекеттiк қызметшілердi қабылдайтын елдердiң уәкiлетті органдарында тiркеу үшiн, мемлекеттiк қызметшiлердi шетелдiк жоғары оқу орындарында орналастыру бойынша, телефондық, электрондық, пошталық байланыс, жатын орны, ас-суы, оқулық әдебиет, медициналық сақтандыру, оқуға түскен кезде Қазақстанда тұратын жерiнен оқитын жерiне және оқуды бiтiргеннен кейiн қайту жолы үшiн шығыстардың барлық түрлерiнiң төлемiн, үмiткерлердi iрiктеу жөнiндегi сараптау комиссияларының төлемiн, шетелдiк серiктестердiң уәкiлеттi органмен жасасқан шарттар бойынша өз мiндеттемелерiн орындауға байланысты шығыстарды, сондай-ақ конкурстық iрiктеудi ақпараттық қолдау: бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру, ресми баспасөзде конкурстың қорытындыларын жариялау, өңiрлердегi тұсаукесерлiк шаралар шығыстарын қамтиды.
      Мемлекеттік қызметшiнiң стипендиясы мөлшерiн шетелдiк оқу орны, шетелдiк серiктестер, Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерi ұсынған калькуляция негiзiнде уәкiлеттi орган белгiлейдi.

  5. Республикалық бюджеттiң қаражаты және Қазақстан
Республикасы Ұлттық банкiнiң сметасы (бюджетi) есебiнен
мемлекеттiк қызметшiнiң шетелде бiлiктiлiгiн арттыру

      23. Уәкiлеттi орган шетелде бiлiктiлiктi арттыру туралы ақпаратты мемлекеттік органдар олардың қызмет ерекшелiгiне сәйкес жолдайды.
      24. Мемлекеттiк органдар үмiткерлердi алғашқы iрiктеудi қабылдаушы тараптың өлшемдерiн нақты айқындай отырып ашық конкурстық негізде жүргiзедi.
      25. Үмiткер конкурсқа қатысу үшiн уәкiлеттi органға:
      1) арызын;
      2) мемлекеттік органның бiрiншi басшысының ұсынысын;
      3) атқарған қызметтерi тiзiмiн;
      4) шетелдiк серiктестердiң талаптары бойынша басқа да құжаттар жiбередi.
      26. Үмiткерлердi iрiктеудi уәкiлетті орган дербес құрамын белгiлейтiн конкурстық комиссия жүзеге асырады. Конкурстық комиссияның құрамына Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Премьер-Министр Кеңсесiнiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнің, Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгінің, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттiк қызмет академиясының өкілдерi, сондай-ақ уәкiлеттi орган айқындаған өзге де тұлғалар кiредi.
      27. Конкурс өткiзу ережелерiн уәкiлеттi орган айқындайды.
      28. Уәкiлетті орган конкурстық комиссияның қорытындысы негiзiнде мемлекеттiк қызметшiлердi шетелге бiлiктілiгiн арттыруға жiберу туралы шешiм қабылдайды.
      29. Уәкiлетті орган мемлекеттiк қызметшiлердi шетелге оқуға жiберу туралы мемлекеттік органға жазбаша түрде хабарлайды.

  6. Мемлекеттiк қызметшiлердің жергiлiктi бюджеттер
қаражаты есебiнен шетелде бiлiктiлiгiн арттыру

      30. Жергiлiктi бюджеттер қаражаты есебiнен ұсталатын мемлекеттік қызметшiлердiң бiлiктiлiгiн шетелде арттыру бағдарламаларының тiзбесiн облыстар, Астана мен Алматы қалаларының әкiмдерi бекітiлген республикалық тiзбеге сәйкес бекiтедi.
      31. Жергiлiктi бюджеттер қаражаты есебiнен шетелге бiлiктiлiгiн арттыруға жiберiлетiн мемлекеттік қызметшiлердi конкурстық iрiктеудi дербес құрамын облыстар, Астана мен Алматы қалалары әкiмдерi бекiтетiн конкурстық комиссия жүзеге асырады. Конкурстық комиссияның құрамына уәкiлетті органның аумақтық бөлiмшелерiнің, сондай-ақ жергiлiктi бюджет есебiнен ұсталатын өзге де органдардың өкiлдерi кiредi.
      32. Конкурс уәкiлетті орган бекiткен Ережеге сәйкес өткiзiледi.
      33. Жергiлiктi бюджеттер қаражаты есебiнен шетелде мемлекеттiк қызметшiлердiң бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыруды уәкiлеттi орган орталықтандыра жүзеге асырады.
      34. Конкурстық iрiктеуден өткен мемлекеттік қызметшiлердi шетелге бiлiктілiгiн арттыруға жiберу үшiн уәкiлеттi органға:
      1) арыз;
      2) конкурстық комиссия хаттамасының көшiрме-үзiндiсi;
      3) атқарған қызметтерiнiң тiзiмi;
      4) шетелдiк серiктестердiң талаптары бойынша өзге де құжаттар тапсырылады.

  7. Мемлекеттік қызметшiлердің шетелде өзге де
қаражаттар есебiнен бiлiктiлiгiн арттыру

      35. Мемлекеттік қызметшiлердiң шетелдегi оқуын төлеу үшiн халықаралық ұйымдар немесе шетелдік мемлекеттер үкiметтерi гранттар немесе техникалық көмек не Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы тыйым салмайтын өзге де қаражаттар бөлген жағдайда, мемлекеттiк орган уәкiлеттi орган бекiткен Ережеге сәйкес ашық конкурстық негiзде үмiткерлердi iрiктеудi жүзеге асырады.
      36. Егер мемлекеттiк қызметшi өз қаражаты есебiнен немесе жекеше тәртiппен ұсынылған стипендия есебiнен шетелге оқуға кететiн жағдайда (соның iшiнде тiл үйрену үшiн), оған ақысыз еңбек демалысы берiлуi мүмкiн.

  8. Осы Ереженiң орындалуын бақылау

      37. Осы Ереженiң орындалуын бақылауды уәкiлетті орган жүзеге асырады.
      38. Мемлекеттiк органдардың кадр қызметi жыл қорытындысы бойынша алдағы жылдың 10 қаңтарына дейiн белгiленген нысан бойынша уәкiлеттi органға қайта даярлау мен бiлiктiлiгiн арттырудан өткен қызметкерлер туралы есеп бередi.