Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 сәуірдегі N 378 Жарлығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 24 тамыздағы N 1425 Жарлығы

Қолданыстағы

"Актілер жинағында"  
жариялануға тиіс   

      Қаулы етемін:

      1. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс басқармасының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 21 сәуiрдегi N 378  Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 20, 218-құжат; 2002 ж., N 6, 40-құжат; 2003 ж., N 33, 323-құжат; 2004 ж., N 12, 150-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасы туралы Ережеде:

      9-тармақ мынадай мазмұндағы он екiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Президенттің Іс басқармасының негiзгi қызметiн орындаумен байланысты халықаралық ұйымдармен және шетелдiк заңды тұлғалармен келiсiмдер мен шарттар жасасу;";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "12. Президенттiң Iс басқармасына Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс басқарушысы басшылық етедi, оны Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды, қызметтен босатады және ол оның тiкелей басшылығымен жұмыс iстейдi.
      Президенттiң Іс басқарушысының орынбасарлары болады, оларды Мемлекет басшысы Президенттiң Іс басқарушысының ұсынысы бойынша қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      Президенттiң Іс басқарушысы болмаған кезде оның мiндеттерiн Президенттiң Іс басқарушысы белгілейтiн орынбасарларының бiрi атқарады.";

      13-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) Мемлекет басшысына Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс басқармасы туралы Ереженi бекiтуге ұсынады, Президенттiң Іс басқармасының құрылымы және штат саны бойынша ұсыныстар енгiзедi;";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) бұйрықтар шығарады, нұсқаулықтар мен ережелердi бекiтедi, Президенттiң Iс басқармасы әзiрлейтiн нормативтiк құқықтық актiлер жобаларына қолбелгi қояды;";

      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "5-1) тиiстi мемлекеттiк органдар келiсуге енгiзетiн нормативтiк құқықтық актілердiң жобаларына өз өкiлеттiктерiне сәйкес қолбелгi қояды;";

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) Президенттiң Іс басқармасы мен оның ведомстволарының штат кестесiн бекiтедi, оған бекiтiлген штат саны шегiнде өзгерiстер енгiзедi;".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті