Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет кодексiне сәйкес қаулы етемін:
1. Қоса берiлiп отырған Республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептi жасау және ұсыну ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы Жарлық 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2004 жылғы 17 қыркүйектегi
N 1443 Жарлығымен
Бекітілген
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi
Бюджет кодексiне
сәйкес әзiрлендi әрi есептi кезеңде республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептi жасау және ұсыну тәртiбiн анықтайды.
2. Түсiмдердiң және қаржыландыру жиынтық жоспарының, мiндеттемелер бойынша қаржыландыру жиынтық жоспарының атқарылуы туралы есептердiң деректерi есептi кезеңде республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептi жасау үшiн негiз болып табылады.
3. Республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есеп есептi кезеңде жүргiзiлген республикалық бюджеттiң түсiмдерi және шығыстарын қаржыландыру жөнiндегi барлық операцияларды көрсетедi.
4. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептi Қазақстан Республикасының
Бюджет кодексiне
және осы Ережеде белгiленген талаптарға сәйкес бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган жасайды.
5. Есептi кезеңде республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептi қалыптастыру Қазақстан Республикасының
Бюджет кодексiнде
айқындалған бюджет құрылымы бойынша кассалық негiзде, мың теңгемен жүзеге асырылады.
6. Мерзiмдiлiгi бойынша республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептер мерзiмдiлiгi бойынша ай сайын және қаржы жылының қорытындысы бойынша жасалады.
7. Республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы ай сайынғы есеп тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды iске асыру туралы қаулысына сәйкес жасалады және мыналар:
есептi қаржы жылына арнап бекiтiлген, нақтыланған, түзетiлген республикалық бюджеттiң сомасы;
жылдың басынан бастап өсу қорытындысымен есептi кезеңге арналған республикалық бюджеттiң түсiмдерi мен қаржыландырылуының жиынтық жоспарының сомасы;
жылдың басынан бастап өсу қорытындысымен есептi кезеңде берiлген рұқсаттардың сомасы;
жылдың басынан бастап өсу қорытындысымен есепті кезеңге арналған тіркелген міндеттемелердің сомасы;
жылдың басынан бастап өсу қорытындысымен есепті кезеңде орындалмаған міндеттемелердің сомасы;
жылдың басынан бастап өсу қорытындысымен республикалық бюджеттiң кассалық атқарылу сомасы;
есептi кезеңдегі республикалық бюджеттiң кассалық атқарылу сомасының есептi кезеңдегi түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарының сомасына және есептi қаржы жылына арнап атқарылатын (бекiтiлген, нақтыланған, түзетiлген) республикалық бюджеттiң сомасына проценттiк қатынасы көрсетiле отырып, бюджет түсiмдерi сыныптамасының және
Бiрыңғай бюджеттік сыныптама
бюджет шығыстарының функционалдық, экономикалық сыныптамасының кодтары бойынша қалыптастырылады.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2005.05.28. N
1579
жарлығымен.
8. Өткен қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға сәйкес жасалады және мыналар:
есептi қаржы жылына арнап бекiтiлген, нақтыланған, түзетiлген республикалық бюджеттің сомасы;
есепті қаржы жылына арналған тіркелген міндеттемелердің сомасы;
есепті қаржы жылында орындалмаған міндеттемелердің сомасы;
есепті қаржы жылында республикалық бюджеттiң кассалық атқарылу сомасы;
есептi қаржы жылында республикалық бюджеттiң кассалық атқарылу сомасының есептi қаржы жылында атқарылған (бекiтiлген, нақтыланған, түзетiлген) республикалық бюджет сомасынан ауытқуы;
есептi қаржы жылындағы республикалық бюджеттiң кассалық атқарылу сомасының есептi қаржы жылында атқарылған (бекiтiлген, нақтыланған, түзетiлген) республикалық бюджет сомасына проценттiк қатынасы көрсетiле отырып, бюджет түсiмдерi сыныптамасының және
Бiрыңғай бюджеттiк сыныптама
бюджет шығыстарының функционалдық, экономикалық сыныптамасының кодтары бойынша қалыптастырылады.
Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2005.05.28. N
1579
жарлығымен.
9. Өткен қаржы жылындағы республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есепке мыналар қоса берiледi:
1) түсiндiрме жазба;
2) түсiмдер бойынша атқарылу туралы, сондай-ақ олардың тиiмдiлiгiн бағалауды қоса алғанда, республикалық бюджеттiк бағдарламалардың iске асырылуы туралы талдама есеп.
10. Түсiндiрме жазбада iс жүзiнде қалыптасқан бағыттарды тиiстi жылға арналған республикалық бюджеттің жобасын әзiрлеу кезеңiнде негiзге алынған орта мерзiмдi фискалдық саясаттың және әлеуметтiк-экономикалық дамудың орта мерзiмдi жоспарының басым бағыттарымен салыстыра отырып елдегi экономикалық ахуал және бюджет-салық саясатының негiзгi бағыттары туралы және тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң баптарының атқарылуы туралы талдама ақпарат берiледi.
Түсiндiрме жазбаға Қазақстан Республикасы Парламентiнiң өткен қаржы жылындағы республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептi бекiту туралы қаулысында көрсетiлген iс-шараларды және Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң өткен қаржы жылындағы республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есебiне берiлген ұсынымдарды iске асыру жөнiндегi ақпарат та енгiзiледi.
11. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы талдама есеп бюджеттiң құрылымы бойынша жасалады және мынадай талдама ақпаратты:
түсiмдер жоспарының атқарылуына әсер еткен негізгі факторларды және кiрiстер түсiмдерiнiң жоспарынан iс жүзiндегi атқарылудың ауытқу себептерiн баяндай отырып, салық түсiмдерiнiң, салыққа жатпайтын түсiмдердiң, негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдердiң, ресми трансферттер түсiмдерiнiң атқарылуын талдауды қамтитын "Кiрiстер" бөлiмi бойынша республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы;
мыналарды:
бюджеттік бағдарламаларды iске асырудың экономикалық тиiмдiлiгiн;
бюджеттiк бағдарламаларды басқару тиiмдiлігін;
бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру сапасын;
бюджеттiк бағдарламалардың нәтижелiгiн бағалауды қамтитын "Шығындар" бөлiмi бойынша республикалық бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру туралы;
республикалық бюджеттiң атқарылу қорытындысы бойынша қалыптасқан операциялық сальдо сомасын түсiндiретiн "Операциялық сальдо" бөлiмiнiң атқарылуы туралы;
кредит беруге байланысты республикалық бюджеттiк бағдарламалардың тиiмдiлiгiн бағалауды қамтитын, кредиттердi өтеу жөнiндегi түсiмдер жоспарын атқарудың негiзгi факторларын және олардың iс жүзiндегi түсiмдерiнiң жоспарлы сомадан ауытқуын айтатын "Таза бюджеттiк кредит бepу" бөлiмiнiң атқарылуы туралы;
қаржы активтерiн сатып алуға байланысты бюджеттiк бағдарламалардың атқарылу нәтижелерiн қамтитын, олар бойынша бюджет қаражатының жете игерiлмеу себептерiн көрсететiн, олардың тиiмдiлігін бағалауды, сондай-ақ олардың iс жүзiндегi түсiмдерiнiң жоспарлы сомадан ауытқу себептерi көрсетiле отырып, мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер жоспарының атқарылу нәтижелерiн қамтитын "Қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо" бөлiмiнiң атқарылуы туралы;
республикалық бюджеттiң атқарылу қорытындысы бойынша тапшылықтың (профициттiң) iс жүзiнде қалыптасқан сомасын түсiндiретiн "Бюджеттiң тапшылығы (профицитi)" бөлiмiнiң атқарылуы туралы;
қарыз алу және бюджет қаражатының бос қалдықтары есебiнен бюджет тапшылығын iс жүзiнде қамтамасыз ету немесе қарыздар бойынша негiзгi борышты өтеуге бюджет профицитiнiң, қарыз қаражатының, бюджет қаражаты бос қалдықтарының жұмсалу нәтижелерін "Бюджеттiң тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану)" бөлiмiнiң атқарылуы туралы талдама ақпаратты қамтиды.
Республикалық бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру туралы талдама есеп республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру, олардың тиiмдiлігін iшкi бағалау туралы талдама есептерiне, кредиторлық және дебиторлық берешектер туралы деректерге және бюджеттiң атқарылуы жөнiндегі уәкілетті орган сұрататын басқа деректерге негiзделедi.
12. Бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган ай сайын есептi айдан кейiнгi айдың бiрi күнгі жағдай бойынша республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептi осы Ереженiң 7-тармағында белгiленген талаптарға сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметiне, Қазақстан Республикасының Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiне және бюджеттiк жоспарлау және iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органдарға ұсынады.
13. Бюджеттің атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган есептi айдан кейiнгi айдың 1 сәуiрiнен кешiктiрмей осы Ереженiң 8-11-тармақтарында белгiленген талаптарға сәйкес өткен қаржы жылындағы республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есептi Қазақстан Республикасының Үкiметiне, бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға және мемлекеттiк қаржы бақылау органдарына ұсынады.
14. Есептi қаржы жылында республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есептi қосымшаларымен Қазақстан Республикасының Үкiметi жыл сайын ағымдағы жылғы 1 мамырдан кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Парламентiне және Қазақстан Республикасы Республикалық бюджеттiң атқарылуы жөнiндегі есеп комитетiне ұсынады.